Мадина: Қайырлы күн! Құрметті Республикалық олимпиада сайысының әділқазылар алқасы және қатысушылар! Алдарыңызға «Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын инновациялық әдістер арқылы қалыптастыру»


Мадина: Слайд 15-16 «Қазақша комикс»



бет4/4
Дата19.04.2023
өлшемі71 Kb.
#42217
1   2   3   4
Баяндама

Мадина: Слайд 15-16 «Қазақша комикс» əдісін жүзеге асыру үшін қажетті платформаларды іздеп, зерделей отырып, оқушылар мен мұғалімдерге де ыңғайлы сервис ретінде CANVA-ны таңдадық. Өйткені бұл сервистің компьютер арқылы сайтын, смартфон арқылы қосымшасын қолдануға болады жəне онда презентация, хабарландыру жасайтын бөлімшелері де бар, яғни бірнеше жұмыс жасауға болатын кеңістік.
«Айтсаң - ұмытамын, көрсетсең - есте сақтаймын, қызықтырсаң -үйренемін». Бұл – кез келген білім алушының психологиясындағы негізгі танымдық қағида. Осы қағиданы ұстанған функционалдық сауаттылықты дамытатын әрбір тіл маманы сын тұрғысынан ойлауды педагогикалық үдеріске толығымен енгізгенде оқытудың нәтижесін көре алады. Біздің жоба бойынша «Қызыл телпек» етегісі негізінде жасалған комиксті ұсынамыз.
Тиімділігі: Оқушы белсенділігін арттырып, өз күшіне деген сенімін дамыта түседі. Тақырыпқа немесе тапсырмаға өз көзқарасын айту (жазу) арқылы материалды меңгеріп, жадына бекітеді.
Аяулым: Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын инновациялық әдістер арқылы қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында бірінші, анықтаушы кезеңде бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын сипаттайтын бастапқы деңгейді анықтау негізгі міндет болды. Жоғарыда айтқанымыздай, оқушылар мектепте күнделікті іс-әрекет процесінде, түрлі әдеби мәтіндермен жұмыс жасау барысында, білім берудің бірінші деңгейінде тікелей қолданған инновациялық әдістер сипатындағы қарапайым дағдылармен келеді. Яғни зерттеу жұмысымызда құрылып асалған сауалнама арқылы бастауыш сынып оқушыларының бастапқы деңгейлері анықталды.
Сауалнама нәтижесінде көптеген оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарының төмен екенідігін, оның ішінде көлемді шығармаларды оқуға деген ынталарының жоқтығы анықталды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың үшінші кезеңі бақылау және эксперименттік сыныптарда сабақ және сабақтан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығушылығының қалыптасу деңгейлерін өлшеумен және осы деңгейлерді бағалау кезінде алынған нәтижелерді салыстырмалы талдаумен байланысты болды.
Мадина: Зерттеуге Қарағанды қаласы ХХ мектеп лицейінің бастауыш мектептің 52 оқушысы қамтылды.
Жұмыстың тиімділігі келесі өлшемдер бойынша анықталды:
Оқырмандық мотивациясы
Оқуға деген мақсатты бағытылығы
Өздігінен және саналы оқу дағдысы
Оқырмандық белсенділігі

Біз білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтарының қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған жүргізілген диагностиканың барлық материалдарын талдап және сандық жиынтық нәтижелерді алдық.


Алынған мәліметтерге сүйене отырып, жалпы алғанда, бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылықтарының қалыптасу деңгейі орта деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Алайда, деңгейі төмен және жеткіліксіз білім алушылардың бар екендігін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл осы балаларға көбірек көңіл бөлудің, оларға үнемі көмектесудің және олардың оқу әрекеттерін мұқият басқарудың қажеттілігін көрсетеді.
Білім алушыларда оқу белсенділігінің қалыптасуы деңгейін диагностикалау нәтижелерін қорытындылай келе, нәтижелердің жоғары деңгейіне қол жеткізуге негізінен саналы және дербес оқу дағдысының қалыптасуының орташа көрсеткіштері, сондай-ақ оқырмандық мотивациясы мен мақсаттылығы және білім алушылардың оқуға жұмсайтын уақыты кедергі болды деп болжауға болады.
Осылайш, бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқырмандық белсенділігін қалыптастыру боынша мақсатты жұмыс қажеттілігін айтуға болады.
Аяулым: Қорытынды. Буктрейлер бағдарламасын және комиксті қолдану барысында оқушылардың бойында сабаққа деген қызығушылығының күрт артатындығы байқалды. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артып, есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеті жетіліп, шығармашыл, жан-жақты дамыған, зерттеушілік қасиеттері, ой-өрісі қалыптасты деуге болады. Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары жетіліп, өз ойын еркін түрде жеткізіп, сөздік қоры молайып, кез-келген жағдаяттардан шыға алатын, бәсекеге қабілетті, эстетикалық жағынан тәрбиеленген жеке тұлға қалыптасады.
Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде Буктрейлер бағдарламасы мен комиксті сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сауатты сөйлеу, тілін құрметтеу, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру буктрейлер бағдарламасы нәтижесінде жүзеге асты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау