259
6.1-сурет. Беріліс қорабы корпусының отырғызу тесіктерін
айналма электрод көмегімен келтіру:
1 – электрқозғалтқыш; 2 – ұстағыш; 3 – қалпына келтірілетін деталь;
4 – айналма электрод; 5 – электржанама; 6 – иілгіш білік
Болттар мен бұрамасұқпалардың бұрандалық тесіктерін үлкейтілген
(жөндеу) өлшемдегі бұрандаларды жасау арқылы қалпына келтіреді.
Машиналардың көбісінің қаңқалары мен станиналары пісіріп немесе
ұрып жапсырылған металқұрылымдар түрінде жасалған. Олардың негізгі
ақауларына жеке элементтерінің деформациялануы мен зақымдануы, пісіру
жапсырмаларында
пайда болатын сызаттар, тойтармалы қосылыстың
босаңсуы, тірек стакандарының зақымдануы мен тозуы және т.б. жатады.
Жөндеу тәсілдері зақымдану сипатына қарай анықталады.
Конструкция элементтерін түзетуді гидравликалық домкраттар
мен престерді пайдалану арқылы салқын немесе қызған (500...600
0
С)
жағдайда жүргізеді. Қатты деформацияланған элементтерді кесіп тас-
тап, арнайы дайындалған кірме элементтерімен ауыстырылады.
Қаңқалардың жекелеген бөліктерінде пайда болған сызаттарды
алдын ала сызаттардың ұштарына диаметрі 5 мм
болатын тесіктерді
тесіп, күшейтілген жіктермен пісіріп тастайды. Пісіру жіктерін қоюмен
бірге сыртқы бетіне үшбұрыш және ромб тәріздес (6.2 а, ә-суреттер)
күшейтілген жапсырмалар пісіріп бекітіледі. Лонжерондар ішіне той-
тармалар көмегімен күшейтілген кірмелер (6.2 б-сурет) қойылады.
Пісіру жігін сызатпен бірге газдық кескішпен кесіп тастайды да,
қайтадан пісіріп бекітеді.
6.2-сурет. Қаңқалар сызаттарын балқыту арқылы жөндеу:
а – үшбұрышты жапсырма; ә – ромб тәріздес жапсырма;
б – тойтармаларға күшейткіш ендірмелер қою
260
Қаңқаларды жөндеу кезінде жіктерді горизонталь жағдайда пісіруге
мүмкіндік беретін бұрылмалы стенд қолданылады. Жіктерді пісіріп
болған соң тазалайды да, пневматикалық балға көмегімен қақталманы
беріктендіреді.
Пісірме қосылыстар сапасын бақылауды пісірме жіктерін сырткөзбен
қарап өлшеумен, бақылау үлгілерін механикалық сынаумен, ультрады-
быспен тексеру арқылы қамтамасыз етеді.
Босаған, сынған тойтармалардың барлығын жаңамен алмастырады.
Диаметрі 12 мм-ге дейінгі тойтармаларды салқын күйде орналастыра-
ды.
Тірек стакандары тесіктерінің тозуын жөндеу өлшеміне келтіріп
кеңейту әдісімен жөндейді, ал сызаты бар тірек стакандары жаңасымен
ауыстырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: