М. Х. Дулати атындағы Тарму-нің доценті, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері



жүктеу 364,4 Kb.
Pdf просмотр
бет10/13
Дата04.02.2020
өлшемі364,4 Kb.
#28203
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

анықтама  қағазын  әкелуге  тиісті.  Студент  спортшыға  дене  тәрбиесінен 

сынақты негізгі оқу тобындағы дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы 

қояды. 

Арнайы  медициналық  топтардағы  сабақтар.  Арнайы  медициналық 



топтардағы  сабақтарға  дәрігерлік  комиссия  денсаулықтары  нашар  деп 

таныған,  тұрақты  немесе  уақытша  ауыратын  студенттер  жіберіледі. 

Оларға  сабақтар  негізгі  оқу  тобынан  бөлек  уақыттарда  жүргізіледі.  Оқу 

тобындағы студенттер бірнеше оқу топтарынан іріктеліп құрастырылады. 

Оларға сабақты арнайы дайындықтан өткен дене тәрбиесі кафедрасының 

оқытушылары  жүргізеді. 

Осы  сабақтарға  қатысқан,  оқу  бағдарламасының  нормаларын, 

талаптарын тапсырған студенттерге дене тәрбиесінен әрбір семестрлерде 

сынақ қойылып отырылады. 

2. 


Өз  беттерімен  жаттықтыру  түрлері  студенттердің  өз  еріктерімен 

сабақтан бос уақыттарында жүргізіледі.  

Ол  жаттықтырулар  спорт  ойындары  түрлері:  волейбол,  футбол, 

баскетбол,  хоккей;  жүгіру  түрлері;  атлетикалық  гимнастика;  гир  спорты; 

ұлттық  ойын  түрлері  болуы  мүмкін.  Дене  тәрбиесі  кафедрасының 

оқытушылары  мен  спорт  клуб  қызметкерлері  әдістемелік  көмек  жасап, 

жаттықтыруларды  дұрыс жолға  бағыттап отырады. Дұрыс жүргізілген өз 

бетімен жаттықтыру түрлерінің маңызы өте зор. 

3. 

Күн  тәртібі  ішіндегі  дене  жаттығуларына  жататындар: 



таңертеңгілік  гигиеналық  гимнастика,  күн  тәртібіндегі  гимнастикалық 

жаттығулар т.б. қозғалыс түрлері. 

4. 

Көпшілік-сауықтыру  және  спорттық  шаралар  түріне  жататындар: 



спорттық  жарыстар,  денсаулық  топтары,  жүгіруді  жақсы  көрушілер 

топтары,  спорттық  мерекелер,  спорт  түрлерінен  көрсетілімдер,  сенбі, 

жексенбі  күндері  өткізілетін  белсенді  демалыстар  (саяхатқа  шығу, 

жорықтар, таза ауада серуендеу, ойын түрлері, суға түсулер т.с.с.), әртүрлі 

сауықтыру  шаралары,  спорттық  сауықтыру  легерлеріндегі  сауықтыру, 

дене жаттығулары түрлері. 

Арнайы орта оқу орындарының, колледждердің оқушыларының дене 

тәрбиесінің  мақсаты  дене  тәрбиесі  жаттығуарымен  тұрақты  шұғылдану, 

оны  кәсіптік,  әлеуметтік,  мәдени  -  спорттық  қызметтерде  қолдана  білу 

қабілеттілігін  қалыптастыру.  Колледждегі  дене  тәрбиесі  жұмыстары 

төмендегідей  түрлерде  жүргізіледі:  оқу  орнының  оқу  кестесі  бойынша 

жүргізілетін 

оқу 

сабақтары, 



жаттықтырушы, 

оқытушылардың 

басқаруымен 

жүргізілетін 

спорт 

түрлерінен 



жаттықтырулар, 

оқушылардың  сабақтан  тыс  кездерінде  өз  беттерімен  орындайтын  дене 

тәрбиесі  жаттығулары  мен  спорт  түрлері,  саяхаттар  мен  туристік 

жорықтар, көпшілік спорттық - сауықтыру шаралары, семестр кезінде бір 

рет  өткізілетін  <<денсаулық  күні>>.  Негізгі  оқу  топтарындағы  дене 

26 



тәрбиесі  сабақтары  жетісіне  екі  рет,  төрт  сағат  барлық  оқу  курстерінде, 

оқу орындарын бітіргенше өткізіледі. 

Жоғарғы  дәрежелі  кәсіптік  жұмысшылар  дайындайтын  кәсіптік 

техникалық  училищелер  өздерінің  оқу  жұмыстарын  бағдарлама,  оқу 

жоспары бойынша атқарады. Оқу пәндерінің бірі дене тәрбиесі сабақтары. 

Кәсіптік  техникалық  ущилищелердің  барлық  дене  тәрбиесі  жұмыстары 

Қазақстан мемлекетінің Білім және ғылым министірлігі бекіткен жоғарғы 

және  орта  кәсіптік  техникалық  училищелерінің  оқушыларының  дене 

тәрбиесіне  арналған  оқу  бағдарламалары  бойынша  жүргізіледі.  Оқу  күн 

тәртібінде  сабаққа  дейінгі  гимнастика,  сергектік  сәттері,  кіріспе 

гимнастика және <<спорт сағаты>> жүргізіледі. Сабақтан тыс уақыттарда 

спорт  түрлерінен  жаттықтыру  сабақтары,  жарыстар,  көпшілік  спорт 

жұмыстары,  президенттік  сынама  сынақтарына  дайындық  жұмыстары 

жүргізіледі. 

Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі 

Дәрістің  мақсаты:  Ересек  және  үлкен  жастағы  адамдардың  дене 

тәрбиесі, оны ұйымдастыру туралы студенттерге білім беру. 

Тақырып бойынша сұрақтар: 

1. 

Ересек  және  үлкен  жастағы  адамдардың  дене  тәрбиесі  адамдардың 



дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері. 

2. 


Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі. 

3. 


Ересек  орта  және  үлкен  жастағы  адамдармен  күнделікті  тұрмыс 

жағдайында сауықтыру жаттықтыруларын ұйымдастыру 

Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Ересек  және  үлкен  жастағы  адамдардың  дене  тәрбиесі  адамдардың 

дене  тәрбиесінің  әлеуметтік  маңызы  мен  міндеттері.  Біздің 

мемлекетіміздегі  адамдар  жалпы  және  кәсіптік  білімді  17-21  жастары 

кезінде алады. Оқуларын аяқтаған, армия қатарында Отан қорғаған жастар 

әртүрлі  өнеркәсіп,  мекеме,  ұжымдарда  еңбек  қызметтеріне  кіріседі.  Осы 

кезеңде  еңбекшілер  мен  қызметшілердің  еңбек  қызметтері  мен 

денсаулықтарына жағымды әсер беретін дене тәрбиесінің маңызы өте зор. 

Ол төмендегідей мәселелерде айқын көрінеді. 

1. 


Еңбек  етудің  қандай  түрлерінде  болмасын  адамдар  дене  және 

психикалық  күштерін  жұмсап  шаршайды,  жұмысқабілеттіліктері 

төмендейді. Осы кезде дене тәрбиесі амалдары көмегімен шаршаған адам 

ағзасын  тез  қалпына  келтіріп,  жұмысқабілеттіліктерін  жоғарылатуға 

болады. 

2. 


Көптеген  еңбек  түрлері  арнайы  дене  қуаты  дайындығын  керек 

етеді. Ол дайындықтар арнайы амалдар және дене дайындығы әдістерімен 

іске асырылады. 

3. 


Қандай сақтанғанымызбен ХХІ ғасырдың өзінде көптеген кәсіптік 

аурулар бар. Дене тәрбиесі амалдары олардың алдын алады, сауықтырады. 

27 



жүктеу 364,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау