130
бағындыруына, әлемдік деңгейге шығуға ықпал еткен факторлар, заманауи
театр үрдістеріне жауап беретіндей кәсіби даму жолдары зерделенді.
3 Қазақстанның театр режиссурасының көркемдік бағыттарының дамуына
үлес қосқан суреткерлердің стилі мен эстетикалық ерекшеліктеріне тоқталып,
еліміздің театр өнері тарихындағы кәсіби деңгейі
биік режиссерлер мен
олардың спектакльдері театртанушылық әдіс тұрғысынан сарапталды.
4 Ұлттық классикаға өзіндік интерпретациясымен келіп, халықтық эпос
кейіпкерлерінің мінезін, психологиясын, іс-әрекетіне бүгінгілік сипат беріп,
қазіргі замандастар келбетіне жақындатуын, жаңа шешімге деген режиссерлер
ұмтылысын, олар сахналаған жаңашыл бағыттағы қойылымдардың өн бойынан
жинақтап алынып, ғылыми тұжырым жасалды.
Бұл дүниелерді әр жылдары сахнаға шығарған Ж.Хаджиев, Н.Жақыпбай,
Е.Оразымбетов,
Б.Атабаев,
Қ.Қасымов,
Қ.Сүгірбеков,
Н.Жұманиязов,
Г.Мерғалиева т.б. режиссерлер автордың негізгі идеясынан ауытқымай,
сонымен қатар қазақ театрының ашылған күнінен бастап қойылып келе жатқан
дәстүрлі шешімдерден бас тартып, бүгінгі заман талабына сай қойылымдарды
жүзеге асырудағы суреткерлік ұстанымдары зерделенді.
5 Жұмыста ұлттық классикадан бастап орыс және әлемдік драматургияның
озық үлгілерін сахналаған, заманауи режиссураның өнерінің шығармашылық
ауқымының кеңдігін көрсеткен спектакльдер арнайы талданды. Бұлардың
ішінде көрермендердің философиялық тағылымы
мен интеллектуальдық
деңгейін биіктетіп, көркемдік-эстетикалық жинақылығымен, сахналық
түрленуімен театр сыншыларының ерекше бағасын алған Жанат Хаджиев
сахналаған - М.Әуезовтің «Қарагөз», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы
Көрпеш- Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты» қойылымдары, Н.Жақыпбай
сахналаған Н.В.Гогольдің «Ревизор», У.Шекспирдің «Асауға тұсау»,
Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Б.Атабаев сахналаған
М.Метерлинктің «Соқырлар», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», сондай-ақ «Абай
десем...», «Кебенек киген арулар», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне»
қойылымдары, өмірден тым ерте кеткен режиссер Қ.Сүгірбеков сахналаған
Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектакльдері талдау нысанына
айналды.
Аталмыш режиссерлер шартты, пластикалық, рациональдық
бағыттағы әлемдік режиссурасының үздік амал-тәсілдерін қолдана отырып,
Тәуелсіз Қазақстандағы «авторлық режиссураның» озық үлгісін жасады.
6 Сабақтастық бағытының сақталуы режиссердің қолтаңбасы мен өз
мектебінің ерекшеліктерін шәкірттеріне рухани мұра ретінде шығармашылық
жолмен табыстау кезіндегі, сол суреткердің көркемдік-эстетикалық базисінің
мықтылығы арқылы жүзеге асты. Мысалы, КСРО Халық артисі,
Халық
қаһарманы, көрнекті режиссер Ә.Мәмбетов - ұлттық режиссураның көрнекті
өкілі ретінде, әлемде теңдесі жоқ ГИТИС мектебіндегі өнертану докторы,
профессор Н.М.Горчаков пен КСРО Халық артисі, профессор А.А.Гончаровтан
алған тәлім-тағылымының негізінде Қазақстандағы авторлық режиссураның
көшін бастап, өз кезегінде Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет өнері
131
институтында (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)
шәкірттер тәрбиелеуде сабақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сабақтастық
белгілері - «пьеса мен рөлді әрекет арқылы талдау» үдерісі, режиссура мен
сценографияда бейнелі шешімдер жасау, сахналық метафоралар мен
ассоциативті
ойлау құрылымы, ұлттық классикалық туындыларға бүгінгілік
сипат беру тұрғысындағы режиссерлік трактовкалардан анық байқалып
отырды. Ә.Мәмбетов – өзінің көрнекті ұстаздарынан алған «кейіпкержанылық
мектебі»
бағытының
теориялық-практикалық
әдістемесін
байытып,
К.С.Станиславский мен Вл.И.Немирович-Данченконың театр жүйесін ұлттық
сахна өнерінің ерекшеліктерімен шебер үйлестіріп, бұл күнде елімізге танымал
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж.Хаджиев, Н.Жақыпбай,
Б.Атабаев, Я.Шамиев, О.Ли сынды шәкірттерін өсіріп шығарды.
7 Қазақстанның қазіргі режиссурасындағы басты тұлғалар Ж.Хаджиев,
Н.Жақыпбай, Б.Атабаевтар - Ә.Мәмбетовтей сахна санаткері жасаған
ұстазының суреткерлік ізденістерін әрі қарай жалғастырып, өз кезектерінде
ұлттық классикалық пьесаларға интерпретациялар жасау да батыл шешімдерге
барып, жаңашылдық туын желбіретті. Режиссурадағы олар жасаған
жаңашылдық – әлемдік және ұлттық классикалық драматургия негізіндегі
сахналаған қойылымдарда жарқын көрініс тауып отырды.
8 Н.Жақыпбай мен Б.Атабаев театр педагогикасындағы тәжірибелері мен
режиссерлік
ізденістері
негізінде
Қазақстанда
«мектеп-студия-театр»
құрылымының маңыздылығын арттырып,
жаңашылдық, ізденіс, өзгеріп отыру
секілді үрдістердің театрдағы ең басты темірқазыққа айналу керектігін,
өздерінің шығармашылығымен дәлелдеді.
9 Еліміздің сахнасында жүріп жатқан қазіргі шығармашылық ізденістер -
режиссерлік театрдың қанат жайып көркеюіне, өнер ұжымдарының жаңарған
көркемдік-эстетикалық келбетін көрсетумен бірге, режиссура мен актерлік
өнердің жаңашылдық бағытта дамуына, тың белестерге шығуына ықпал етуде.
Сонымен бірге театр режиссурасындағы жас буын өкілдері Г.Мерғалива,
К.Адылов, Н.Дубс шығармашылығында жаңа сахналық тіл мен жаңа пішіндерді
дамыту жолындағы ізденістерін жалғастыруға негіз болар Еуропа театр
үдерісінің ықпалы айқындалды.
10 Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның режиссурасына
кәсіби мамандар
тәрбиелеумен айналысқан А.Л.Мадиевский, ұлттық режиссерлік өнердің
көрнекті тұлғаларына айналған М.Байсеркенов, Қ.Жетпісбаев, Е.Обаев,
В.Пұсырманов т.б. дайындап шығарғаны белгілі. Ал Қазақстанның Халық
артисі, профессор М.Байсеркенов те режиссурадағы сабақтастықтың алтын
жібін жалғау жолында спектакль қоюшы ретінде шектеліп қалмай, Т.Жүргенов
атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс беріп, режиссура
педагогикасында өз ұстанымы бар ұстаз ретінде, өз шеберханасынан түлеп
ұшқан Ә.Оразбеков, Қ.Қасымов, Р.Есдәулетов, Г.Мерғалиева, Ф.Қанафиндердің
бойына сабақтастықтық тағылымдарын ретінде дарыта білгендігі анықталды.
132
11 Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің театр өнеріндегі ең елеулі
оқиғаның бірі - ұлтымыздың мақтанышына айналған Алаш арыстарының
заманауи драматургия мен режиссурада тұңғыш рет сахналық көркем бейнелері
жасалды. Осынау заманауи үдеріске республикамыздағы
барлық театрлар
жаңашыл көркемдік эстетикалық ұстанымдармен келіп, бұрын режиссурада
көтерілмеген тың, жаңа тақырыптардың сахнаға дер кезінде шығуына
Ә.Мәмбетов, Р.Сейтметов, Е.Обаев, Ә.Рахимов, Б.Атабаев, М.Ахманов,
Ә.Оразбеков, Е.Төлеубай, А.Кәкішева, Д.Еспанов тағы басқа режиссерлеріміз
бір кісідей атсалысты. Алаш арыстары хақындағы туындыларды сахналаудағы
жаңашылдықтың негізінде, режиссерлердің спектакльдерді қазіргі заманауи
формалармен, сценографиядағы миниманлизммен, сахна өнеріндегі символдық
шарттылықтармен шебер үйлестіре білуінде жатыр.
Әрине, Қазақстанның ауқымы өте кең, көп ұлтты театр режиссурасындағы
сабақтастық пен жаңашылдық мәселелерінің барлығын бір диссертацияда тұтас
қамту мүмкін емес. Аталмыш тақырып алдағы уақытта талай ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нысанына айналу керектігін, қазіргі
мәдени саясатымыздың
ұзақмерзімді тұжырымдасы театртанушыларға міндеттеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: