Кредиттік оқыту технологиясы
|
білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеу дәйектілігін академиялық кредиттер жинақтай отырып, таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде оқыту.
|
Магистр
|
магистратура кəсіби оқу бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дəреже
|
Магистратура
|
кемінде 60-120 академиялық кредиттерді міндетті түрде игеріп, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі.
|
Модуль
|
білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы және құзыреттілігі бағалау критерийлеріне сәйкес келетін нақты тұжырымдалған, дербес, білім беру нәтижелері тұрғысынан аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі.
|
Модульдік оқыту
|
білім беру бағдарламасын, оқу жоспарын және оқу пәндерін модуль бойынша құру негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі.
|
|