Білім беру қызметтерінің мӛлшері және М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерімен
тӛлеу тәртібі Білім беру қызметтерін кӛрсетудің үлгілік шартының 3 және 4 тармақтарымен
(ҚР Білім және ғылым министрінің 28.04.2016 ж. № 93«Білім беру қызметтерін көрсетудің
үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын
бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған)
12.3Оқу ақысы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес білім беру
ұйымының басшысының бұйрығымен және еңбекке тӛлем жасау шығыстары мен инфляция
26
индексі ұлғайған жағдайда, білім беру қызметтеріне шығыстарды және жағдайды елеулі
түрде ӛзгертетін нормативтік актілердің жариялануы жағдайында жылына бір реттен артық
емесӛзгертілуі мүмкін.
12.4 Студентпен оқу ақысы шарт жасасқан күніне бүкіл оқу кезеңі үшін бірдентӛленген
жағдайда, шарттың сомасы оқу аяқталғанша тұрақты болып табылады.
12.5 Оқу үшін шығыстарын кезеңмен тӛлеу кезінде тӛлем мӛлшері тараптардың
келісіміменеңбекке тӛлем жасау шығыстары мен инфляция индексі ұлғайған
жағдайдажылына бір реттен артық емесӛзгертілуі мүмкін, бұл туралы осы шартқа қосымша
келісім жасалады. Оқу ақысының ӛсуі оқуға кеткен шығыстарының жалпы кӛлеміне қатысты
еңбекке тӛлем жасау шығыстары мен инфляция индексіне шығыстарының ӛсуінен аспауы
тиіс.
12.6 Қабылдау емтиханынан сәтті ӛткен білім алушы ағымдағы жылғы 28 тамызға дейін 1-ші
оқу жылы үшін тӛлемнің 50% тӛлейді – күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша студенттер
үшін, содан кейін оны студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарылады. Оқу
ақысының қалған 50% білім алушы келесі жылдың 20 ақпанына дейін тӛлейді. Келесі
жылдарда білім алушы оқу ақысының 50% ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін, қалған
50 % келесі жылдың 20 ақпанына дейін тӛлеуге міндетті.
12.7 Осы Шартты білім алушының бастамасымен (ӛз еркімен) бұзған жағдайда білім беру
ұйымы бұйрық шыққан күніне оқудың ағымдағы кезеңі үшін шығыстардың шегеруін ескере
отырып, келешектегі оқу кезеңі үшін артық тӛленген ақшаны қайтаруға міндетті.
12.8 Тӛлем жоғары оқу орынның есеп шотына тиісті соманы аудару арқылы жүзеге
асырылады.
12.9 Шартты кез келген тараптың бастамасымен бұзған жағдайда, қызмет үшін тӛлемді
есептеу оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап тоқтатылады.
12.10Білім алушының академиялық демалыстан шығуы немесе оқуға қайта қабылдануы
жағдайында оқу ақысы академиялық демалыстан шығу немесе қайта қабылдану туралы
бұйрықтың шығу уақытында қолданыстағы тәртіп пен мӛлшерде жүргізіледі.
12.11 Ӛз еркімен оқуды тоқтатқан кезде, яғни білім алушының осы шартты орындауды бір
жағынан бас тарту жағдайында оқудан шығару туралы бұйрықтың жариялануы кезінен
бастап осы шарт бұзылған деп есептеледі. Кӛрсетілген мерзімге дейін оқу ақысы бойынша
шарттың міндеттемелері сақталынады.
12.12Оқу ақысын тӛлемеген жағдайда білім алушы ректордың бұйрығымен жоқары оқу
орнынан шығарылады. Білім алушымен қарызды ӛтеу оған оқудан шығарылған күннен
бастап тӛрт апта ішінде қайта қабылдануға құқық береді.
12.13 Білім алушыны оқу ақысын тӛлемеген себеппен оқудан шығарылған жағдайда оған
академиялық анықтама және ӛзге құжаттар берешегі ӛтелмейінше берілмейді. Оқуды
аяқтаған кезінде оқу ақысы бойынша берешегі болған жағдайда, бітіргені туралы құжат
берілмейді.
12.14 Академиялық үлгерімі тӛмен болған білім алушы тӛлем ақысын енгізе отырып,
оқудың екінші жылына қалдырылады немесе ӛз еркімен оқудан шығарылуға құқығы бар.
12.15 Оқу ақысын тӛлемеген жағдайда білім алушы тиісті сессияға жіберілмейді және
қайта оқу курсына қалдырылады. Оқығаны үшін жинақталған қарызы болған жағдайда қайта
курсына шықпаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгілінген тәртіппен
талап етіледі.