М. Е. Лобашев к. В. Ватти


Селекцияда  автополип-лоидияны  пайдалану



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет255/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   275
Lobashev

Селекцияда  автополип-лоидияны  пайдалану. 
Соңғы  жылдарда 
теориялық  зерттеулердің  табыстары  кептеген  перспективалы  полиплоид 
формаларын  алуға  мүмкіндік  жасады.  Колхицинды  пайдалану 
полиплоид-тарды 
алуды 
жеңілдетті. 
Диплоидтан 
тетраплоидқа 
хромосомалардың санын екі есе үлғайту көбінесе клеткалардың көлемімен 
бөліну қарқынының өзғеруімен бірге жүреді, бүл есімдіктің көлемінің және 
оның  органдарының,  түқымның  мөлшері  мен  массасының,  олардың 
химиялық  қүрамының  және  т.  б,  өзгеруіне  әкеп  соғады.  Мәселен,  В.  С. 
Федоров      селекциялаған  тетра  плоидты  қара  бидайдың  Ленинград 
Тетрасы  сортының  1000  дәнінің  массасы  55—56  г,  ал  осы.  сорттың  -
диплоиды — 29 г болды. 


Полиплоидтандыру  кейбір  жағдайларда  бағалы  химиялық  заттардың 
көп  болуын  (мәселен,  фармацевтика  өнеркәсібі  үшін  маңызды  көкнәр 
апиынындағы,  кейбір  органикалық  қосылыстар,  жүгерідегі 
Л 
витамині) 
қамтамасыз  етеді  немесе,  керісінше,  кей-бір  адам  үшін  қажетсіз  қандай  да 
болмасын  қосылыстардың  синтезделуін  азайтады  (мысалы,  полиплоидты 
қант  қызылша-сындағы  азот  қосылыстары).  Полиплоидтар  бүлардан  басқа 
да  бағалы  белгілерге  ие  болады,  мысалы,  ауруларға  қарсы  төзімді-ліктің 
жоғарылауы т. б. 
Сонымен  бірге  қолдан  алынатын  автополиплоидтардың  фертилділігі 
темен болады. Полиплоидта бастапқы формаға  қарағанда әрбір түқым ірі, 
бірақ  өсімдІктегі  түқым  саны,  әдет-те,  аз  болады.  Мүның  себебі  негізінен 
мейоздың  бұзылуына  байланысты  (13-тарауды  қараңыз).  Алайда  бүл 
кедергілерді жеңуге болады. Полиплоид дайын сорт емес, ол одан әрі мұқи-
ят селекцияны қажет етеді. 
Казіргі  уақытта  шаруашылыққа  қажетті  бағалы  полиплоидтар  бірқатар 
ауыл шаруашылық дақылдарынан: қант қызыл-шасы, тары, көкнәр, зығыр, 
шалқан,  жүгері,  сәндік  өсімдіктер  т.  б.  алынды.  Ауыл  шаруашылық 
өндірісінде  триплоидты  формаларды  пайдалану  үлкен  тиімділік  берді. 
Триплоидты өсімдік-тер, әдетте, стерильді болады. Бірақ олар, әдетте, күшті 
дамуы  арқылы  ерекшеленеді  және  сондықтан  вегетативтік  массасы 
жоғары  өнімді  болады.  Атап  айтқанда,  мысалы  тамыр  жемістерінің өте ірі 
болуы  арқасында  триплоидты  қант  қызылшасы  ауданның  бір  өлшеміне 
шаққанда диплоидқа қарағанда 10— 20% артық қант өнімін береді, бірқатар 
елдерде  ол  егіс  келе-мінің  60—100%-тін  алады.  Триплоидты  өсімдіктерді 
қызылша-ның  диплоидты  және  тетраплоидты  формаларын  шағылыстыру 
жолымен 
алады. 
СССР-де 
түқымсыз 
триплоидты 
қиярлардың 
перспективалы жоғары енімді формалары алынды. 
Кейбір  автополиплоидты  формаларда  қажетті  ерекшеліктер-мен  қатар 
қажетсіз  ерекшеліктер  де  болатынын  ескеру  керек.  Мысалы,  кейде 
клеткалардағы судың мөлшері көп болатыны байқалады, б9л қуаңшылыққа 


және  аязға  төзімділіктің  азаюы-на  соқтырады.  Сондықтан  полиплоидты 
формаларды жасау қатаң сүрыптаумен бірге жүруі тиіс. 
Аллополиплоидтарды  селекцияда  пайдалану.  Аллополипло-идтарды 
селекцияда  пайдалану  полиплоидты  формалардың  артықшылығымен 
комбинативті  өзгергіштікті  үйлестіруге  мүм-кіндік  береді.  Мәселен,  В.  Е. 
Писарев бидай (2я = 42) мен қара бидайды (2/г=14) шағылыстыру жолымен 
амфидиплоид 
(2п  = 
=  56)  жасады,  оған  Triticale  (бидай—Triticurn,  қара 
бидай  Seca-.  le)  деген  ат  берді.  Triticale  есімдігі  қара  бидай  сияқты  қара 
топырақты  емес,  алқап  жағдайында  жақсы  жетіледі,  белок  қорын  көп 
жинайды, бидай сияқты, тат ауруы мен ақ ұнтақ ауруына төзімді келеді. 

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау