121
Жинаудың технологиялық процесіне жалпы алғанда мыналар
кіреді:
– жинаудың тактісін есептеу және жинау процесінің ұйымдастыру
түрлерін таңдау;
– торапты және жалпы бұйымды жинаудың технологиялық
сұлбаларын құрастыру;
– технологиялық операцияларды жобалау;
– сынақтарды бақылау операцияларының
құрамын анықтау;
– жинау процесінің тиімділігін негіздеу;
– технологиялық құжаттаманы рәсімдеу;
– арнайы технологиялық құрал-саймандарды жобалау, оның ішінде
көтеру-тасымалдау құралдарын;
– жинау цехы участоктарының технологиялық жоспарын жасау.
Жинаудың тактісі ауысым, ай немесе басқа да уақыт аралығын-
дағы есептік (болжамдық) уақыт қорының осы уақыт ішіндегі
бұйымды шығару жоспарына қатынасы ретінде анықталады. Жинау
тактісіне байланысты бұйымды жинаудың
ұйымдастыру формасы
анықталады.
Жинаудың ұйымдастыру формасы
. Жинаудың ұйымдастыру
формасын таңдау бұйымды шығарудың берілген жоспарымен
анықталады: бірліктік өндірісте көбінесе ағынды емес (тұрақты) жина-
уды, ал сериялы және массалы өндірісте ағынды жинауды қолданады.
Ағынды емес (тұрақты) жинау жиналатын машинаның детальдары
мен тораптары берілетін тұрақты жұмыс орнында жинау операцияла-
рын орындаумен сипатталады. Ұйымдастырудың мұндай формасында
жинайтын жұмысшылардың жоғары біліктілігі қажет болады, ал жинау
циклінің ұзақтығы үлкен болуымен ерекшеленеді.
Ағынды жинау жылжымалы және жылжымайтын болып бөлінеді.
Жинаудың ағынды жылжымалы түрі жиналатын нысанның жылжуы-
ның төмендегі тәсілдері арқылы жүзеге асады:
– үздіксіз
қозғалыстағы конвейерде;
– периодты қозғалыстағы конвейерде;
– механикалық құрылғылардың көмегімен операцияларға
жинала-
тын нысандарды біртіндеп берумен;
– жинау нысандарын қолмен беру (рольгангпен, арбамен, арна-
мен).
Жылжымалы ағынды жинау сериялы, ірісериялы және массалы
өндірісте қолданылады. Жинау кезінде детальдар мен тораптарды та-
сымалдау рольгангпен жүзеге асырылады.
Ағынды жылжымайтын жинау жекелеген операциялардың ұзақты-
ғы үлкен емес кезде сериялы және кішісериялы өндірісте, әсіресе, үлкен
массалы бұйымдарды жинау процесінде қолданылады. Бұл жағдайда
122
жұмысшы бір жинау стендісінен келесіге өте отырып, белгілі бір опе-
рацияны орындайды.
Конвейер түріндегі тасымалдау құрылғысын
қолданатын ағынды
жинау конвейердің үздіксіз немесе периодты қозғалысы арқылы жүзеге
асады.
Үздіксіз қозғалыс кезіндегі конвейер жылдамдығы, м/мин:
v l
=
/
t
; (5.10)
мұндағы,
l
– екі жұмыс орны осьтері арасындағы қашықтық, м;
t
– жинау тактісі, мин/дана;
Жинау орындарының (станцияларының) саны жинау және бақылау
операцияларының, сонымен бірге жобада белгіленген қосалқы
орындардың санымен анықталады.
Есептік уақыт қорында (дана/ауысым немесе дана/сағат) жинала-
тын жинау орындарының өнімділігі:
N
ж
=
TR t
g
; (5.11)
мұндағы,
Т
– есептік уақыт қоры, мин;
R
– жинау орнындағы
жұмысшылар саны,
t
g
– берілген операцияны орындаудың даналық
уақыты, мин.
Ағынды жинаудың ұзықтығы, мин:
T
n
a
=
0
t
; (5.12)
мұндағы,
n
0
– жинау желісіндегі жұмыс орындарының (станциялары-
ның) саны.
Жинау орнын қамту коэффициенті:
h
t
M
t
R
g
=
( )
; (5.13)
Ағынды желіні
қамтудың жалпы коэффициенті
h
л
=
=
∑
1
0
1
0
n
M
i
n
h
; (5.14)
Ағынды жинау кезінде жұмысшыларды мамандандырудың жаңа
үлгісіне қолжеткізуге болады, жинау уақыты қысқарады, жинау
жұмысшыларының өзіндік құны төмендейді.
Жылжымалы ағынды жинауды ұйымдастыру
кезінде барлық ара-
лас және ағынды желі участоктарында қызметтердің нақты үйлескен
жұмысы қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: