«Ауылды бірлесе дамыту!:
Жергілікті өзін-өзі дамытуға бірлесе ықпал ету
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ АУЫЛЫНЫҢ
2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ДАМУ ЖОСПАРЫ
Осы құжат Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен жүзеге асырылатын «Ауылды
бірлесе дамыту!: Жергілікті өзін-өзі дамытуға бірлесе ықпал ету» жобасы аясында
жасақталды және бұл құжаттың мазмұнына «МОАА» ЗТБ бір тұлғада жауапкершілік
артады және ешқандай түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.
Маңғыстау ауылы 2018 ж.
Осы жоба
Еуропалық Одақпен
қаржыландырылады
Осы жоба «МОАА» ЗТБ
жүзеге асырылады
Осы
жоба Еуропалық
Одақпен
қаржыландыралады
Осы жоба «МОАА»
ЗТБ жүзеге
асырылады
КІРІСПЕ
Маңғыстау ауылдық елді мекені (бұдан әрі – АЕМ) Маңғыстау облысының Мұнайлы
ауданында орналасқан. Маңғыстау елді мекені ауылдық округ және Мұнайлы ауданының
орталығы болып табылады. Маңғыстау ауылының құрамында қазіргі таңда ауылдың
бұрынғы аумағымен қатар Маңғыстау-1, Маңғыстау-2, Маңғыстау-3, Маңғыстау-4 және
Маңғыстау-5 тұрғын үй массивтерінен құралған. Маңғыстау ауылы территориясының
көлемі – 3063 гектарды құрайды.
Жаңадан қосылған тұрғын үй массивтері Ақтау қаласынан аудан орталығына баратын
автотрассасының бойына жағалай орналасқан, облыс орталығы – Ақтау қаласына дейін 16
км. Маңғыстау селосының айналасындағы 20 км радиуста айналасында тұрғындар саны
120 000 нан астам болатын Басқұдық, Баянды, Даулет, Қызылтөбе, Атамекен, Батыр деп
аталатын алты ауылдық елді мекен, облыс орталығы Ақтау қаласы орналасқан.
Ауылда аулалар саны 4366, оның ішінде 75 көп пәтерлі тұрғын үйде 1593 пәтерде
29820 халық тұрады, оның 18705 адам немесе 63% экономикалық белсенді санатына
жатады, оқушылар -7737, зейнеткерлер -1667 адам. Мүмкіндігі шектеулі адамдар саны -
1432 адамды құрап отыр.
Маңғыстау ауылының тұрғындары темір жол, сауда, қоғамдық тамақтандыру,
коммуналдық шаруашылық, құрылыс, мұнай өндірісіне қатысты мекемелерінде вахталық
әдіспен, сондай-ақ ауылда орналасқан мемлекеттік және жергілікті атқарушы билік
органдарында, әлеуметтік салада, сонымен қатар ауыл шаруашылығымен, оның ішінде
мал шаруашылығы және көкөніс-бақша өнімдерін өсірумен айналысады. Ауыл тұрғындары
Ақтау қаласындағы мекемелерде мен кәсіпорындарда қатынап жұмыс жасайды.
Ауыл экономикасының негізгі саласы шағын және орта бизнес, сонымен қатар ауыл
шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында мал өсіру және көкөніс бау бақша өнімдерін өсіру
жақсы дамып келеді.
Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын үй массивінің шығыс жағынан жеке
тұрғын үй салу үшін 50 га жер телімі бөлінген. Алдағы уақытта ауылдағы тұрғын үй және
халық санының өсуі болжанады.
Демографиялық өсімге байланысты әлеуметтік (мектеп, бала бақша, емхана тағы
да басқа) инфрақұрылымдардың тапшылығы мәселесі бар. Ауыл газбен және
орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен және жаңадан қосылған елді мекендер
тасымал сумен толық қамтамасыз етілген, соған қарамастан ауыл ішілік жолының және
ауыл аумағын абаттандыру, кәріз жолдары, интернеттің қол жетімсіздігі сияқты бірқатар
мәселелер бар.
Маңғыстау ауылының аумағында Мұнайлы ауданы әкімдігі, аудандық халыққа
қызмет көрсету орталығы, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі, Ұлттық
Қауіпсіздік Комитетінің Мұнайлы ауданы бойынша бөлімі, 4 орта мектеп, 5 мемлекеттік, 9
жекеменшік балабақша және 2 шағын орталық, 250 орындық орталық аудандық емхана
мен 25 орындық аурухана, аудандық кітапхана, аудандық мұрағат, пошта, 1 телефон
стансасы, 2 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын («Маңғыстау-жылу», «Маңғыстау-
энерго») , Қазақстан Теміржолы ҰК АҚ Маңғыстау бөлімшесі және оған тиісті 21 темір жол
мекемелері, теміржол бекеті ғимараты орналасқандығы, ауыл экономикасының дамуына,
тұрғындардың мемлекеттік қызметті алуына қолайлы жағдай тудырып отыр.
Маңғыстау ауылында темір жол вокзалының орналасуы, аудан орталығы болып
табылуы, автотрасса бойындағы мейрамханалар, көлікке техникалық қызмет көрсету