Білім алушы ақылы оқудан конкурстық негізде білім беру грантына ауысу жөніндегі өтінішін жазғы каникул уақытында 30 шілдеге дейін, қысқы каникул уақытында 10 қаңтарға дейін СТҚКО-ға береді. Білім алушы бір ББ-дан басқасына, бір оқу формасынан басқасына, бір жоғарғы оқу орнынан басқасына, бір оқу тілінен басқасына ауысқанда кезекті академиялық кезең (семестр) басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей СТҚКО-ға ауыстыру туралы өтініш береді. Білім алушының кеш берілген ауыстыру туралы өтінішін СТҚКО қабылдамайды және қарастырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |