өндірістің шығындарын есептеуге 8030 «Көмекші өндіріс» шоты арналған жəне ол
«Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда əрбір өндірістек нысан
үшін жеке талдамалық шот
(тіркемелі парақтарда) ашылады.
Көмекші өндірістердің əрбір цехтары бойынша шығындарын есепке алу «Цехтар
шығындары» деп аталатын ведомоста көрсетіледі. Ведомостқа жазбалар талдамалық
кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алынып жазылады.
Көмекші өндірістік талдамалық (аналитикалық) есебі əрбір цехта, өнім түрлері (егер олар
əрқилы болса) жəне шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістегі
мен сипатына тəуелді болып келеді. Əдетте, ол өзіне негізгі материалдарды, көмекші
материалдарды, отын-энергетикалық жəне технологиялық шығыстарды, электр энергиясын,
өндіру мақсаты үшін пайдаланылатын буды, суды, негізгі жəне қосымша жалақыдан
аударылатын аударымдарды, үстеме шығастарды қосады.
Қосымша өндірістің күрделеніп, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектесін немесе
біртекті емесін көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін əртүрлі
əдіс қолдануға мəжбір етеді.
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы ерекшеленеді, өйткені кейбірі бір-
бірімен тығыз байланыста болады жəне тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді, мысалы
жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге
асырады, ал автокөлік цехы жөндеу-механикалық цехына жүк тасымалдайды.
Автомашинаның ағымдағы жөндеу өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен
тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын
есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу қажет. Бұл жағдайда өзіндік құн
матаматикалық, не өзіндік құны бойынша есептеледі. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын
тартылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.
Құрылысты- монтаждық жұмыстарының өзіндік құн калькуляциясы жəне шығын есебінің
объектілері.Негізгі өндіріс шығындарының аналитикалық жəне синтетикалық есебі.Күрделі емес
жұмыстар есебі.Уақытша титулды жəне титулды емес құрылстар мен құрылғылар.Ақаудан
жоғалтуларды бақылау жəне есептеу.Алдағы кезең шығындарын есептеу.Аяқталмаған құрылыс
есебі.Құрылыс-монтаждық жұмыстарды өңдіру шығындарының қосалқы есебі.Калькуляциялық
есептепме құрылымы.
Тақырып -9. Құрылыс ұйымдарының балансында тұрған қосалқы жəне көмекші өндіріс
шығындарының есебі.
Тек жөндеу-механикалық жəне аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай
соңында қалдықтар болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептеу кезеңінің соңында
өндірістік бухгалтерияда қаржылық бухгалтерияға беріледі, ол кезде 1340 «Аяқталмаған
өндіріс» шоты дебеттеледі де, 8310 «Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі. Бұл операциядағы
аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп беруде көмекші өндіріске жатқызылады. Тек
жөндеу-механикалық жəне аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтардың ай
соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтар есептік кезеңнің соңында өндірістік
(басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық бухгелтерияға беріледі, ол кезде 1340
«Аяқталмаған өндіріс» шоты дебеттеледі де, 8030 «Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі, бұл
операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші
өндірісі жатқызылады.
Келесі есептік жылдың басында қаржылық есептен өндірістік (басқарушылық) есепке
беріледі, ол кезде 8030 «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеліп, 1340 «Аяқталмаған өндіріс»
шоты кредиттеледі.
Көмекші өндірістің өнімінің санын есептеуіштердің көрсеткіштері бойынша немесе
шамамен (шартты жолымен) анықтайды.
«Көмекші өндіріс қызметін таратудың» талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады:
- бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың көрсетілген қызметтердің жəне көмекші
өндірістер шығындардың, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік
құны есептелініп шығарылады жəне олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі.
Қабылданған жəне көрсетілген қарама –қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға
тиіс. Екінші бөлімде алынған жəне көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы
өзіндік құны негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны,
материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады;
- екінші бөлімінің деректері «Цех шығындарының» негізінде ведомостқа жазылады,
содан соң өнімді, жұмысты жəне қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де,
8030 шоты кредиттеледі.
- үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын
бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.
Технологиялық процестің сипаты жəне шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің біртектілігіне қарай, қосымша өндіріс қарапайым жəне күрделі болып
бөлінеді.
Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шығындарды
таратқан кезде, оның сол тиісті бөлігіне жататын ақауының өзіндік құнын ескерту қажет.
Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық мөлшерлемені анықтаған кезде
есептелінген нормативтік қатынас бойынша өндіріс жұмысшыларының жалақысына
пропорционалды енгізіледі. Мысалы, ақауда жөндеумен айналысатын жұмысшының
күндік жалақысы 1800 теңге болса, ал оның сметалық нормативтік мөлшерлемесі 750
теңгені құраған. Бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп-ұстау шығысына ақаудың тиісті
сомасы арқылы анықталған. Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын
өнімнің біртектілігі немесе біртекті еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметтің
өзіндік құнын есептеу үшін əртүрлі əдісті қолдануға мəжбүр етеді. Қосымша өндірістегі
есепті ұйымдастыру өндірістің технологиялық ерекшелігіне байланысты.
Бухгалтерлік стандарттың талаптарына сəйкес құжаттарды толтыруымен қатар, бұл
өндірістегі бухгалтерлік шоттар жазбасы төмендегідей болады:
№
Операция мазмұны
Дебет
Кредит
1
Өндіріске босатылған материалдар
8030
1310, 1330, 1350
2
Өндіріс
жұмысшыларының
еңбекақысы
8030
3350
3
Еңбекақыдан аударылған аударымдар
8030
3150, 3210, 3220
4
Негізгі құралдарды жөндеу
8030
1310, 3310
5
Негізгі құралдардың құнсыздануы
8030
2420, 2740
6
Коммуналдық төлемдер
8030
3310, 3340, 3390
7
Шығындар
жиынтығын
негізгі
өндіріске жатқызу
8010
8030
Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік бухгалтерияға
беріледі, ол кезже 8030 «көмекші өндірісə шоты дебеттеліп, 1340 « Аяқталмаған өндіріс»
шоты кредиттеледі.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін жəне атқарған жұмысын тұтынушылар
бойынша тарату үшін « Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату» деп аталатын
кестені жасайды. Онда əрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген
өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қапзан цехы бойынша-будың тоннасы,
Достарыңызбен бөлісу: |