Ауыстыру процедурасы каникул уақытында ғана жүзеге асырылады. Ауыстыру СТҚКО-ға берілген, М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының атына жазылған өтініштің негізінде жүзеге асады. Білім алушы басқа ЖОО-ға ауысқан кезде СТҚКО-ға М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының атына ресімделген кету қағазы менауысу жоспарланған ЖОО-ның жазбаша келісімі қоса берілген ауысу туралы өтініш береді. Өтініш кезекті академиялық кезең (семестр) басталғанға дейін бес күннен кешіктірілмей берілуі керек. Басқа жоғарғы оқу орнынанауысқан білім алушы М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға ауысу жөніндегі өтінішін СТҚКО-ға академиялық кезең басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей беруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |