Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшелігі пəнін оқу процессінде Еліміздің
экономикасында – құрылыс саласы алдыңғы қатарда ерекше алатын өндіріс жүйесі.
Жаңа Қазақстан өзінің даму жолын таңдап, жылдан жылға əлемдік қоғамдастықта
барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп
келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан əрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы жəне болашағы зор
экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне əкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Елбасының 2007 жылғы Жолдауы Қазақстанды жеделдете, жан-жақты жаңғырта
жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бəсекелестік артықшылықтар
қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге бағытталған мемлекеттік
саясат қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бəсекеге қабілеттілік днңгейіне жете
алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажеттігі мен өнеркəсіптік
құрылымды өзгертуге бейімді, əрі ауқымды зор жобалар əзірлеу мақсаттарына ерекше назар
аударылды.
Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару
жүйесінің ең маңызды жəне міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп - өндірістің
хал-ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап, негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын
бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы
мəселелерге өндіретін өнім түрлеріне зор мəн бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың
ауқымын неғұрлым азайтып жəне өзіндік құнын дұрыс, əрі дəл анықтау міндеті жатады.
Осы мəселеге орай кəсіпорын өндірістік шығындарды есептеу жолдарын дұрыс жүйеге
келтіре отырып, өндірістің шаруашылық қызметін басқару заңдылықтарының халық
шаруашылығында өркендеуіне жол береді.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі
экономикалық механизмді басқару өндірістегі дəл, əрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана
жүзеге асуы тиіс.
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында басқару
жүйесінің алдында тұрған жаңа міндеттерді шешуге қайта бағыт алды. Себебі, құрылыс
саласының күннен-күнге дамып келе жатқаны заман талабына сай сұраныстың өсуіне
байланысты болып отыр. Осы саладағы есепті ұйымдастырудың жолдарын жəне оның
шетелдік тəжірибесін зерттеу, өндірістік шығындар туралы ақпараттар алудың дəстүрлі емес
жаңа жүйесін құру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың, қаржылық нəтижелерді
анықтаудың қазіргі тəсілдерін қолдану, сондай-ақ бұл ақпараттарды өндірістік қызметті
басқару, талдау, болжау жəне реттеу үшін қолдану маңызды.
Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін құрылыс саласында есеп нақты өндірісте
дəстүрлі жүйеленген түрде жүргізіліп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен
пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс-монтаж жұмысының
дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкен соң, жүйе бұзылып,
құрылыс кəсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі
жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні
аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс-монтаж жұмыстарын орындап келеді.
Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне сай бухгалтерлік есеп стандарттарының № 6 жəне 12,
халықаралық қаржылық есептеме стандарттарының № 11 жəне 16 тікелей сметалық жүйедегі
табыс пен шығындар құрамын анықтаумен тікелей байланысты.
Құрылыс өндірісінің дамуы экономикада əлеуметтік жағынан жалпы экономиканың
дамуы барысында үлкен əсерін тигізетін сала.Құрылыс саласы – ол зауыт, фабрика, теміржол,
автокөлік жолы, тұрғын салу, сол сияқты қоғамдағы даму - өсу ағымына тікелей əсерін
тигізетін шаруашылық саласы. Осыған орай елдің болашағы үшін ең басты міндет болып
саналатын, ол студенттерге білім беру. Қазіргі талаптарға сай қайта дайындалып жасалынған
оқу жоспарларының қажет екендіігі белгілі. Осы «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп» пəнінің
бағдарламасы бухгалтерлік есеп-аудит мамандығы бойынша білім алатын студенттерге
арналған.