М. Х. Дулати атындағы Тарму-нің доценті, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері



жүктеу 364,4 Kb.
Pdf просмотр
бет7/13
Дата04.02.2020
өлшемі364,4 Kb.
#28203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

күйінде көп болдырмау. Дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтың 

жалпы  және  қозғалтушы  тығыздығы  болады.  Сабақтың  бүкіл  ұзақтығы 

кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың 

жалпы тығыздығы дейміз. Педагогиқалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған 

уақытқа  жататындар:  дене  тәрбиесі  жаттығуларын  орындау,  мұғалімді 

тыңдау,  көрсетілген  жаттығуды  бақылау,  түсінгенді  ұғыну,  сабақ  өтер 

орынды  дайындау,  тынығу  және  т.б.  Педагогикалық  ақталмаған  уақытқа 

жататындар:  мұғалімнің  немесе  оқушылардың  сабаққа  кешігуі, 

снарядтарға  ауысқан  кездерде  болатын  ұзақ  бос  тұрып  қалушылықтар, 

тәртіп  бұзуға  байланысты  үзілістер,  құрал-жабдықтардың  істен  шығуы, 

мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы  және т.б. 

Сабақтың  жалпы  үзақтығы  кезінде  дене  тәрбиесі  жаттығуларын 

орындауға  кеткен  уақытты  қозғалтушы  тығыздық  дейміз.  Қозғалтушы 

тығыздық сабақтың негізгі бір өнімділігін сапасын көрсететін көрсеткіш. 

Дене  тәбиесі  сабағында  жүктеме  мөлшерін  анықтау,  тамыр  соғысын 

өлшеу,  тіркеу  хаттамасын  жүргізу.  Ол  үшін  сабақта  белсенді,  тәртіпті, 

дене  тәрбиесі  сабағында  орташа  үлгіретін  бір  оқушының  тамыр  соғуын 

әрбір 3-5 минут сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Әрбір 

3  минут  сайын  тамыр  соғысын  өлшеулер  орындалып,  хаттама  толық 

толтырылып,  сабақ  біткеннен  кейін  біз  алынған  мәліметтер  бойынша 

оқушы  ағзасындағы  физиологиялық  жүктеме  өзгерістерінің  қисық 

сызықтары графигін сызамыз. 

Дене  тәрбиесі  мұғаліміне  педагогикалық  талдау  және  бағалау  екі 

түрлі  мақсатта  қажет  болады.  Бірінші  -  өзінің  сабақ  беруін,  қандай 

дәрежеде бере алатынын бағалау, қандай мәселелерге назар аудару керек 

екенін  білу.  Екінші  -  әріптестерінің  сабақ  өткізулерін  талдау,  бағалау. 

Қазіргі  кезде  мектеп  мұғалімдері  білетін  бірнеше  педагогикалық  сабақ 

талдау  әдістері  бар,  ол  әдістер  көптеген  әдебиеттерде  жазылған.  Соның 

бірі  дене  тәрбиесі  сабағының  гистограммасы  ең  бір  оңай,  дене  тәрбиесі 

сабағының қалай өткенін тез анықтайтын әдіс. 

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар: 

Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау. 



Тығыздықтың түрлері, анықтау жолдары. 

Сабақта жүктемені мөлшерлеу. 



Жүктемені мөлшерлеу хаттамасын толтыру. 

Жүктеме қисық сызығы графигін сызу. 



Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық талдау. 

 

Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау 

 

Дәрістің  мақсаты:  дене  тәрбиесі  жұмыстарын  жоспарлау  түрлеріне, 

жолдарына студенттерді оқыту, үйрету. 

18 



Тақырып бойынша сұрақтар: 

1. 


Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары. 

2. 


Оқу ағымының жылдық жоспар графигі. 

3. 


Тоқсандық және әрсабақтық оқу жоспары. 

4. 


Сабақтың жоспар -  конспектісі. 

Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  жоспарлау  құжаттары:  жалпы 

дене  тәрбиесі  және  спорт  жұмыстары  жоспары  және  дене  тәрбиесі 

сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу 

жылының  басталуына  дейін  құрастырады.  Жалпы  жылдық  жоспар 

мынандай бөлімдерге бөлінеді:  

1. 


Ұйымдастыру жұмыстары.  

2. 


Оқу жұмыстары.  

3. 


Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі сауықтыру шаралары.  

4. 


Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық көпшілік жұмыстары. 

5. 


Үгіт- насихат жұмыстары.  

6. 


Дәрігерлік бақылау және тазалық тексерулер.  

7. 


Шаруашылық  жұмыстары.  

Осы  дене  тәрбиесі  және  спорттық  жұмыстардың  жылдық  жоспарын 

жалпы  білім  беру  мектептеріндегі  дене  мәдениеті  ұжымының  төрағасы 

мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым 

мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек. 

Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:  

1. 

Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі.  



2. 

Тоқсандық жоспар кесте.  

3. 

Әрсабақтық жоспар. 



4. 

Жоспар-конспект. 

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар: 

Дене тәрбиесіндегі жоспарлау. 



Мектептің оқу бағарламасы. 

Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспарын құрастыру. 



Оқу ағымының жылдық жоспар графигін құрастыру. 

Тоқсандық оқу жоспары, оны құрастыру технологиясы. 



Әрсабақтық оқу жоспары. 

Сабақтың жоспар-конспектісі, оны құрастыру. 



 

Дене тәрбиесі жұмысындағы бақылау және есепке алу 

 

Дәрістің мақсаты: дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және еске алу 

түрлерін студенттерге оқыту. 

Тақырып бойынша сұрақтар: 

1. 

Бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру. 



19 


2. 

Мектептің бақылау және есепке алу құжаттары. 

3. 

Мектептің дене мәдениеті ұжымы. 



Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Дене  тәрбиесі  жұмысын  дұрыс  жақсы  ұйымдастыру  үшін,  жұмысты 

орнықты  орындау  үшін,  орындаған  жұмыстарды  бақылау  және  есепке 

алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, 

тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, 

оқу  үлгірімін  бақылауға  көмектеседі.  Мектеп  тәжірибесінде  есепке  алу 

мен  бақылау  үш  кезеңнен тұрады.  Олар:  алдын-ала  есепке  алу,  ағымдық 

есепке  алу  және  қорытынды  есепке  алу.  Есепке  алу  жүйесінде  жоғарда 

айтылған негізгі түрлерінен басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол 

тексеру  түрлері  қолданылады.  Негізгі  есеп  алу  құжаты  мектеп  сынып 

журналы болып есептеледі. 

Сыныптан  тыс  жұмыстарды  есепке  алу,  олардың  орындалуын 

бақылау  үшін  басқа  жұмыс  дәптері  жүргізіліп,  орындалғаны  туралы 

белгілер  қойылып  отырылады.  Есепке  алу  және  бақылау  құжаттарында 

дене  тәрбиесі  мамандарының  саны,  разряд  орындағандар  саны,  спорт 

түрлерінен  дайындаған  төрешілер  тізімі,  жоспар  орындалуы  туралы 

мәліметтер,  құрал-жабдықтар  саны  мен  дұрыстығы,  президенттік 

сынаманы  тапсырушылар  туралы  мәліметтер  жазылады.  Осы  көптеген 

жұмыстардың  құжаттарын  сауатты  дұрыс  жүргізу,  толтыру,  мектепке 

келген  тексеру  комиссияларына  толық  көрсете  білу  мақсатында  біз 

барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа 

бөліп жүйеледік. 

Дене  мәдениеті  ұжымның  мүшелері  мектеп  мұғалімдері  мен 

оқушылар.  Дене  тәрбиесі  жұмыстарын  ұжым  мүшелері  сайлаған  кеңес 

басқарады.  Ұжым  кеңесінің  төрағасы  мектеп  директоры.  Ұжымның 

барлық  жұмыстарын  белгілейтін,  ұйытқы  болатын,  жүргізетін  дене 

тәрбиесі мұғалімдері. Дене мәдениеті ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, 

тоқсандық  жұмыс  жоспарларын  дұрыс  ойластырып,  құрастыруы  қажет. 

Әрбір  ай  сайын  өткізілетін  ұжым  кеңесінің  отырыстарында  осы 

жоспарлар,  олардың  орындалуы,  адамдардың  жауапершіліктері  қатаң 

бақылануы,  жұмыстары  дұрыс  бағаланулары  керек.  Мектептің  дене 

мәдениеті  ұжымының  барлық  құжаттарын  дайындайтын  дене  тәрбиесі 

мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. 

Дене  мәдениеті  ұжымының  жалпы  жиналысында  мұғалімдер  мен 

оқушылардың  арасынан  дене тәрбиесі  мен  спортқа  қатысы  бар,  белсенді 

адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы 7-10 адам. Кеңес 

мүшелері  арасынан  төраға,  төраға  орынбасары,  хатшы  сайланады.  Дене 

мәдениеті кеңесі жанынан көпшілік дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене 

тәрбиесі  белсенділерін  дайындау,  насихаттау  және  шаруашылық 

жұмыстарының комиссиялары құрылады. 

20 



жүктеу 364,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау