Егер кез келген дене клеткасыБЫҢ кариотипіне зейін салып қараса, әр хромосома
жұп, морфологиясы, құрылымы және шамасы бір-бірінен айнымайтынын
байқауға болады.
Хромосоманың мұндай жуптығы мынадан шығады: ұрықтану процесіндегі
зигота түзілу кезінде оған хромосомалардың жартысы сперматозоидтан. ал
жартысы жұмыртқа
клеткадан келіп қосылады. Өсіпжетілген жұмыртқа клеткаларындағы
хромосомалар санын
гаплоидты
деп атайды және оны
п
әрпімен бел-гілейді. Көп
клеткалы организмніңдене клеткасындағы хромосомалар саны жыныс
клеткасыныкінен екі есе көп болады, оны
диплоидты
деп атайды және
2 п
әрпімен белгілейді. Морфологиясьг, құрылымы жоне үлкендігі бірдей, бірақ шыққан
тегі әр түрлі (біреуі шешесінікі, екіншісі әкесінікі) жүп хромосомаларды
гомологиялық
деп атайды.,
17-суретте кәдінің (Сгеріз соріііагіз) хромосомасының диплоидты жиынтығы
берілген, онда гомологиялық жұптар көрсетілген.
Кейбір жануарлар мен өсімдіктер хромосомаларының диплоидты санының
мысалдары «Генетика жөнінен практикалық сабақтарына басшылықтың» II
қосымшасында
берілген
1
.
Кариотиптегі хромосомалар саны жануарлар мен өсімдіктер-дің қүрылыс
деңгейіне байланысты болмайды: жоғары дәрежедегі организмдерге қарағанда ең
қарапайым организмдерде хромосома саидары көп болуы мүмкін, не керісінше де
болады. Же« ке жағдайларда хромосома саны мен морфологиясы жеке организм
түрлерінің филогенетикалық туыстығының белгісі де бола алады. Кариосистематика
осы принципте жасалады.
Біз әр организм түрінің клеткасында
хромосома саны мен формасының
тұрақтылық заңы
бар екендігін айтқанмен, мүндай тұрақтылық салыстырмалы
екендігін ескеру керек.
Тіпті бір организмнің әр түрлі тканьдеріндегі хромосомалар саны, атқаратын
функциясына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, жануарлар бауырының
клеткаларында хромосомалар саны екі жиынтықтан көп (яғни
4п, 8п)
болып та
кездеседі.
Кейбір өсімдік түрлерінде хромосомалардың саны гаплоидты санға еселенген к
өп болып келуі де мүмкін. Мысалы, қара бидайда (Зесаіе сегеаіе) хромосома саны
2п—14
немесе 28
(4п)
1
Здесь и далее имеется в виду «Руководство к практическим
занятиям по генетике» К. В. Ватти и М. М. Тихомировой (М., Просвещение, 1979),
олуы мүмкін. Мұндай кезде екі форманың да қара бидай түрі-не тән барлық
белгілері сақталады.Сонымен, митоз нәтижесінде бір клеткадан екі жас клетка
түзіледі.
Жоғарыда айтылғандай, клеткакың негізгі бөлігі — хромосомалар — митоз кезінде
репродукцияланады, бүл кезде пайда болған екі сіңлілі хроматидтер бірінен-бірі
айнымайтын үқсас болады. Ал ахроматин ұршығы осы екі хроматидті теңдей етіп екі
жас клеткаға бөліп жібереді, сөйтіп, пайда болған жас клеткадағы хромосома саны
бастапқы клетканың хромосомалары санындай болады.
Казіргі кезге дейін ең жаксы зерттелген органоидтар — плас-тидтер мен
митохондриялар. Олар ДНК, РНК, ферменттерден тұрады. Олардың ДНК-сы қос
тізбекті, сақиналанып түйіскен, молекулалық массасы үлкен болады. Органоидтар
ДНК-сының нуклеотидтік құрамы ядроныкінен езгеше. Репликация ядро ДНК-сымен
әр түрлі мезгілде жартылай консервативтік әдіспен іске асады. Жоғарыда
айтылғандай, пластидтер мен митохон-дриялардың қүрылысы ете күрделі болады,
олардың биогенез процесі, яғни қалыптасуы әлі жеткілікті зерттелмеген.
Репродукция процесі де нашар зерттелген.
Органоидтардың жаңадан түзілетін клеткалар арасында бөлінуі кездейсоқ, бірақ
олар азды-көпті бірдей бөлінеді. Органоидтардың теңдей болып бөліну механизмінің
жоқтығы, сірә, олардың санының кептігіне және бірінің орнын екіншісі баса
алатындығына байланысты болса керек.
Сонымен, жыныссыз көбеюдің цитологиялық негізі митоз болып табылады, соның
нәтижесінде бір клеткадан үқсас екі клетка түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: