Осы
жоба Еуропалық
Одақпен
қаржыландыралады
Осы жоба «МОАА»
ЗТБ жүзеге
асырылады
МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Ауылда ескі жатақханада орналасқан аудандық өнер мектебі, балалар және жасөспірімдердің
спорт мектебі бар. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық ІІБ-нің спорт
залында бокс, карате-до, дзюдо, футбол, волейбол, баскетбол, еркін күрес және қазақша күрес
секцияларында 524 бала жаттығады, демек 6,8 % бала спортқа қамтылған. Ауылда 9 ашық спорт
алаңы және 13 балалар ойын алыңы орналасқан.
Халық санының артуына байланысты, басқа ауылдың да балдары қамтылатындықтан
аудандық мәртебесі бар «Өнер» мектебінің ғимараты қажеттілікті толық қанағаттандырмайды.
Тұрғындардың, соның ішінде жастардың демалысын мазмұнды әрі пайдалы ұйымдастыруға
ауылдың тұрғын үй массивтерінде мәдениет үйі мен кітапхана, спорт кешені қарастырылмаған.
Тұрғын үй массивтерінің барлығы дерлік ойын алаңы мен спорт алаңқайларымен жеткілікті
қамтылмаған.
Жастар мен балаларды жағымсыз әдеттерден, теріс ықпалдан қорғауға және болдырмау
үшін спортпен және бұқаралық дене шынықтырумен шұғылдануына шағын спорт залдарына
қажеттілік бар.
Маңғыстау - 3 тұрғын үй массивінде кітапханасы мен оқу залы, шығармашыл жастар
үйірмелері үшін бөлмелері, сахнасы және мәдени-көпшілік шаралар жүргізуге жабдықталған жаңа
500 орындық аудандық мәдениет үйінің ғимаратының құрылысы 2017 жылы басталды, 2018
жылдың аяғында беріледі. Өнер мектебіне, дене шынықтыру кешеніне бассейінімен қоса жер
орны бөлінген. Дене шынықтыру кешенінің жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Әлеуметтік
инвестициялық жобалар бюджетінен қаржы бөлінетін тізімге енгізілген.
Мәдениет және дене шынықтыру кешендері ауыл мәдениетінің дамуына, ынтымақ пен
әлеуметтік тұрақтылықты, қоғамдық келісімді нығаюына қолайлы жағдай туғызатын болады
.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Маңғыстау ауылында 9 тыл ардагері және 15 жалғыз басты зейнеткер
әлеуметтік көмекпен
қамтылып отыр. Аз қамтылған отбасыға, қамқоршысынан айрылған балаларға, өмірлік қиын
жағдайға тап болғандарға, туберкулез ауруына шалдыққан азаматтарға мемлекеттік қолдау
бағдарламаларынан жәрдемақылар беріліп отыр. Жұмыссыздық бойынша тіркелгендер саны -20.
Зейнеткерлер - 1667 адам. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 1432. Әлеуметтік қорғау
бағдарламаларына қатысуға және қолдау алуға жағдай толық бар. Өрлеу бағдарламасы бойынша
35 азамат жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасының 2124
баласы ыстық тамақпен және мектеп құралдарымен қамтылып отыр.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыруда кейбір мәселелер орын алады.
Ерекше күтім
қажет етілетін балаларға арналған орталық қызметіне қажеттілік бар.
Ауыл аудан орталығы болып табылғандықтан тұрғындардың кәсіпкерлікпен айналысуға,
жұмыс көзін табуға, сонымен қатар облыс орталығына қатынап жұмыс жасау мүмкіндігі бар.
«Өрлеу», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге
асырылуда
.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Маңғыстау ауылы, Маңғыстау -1, 5 тұрғын үй массивінде полиция қызметін ұйымдастыру
үшін 3 тірек пункті қызмет етуде. Ауылда 2 полиция қызметкері мен 6 көмекші, барлығы 8
қызметкер жұмыс жасайды. Оларға 1 автокөлік бөлінген. Маңғыстау ауылы аудан орталығы
болғандықтан жергілікті полицияның аудандық ішкі істер басқармасы да ауыл көлеміндегі
құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп
отыр. Халық көп шоғырлаған орындарға бейнебақылау орнатылған.
Ауыл ішінде ұрлық көп, қоғамдық орындарда тазалықты сақтамаған, жасыл желектерді
бүлдіру сияқты құқықбұзушылық орын алып отыр. Маңғыстау ауылының қоғамдық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін қарастырылған штаттың саны нормативке сәйкес емес. ( 2 мың тұрғынына 1
учаскелік полиция қызметкері және 1 оның көмекшісі тиісті, яғни халық санына сәйкес қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 28 бірлік қызметкер болуы тиіс). Полиция қызметкерлерінің
тұрғын жай мәселелері шешілмеген.
Осы жоба Еуропалық
Одақпен
қаржыландыралады
Осы жоба «МОАА»
ЗТБ жүзеге
асырылады
МАҢҒЫСТАУ АУЫЛЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДА ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНУДАҒЫ
КЕМШІЛІК ФАКТОРЛАР:
Білім беру саласына жаңа мектептер қажет
оқушы санының көптігіне байланысты мектептер 2 ауысымда жұмыс жасайды,
салдарынан сыныптан тыс үйірме жұмыстары мен шараларды сапалы өткізе алмайды
мектептер мен бала бақшаларда маман тапшылығы бар (орыс тілі, математика,
биология, физика пән мүғалімдері, дефектолог, хорегораф, ән-саз мамандары жетіспейді)
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың саны жеткіліксіз
бала бақшалардың сапалы қызмет көрсетілуіне кедергі келтіретін мәселелер
стационарлық ем қабылдайтын науқастар облыс орталығына баруға тура келеді
емханада тұрғындарға жан-жақты қызмет көрсету қол жетімділігі және сапасы
толық қанағаттанарлық емес
мектептерде тіс емдеу кабинеттері қарастырылған, мамандары жоқ
денсаулық сақтау саласында дәрігер мамандары тапшылығы бар
№2,4 ТҮМ ның тұрғындарының медициналық қызмет алу үшін қатынау
қиындықтары
балалар мен жастардың шығармашылығы мен қабілетін дамытатын, спортқа
баулитын, олардың бос уақытын ұйымдастыруға қажет заманауи мәдениет, спорт, өнер
нысандары жетіспейді
ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған оңалту
орталықтары
қоғамдық қаіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіндегі штаттағы қызметкерлердің
жеткіліксіздігі
МАҢҒЫСТАУ АУЫЛЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНУ САЛАСЫН
ДАМЫТУ КЕЛЕШЕГІ:
Маңғыстау -3 тұрғын үй массивіне 640 орындық мектеп салу
Мектепке дейінгі тәрбие беру қызметін жаңа бала бақшаларды ашу арқылы
қолжетімді ету
Мектептер мен бала бақшалардың материалдық базасын нығайту және
инженерлік инфрақұрылымдарын талапқа сай жабдықтау
№1 орта мектебіне қосымша ғимарат және спорт алаңы
Білім беру ұйымдарын қажетті мамандармен қамтамасыз ету
Ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін қажетті
аппаратуралармен толық жарақталған көпфункционалды 150 орындық аудандық
аурухана ғимаратын салу
Тұрғын үй массивтерінің аумақтарында бастапқы медициналық көмек көрсету
орталықтарының (жеке меншік) ашылуын қарастыру
500 орындық мәдениет кешені құрылысы
160 орындық дене шынықтыру кешенінің құрылысы
Ерекше күтім қажет етілетін балаларға арналған оңалту орталық қызмет