Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Рисунок, живопись композиция.
Хрестоматия. (уч. Пособие для студентов ). Құрастырған Н.Н. Ростовцев. М.;»Просвещение», 1989ж
2. Н.В.Одноралов «Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве»
3. Н.П.Костерин «Учебное рисование» М.; «Просвещение» 1980ж.
4. Бейнелеу өнері мектебі.
5.Рисунок / под ред. А.М.Смирнова
6. Ростовцев.Н.Н. Академиялық сурет дәріс курсы 1983г.
7. Беда.Г.В. Бейнелеу сауаты негіздері, сурет, кескіндеме, композиция. М.; 1981
8. Радлов. Н.Э. Нұсқадан қарап сурет салу 3-ші басылымы
9. Барчай.Е. Анатомия для художников. Будапешт. 1982г.
10. Барщ. А.О. Рисунок в средней художеств школе – М. Академия Художеств. СССР, 1963г.
11. Бернштейн. М.Д. Проблема учебного рисунка. –М, искусство, 1940г.
12. Савицкий Г.К. Жас суретшілерге шеберлік жайлы
13. Волков. Н.Н. Восприятие предмета и рисунка. –М, АПН, РСФСР, 1950г.
14. Н.В.Кузин «Нобайлар мен суреттемелер» М.; «Просвещение» 1981г.
15. С.В.Шорохов «Композиция негіздері» М.; «Просвещение»1979г
16. Б.Әлмұханов, Ж. Балкенов. «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» Алматы мектеп 1987ж.
17. Қ. Н. Мәдір «Сурет салудың негізгі заңдылықтары мен ережелері» Орал; БҚМУ БО, 2006 ж.
18. Қ.Н. Мәдір «Натюрморт салу жолдары» Орал; БҚМУ БО, 2007 ж.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырып
|
Практикалық жұмыс мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
|
1 семестр
Екі жағынан қарағандағы бас сүйек көрінісінің конструктивтік суреті
Гудонның бас экоршесінің суреті
Адам басының «қима бас» (обрубовка) суреті
4 семестр
Гипсті бас. Сократ
Натурщиктің иығы қамтылған бас суреті
Әртүрлі қарау нүктесінен салынған саусақ суреттемесі.
Интерьердегі егделеу адамның қолымен салынған портреті
|
Адам басының конструктивтік негізін оқу.
а) композициялық орналастыру;
ә) конструктивті құрылысы;
б) сызықтық перспектива заңдары ескерілген құрылысы;
в) перспективалық заңдылықтары;
г) денелердің қысқару заңдылықтарын оқу;
ғ) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;
д) үлкен жазықтықты өң арқылы шығару;
е) пішіннің жарық көлеңкелік моделировкасы;
ж) жинақтау, қорытындылау, қосалқының бастыға бағынуы
Адам басының пластикалық анатомиясы бойынша білімдерін бекіту. а) композициялық орналастыру;
ә) экоршенің конструктивті құрылысы;
б) сызықтық перспектива заңдары ескерілген құрылысы;
в) перспективалық заңдылықтары;
г) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;
ғ) үлкен жазықтықты өң арқылы шығару;
д) пішіннің жарық көлеңкелік моделировкасы;
е) жинақтау, қорытындылау,
Адам басының жалпы пішінін сомдаудың әдіс-тәсілдерін оқу
а)композициялық ойлау;
ә) конструктивті құрылысы;
б) адам басының пішінін жалпылама сомдау;
в)бас көлемін қалыптастыратын жазықтықтарды анықтау;
г) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;
ғ) материалын беру,жинақтау.
Бас, мойын және иықтың өзара пластикалық байланысын беру
а)композициялық ойлау;
ә) конструктивті құрылысы;
б) адам басының пішінін жалпылама сомдау;
в)бас көлемін қалыптастыратын жазықтықтарды анықтау;
г) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;
ғ) материалын беру,жинақтау.
Бас, мойын және иықтан белдің өзара пластикалық байланысын беру, пластикалық анатомия жайлы білімдерін бекіту. а) бет бөлшектерінің конструкциясын және олардың бейнелеу тәсілдерін беру;
ә) адам басын бейнелеу тәсілдерімен әдістемелік кезеңдерін оқу;
б) бас пішінімен бет бөліктерін нақтылау;
в) жалпылама пішінді жарықкөлеңке моделировкасы;
г) бас пішіннің бөлшектік жұмыстары, кеңістіктің жоспарын беру;
ғ) көлемін, материалын беру;
д) қосалқылардың бастыға бағынуы,.
Қолдың конструктивтік құрылысын оқу
а)композициялық орналастыру;
ә) конструктивті құрылысы;
б) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;
в) адам саусақтарының склеттерін, бұлшықеттерін
салу;
г) материалын беру,жинақтау
Нұсқаны оқу, өзіндік ерекшеліктерін шығару.
а)портрет салу жүйесіндегі алған білімдерін тексеру; ә) интерьердегі кеңістік аясын беру тәсілдерін оқу, композизициялық орталығын шығару;
б) сызықтық перспектива заңдылықтары ескерілген конструктивті құрылысы;
в) сәйкестік заңдылықтарын сақтау;
г) перспективалық сызығымен конструктивтік негізін есепке алу;
ғ) конструктивті негізін нақтылау;
д) пішіннің жарықкөлеңкелік, өңдік моделировкасы;
жұмысты аяқтау.
|
1-6
7-11
12-15
1-4
5-8
8-10
11-15
|
(17) беттері
3-26
(18) беттері
3-24
(7) беттері 208-211
(6)
(14)
(11)
(17) беттері
3-26
(18) беттері
3-24
(7) беттері 208-211
(6)
(14)
(11)
(17)
(18)
(7)
(6)
(14)
(11)
(7)
(6)
(14)
(8)
(2)
(3)
(7)
(6)
(14)
(8)
(2)
(3)
(5)
(11)
(14)
(8)
(2)
(3)
(7)
(6)
(14)
(8)
(2)
(3)
|
7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемілік нұсқаулар
Бейнелеу өнері мамандығында оқитын студенттердің сурет салып үйренулерінің тиімді жолына – нұсқадан қарап сурет салу әдістемесі жатады.
Суреттің түпкі мақсаты – студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті – студенттердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту, композициялық – шығармашылық қызметтерін арттыру. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін төмендегі үш қызметке баса назар аудару қажет:
- аудиториялық жұмыс;
- оқытушылардың жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы;
- өздік жұмыс немесе үй жұмысы.
Бұл үш түрлі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыру принципін атқарады. Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, сонымен қатар арнайы тақырыптарға дәрістер оқылады. Аудиториялық және өздік жұмыстары оқытушылардың қадағалауымен жүргізіледі.
Оқу жұмысын төменгідей топтарға бөлуге болады:
- нұсқадан сурет салу, нобай, жылдам салынатын долбарлар, ұзақ мерізімге арналған жұмыстар;
- ой арқылы, еске түсіру арқылы, қиял арқылы салынған, жазылған жұмыстар;
- композициялық түрдегі жұмыстар – сюжетті іздеу барысындағы ізденіс нобай – долбарлар. Бұған белгілі тақырыпты ашу барысындағы, идеялық – образдық шешімге келу жолындағы ізденістер, пластикалық құрылымды іздеу барысындағы жасалған жұмыстар жатады.
Бұл айтылған жұмыстар жанрдың қай түрі болмасын (натюрморт, портрет, пейзаж, т.б.), сурет техникасының қандайы болмасын арнайы аудиторияда немесе аудиториядан тыс жерлерде де қолданыла беріледі.
Студенттердің өздік жұмысы - әр-түрлі бағытта дамуы мүмкін, яғни, нұсқа арқылы әр-түрлі суреттемелер салу, композициялық ізденіс, әр-түрлі жастар көрмелеріне қатысу, әр-түрлі техникада өз күшін, ептілігін байқап көру, т.б. Бұлар жиналып сурет өнерінен студенттердің шеберлігін, икемділігін арттырады.
Ұзақ мерзімге арналған қойылымдардың орындалу жолын екі кезеңнен қарастырған дұрыс: оның алғашқысы – дайындық, екіншісі – орындалуы. Бірінші кезең мына қызметтерді қамтиды. Оқытушының студентке қойар талабы: нұсқаны көзбен талдау жасау, графикалық, түрлі нобайлар жасау, қағаз бетіне орналастыру, құрастыру, композициялық шешімін табу, формат көлемін анықтау, өңдік байланысын табу, нұсқаның күрделі тұстарын зерттеу, т.б. Сонымен қатар дайындық кезеңінде нұсқаның қағаз бетіндегі (графикалық бейнесі) бейнесіде жатады.
Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға атүсті қарамаған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуы осы қызметке де тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде салынған графикалық бейне, көлем, материалдардың бір-бірімен байланысы, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.
Сурет салғанда неден бастау керек және де неден бастап штрихтау керек деген заңды сұрақ туады. Бұл жөнінде көптеген оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады. Біреулері көлеңкелі жерлерден штрихтаған дұрыс десе, енді біреулері ашық, жарық жерден бастаған абзал деген пікірде, үшіншісі кереғар тұстарды көрсеткен дұрыс дейді. Мүмкін, әдістемелік тұрғылан бұл пікірлер дұрыс та болар. Дегенмен штрихтағанда алдымен жалпы рең, өңді ұстауға ұмтылу керек, денелердің гармониялық байланысынан бастаған жөн. Мейлі ол композициялық пластикалық ізденіс, мейлі жеке дене формасы болсын, нұсқадағы жалпы реңдік қатынасты бірден таппай, кіші бөлшектерге көшуге болмайды. Тіпті кейде кіші бөлшектерді салу процессідеде үлкен масса, үлкен ауқымға да жиі-жиі оралып отырған жөн. Бұл әрине, қиынға соғуы ықтимал, дегенмен тұтас көру, тұтас салу суреттің басты заңдылықтарының бірі. Сурет салғанда осыларды ескерген дұрыс.
8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Адам бас сүйегінің нобайлары.
Портреттік гипстік бас
Шарждар, нобайлар салу.
Аяқ басының, қолдың суретін салу (сүйегімен).
Адам бейнесін жұмсақ материалмен салу.
Бұрылған гипсті бас салу.
Адам бейнесін жұмсақ матамен салу..
10.ОҚУ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - - -- - -
11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Әр семестрден кейін студенттердің білімдерін бағалау:
Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табатындықтан емтихан көрме түрінде (выставление) өтеді.
Студенттердің алған білімдері жекелеген семестрлік тапсырмалар, үй тапсырмалары, т.б. сол көрмеге қойылып, оны кафедра оқытушыларынан құралған комиссия бағалайды.
Емтихан көрмесіне қойылатын негізгі жұмыстарға, соңғы орындалған аудиториялық жұмыс талапқа сай безендіріліп , күнделікті долбар, нобайлар, нұсқадан, қиялы бойынша да салынған суреттер қойылады (үй тапсырмаларын қарындаш, ұштық, тушь, жұмсақ материалдар, фломастер, акварель бояуының қара түсімен орындауға болады).
Бұндағы қойылатын негізгі талаптарға:
- үйлестіру, орналастыру жағдайын – сәйкестік заңдылықтарын;
- қойылым кеңістігін көрсету, перспективасы мен ауа перспективасын;
- заттардың неден жасалғандықтарын, яғни материалдарын көрсету;
- жазықтыққа дұрыс орналасуын, орындау техникасы мен ұқыптылығын, т.б.
жатқызамыз.
Комиссия әр оқу семестрінде емтиханда үздік деп танылған, сәтті деген жұмыстарды таңдап алып, оқу ғимараты дәлізіне көрмеге іледі.
12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру
- - - - - -- - - - -- - - - - -- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
13. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі
№ 301, 303, 310, 309, 311, 313 аудиториялар, № 7 оқу ғимараты.
Достарыңызбен бөлісу: |