Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне
29
Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың әрі қарай оқу
курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады.
Білім алу кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери
міндетін ӛтеуге шақырылған білім алушылар тиісті оқу курсына қайта қабылданады.
Бұл ретте тиісті факультет/ЖМ деканаттары ағымдағы оқу жылы ішінде тапсыруға
қажетті пререквизиттер тізбесін анықтайды.
Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу білім беру бағдарламаларын, меңгерілген
пәндер тізбесінің мазмұнын, олардың кӛлемін, алынған білімді, білікті, дағдылар мен
құзыреттерді, сондай-ақ оқыту нәтижелерін салыстыру негізінде жүргізіледі.
Оқу пәндері бойынша меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру кезінде қорытынды
бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.
20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген Оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес сынақ ең тӛменгі D (1,0; 50-
54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда тӛрт балдық жүйе
бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың
әріптік жүйесіне теңестіріледі.
Білім беру гранты бойынша білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру
мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- білім беру гранты бойынша оқып жүрген студент басқа ЖОО-ға білім беру
грантын сақтай отырып, ауыса алады.
- жеке ЖОО үшін бекітілген білім беру гранты бойынша мақсатты орындарға,
сонымен қатар бӛлінген квота шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түскен
студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ауыса алады.
- білім беру гранты бойынша оқып жүрген студент бір ЖОО-дан басқа ЖОО-ға
тӛмен курсқа, сонымен қатар басқа мамандыққа ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге
асырылады.
Білім беру гранты бойынша білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру
рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО
басшысының атына ауысу туралы еркін нысанда ӛтініш береді және ауысуға мӛрмен
бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына ӛтініш
білдіреді;
2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы ӛтінішке оқу-ісі
жӛніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мӛрмен бекітілген транскрипттің, білім
беру гранты иегері куәлігінің, оқыған ЖОО басшысының атына жазылған ӛтініштің
(басшының қолы қойылып, мӛр басылған) кӛшірмелері қоса берілуге тиіс;
3) факультет/жоғары мектеп деканы ТБ бірге ұсынылған құжаттардың негізінде оқу
жоспарларындағы
пәндер
айырмашылықтарын
айқындайды
және
меңгерілген
пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес
меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бӛлімімен келісім бойынша білім
алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;
4) факультет/жоғары мектеп деканы офис-тіркеуші, академиялық мәселелерге
жетекшілік жасайтын бӛлімше басшысы, оқу-ісіжӛніндегі проректор, ЖОО басшысы
қойған бұрыштамаларға сәйкес білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу
туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау
туралы бұйрықтың кӛшірмесі қоса беріледі.
Білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ның басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейін
"(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды" деген мазмұндағы оқудан
шығару туралы бұйрық шығарады және бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні
30
ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекен-жайына
жолдайды.
Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипттің кӛшірмесі, сынақ кітапшасы, студенттік
билет және жіберілетін құжаттардың тізімдемесін алады.
Білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне білім беру гранты негізінде ауыстыру
кезінде қабылдаушы ЖОО-ның басшысы білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың
кӛшірмесін оның атына жазылған білім беру гранты куәлігінің кӛшірмесімен бірге білім
беру саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ЖОО-
ның қаржыландыру кӛлемін түзету үшінұсынады.
Оқу кезеңінде пайда болған ауру нәтижесінде берілген мамандықта оқуға тыйым
салынғаны туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім беру
гранты бойынша білім алушы бір мамандықтан екіншісіне білім беру тапсырысы бойынша
бос орынға ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: