Анеуплоидия
(немесе
гетероплоиаия)
дегеніміз гаплоидты саны
еселенбеген, хромосомалар санының өзгеруінен түратын геномдық мутация.
Бүл қүбылысты дрозофиланың жыныспен тіркескен белгілерінін, түұқым қуалауын
зерттеуде К- Бриджес алғаш рет таза ге-нетикалы.қ әдіспен анықтады. Дрозофиланың
ұрғашысында жы-ныс хромосомаларының тарамауы жағдайында белгілердің тұқым
қуалау мысалдары 8-тарауда келтірілген.
Жекелеген хромосомаларының саны өзгерген клеткалардың пайда болуын клетка
бөлінуде хромосомалардың кейбір жұптарыньң тарауы бүзылатындығымен
түсіндіруге болады. Мүндай бұзылушылықтар соматикалық және жыныс
клеткаларында кез-десуі мүмкін. Жоғарыда сез болған, кейбір полиплоидтар мен
алшақ будандар секілді гомологты хромосомаларынын коньюгациясы бүзылған
формаларда тұрақты анеуплоидты гаметалар пайда болады.
Егер қосымша хромосомасы (я+1) бар гамета қалыпты, гаплоидты
(п)
гаметамен
үйлессе, зиготада бір хромосома артық болып шығады: ондағы хромосомалар саны
2я+1-ге тең бола-ды. БІр хромосомасынан айрылған гамета қалыпты, яғни гапло-
идты гаметамен үйлессе, диплоид саны толық емес, бір хромосома жетіспейтін (2
п
—
1) зигота пайда болады. . Хромосомаларының жиынтығы 2«+1 болатын организмді
трисомик
деп,
2п
—1 болатын организмді—
моносомик
деп, ал
2п
—2 болатын
организмді—
нулисомик
деп атайды. Кейбір си-рек жағдайларда хромосоманың белгілі
бір жұбының қосымша бір хромосомасы емес, екі хромосомасы (2/г + 2) —
тетрасомигі,
үш хромосомасы (2/г+З)—
пентасомигі
болуы мүмкін және т. с. с.
Мүндай санның кемуі немесе артуы хромосомалардың кез келген жүбынан
байқалуы мүмкін, сондықтан гомологты емес хромосомалардың бірнеше жүбында
бір мезгілдік анеуплоидия болуы мүмкін.
Анеуплоидия белгілердің тұқым қуалау сипатының өзгеруіне ғана әкеп соқпайды,
сондай-ақ ол фенотипте де белгілі бір өзгеріс туғызады. Мәселен, адамда
жиынтықтың барлық хромосомалары бойыиша трисомия сипатталған. Трисомия
кейде толық болады, яғни бір нөмірдің үш хромосомасы қайталанады, ал кейде—
ішінара болады, мұнда екі хромосома толық, ал үшінші хромосома ішінара
қайталанады. Трисомияның мүндай жағ-дайы әсіресе геномның ірі хромосомаларында
жиі кездеседі. Бүл жекелеген хромосомалардың генетикалық қүндылығы әркелкілігін
білдіреді. Ішінара трисомия негізінен алғанда инверсияның немесе геномдағы
дупликацияның болуы есебінен түзіледі. Әр-бір хромосоманың трисомиясы
фенотиптік түрғыдан алғанда симптомдардың белгілі бір жиынтығы болуымен
сипатталады, бірақ бұл әрқашан да көптеген кемістіктердің жиынтығын қам-титын
психомоторлы дамудың бүзылуы болады.
Бидай, жүгері, темекі, мақта, тышқан, мысық, ірі кара мал және т. б. анеуплоидтары
сипатталған. Олардың тіршілікке қабілеттілігі әдетте нашар, тіршілік үзақтығы қысқа,
диплоидтарға қарағанда өсімталдығы шамалы және диплоидтардан морфо-логиялық
белгілері жөнінен көптеген айырмашылықтары болады. Жануарларға қарағанда
өсімдіктер анеуплоидиясы олардың тіршілік қабілеттілігіне айтарлықтай әсер
етпейтіні белгілі.
Анеуплоидтарда қалыпты гаплоидты, сонымен қатар анеуплоидты гаметалар
түзіледі. Бүл жағдайда өсімдіктердің ұрықтануына хромосомаларының жиынтығы
қалыпты, гаплоидты тозаңдар ғана қатысады, ал үрық қалталары хромосомалар са-
нына тәуелсіз қызмет атқарады, сондықтан анеуплоидтар рпағындағы ажырау
сипатынан өзгеше болады. Мысалы, беде өсімдігі хромосомасы женінен гүлдің
қызыл(71) немесе ақ
(а)
гені бар трисомик болса,
ААа
генотипі кезінде өздігінен
тозаң-данатын жағдайда ыдырау 17:1 болады. Мүны қызмет атқаратын екі сортты
тозаң —
А
және
а
түзілетіндігімен түсіндіруге болады, бірақ мұнда
а
гені бар тозаң
дәндеріне қарағанда
А
гені бар тозаң дәндері 2 есе көп болады. Мынадай
пропорциямен:1
АА : \а:2А : ІАа
төрт сортты
(А, а, АА, Аа)
жұмыртқа клеткалары
пайда болады. Пеннет торы бойынша 17:1 қатынасын оңай алуға болады.
Қазіргі кезде генотиптегі әрбір хромосоманың ролін анықтауға байланысты
өсімдіктер анеуплоидиясын зерттеудің зор маңызы бар. Болашақта бұл белгілі бір
генотиптерді экспери-менттік жолмен синтездеуге жәрдемдеседі. Генотип эволюция-
сында анеуплоидия зор роль атқарады және оның мәдени өсім-діктердің шығуын
зерттеуде зор маңызы бар. Алайда бұл мәселелер алдағы уақытта мұқият қарастыруды
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |