1.7 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді. Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық графикалық жұмыстарды, тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады.
Студенттерге қойылатын талаптар:
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. Белгілі бір себептерге байланысты сабақ қалдырса, тиісті құжаттары болуы қажет.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Студенттердің өзіндік жұмыстары
Өзіндік жұмыстар міндетті түрде орындалуы керек. Студенттер оқытушының белгілеген уақыты бойынша есептеседі, кешіккен немесе уақытында есептеспеген студенттердің жұмыстары қабылданбайды. Студенттердің тапсырмаларды орындаулары жөнінде мәлімет оқытушыда болады, ол жалпы қорытынды баға қоюда ескеріледі.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар үй тапсырмасы түрінде орындалып, қорғалады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, жетінші, он бесінші аптада тапсырылады. Бақылау жұмыстарын тапсырудан кешіккен студенттердің жұмыстары қабылданбайды және бағаланбайды.
6. Практикалық жұмыс.
Практикалық жұмыстар әр топқа жеке-жеке сабақ кестесі бойынша өтеді.
7. Аралық бақылау
Семестр бойына екі аралық бақылау өтеді, жетінші және он бесінші аптада.
1.8 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1.8.1 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Сурет дегеніміз не?
Оқу мен шығармашылық суреттің айырмашылығы неде?
Академиялық суреттің мақсаты мен міндеттері?
Пішіннің конструктивті пішіні дегеніміз не? Мысал көрсетіңіз.
Қарапайым және күрделі пішіндерді біз қалай түсінеміз? Мысал көрсетіңіз.
Суреттегі пішін құрылысының қосалқы сызықтарын қалай түсінеміз? Мысал көрсетіңіз.
Осьтік сызық деген не?
Әр түрлі материалдарды қолдану әдістері.
Нұсқадан сурет салу дегеніміз не?
Үшөлшемділік, көлем, пішінді қалай түсінесіз?
Сәйкестіктер жөнінде білетін мағлұматыңыз?
Көкжиек сызығы деп нені атаймыз?
Түйісу нүктесін қалай түсінеміз?
Долбардың ұзақ мерзімді суреттен айырмашылығы неде? Олардың мақсат, міндеті қандай?
1.8.2 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Шеңбердің перспективасын қалай тұрғызады? Мысал келтіріп көрсетіңіз.
Пішін бойынша штрих «қою» деген не? Дөңгелек және қырлы пішінді заттар суретінен мысал келтіріңіз
Суреттегі «конструкция» терминін қалай түсінеміз?
Нұрсая (жарықкөлеңке), өң туралы не білесіз?
Жекелеген тапсырмалармен жұмыс жасаудын реті қандай?
Оқыту жүйесіндегі «сатылық» дегеніміз не?
Визирлеу әдістері және нұсқадан сурет салудағы шынайы масштабты қалай түсінесіз?
Көру аймағы дегеніміз не?
Көру нүктесі туралы білгеніңізді айтыңыз?
Картиналық жазықтық не үшін қажет?
Перспектива нені зерттейтін ғылым, мысал келтіріп, түсіндіріңіз?
Ауа кеңістігі дегенді қалай түсінесің?
Бас сүйек саларда қандай әдіс – тәсілдерді қолданамыз?
Адам басын неше бөліктерге бөлеміз? Мысал келтіріңіз.
1.9 «Академиялық сурет» курсының жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)
Сызықтық және кеңістік перспективасының негізгі заңдылықтары
«Жылт», «жарық», «жартылай көлеңке», «көлеңке», «рефлекс» ұғымдары.
Нұсқадан қарап сурет салу спецификасы.
Бір және екі нүктеде түйісу арқылы интерьер суретін тұрғызу заңдылықтары.
Көлеңке теориясының негізгі қағидалары.
Жарық көлеңке және өңдік қатынас негізі заңдылықтары.
Оқу суретінің қойылымдарын құрастырудағы әдістемелік талаптар.
Қарындаш, көмір, сангина, соустың қасиеттері мен қолдану техникасының тәсілдері.
Академиялық суреттің ғылыми негізі.
Суреттегі қосалқы сызықтарды пайдаланудың ролі мен маңызы.
Заттарды және суретті қабылдау психологиясы.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Реферат
|
Тақырып бойынша негізгі баяндама
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
апта
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Реферат және
баяндама
|
2
|
Оппонент болуы
|
Баяндама жасау
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
апта
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Семинарда жауап
беруі
|
3
|
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау
(барлығы 12 тапсырма)
|
Аналитикалық және танымдық қабілеттерін дамыту
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
ОЖСӨЖ тақырыбына бөлінген уақыт кестесіне байланысты
|
Тақырып бойынша
1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)
|
Тапсырмалардың орындалуын,
сұрақтарға жауап
беру қабілетін
тексеру
|
4
|
Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау
|
Логикалық ойлау қабілетін тексеру
|
1 – 4
Екінші жұмыс Тақырыпқа байланысты
5 – 11
|
№4 семинар
№10
|
Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады
|
Жазба жұмысын
тексеру
|
5
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексеру
|
|
|
Тест
|
|
4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім беру » тьютор оқытушы: Қапақов.Ғ.Х.
Пән Академиялық сурет
Кредит саны - 4
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Г.В.Беда. «Бейнелеу сауаты негіздері» М.; 1981ж.
|
+
|
-
|
50
|
-
|
-
|
2
|
Н.Н.Ростовцев. «Суретті оқыту әдістемесінің тарихы» М.; Просвещение 1981ж
|
+
|
-
|
70
|
-
|
-
|
3
|
Н.В.Одноралов «Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве»
|
+
|
-
|
40
|
-
|
-
|
4
|
Н.В.Кузин «Нобайлар және суреттемелер»
М., «Просвещение» 1981г
С.В Шорохов .«Композиция негіздері» 1979 ж М.; Просвещение
|
+
|
-
|
60
|
-
|
-
|
ГЛОССАРИЙ
Академиялық сурет пәні бойынша глоссарий
Ахроматикалық және хроматикалық түстер.
Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша (ашық-сұрғылт немесе қара сұрғылт) ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленуімен қатар, тағы да екі басты белгілермен – түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң – бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады. Ахроматикалық түстердің қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады.
Үйлесімділік – Түсті пайдаланатын суретшінің аса маңызды міндеті – неғұрлым тиімді гармониялық түсті үйлесімдерді табу. Алынған түстер әдемі (гармониялық) немесе нашар (дисгармониялық) үйлесуі мүмкін. Түстік гармониялар - бұл белгілі бір тәртіппен орналасқан азғана түстердің қисындасуы.
Ең жақсы түстік үйлесімдер – түстік шеңбер бойында үлкен аралық қашықтықта болады;
Неғұрлым интенсивті түстерді интенсивтілігі аз түстермен үйлестірген кезде неғұрлым интенсивті түсті аз мөлшерде (дақтың аумағы бойынша) алу керек;
Хроматикалық түсті ахроматикалық түспен үйлестіруге болады: жылы түстерді – қара-сұр түстермен, суық түстерді – ашық-сұр түстермен үйлестірген жақсы.
|
Суреттеме – нұсқаның жалпы нобайы салынып, кескіні айқындалған сурет өнерінің түрі.
|
Сұңғақтылық (монументальность) – станоктік кескіндеме мен графикалық шығармаларда бұл ерекшелік тақырыптың қоғамдық құндылығымен, оның батыл пафосымен ой - өрісінің тереңдігімен , суретшілік тілдің шеберлігімен, қарапайым да қаталдығымен, ұлылығымен қатар экспрессивтілігімен ерекшеленеді.
|
Натурализм – бейнелеу өнерінде жалпылықтан, ойлаудан, белгілі бір идеяны ұстанудан тыс, былайша айтқанда суретші көз алдындағының барлығының таза сыртқы көрінісін көшіруге саяды.
|
Нұсқа (натура) – бейнелеу өнерінде шындық нысаны, ең алғашқы түп негізі. Ол қойылым үшін қойылған зат, портрет кейде пейзаж болуы мүмкін.
|
Долбар – суретші тез орындайтын кішкене көлемдегі сурет немесе кескіндеме. Долбардың жалпы мақсаты (суреттің немесе этюдтің) өзіне ұнаған көрінісін есте сақтап қалу үшін салынады.
|
Заттың жалпы өңдік және түстік жағдайы – бейнеленетін нысанға жарықтың түсуіне байланысты анықталады. Заттың бұл қасиетін жеткізу, суретші әртүрлі өңдік және түстік диапазондағы этюдтің өңдік және түстік қатынастарын ұстауы тиіс. Түстердің және жарық көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі (Мысалы гипстегі) көлеңке қара нәрседегі (мысалы қоңыр матаның бүктелген жері) жарықтан ашығырақ болады. Өңі берілетін суреттерді салғанда өңдер қатынасын салыстырып, анықтап алу керек.
|
Өзара байланыс (отношение) – нұрсая, бояу түсті пішін, реңдік қатынас, т.т. секілді бейнелеу құрал-тәсілдерінің шығарма тұтастығына сәйкес үйлесімді қарым-қатынас заңдылығы.
|
Мұндалап және бейненің шашыраңқы көрінуі – бұл, нұсқадан қарап сурет салушы адам әр затты жеке-жеке жазған жағдайда көрінеді. (Өңдік және түстік жағдайда заттарды бір-бірімен салыстырғанмен әр затқа жеке қарағаннан туындайды).
|
Сәйкестік (пропорция) – бұл тұтас бір заттың жеке-жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді.
Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның сәйкестіктерін: биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет.
|
Ракурс – бейнеленген нұсқаның кеңістікте перспектива заңдылығы бойынша қысқаруы. Ракурс фрескада жиі пайдаланылады, әдетте ол қозғалыс пен кеңістікті тиімді етіп шешуге көмектеседі.
|
Нұрсая (светотень) – Нұсқаның жарық сәуле түскен бөлігі мен көлеңке жағын салыстыра қарау немесе живопись пен графика шығармаларындағы нәрсенің көлемі мен композицияның нұрлы ауа кеңістігін айқындайтын бояу таңбалары мен штрихтарының әртүрлі қарқындылығы.
|
Өңдік қатынас – суретте, натураға қарағанда, әлдеқайда кедей, қарапайым. Суретшідегі ең қара нәрсе – қарындаш немесе көмір, ең ақ нәрсе қағаз. Өңдік қатынастарды суретші өзінің қарапайым құралдарымен беруі тиіс. Суретші барлық уақытта өң-түстердің дұрыс қатынастарын, яғни алуан түрлі заттар мен детальдардың ашықтығы арасындағы бір ізділіктің суретте натурадағыдай сақталуын қадағалап отыруы тиіс.
|
Тұтас қабылдау, тұтас бейнелеу – суретші алдына қойылған нұсқаға тұтас қарап бейнелегені абзал. Өйтпеген жағдайда (затқа жеке-жеке қараған жағдайда) заттың бір-біріне деген сәйкестігін анықтай алмай қателесуі мүмкін.
|
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәріс 1.
Тақырып: «Бас сүйек негізінің құрылысы», «Адам басының құрылысы мен пластикасына бас сүйек пішінінің әсері».
Дәріс мақсаты: Адам басының анатомиялық құрылысын оқу
Кілт сөздері: көру бұрышы, көру нүктесі, көкжиек сызығы, сәйкестіктер, үшөлшемділік, ауа және сызықтық перспектива, екі өлшемді жазықтық, жарық көлеңке, орналастыру, симметрия. Ауа және сызықтық перспектива, екі өлшемді жазықтық жарықкөлеңке орналастыру ассиметрия, абстракция: көру бұрышы, көру нүктесі, көкжиек сызығы, зат жазықтығы, картина жазықтығы.
Негізгі сұрақтар:
«Сурет» пәнінің көркемсурет және педагогикалық салада маман дайындауда атқаратын міндеттері.
Үшөлшемділік, көлем, пішін
Бас сүйектің адам басын салудағы өзіндік ерекшелігі
«Көру бұрышы», «көру нүктесі», «көкжиек сызығы», «зат жазықтығы», «картина жазықтығы», т.б. сызықтық перспектива заңдылықтары мен негізгі түсінігі.
Адам басын салардағы қолданатын заңдылықтар.
Сызықтық және ауа перспективасының негізгі заңдылықтары.
Адам басын саларда еске сақтайтын сәйкестіктер.
Сурет – тек бейнелеу өнерінің дербес түрі емес, сонымен қатар живопись, гравюра, плакат, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және басқада өнер түрлерінің негізі. Салынатын шығарманың алғашқы ойлары да осы сурет арқылы қағазға түседі.
Сурет салудың зандылықтары мен ережелерін игеру үшін нұсқамен жұмыс жасауға саналы түрде бару керек. Алдын-ала қойылымды мұқият зерттеп, пішінді шынайы түсініп алғаннан кейін ғана, сурет салушы нұсқаны қағазға түсіргені абзал.
Кез келген зат үш өлшемдік бірлікпен анықталады: ұзындығы, ені және биіктігі: көлемі дегенде заттың үш өлшемдік бірлігін түсінсек, пішін дегенде – заттың сыртқы түрін, ішкі сұлбасын ұғынамыз.
Бейнелеу өнері негізінен заттың көлемі мен пішінін зерттеуге көбірек көңіл бөледі. Демек, сурет салуда көлем мен пішінді жетекшілікке ала отырып, сезімді жеткізетін әдіс – тәсілдердің барлығын осы екеуіне бағындыруымыз керек.
Сурет салуды бастамас бұрын алдымен нұсқаны жан – жағынан қарап түйсіну қажет. Адам басын алдынан (фас) салмай тұрып, оның жанынан (профиль) дұрыс зер сала қарау керек. Бастың төрттен үш бұрылысы жағдайында құлақтың орналасуын белгілеп, тіпті көрінбей тұрған екінші құлақтың да пішінін алдын-ала елестетпей, мұрынның тасасында қалған көз қияғын да толық көрмей суретті бастауға болмайды.
Конструкция немесе құрылысы деп сурет бөліктерінің өзара байланысы мен орналасуын түсінуіміз керек.
Алғашында геометриялық денелер мен заттарды, сонан соң пішіні жағынан бұларға жақын суреттерді салып, жайлап күрделі композицияларға ауысса конструкция заңдылықтарын жете біле түседі. Жаттығу кезінде суретші конструкциясының сипатын анықтап, салынып жатқан нұсқаның ерекшелігін түсінеді. Әсірксе жас суретшіге адам денесінің құрылысын салу қызықты да, күрделі үдеріс. Нұсқаны дұрыс бейнелеу үшін пластикалық анатомияны білу қажет болады.
Сурет салу барысында заттардың сәйкестіктерін сезу басты элементтердің бірі. Сәйкестік сақтау, салып отырған сурет бөліктерінің көлемін бір-біріне сәйкестендіріп алу деген сөз. Сәйкестік сурет масштабын сақтай отырып, қағазға салып отырған затты нұсқадан көлемдірек етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Сәйкестік еш бұзылмауы тиіс. Бұзылған жағдайда сурет бөліктері бір-біріне сәйкес келмей, зат ұқсастығы жойылып, нұсқанын сипаты өзгереді.
Портрет салуда немесе белгілі бір үлкен тақырыпта композициялық шығарма жазуда адам анатомиясын жетік білу өте қажет. Ол суретшіге адам денесінің құрылысы жайында ең қажетті мәліметтер береді. Суретшінің назарының адамның кейпі мен қозғалысын байқап, ұға білуге осы кейіпке тән ерекше белгілерді екінші дәрежелі детальдардан айыр білуге көмектеседі.
Сурет салушы бастың суретін салуға кіріспес бұрын алдымен бас сүйек қорабының құрылысына, бұлшық еттердің орналасуының анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің схемасын зерттеуі тиіс. Мұны білу басты дұрыс бейнелеу үшін ғана емес, сонымен бірге адамның мінезін, сезімдері мен қуаныш, күйінішін де беру үшін қажет.
Сәйкестік жөніндегі әңгімеге қайта оралсақ, заңдылықтарды ескерген жағдайда, мысалы берілген нұсқаның көзі қаншалықты бір-бірінен алшақ немесе жақын екендігін анықтау оңайға түседі. Ересек адамның бас сүйегі (иектен төбеге дейін) тұтас тұлғаның шамамен 1/7-1/8 биіктігін құрайды. Сондықтан өзіміз белгілеген тік сызықтың кесіндісін сегіз бастың өлшеміне тең етіп, сегіз бөлікке бөлеміз.
1.бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін;
2. иектен бастап төс сүйегінің ұшына дейін;
3. төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін:
4. кіндіктен шап айырығына дейін;
5. шап айырығынан жамбас сүйекке дейін;
6. жамбас сүйектің ортаңғы бөлігінен тізенің төменгі жағына дейін;
7. тізенің төменгі жағынана балтырдың төменгі жағына дейін,
8. балтырдың төменгі жағынан табанға дейін.
Бас пен кеуде адам бойының жартысы болып табылады. Иықтың ені екі бастың биәктігіне тең. Бірақ бұл сәйкестік ауытқи да береді, көбінесе кем болып та шығады. Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айырғанда ең әуелі оның жалпы аумағын негізгі штрих сызықтармен белгілеп алып, сонан кейін ғана адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға кірісу керек.
Сегіз бастың өлшемін бойы ұзын адамдарға, бойы аласа адамдарға жеті бас өлшемі көлемінде қолданады.
Отырған адамды суретке салу қиынырақ, өйткені адам мүшелері қалыптағыдан өзгереді. Сондықтан отырған адамның тұлғасын ең әуелі оңайлау көріністе салып дағдыланған дұрыс. Біршама жаттыққаннан кейін қимыл-қозғалысты адам бейнесін салуға көшу керек.
Сурет салушының бейнеленетін нысанының жарық түсіп тұрған жағы жарық деп, екінші, қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтарында меншікті көлеңке пайда болады. Қойылған заттан екінші бір заттың, яғни жазықтықтың бетіне түскен көлеңкені құлай түскен көлеңке деп атаймыз. Бұл көлеңке әрқашанда дененің көленкесінен қоюға болады.
Жарықтан көлеңкеге ауысар жерін жартылай жарық немесе шала көлеңке дейміз.
Дененің шет жағында (көлеңке жағында) басқа денеге түскен жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарықты – рефлекс дейді.
Көру нүктесі – деп сурет салушының затты суретке салып отырған орнын атайды. Егер студент бір орнынан қозғалмай отырып, немесе түрегеліп тұрып сурет салатын болса, онда қарау нүктесінің деңгейі де соған сәйкес не жоғары, не төмен болады. Мәселен, сурет салушы оңға немесе солға қарай орнын өзгертсе, соған байланысты оның қарау нүктесі де өзгеріп қоймай, салынып жатқан сурет те өзгеруі қажет.
Перспектива – сөзі (латын сөзінен шыққан) арғы бергі жақты көруді білдіреді. Перспектива – бақылаушыдан түрлі қашықтағы заттарды бейнелеуді сызықтық құру заңдарын зерттейтін ғылым. Сондықтан әдетте сызықтық песпектива туралы айтады. Сондай – ақ осы заңдар бойынша құрылған бейненің өзін де перспектива деп айтады. Сызықтық перспективадан басқа, ауа перспективасы деген бар.
Жарық пен көлеңкенің кереғарлық дәрежесі, заттың көлемдігі, оның нұсқасының айқындығы, түстік бояуы, өңі ол сурет салушыдан алыстаған сайын күрт өзгеріп отырады. Қашықтау дәрежесіне қарай олардың қара-қошқыл және бозғылт жерлерінің кереғарлығы барған сайын біртіндеп жұмсарады, заттар неғұрылым жайпақтана түскендей болады да, ақырында көкжиекте зорға ажыратылатын силуэттерден тұратын бір реңкті мұнарға айналады. Сонымен бір мезгілде олардың түс бояуы да өзгереді. Осы құбылыс ауа перспективасы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |