«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет27/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

55 


ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық 

құндылықтарды  өзара  ұштастыра  алатын  толық  кемелді,  ұлтжанды  тұлғаны  тәрбиелеу 

ұлттық  идеяның  негізгі  бағыты  болып  табылады.  Ұлттық  идея  –  қазақ  халқы  тудырған 

моральдық  нормаларда  және  ұлттық  құндылықтарда  бекітілген  патриоттық  тәжірибені 

меңгеру,  ұлттық  этномәдени  дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптарды  тану,  тарихты  құрметтеу 

арқылы іске асырылады [2]. 

«Мәдениет  –  халықтың  ең  үлкен  рухани  азығы»  дегендей  халқымыздың  өнерпаз 

дәстүрі  бүгінде  жаңаша  сипаттар  тауып,  өркендеп  отырғаны  мәлім.  Ата-бабамыздың 

қалдырған  бай  мәдени  мұрасының  тарихын  байыпты  зерттемей,  жаңа  өмірдің  талабына 

лайық  жауап  беретін  туынды  жасау  мүмкін  емес.  Жаңа  туындының  тамыры  көне  дүние 

тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбіп өскен жапырақты бұтақтары да жаңа 

заманның  рухынан нәр алып, сол ортаның  идеологиялық және рухани жағдайына лайықты 

мазмұн мен мағына беруі тиіс. 

 Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері ғасырлар бойы еліміздің тарихымен бірге 

дамып  келе  жатқан  асыл  мұра.  Қазіргі  қоғамымызда  рухани  бай,  терең  білімді  сәндік-

қолданбалы  өнер  туындыларын,  әсірісе,  көнеден  келе  жатқан  асыл  қазыналарды  бағалап, 

зерттей  білетін,  оны  ары  қарай  жалғастыра  отырып,  әлем  мәдениеті  деңгейіне  көтеретін, 

халық  мұрасын  дамытатын,  танымдық  белсенділігі  жоғары  балаларды  тәрбиелеп  шығару  –

мектептің міндеті. 

Жас  ұрпақтың  оқуға,  өнерді  тани  білуге  деген  ынта-ықыласының,  құштарлығының 

ерекше  көрінісі  танымдық  белсенділік  деп  аталады.  Баланың  өнерді  үйренуіне  негізгі 

түрткінің  бірі  –  қызығу.Ұлттық  қолөнерінің  жемісті  болуы,  ең  алдымен,  баланың  өнерге 

қызығушылығынан  туындайды. Егер оқушы  өзі  өнерге талпынбаса, оны мәжбүрлеп үйрету 

мүмкін  емес.  Қызығуды  туғызу  үшін  оқушыларға  берілетін  білімнің  мақсаты  мен  қажетін 

түсіндіріп,  оларға  нақты  өнердің  сатыларын  үйрету  керек.Үйренуге,  оқуға,  білуге  деген 

қызығушылық  –  танымдық  белсенділіктің  қозғаушысы.  Әрбір  ұрпақты  жеке  тұлға  етіп 

тәрбиелеу үшін білім мен білігіне сай келетін оқыту бағдарламасын таңдай отырып, олардың 

жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту керек . 

Мұғалімнің  негізігі  мақсаты  –  оқушыларға  өз  бетінше  танымдылық  әрекет  әдістері 

мен  дағдыларын  меңгерту,  ақыл-ой  қабілетін  жетілдіру.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  

мұғалім төмендегі міндеттерді шешу қажет: 

-өнердің арнайы ерекшеліктерін ескеру; 

-жас  ұрпақтың  ұлттық  қолданбалы  өнерге  деген  эстетикалық  қызығушылығын 

дамыту; 


-имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу бағыттарын жүзеге асыру; 

-оқыту барысында жүйелік пен бірізділікті ұстану; 

-оқушының жас ерекшеліктерін ескеру; 

-политехникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру. 

 Оқу  тәрбие  жұмысындағы  нәтижеліктің  басты  белгілері  мұғалімнің  жеке  басының 

білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып, қызықтыра білуінде. 

Қазіргі  танда  ұлттық  ерекшеліктермен  жасалған  бұйымдарға  сұраныстың  артуы 

оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қолөнер бұйымдарын дайындай білу іскерлігіне баулу 

қажеттігін  тудырады.  Бұл  мәселені  шешудегі  негізгі  себеп  оқушы  жастарды  жаңа 

экономикалық  жағдайда  еңбек  етуге  өз  бағыт-бағдарын  анықтауға  мүмкіндектерін  іске 

асыруға даярлау.  

Әр  елдің  тарихының  көркемдік  бейнесі  сол  ұлттың  қолөнері    деп  айтуға  болады. 

Халқымыздың  қолөнеріне  оқушыларды  баулып,  оларды  белгілі  бір  өнерге  үйрету  керек. 

Негізгі мақсат оқушыларды өнерге үйрету ғана емес, одан өнер туындыларын жасауға баулу. 

Қазіргі  кезде  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  кейбір  заттарды  техниканың 

көмегінсіз  қолмен  жасауға  болады.  Қолмен  жасау  ерекше  жабдықты,  арнаулы  орынды, 

белгілі  мезгілді  керек  етпейтін  қарапайым,  әрі  тиімді  еңбек  түрі.    Мысалы:  кілем,  шілтер, 

кесте, бисермен тоқу, т.б. Аталмыш жұмыстар сәндік - қолданбалы өнердің ең көне және кең 




«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

56 


таралған  түрі  болып  табылады.  Сондықтан  мектепте  сәндік-қолданбалы  өнер  үйірмесінің, 

студиялардың құрылып, әрекет етуі маңызды саналады. Себебі, ол ұлттық  өнер түрлерін кең 

көлемде  үйретеді.  Сабақтан  тыс  уақытта  оқушыларға  өнер  студияларында  сәндік-

қолданбалы өнер туралы білім беріледі, оқушылар әртүрлі өнер түрлерімен танысады. Атап 

айтқанда: 

-шілтер, жастықты тоқу, кілеммен тоқу, қуыршақ тоқу.  

-шәлі, мойынорауыш, шұлық, қолғап, т.б.  бұйымдарды сыммен тоқу. 

-мата бояу-батик. 

- табиғи материалдармен жұмыс, қайыс, былғарымен әртүрлі панно жасау және т.б. 

Студиялық  сабақ  мақсаты  –  оқушылардың    өнерге  қызығушылығын  арттыру,  әр 

бұйымға  қойылған  эстетикалық  талғамын  жоғарылату,  ол  бұйымдарды  қазіргі  тұрмыста 

пайдалана білуге тәрбиелеу. 

Шығармашылық жұмыс жасарда, оқушы алдына мақсат қойып жоспар жасайды. Жұмыс 

әдісінің  ерекшелігін,  алуан  түрлілігін,  оқушылар  қызығушылық  таныта  отырып  меңгергенін 

көпшілікке дәріптеу мақсатында теледидардан көріп, шығармашылық жұмыстарын көрмелерге, 

жәрмеңкелерге  дайындау,  сабақтың  тартымдылығын  арттырып,  оның  қызықты  да  нәтижелі 

өтуіне  ықпал  етеді.  Мысалы,  гүл  вазаларының  астына  қоятын  шілтер,  ыстық  тағам  ұстайтын 

тұтқыш, шәйнек астына қоятын дөңгелек, сыйлықтық қоржын т.б. 

Оқушыларды ұлттық өнерге баулуда мектептегі технология пәнінің маңызы зор. Бұл 

пән  басқа  пәндерге  ұқсамайтын,  өзіндік  атқаратын  қызметі  мен  тәлім  тәрбиелік  мүмкіндігі 

зор  пән.  Технология  пәнінің  базалық  мазмұны  оқушылардың  болашақ  кәсіптерін  анықтау 

қабілеттерін  дамытады,  өзіндік  танып  білулеріне  технология  әлемін  зерделеуіне,  әр  түрлі 

кәсіби салалар бойынша қабілеттіліктерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды. 

Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды 

талап  етеді.  Осы  тұрғыдан  сәндік  қолданбалы  өнерді  жан-жақты  игеру,  оны  түсіну  жаңа 

педагогикалық  технология  бойынша  оқушылардың  білім  мен  сапасын  арттыруға,  ой-

сапасының дамуына мүмкіндік жасайды. 

Бүгінгі  егемен еліміздің іргетасын нығайтып, келер ғасырға жалғастыратын, көкірегі 

ояу,  саналы,  арманшыл  жастар  екені  даусыз.  Тарихтың  асыл  қазынасын  оқып  үйренуде, 

халықтың мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуде дана халқымыздың қолөнер 

үйренуде шығармашылық қабілеттерін дамытуды қажет етеді.   

Казіргі  заман  интерьері  қолөнер  шығармашылығы  саласынан  білімділікті, 

бейімділікті,  кәсіпкерлік  шеберлікті,  үлкен  бір  шығармашылықты,  өзіндік  стильді  талап 

етеді. Заман талабына сай мектепте  көнеден келе жатқан сәндік-қолданбалы өнеріне үйрету 

бүгінгі  таңда  үлкен  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Қазір  өнердің  шарықтап  етек  жайған 

уақытында  оқушыларға  кесте  тоқу,  кілем,  гобелен,  бисермен  тоқу  және  әртүрлі  өнер 

түрлерін  үйретуді  мектеп  бағдарламаларына  көбірек  енгізіп,  оқушының  шығармашылық 

қабілеттерін  жандандырса,  болашақ  ұрпақтың  ұлттық  мәдениетін  көтеру  арқылы  ұлттық 

деңгейімізді көтерер едік.  

Альбрехт  Дюрердің «Перед тобой различные искусства, выбери из них одно, которое 

должно  пойти  тебе  на  пользу,  изучи  его,  не  унывай  и  не  теряй  терпение  из-за  трудностей, 

пока  ты  не  достигнешь  того,  что  оно  станет  доставлять  тебе  радость»,  -  деп  айтқанындай, 

ұлттық өнерімізді жалғастырып, ұлттық мәдениетімізді көтеруге өз үлесімізді қосуда барлық 

қиындықты  жеңу  қажет  [3].  Жеткіншектердің  әдебиеттен,  архитектурадан,  математикадан, 

театрдан,  музыкадан,  бейнелеу,  мүсіндеу,  кесте  тігу  мен  ою-өрнек    қиып  үйрену  өнерінен 

хабардар болуы, келешекте қандай мамандықта жұмыс істесе де, оқушылардың рухани өрісі 

жоғары, кемел азамат болып шығуына жол ашатыны анық. 

Өнердің басқа да түрлері  секілді дизайннің де,  оқушылардың ой-өрісі мен білімдерін 

жан-жақты  дамытуға  әсері  мол.  Болашақ  зергер,  мүсінші  және  суретшілер  де  әліппесін 

мектепте-ақ бастайды. Сондықтан, мектеп - өте күрделі зертхана. Оның қабырғасынан алған 

білім мен тәрбие әрбір оқушының қолындағы өмір үшін қажетті кілті іспетті. 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау