41
өңделген беттің дәлдігі мен кедір-бұдырлығы арасындағы бай-
ланыс
. Машинаның және олардың детальдарының өзара алмасулары-
ның жоғары пайдалану сапасын қамтамасыз ету үшін размерлердің,
формалардың және беттердің өзара орналасуына шақтамалы ауытқулар
беріледі. Өңдеу дәлдігінің артып кетуі өзіндік құнды өсіріп,
еңбек
өнімділігін азайтады; ал дәлдіктің жетіспей қалуы – машинаның пай-
далану қасиеттерін азайтып, оны жинаудың еңбексыйымдылығын арт-
тырады.
Машиналар мен механизмдердің пайдалану қасиеттерінің ұзақ
уақыт сақталуы, мысалы,
олардың дәлдігінің сақталуы, көбінесе
детальдардың шақтама түрі мен бірігу сапасын анықтайды. Берілген
шақтаманың жұмыс істеу мүмкіндігі немесе сенімділігі өңделген беттің
кедір-бұдырлығымен тікелей байланысты.
Беттің кедір-бұдырлығы екі біріккен беттің нақты жанасу ауданын
кішірейтеді, сондықтан бірігудің жұмыс периодының басында майлау
жағдайларын нашарлататын және қарқынды
бет тозуын тудыратын
меншікті қысымдар пайда болады. Бұл былай түсіндіріледі: мешина
детальдарының бірігуі кезінде олардың өзара бірігуі беттік төбелер
бойынша жүреді де, жанасудың нақты алаңы әрқашан номинал бірігу
бетінен аз болады.
Мысалы, екі детальдың бірігуі кезінде (1.13-сурет) олардың жана-
суы берілген ұзындық L бойынша жүрмейді, бірігудің жеке бөліктері
ұзындықтарының
l l l l
n
1 2
3
, , ....
қосындысына
тең болатын L-ден кіші
ұзындық
l
n
бойынша жүргізіледі.
1.13-сурет. Екі детальдің нақты жанасу сұлбасы
Тірек бетінің нақты азаюын есептеулерде жанасудың нақты
ұзындығының
l
n
ұзындыққа L қатынасына тең K коэффициентін енгізу
арқылы есепке алуға болады.
42
Кәдімгі өңдеу әдістері (кесу, фрезерлеу, жону) үшін
коэффициент
К-ң мәні өте аз және 0,15
÷
0,30 арасында болады [9]. Тек арнайы таза-
лау әдістерін қолданған кезде ғана оның мәні 0,9
÷
0,95 арасында болуы
мүмкін.
Кедір-бұдырлықтың R
z
детальдің тозу жылдамдығына
g
әсері 1.14-
суретте көрсетілген [4].
1.14-сурет. Бет кедір-бұдырлығының тозу жылдамдығына әсері
Кедір-бұдырлықты шамадан тыс азайту майлау жағдайларын на-
шарлатып жібереді, себебі өте таза өңделген беттерде май қабатының
тұрақтануы қиынға соғады. Беттің кедір-бұдырлығынан жылжымайтын
отырғызудың тұрақты болуы да байланысты болады. Детальдардың
бірігу беріктігінің азаюы кедір-бұдырлығы көптеу беттерде кездеседі.
Беттің кедір-бұдырлығы мен толқындығы
біріккен детальдардың
қосылған бөлігіндегі жанасу қаттылығына күшті әсер етеді.
Жұқа ажарлау арқылы кедір-бұдырлық пен толқындықты азайтатын
болсақ, детальдің ұстап тұру бетінің сапасын 90% өсіруге және жанасу
қаттылығын жоғарылатуға болады.
Детальдің беттік қабатының жағдайы оның пайдалану қасиеттеріне
әсер етеді. Беттік қабатта қақталма мен қысымның қалдық кернеуінің
пайда болуы көп жағдайларда шаршау беріктігі мен тозуға төзімділікті
жоғарылатады, бірақ сонымен бірге детальдың тат басуға қарсылығын
1,5-2 есеге азайтады, себебі қатты деформацияланған металда алғашқы
қорғау қабыршағы ішкі кернеулер әсерінен тез бұзылады да, тат басу
процесін жеделдетеді.
Шақтамалар мен отырғызудың бірыңғай жүйесі (ШОБЖ) стандарт-
тары номиналды размерлері 10000 мм-ге дейін болатын детальдің тегіс
жанасатын және жанаспайтын элементтеріне арналған (МЕСТ 25346-
82, МЕСТ 25347-82, МЕСТ 25348-82).
ШОБЖ бойынша дәлдік дәрежесі
Достарыңызбен бөлісу: