13 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ КУРСТАН КУРСҚА КӚШІРУ, ШЫҒАРУ, ҚАЙТА
ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ. АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫСТЫ БЕРУ
Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір нысаннан
екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне білім беру грантын ауыстыру арқылы жүзеге
асырылады.
Білім алушылардың оқытудың күндізгі оқу нысаны бойынша ауыстыру және қайта
қабылдау туралы ӛтініштерін білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс
кезеңінде бес күн ішінде қарайды.
Білім алушылардың оқытудың сырттай және қашықтық нысандарынан ауыстыру және
қайта қабылдау туралы ӛтініштерін білім беру ұйымының басшысы бір ай кӛлемінде,бірақ
бес күннен кешіктірмей,кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін қарайды. .
Бірінші курс білім алушылардың ауыстыру тәртібі байланысты мамандықпен
анықталады..
Білім алушыларды оқуға қайта қабылдау және ауыстыру кезінде олардың оқудың
алдыңғы академиялық кезеңінде оқыған оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің
айырмашылығы анықталады.
Оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі айырмашылықты оқуын аяқтамаған
азаматтарға берілген анықтамасында (бұдан әрі - Анықтама) кӛрсетілген оқыған пәндерінің
тізбесі, олардың бағдарламалары мен кӛлемі негізінде анықтайды
Оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім
алушы осы пәндерге жазылып, академиялық кезеңінде барлық оқу сабақтарына қатысып,
ағымдағы бақылауды тапсырып, қорытынды бақылауға жіберіледі
Академиялық айырмашылығы бар пәндер ағымдағы академиялық кезеңінде оқу сабақ
кестесінде қосылмаған жағдайда, білім алушы жазғы семестрге жазылады.Академиялық
қарыз деп студент оқу жұмыс жоспарындағы академиялық айырмашылығы бар пәндерді
жазғы семестрге жоймау нәтижесінде жиналған қарыздар болып табылады.
Ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық
бакалавриат үшін міндетті компоненттің жеті оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге
асырылады. Бұл ретте міндетті компонент пен таңдау бойынша компоненттің пәндерінің
кредиттер саны 23 кредиттен аспауы тиіс.
Дәл сол мамандыққа және таңдау бойынша компоненттің пән курсына ауыстыру және
қайта қабылдау кредиттер кӛлеміне сәйкес қайта сынақтан ӛткізуге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |