М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет38/59
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5615
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59

Жасалу  уақытына  қарай  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  ағымдағы  жəне  жылдық  деп 
аталатын екі түрге бөлінеді. Кəсіпорынның ағымдағы (жыларалық) бухгалтерлік қорытынды 
есебі негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады (бір айға, бір тоқсанға немесе жарты 
жылға).  Ал  кəсіпорынның  жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есебі  есеп  беретін  жылға 
жасалады.  Оның  ағымдағы  қорытынды  есептен  айырмашылығы  балансқа  көптеген 
қосымшалар  тіркеліп,кəсіпорынның  қаржылық  жəне  мүліктік  жағдайы  туралы  толығырақ 
ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпараттық мəліметтер кəсіпорынның қаржы-шаруашылық 
қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді. 
Мəліметтің  көлеміне  қарай  бухгалтерлік  қорытынды  есептің  өзін  алғашқы  жəне 
жиынтық  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  деп  аталатын  екі  түрге  бөлуге  болады.  Алғашқы 
бухгалтерлік  қорытынды  есеп  кəсіпорынның  ағымдағы  бухгалтерлік  есеп  мəліметтері 
негізінде  жасалады.  Оның  құрамында  кəсіпорынның  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  (бір 
айдағы) мүліктік немесе қаржылық нəтижесі көрсетіледі. Жиынтық бухгалтерлік қорытынды 
есепті  құрамында  туынды  немесе  еншілес  серіктестіктері  бар  шаруашылық  кəсіпорындары 
өзінің жəне сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды. 
Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытынды есеп ішкі жəне сыртқы 
болып бөлінеді. Ішкі деп аталатын бухгалтерлік қорытынды есеп мəліметтері шаруашылықты 
басқару  үшін,  сондай-ақ  басшылардың  қандай  да  бір  мəселелерді  шешуі  үшін 
пайдаланылады.  Бухгалтерлік  қорытынды  есептің  бұл  түрі  сыртқы  пайдаланушыларға 
берілмейді  жəне  оның  мəліметтерін  жариялауға  тыйым  салынады.  Ал  бухгалтерлік 
қорытынды  есептің  сыртқы  түрі  барлық  пайдаланушылар  үшін  ашық  түрде  беріледі. 
Сонымен қатар, қорытынды есептің бұл түрін кəсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде 
ақпараттық құралдар (газеттер, журналдар) беттеріне де жариялайды. 
Жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  кəсіпорын  қызметінің  түріне,  шаруашылық 
саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады: 
-  бухгалтерлік баланстан; 
-  пайда жəне зиян (қаржы-шаруашылық нəтижелер) туралы есептен; 
-  меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен; 
-  ақшалардың қозғалысы туралы есептен; 
-  түсініктемелік жазбадан. 
Кəсіпорынның  жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есебіне  берілген  түсініктемелік 
жазба кəсіпорынның қаржылық жағдайы туралы деректен, өткен жыл мен ағымдағы жылдың 
мəліметтерін  салыстыру  арқылы  жазылған  түсініктемеден  жəне  бухгалтерлік  қорытынды 
есебінің  елеулі  баптары  мен  бағалау  əдістері  туралы  маңызды  ақпараттардан  тұруы  керек. 
Бұл  айтылғандардан  басқа,  түсініктеме  жазбада  кəсіпорынның  келесі  есепті  жылдың  есеп 
саясатына енгізетін өзгерістері жайлы мəліметтері көрсетіледі. 
Бухгалтерлік  қорытынды  есепке  қойылатын  негізгі  талаптар.  Бухгалтерлік  есеп 
қағидаларына  сəйкес  кез  келген  кəсіпорындардың  бухгалтерлік  қорытынды  есебі  мынадай 
негізгі  талаптарға  жауап  беруі  керек  –  сенімділік,  тұтастық,  тізбектілік,  салыстырымдылық, 
есепті кезең жəне рəсімделу.  
Сенімділік дегеніміз, бұл - бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді жəне толық түрде 
кəсіпорынның  мүліктік  немесе  қаржылық  жағдайын  таныстыратын  шарушылық  қызметтегі 
қаржылық  нəтижелері  болып  табылады.  Сенімді  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  Қазақстан 
Республикасының  бухгалтерлік  есебі  стандарттарына,  сондай-ақ  белгіленген  нормативті 
актілер мен ережелерге сəйкес жасалады. 
Тұтастылық  дегеніміз  –  кəсіпорынның  бухгалтерлік  қорытынды  есебінде  осы 
кəсіпорындағы  орындалған  барлық  шаруашылық  операциялардың  міндетті  түрде  қамтылып 
(қосылып), көрсетілуі болып табылады. 
Тізбектілік  дегеніміз  –  кəсіпорынның  бір  есепті  кезеңінен  екінші  есепті  кезеңіне 
дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отыруы. 
Салыстырымдылық,  бұл  -  бухгалтерлік  қорытынды  есептің  бір  кезеңдегі  мəліметінің 
екінші есепті кезеңнің мəліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады. 


Белгіленген заңға сəйкес, есеп беру кезеңі барлық кəсіпорындар үшін 1 қаңтардан 31 
желтоқсанға дейінгі аралық болып бекітілген. 
Бірінші  қорытынды  есеп  жылы  болып  кəсіпорынның  жаңадан  құрылған  күнінен 
бастап немесе кəсіпорынның қайта ұйымдастырылған уақытынан, яғни тіркелуінен басталып 
сол жылдың 31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығы саналады. 
Егер  кəсіпорын  тіркеуден  1  қазан  мен  31  желтоқсан  аралығында  өткен  жағдайда,  ол 
кəсіпорынның алғашқы есеп беру уақыты келесі жылдан басталады. Кəсіпорынның тіркеуден 
өткенге  дейінгі  операциялары  бойынша  шығындары  алғашқы  жасалатын  бухгалтерлік 
қорытынды есепке қосылады. 
Қаржылық  есептілік  №  30  ҚБЕС-на  сəйкес  жасалады.  Қаржылық  есептілік,  оған 
аудиторлық  жəне  тексеруші  комиссияның  қорытындысы  берілгеннен  кейін  серіктестіктің 
қатысушысына ұсынылады. 
Бухгалтерлік  есеп  жүйесіндегі  барлық  жазулар  жұмыс  шоттар  жоспарының 
классификациясына сəйкес болуы керек. 
Қаржы-шаруашлық  операцияларын  құрудың  бастапқы  құжаттары  болып  Қазақстан 
Республикасының  Азаматтық  Кодексінің  талаптарына  жəне  жақтардың  келісіміне  сəйкес 
рəсімделетін  шарттар,  келісімдер,  бұйрықтар  жəне  т.б.  табылады.  Бастапқы  құжаттар  1994 
жылғы  16  қарашадағы  №  73  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  статистикалық 
комитетімен бекітілген бастапқы есеп құжаттарының ведомствоаралық нысандар альбомына 
сəйкес рəсімделеді. 
 
10.2.-cұрақ 
 
Шаруашылық  есеп  саясатында  барлық  өзгерістерді,  жаңалықтарды  жəне  құрылыс 
қызметінің  есебінің  құрылысқа  қатысушылардың  өзара  арақатынастарының  таңдалған 
схемасы  ерекшеліктерін  көрсету  керек.  Мұны  жасаудың  негізі  мен  базасы  ретін 
пайдаланылатын құжаттар: 

БЕС  12  «Күрделі  құрылысқа  мердігерлік  келісім»  21.05.97  жылы  №  7  жəне 
14.02.03 жылы № 61 нұсқаулар бойынша өзгерістерімен енгізілген; 

29.10.02  жылы  №  542  ҚР  ҚМ  «Қаржылық  есептілікті  жасау  мен  ұсынудың 
концептуалды негіздерін бекіту туралы» бұйрығы. 
Қаржылық  есептілікті  тапсыру  көзделген  есепті  кезең  аяқталғанда  субъект  алдында 
қаржылық ақпаратты ұсынудың дұрыстығы мен толықтығы туралы сұрақ тұрады. 
Мердігер  құрылысты  аяқтаса  да,  аяқтамаса  да  мыналарды  көрсету  керек:  есепті 
кезеңдегі  əрбір  құрылыстық-мердігерлік  шарттың  табыс  сомасын,  сонымен  қатар 
құрылыстық-мердігерлік шарт ағымдағы есепті кезеңде ашылып, жабылған жағдайда, табыс 
сомасы  дұрыс  анықталады  жəне  объектіні  қабылдау  актісіне  қол  қойғаннан  кейін  тапсырыс 
беруші қабылдаған көлемде ашылады. 
Объектінің  құрылысы  есепті  кезеңде  аяқталмаған  жағдайда,  есептілікте  танылатын 
жəне ашылатын табыс есепті кезеңдегі танылған көлемі қол қойылған жұмыстарды қабылдау-
тапсыру  актілері  бойынша  орындалған  жұмыстардан  есепті  кезеңде  танылған  шығындарды 
шегергендегі айлық табыстар сомасына тең.  
Есепті  кезеңді  танылған  табыс  көлемін  анықтауға  пайдаланылатын  тəсіл.  Жұмысты 
орындау пайызын анықтауға пайдаланылатын нұсқа. 
Есепті  кезеңнің  соңында  аяқталмаған  құрылыс  бойынша  мердігер  мыналар  туралы 
қосымша ақпаратты ұсыну керек: 

шеккен жалпы шығындар сомасы; 

алынған аванстар сомасы; 

ұстап қалынған сома. 
Мердігер көрсетуі қажет: 

актив  ретіндегі  мердігерлік  келісім  бойынша  тапсырыс  берушінің  қарызының 
жалпы сомасын; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау