Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар



жүктеу 2,82 Mb.
бет4/6
Дата06.02.2020
өлшемі2,82 Mb.
#28455
1   2   3   4   5   6

Н.З. Ошанов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

аға оқытушысы

e-mail: аyaulym. 98@mail. ru.


МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ КӨНЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХШЫ, ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ЖӘНЕ

ІРІ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ
Дулатидің толық аты Мырза Мұхаммед Хайдар бон Мұхаммед Құсайын Дуғлат Көреген. Дулати 1499 жылы Ташкентте туған. Қазақ халқының көрнекті ұлы қазақтың ежелгі Дулат тайпасының өкілі болып табылады. Өз заманының тамаша тарихшысы және саяси қайраткері болды. Жоғары білім мен Евразия халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы ұланғайыр білімінің куәсі оның атақты және керемет еңбегі «Тарихи-и Рашиди» болып табылады.

Бұл еңбегінде ол ұрпақтары үшін – XIV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан мен Қашқар тарихын сипаттайтын баға жетпес мәліметтер қалдырды. Осы еңбегін XVI-XX ғасырдағы авторлар түрік және оған көрші халықтар орналасқан кең аймақтың тарихының алғашқы деректері ретінде кеңінен пайдаланды. Ол өзектілігін біздің заманымызда да жоғалтқан жоқ. Дулатидың осы басты еңбегі көптеген тілдерге аударылды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы көрнекті қайраткерлердің арасынан құрметті орын алды. 1999 жылы ЮНЕСКО эгидосымен оның 500 жылдығына арналған арнайы конференция өткізілді.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің ата-бабасы Моғолстан мемлекетіне енген оңтүстік-шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен Шығыс Түркістанның көрнекті саяси қайраткерлері болған. Олар ұлысбектердің, тархандардың орындарында отырды және өздерінің мұралық иеліктері – Маңғылай-Сүбені басқарды.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің үлкен атасы Мұхаммед Хайдар мырза 1480 ж. дейін Қашқарияны биледі. Оның әкесі Мұхаммед Құсайын XV ғасырдың басы мен XVI ғасырдың аяғында Моғолстанның шығыс бөлігінің билеушісі Сұлтан Махмұд ханның нөкерлерінің бірі болды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы - Хуб Нигар ханым Жүніс ханның қызы болатын, ол өзі - анасы жағынан Саид хан сұлтанның және Үндістанды билеген Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захир ад-Дін Мұхаммед Бабурдың немере ағасы.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің балалық шағы Орта Азиядағы Темір әулетінің, МұхамМед Шайбанидің өзбек көшпенділерінің қысымымен құлдырай бастаған кезіне сәйкес келеді.

Хайдар мырза өзінің негізгі білімін Жаркентте алады, онда үздік медреседе оны үздік педагогтар мен ғалымдар оқытады. Құран және Хадистермен қатар ол географияны, жаратылыстануды, математиканы, тарихты, философияны, логиканы, әдебиетті, тілдерді оқиды. Күн сайын әскери өнер сабақтарын алады.

Оның оқуы мен тәртібін Саид ханның өзі қадағалайды. Тарих пен географияға, әдебиетке, жылнамаларды зерделеуге көп көңіл бөледі. Осының бәрін «Зафар-наме» авторы, библиограф Әмір Темір I Параф ад-Дина Али Иаздидің шығармаларынан сарқып алуға болады екен, сондай-ақ Иакут аль-Хамауи ар-Румидің, Рашид ад-Діннің, Ұлықбектің, Бабурдың және т.б. еңбектерін оқиды.

Саид хан Хайдар мырзаның талантын жоғары бағалайды, оны ұлындай жақсы көреді, оған өзінің кіші қызын әйелдікке беріп, гурхан (ханның күйеу баласы) етеді, осылай достығын туыстық байланыспен нығайтады. Хайдар мырзаның еңбектерінде Саид ханның жасаған барлық жорықтары мен әрекеттері бейнеленген, ол осы оқиғалардың тікелей қатысушысы болған.

1512 ж. Мұхаммед Хайдар Дулати, Қашқарияда Саид хан сұлтанның сарайында болған кезде сарайдағы көрнекті әскери және басқа лауазымдарда болады. Бабурдың айтуынша, Мұхаммед Хайдар Дулатидің энциклопедиялық білімдері болған, Қазақстан, Орта Азия, Моғолстан тарихын жақсы білген.

1541-1546 жж. Кашмирде ол «Тарих-и Рашидиді» жазады, онда ол моғол хандарының сарайларында сақталған ұрпақтан-ұрпаққа таралып келе жатқан дулаттардың өткен өмірі туралы әңгімелерге, моғолдардың аңыздарына, құпия құжаттарға және көргендердің куәлігі мен өзінің бақылауларына сүйенеді.

Автор өткендегі - Жувейни, Жамал Карши, Рашид ад-Дин Али Йазди, Әбдіразақ Самақанди сияқты белгілі ғалымдардың тарихи шығармаларын пайдаланады. Осының бәрі берілген шығарманы мұрағаттық деректерге негізделген тарихи анықтама ретінде сипаттауға мүмкіндік береді [1, 20-б.].

«Тарих-и Рашидида» Қазақ хандығының қалыптасуы, Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақтағы ізінше болған оқиғалар, Моғолстанның шабуылдары, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы күресте қазақтар, қырғыздар мен өзбектер арасындағы достық одағын нығайту туралы көп мәліметтер бар.

Еңбекте Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның XV-XVI ғғ. әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қалалық және егін шаруашылығы мәдениеті, Жетісудың тарихи географиясы, Орта ғасырлық Қазақстан туралы көптеген құнды деректер бар.

«Тарих-и Рашидида» Қазақстанның: Сайрам, Түркістан, Йанги (Тараз), Баласағұн, Шу, Сырдария, Іле, Ертіс, Көкше теңіз (Балқаш), Қаратал және т.б. сияқты қалалары мен өзендерінің атаулары мен кейбір сипаттамалары ғана беріліп қойған жоқ, сондай-ақ осы өлкелерде туған ғалымдар мен белгілі тұлғалардың есімдері де аталады [2, 6-б.].

«Тарих-и Рашидидің» ерекше белгісі – шыншылдық болып табылады.

Автор өзінің алдына - өздері көрген шындықты, ол өзі қатысқан оқиғаларды немесе өткеннен орын алған ақиқатқа жүгінетін тарихи фактілерді бейнелеу мақсатын қойған. Мұхаммед Хайдар Дулати сандаған түркі тілдес этностар өз бетінше: қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ ұлттары болып рәсімделе бастаған кезеңде өмір сүрген. Сондықтан сарай шиеленістері, өзара қақтығыстық қайшылықтар мен соғыстар, билік пен жер үшін күрес, Дешті Қыпшақтармен қарым-қатынас туралы толық түрде әңгімелейді, ол «өзбектер» мен «қазақтар» этносының пайда болуы сияқты тақырыпқа да жүгінеді.

Хайдар мырза Кабулда өмір сүрген кезінде Бабурдың Шайбанидтерге қарсы қауіпті әскери жорықтарына қатысты. Көзімен көрген ұрыс шайқастары мен сынақтар Хайдар мырзаның жақсы шыңдалып, тұлға болып қалыптасуына нағыз сабақ болды. Ұрыс шайқастары кезінде оның ұстаздары мен қамқоршыларының бірі Саид ханның өзі болды. 1514 жылы ол Хайдар мырзамен бірге өзінің маңындағыларды шақырып алып, Қашқарияға жол тартады, Әбу Бәкірді тақтан түсіріп, Қашқар хандығын - жаңа мемлекетті құрады. Хандар ордасы тұрған Қашқарияда, Жаркентте көптеген мешіттер, медресе, сарайлар, керуенсарайлар болды. Мұнда өз шығармаларын шығарып, адамдарды сауаттылыққа үйретуші ғалымдар мен ақындар жан-жақтан келіп жатты. Кашмир Хайдар мырзаға өте ұнады. Сондықтан ол «Тарих-и Рашидида» Кашмирге сегіз тарауын арнайды. Өлке астанасы Сринагар қаласын, оның көп қабатты үйлерін, салтанатты аркаларын, жергілікті шеберлердің өнерін, небір бұйымдардың ғажайып әдемілігін сипаттайды. Мұнда кашмирліктердің исламды қабылдау тарихы өте толық мазмұндалған [3, 2-б.].

Үнді тарихшылары Хайдар мырза билеген кезде Кашмирдің құлпырғандығын айтады. Рухани дүниелер мен мәдениеттің дамуына зор көңіл бөлінді. «Тарих-и Рашидимен» жұмыс жасау барысында автор көптеген деректер, мысалы Ата Мәлік Ала ад-Дін Мұхаммед Джувайнидің «Тарих-и джахангушай» («Әлемді жаулап алу тарихы»), Орта Азия, Ауғанстан мен Жетісу тарихы сипатталған Жамал Карши еңбектерін пайдаланды.

Осындай ойлы, байқағыш тарихшының, соғыста да, басқаруда да тәжірибелі, ұзақ уақыт бойы Бабурдың үйімен тығыз байланысты болған адамның өмірі мен қызметі үнді тарихшыларының белгілі бір қызығушылығын тудырды [5, c. 2].

Оның дипломатиялық қабілеттермен ұштасқан тұлғасының тартымдылығы - оған Хумаюн императорының аласапыран кездерінде өз иелігінің тәуелсіздігін сақтап қалуға ғана емес, Тибеттегі жаңа жеңістер есебінен оны кеңейтуге де мүмкіндік берді. Мемлекеттік-әкімшілік істері мен әскери әрекеттер оған әдеби қызметтерімен параллель айналысуға кедергі болған жоқ: нақ сол кашмир кезеңіне оның «Тарих-и Рашиди» тарихи еңбегімен көп жылдық айналысуы жатады.

Мұхаммед Хайдар Дулатиге 1529-30 ж. Бадахшанда болған кездерінде түрік тілінде жазылған «Джахан-наме» өлеңдік трактаты жатады. Оған поэзия да бөтен емес болатын: түрік және парсы тілдерінде бірдей еркін жазды, поэтикалық псемдонимі «Айяз» болды.

Мұхаммед Хайдар Дулати 1551ж. жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Оның моласы Сринагарда Мазар-и салатинде тұр.

XVI-XVII ғғ. өзінде классика болып саналған «Тарих-и Рашиди» кеңінен таралды, көп рет қайта жазылып, қайта оқылды, бұл бес ғасыр бойы оған деген өшпес қызығушылықтың куәсі. Осы данышпандық туындының баға жетпес көшірмелері Англия, Франция, Германия, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Шығыс Түркістанның жылнама сақтағыштарында жатыр. Орта ғасырлық зерттеушілер өздерінің еңбектерінде, Шығыстың жұмбақ елдері: Кашмир, Шығыс Түркістан, тибет туралы әңгіме болғанда «Тарих-и Рашидиға» сілтеме жасайды.

XIX ғасырдағы ғалымдардың ішінен бірінші болып Ш. Уәлиханов осы еңбекке жүгінді. Ғылым Академиясы мұрағатында «Тарих-и Рашиди» жылнамасымен танысқан соң, осы туындының үзіндісіне шағын аударма жасады. Ағылшын шығыс танушысы Денисон Росс «Тарих-и Рашидиді» ағылшын тіліне аударып, Лондонда басып шығарды. Бірінші басылым 1895 жылға жатады, ал екіншісі – 1898 ж. Батыс еуропа ғалымдары - Х.Беверидж, В. Беллью, Дж. Бриггс, Дж. Даусон, Х. Джеррит, Е.Д. Росс, Ф.Х. Скрайн, Р. Шоу, Э. Эллиот, В. Эрскайн және басқалары Үнді тарихын зерделеп, Еуропада кеңінен таралған жоғарыда аталған еңбекке бірнеше рет жүгінді.

1996 жылы «Тарих-и Рашиди» В.М. Такстонның парсы мәтінімен АҚШ-та басылып шықты. «Тарих-и Рашиди» толық түрде орыс тіліне аударылып, 1996 жылы Ташкентте басылып шықты, ал 1999 жылы қазақстандық «Санат» баспасы оны бес рет қайта басып шығарды [1, 28-б].

Әл-Фараби атындағы ҚазМУ мен Тараз университеті осы көрнекті ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өткізді. Кейінірек Тараз мемлекеттік университетіне оның аты берілді. Қазақстанда Әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойынан кейін атап өтілген маңызды мерекелердің бірі 1999 ж. Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығы болды [1, 29-б].

Осы көрнекті қолбасшының, мемлекет қайраткерінің, орта ғасырлық талантты тарихшының өмірі мен қызметі аз зерделенген және өзінің зерттеушілерін күтуде. Хайдар мырза туралы шығыс тілдерінде көптеген мәліметтер бар, олардың көпшілігі әлі күнге дейін жарияланбаған. Хайдар мырзаның шығармашылық мұрасы бүкіл әлемдік мойындауға және жоғары бағаға ие болды. Оның Орта Азия елдерінің ғылымын, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға қосқан үлесін қайта бағалау күрделі. Әлемнің көптеген елдерінің ғалымдарына, қазақтың тарихи ғылымының бастауын М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты классикалық еңбегісіз көз алдына елестету қиын.


Әдебиеттер тізімі
1. Аңыз адам. № 5. Наурыз 2013.- 51 б.

2. Аяган Б. Летописцы средневекового Казахстана // Экспресс К. 2005. -19 августа.

3. Достанбаев Т. Великий историк Отечества: К 2000 - летию Тараза // Казахстанская правда, 2002, 13 сентября.

4. Достанбаев Т. Возвращение Дулати в Тараз Жамбыл-Тараз. // Казахстанская правда, 2000, 29 сентября.



5. Қазыбек, М. "Тарихи-и Рашидидiң" тарихи-танымдық сипаты // Қазақ батырлары. - 2006. – N3. –11б.

А.Е. Даниярова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

доценті, т.ғ.к.

e-mail: aina171173@mail.ru



ҚАСЫМ, ХАҚ-НАЗАР, ЕСІМ ЖӘНЕ ТӘУКЕ

ХАНДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ НЫҒАЮЫНДАҒЫ РОЛІ ЖӘНЕ ОРНЫ
Қазақ хандығының құрылуы XIV – XV ғғ. Қазақстан аумағында ішкі әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижелері болып табылды.

XV ғ. ортасына қарай біртұтас тұрақты мемлекет қажет екендігі нақты түрде шыңына жетті, ол Қазақстанның қалыптасқан елдігінің этникалық аймағы мен тұрғындарының шаруашылық қызметінің ортақтығын қамтамасыз еткен болар еді.



XIV – XV ғғ. жергілікті халық мемлекеттілігінің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде қалаларды, шаруашылықты және егін шаруашылығын біртіндеп қалпына келтіру негізінде, аймақта билік құрған Шыңғыс хан тұқымының қамқорлығымен болса да, жергілікті этникалық негізде феодалдық қарым-қатынастың дамуы жағдайында жүрді. Көптеген тайпаларды зорлықпен біріктірген монғол ұлыстарынан айырмасы - анағұрлым айқынырақ этникалық базаға негізделген мемлекеттілік орнады [1, с. 108].

Ақ орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы мемлекеттерінің құрылуы этникалық-біртекті феодалдық мемлекеттердің кейінгі генезисі үшін олардың - қазақ, ноғай, өзбек, ұйғыр елдігіне біршама тығыз бірігуіне жағдай жасады.

Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ аумағында әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижелері болып табылды.

XIV - XV ғғ. көшпелі мал шаруашылығы, тұрғылықты егін шаруашылығы, қалалық және сауда-кәсіптік бағыттағы шаруашылық сияқты аралас экономикасы бар салалардың табиғи шоғырлануы негізінде біртұтас экономикалық аймақ құру аймақтың барлық жерін бір саяси құрылымға біріктіру жағдайын тудырды.

Көшпенді және тұрғылықты халықтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарын нығайту қазақ рулары мен тайпаларының этникалық бірігуіне, елдіктің құрылуының аяқталуына ықпал етті. Осы жағдайлар шын мәнінде қазақ мемлекеттілігін құрудың нақты себептері мен шарттары болып табылды.

Қазақ халқының жіктік бытыраңқылығын, саяси бірікпеушілігін түрлі мемлекеттік бірлестіктерде игеру Жәнібек пен Керей (Гирей) есімдерімен байланысты. Олардың әулеттік мүдделері, басқа Шыңғыс тұқымымен дала билігі үшін шайқасы, текті ақсүйектерден, сондай-ақ қатардағы еңбекші-малшылардан, егіншілерден шыққан болса да, халықтың әлеуметтік топтарының мүдделеріне сәйкес келді. Олар халықтың тәуелсіз мемлекет құруға талпынысын нақты түрде бейнеледі.

Керей мен Жәнібектің ұлыс адамдарымен моғол ханы Есен-Бұғыны билеп алу мақсатында қоныс аудару кезі Хижра бойынша 864 ж. немесе 1459 (1460) ж. сәйкес келеді [2, 334-б.].

Өзбек Ұлысында бөліну неден туды? Керей мен Жәнібектің қоныс аударған кезі, көшпенді өзбектер басшысы Әбілқайырға мемлекетті қалмақтардың ойранынан қалпына келтіруге тура келген жылдарға сай келеді.

Бұл тәртіп салық төлеуге және ондаған міндеткерлік алуға тиісті қарапайым көшпенділерге үлкен ауыртпалық болып түсті. Осының бәрі құзырындағы азаматтардың негізгі бөлігінің күрт наразылығын тудырды және соңғы нәтижесі көптеген мал шаруашылығы қауымының көрші жерлерге қоныс аудару есебінен мемлекет халқының азаюы болды. Осындай, Өзбек Ұлысы ханының саясатына наразы адамдардан тұратын қоғамның басында Орыс хан ұрпақтары – Керей мен Жәнібек тұрды.

Одан әрі оқиға барысы көрсеткендей, Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтанның Моғолстан шегіне кетуі, Өзбек Ұлысында соңында билікті тартып алуды ойластыратын өзінше стратегиялық шегіну болды.

Есен-Бұғы Моғолстанның батыс бөлігін, Есен-Бұғы мен оның ағасы Жүніс иеліктері арасындағы Шу алқабында Қозы-Басы облысына икта ретінде берді. Жүніс ағасын Темір тұқымы Әбу-Саид қолдады [3, 48-б.].

1462 ж. Есен-Бұғы қайтыс болады және оның орнына Жүніс хан бекіді, ол өзінің қызын Жәнібектің ұлына беріп, Кереймен және Жәнібекпен қарым-қатынасын нығайтты. Керей мен Жәнібектің жақтаушылары ретінде «өзбек-қазақтар» немесе тек «қазақтар» есімі бекітілді. Орыс хан ұрпақтары мен Моғолстан шағатайлықтары арасындағы дәстүрлі одақтың басы [1, 324-б.].

Орталық және Оңтүстік Қазақстан халқының сансыз ағылып келуіне, сонымен қатар кейбір жергілікті рулар мен тайпаларды қолдауына байланысты Керей мен Жәнібек өз қамқоршысының - моғол ханының қалауын орындаушылар ретінде ұзаққа бармады.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің айқындауы бойынша, «қазақ сұлтандарының билік құра бастауы Хижраның 870 жылынан басталды» [15], бұл 1465/1466 жылдарға сәйкес келеді. Батыс Моғолстан аумағында Шу-Іле алқабында және шектес аудандарда Жәнібек пен Керей тәуелсіз қазақ хандығының негізін құрды.

Қоныс аудару XV ғ. 50-жылдарының ортасынан бастап 60-жылдардың соңына дейін бір жарым он жылдық ішінде жалғасты. Қоныс аудару процесі 1468 ж. Әбілқайыр қайтыс болып, оның мемлекеті күйрегеннен кейін күшейе түсті. Жәнібек пен Керей, Моғолстан аумағы шектерінде өз мемлекетін құрып, айтарлықтай әскери күшке ие болып, Жетісуда берік тыл жасап, Дешті-Қыпшақ билігі үшін, қазақтар қоныстанған барлық аумақтарды біріктіру үшін Әбілқайыр ұрпақтарымен шайқасқа кірісті [4,152-б.].

Қазақ хандығын құру сипаты бойынша күрделі және уақыты бойынша ұзақ көп аспектілі процесс болды, онда саяси процестер этникалық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени процестермен бір мезгілде дамыды.

Жаңа хандықтың құрылуы қарастырылып отырған дәуір үшін қарапайым формула бойынша жүрді, соған сәйкес ғасырдың ортасында мемлекеттер сол немесе басқа әулетпен бірге пайда болып, ыдырады. Керей жасының үлкендігіне қарай бірінші хан болып сайланды (1465 – 1472 ж.ж.). Жәнібек 1472 – 1480 жж. биледі, ол қайтыс болғаннан кейін Керейдің ұлы - Бұрындық сұлтан хан болды (1480 - 1511 жж.).

XVI ғасырдың басында қазақ иеленушілерінің сыртқы саясатының негізгі желісі Сырдария маңындағы қалаларды игеру болды, олардың Қазақ хандығының батыс және оңтүстік-шығыс шеттеріндегі көршілерімен қарым-қатынастары осы арқылы анықталды.

Қазақ хандығының Билеуші басшы топтары Орта Азияның көрші облыстарында саяси оқиғалардың орбитасына барған сайын көбірек тартылды.

Шайбанилықтармен, енді Мауреннахр билеушілерімен күресті жалғастырады.

Мұхаммед Шайбаниге және оның мұрагерлеріне өздері жаулап алған темірліктер мемлекетін, Орта Азияда Шайбанилықтар мемлекеті үшін, осының алдында ұзамай Шайбанидің өзі көшпелі өзбектерімен темірліктер үшін қандай қауіпті болса, осындай қауіп тудыратын өздерінің солтүстік тумаластарынан қорғауға тура келді.

Егер бұрын жошылықтардың екі тармағы мен олардың жақтаушыларының қақтығыстары Өзбек Ұлысында алауыздық тудырса, ал қазір бұл жік-жікке бөлінген тумаластар арасындағы шайқасқа айналды, олардың әрқайсысы белгілі бір аумақта тұрды және белгілі бір мемлекет құрамына енді. Осылайша, XVI ғасырдың басынан бастап Орыс хан мен Әбілқайыр хан ұрпақтары арасындағы өзара қарым-қатынаста жаңа кезең басталады – сахарада біріншілік орын үшін күрестің әулеттік әдісіне саяси-экономикалық әдіс қосылды, олар осы күреске бітіспес сипат береді [5, 163-б.].

Шайбанилықтар Қазақ хандығының күшеюіне және Сырдария маңында қазақ билеушілерінің билігін бекітуге жол бермеуге тырысты.

Сырдария маңы және Қаратау аудандары батыс Жетісуда қазақ хандарының иеліктеріне жақын болды. Сырдария маңы қалалары сахара аудандары тұрғындары үшін сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары болды. Олар Қазақстан аумағында бұдан бұрынғы мемлекеттік құрылымның әкімшілік-саяси орталықтары болып табылды. Сырдарияның төменгі және ортаншы ағысындағы жерлер қазақтың көшпенді тайпаларына құнды қыстық жайылым ретінде қажет болды [6, 315-б.].

XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сығанақ, Сауран қалалары енді. Сырдария маңы оазистері бөлігінің Қазақ хандығына қосылуы елдерді тұтастай біріктіру бойынша қазақ хандарының жетістік көзі болып табылды.

Қазақстанның ұлттық құқығының қалыптасу тарихы қазақ мемлекеттігінің – Қазақ хандығының пайда болу кезеңіне байланысты. Осы уақытта қазақ қоғамындағы қатынас «адат» қарапайым құқық нормалары арқылы реттелді. Құқықтық (санкцияланған) дәстүр – құқықтың анағұрлым көне түрлерінің бірі. Құқықтық дәстүр – тәртіп ережесі, ол көп рет қайталануына қарай әдетке айналады, ұрпақтан ұрпаққа беріледі және мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қорғалады. Тарихта, рулық құрылыс дәстүрлері өзгеріп, біртіндеп санкцияланған дәстүрлерге көтерілген көптеген оқиғалар белгілі. Рулық құрылыс кезінде ең көп таралған дәстүрлер «талио» принципі болды. «Талиона» принципі (talio, talioni латын тілінен) күшіне қарай қылмысқа тең жаза дегенді білдіреді. Қылмыстық жауапкершіліктің осы принципі әрбір ерте кластық қоғамда болған, сонда жаза келтірілген залалға тура сәйкес келетін (қанға – қан, жанға - жан). Біртіндеп осы дәстүрлер айыппұлға ауысты, ал айыппұл қоғамның топтарға жіктелу шамасына қарай дифференциалданған сипат алды. Белгілі болғандай, қазақ қоғамында дәстүрлер құқықтың негізгі көзі ретінде қызмет етті. «Адат» 1206 ж. Шыңғысхан Онон өзенінің жанында қабылдаған монғолдардың «Ясы» кодификацияланған қарапайым құқығының кейбір нормаларын қабылдаған [6, 317-б]. «Ясы» – әскери, азаматтық, әкімшілік сияқты жағымды заңдардың, оларды орындамағаны үшін жазалар бекітілетін, жиынтығы болып табылады.

Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші ширегінде, әсіресе 1511 – 1518 (1523) жж. билеген Қасым ханның тұсында ең жоғары қуатқа жетті. Нақты түрде ол Бұрындық кезінде де билей бастады.

Жәнібектің ұлы Қасым 1445 ж. шамасында туған. Ол әдет-ғұрпын құрметтеген нағыз дала перзенті ретінде үлкендерге бағынып, Бұрындыққа бас иетін. Ол туралы атақты сұлтандар мен даңқты бахадүрлердің бірі және Бұрындық ханның атты әскерінің жол басшысы ретінде айтты. XVI ғ. басына қарай Қасым сұлтанның билігі нығайды, Қасым хандықтағы нақты билік пен инициатива өзінің қолында екенін көргенмен, көреген саясаткер ретінде ол сақ болды, төзімділікпен күте білді [7, 111-б.].

1510 ж. Мұхаммед Шайбани Қасымның әскерлерінен Сығанақ түбінде тас-талқан соққыға жығылды. Қираған және шашыраңқы өзбектердің қалғандары Самарқандқа қашты. Осы жылдың аяғында Мұхаммед Шайбани Иран шахымен шайқаста Мерв түбінде Қорасанда қаза табады.

Хандықтың екі беделді адамының бақталастығы қуатты сұлтанның жеңісімен және өз беделін жоғалтқан ханды қудалаумен аяқталды. 1511 жылдың күзінен бұрын Бұрындық хан маңайындағылардың тобымен Мауреннахрға кетті. Хандықтағы жоғарғы билік Жәнібек ұрпақтарына көшеді, олардың ішінде бірінші болып Қасым таққа отырды [6, 311-б.].

Касым хан, замандастары Бинаи, Ибн-Рузбихан, Бабур, Мұхаммед Хайдардың айтулары ойынша жылқыларды жақсы көрген, олардың білгірі болған, әскери талантымен, жеке батылдығымен ерекшеленген. Олардың айтқандары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттері бар, еліктеуге тұрарлық адам бейнесі құрылады.

Хан заманының ұлттық құқық эволюциясы Қасым хан есімімен байланысты. Халық аңызында, Қасым «Қасым ханның қасқа жолы» заң ережелерінің бірінші жинағын жасаған, бұл метафоралық мәнде тура, басты жолы дегенді білдіреді [7, 48-б.]. Нақ өзі қазақтарды бір хандыққа біріктіріп, оны нығайта алды. «Тарих-и Рашиди»-да: «Қасым хан барлық Дешті-Қыпшақты, өз билігіне қаратты, Жошы ханнан кейін ешкім бұлай істей алмаған. Мысалы, оның әскер саны мың-мыңдаған (миллион) адамнан асып кетті. Ақыр соңында, 924 (1518) жылдан кейін ол мәңгілікке кетті» [8, 324-бет]. Қасым хан қазақ аумағының ұлан байтақ даласына өзінің үстемдігін бекітті, Жетісудағы билігін нығайтты, батыста оның билігінің астына Ноғай ордасы рулары мен тайпаларының топтары қоныс аударды. Хандық шекаралары батыста Жайық өзені бойымен, оңтүстікте, Сайрам уалаятымен қоса, Сырдарияға дейін кеңейді, солтүстік пен солтүстік-шығыста Ұлытаудан және Балқаш көлінен ары алысқа созылып жатты. Алғаш рет монғолдар жеңісінен кейін Қазақстан аумағында барлық рулар мен тайпалар, оның ішінде Жетісу бір мемлекетке бірікті. Оның тұсында Қазақ мемлекеті туралы батыс елдер де хабардар болды. Қазақ хандығының Мәскеу мемлекетімен елшілік байланыстары басталды.

Қазақ қоғамында XV - XVII ғғ. азаматтық және қылмыстық құқық арасында шектеу болған жоқ. Қылмыс деген ұғым жаман іс, күнә ұғымымен бірігіп кеткен. Қылмыстық құқықта кек алу заңы – қанды кек болды. Көптеген жағдайларда қанды кек құнмен алмастырылды. Кейбір қылмыстар үшін айыппұлдар салынды.

Қасым, Хакназар, Есім және Тәуке хандар Қазақ хандығының ұлт тарихына баға жетпес үлес қосқан көрнекті мемлекеттік қайраткерлері. Қазақ мемлекеттілігінің нығаюы, Қазақ хандығының сыртқы саяси ұстанымын орталық азия аймағында халықаралық қатынастар жүйесінде бекіту олардың есімдерімен байланысты. Халық арасында бүгінгі күнге дейін оларға, қазақтарды біріктіре, мемлекетті қаупсіздендіре және заң мен тәртіптің басымдығын бекіте алған мемлекеттік қайраткерлер ретінде ерекше құрмет сақталған.
Әдебиеттер тізімі
1. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. – Алматы: Санат, 1999.

2. История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней). – Алма – Ата: Наука, 1979.

3. Шакарим Кудайберды-улы. Родословная тюрков, казахов, киргизов. Династии ханов. – Алма-Ата: СП Дастан, 1990.

4. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. Очерки. – Алматы: Дәуір, 1993.

5. Левшин А.И. Описание киргиз - казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей / Под общ. ред. акад. М.К. Козыбаева. – Алматы: Санат, 1996.

6. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – Алма-Ата: Рауан, 1992.

7. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5 т. Т. 4. - Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1985.

8. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20 – 40-е годы XIX века. - Алма-Ата: Казак университетi, 1992.



А.Е. Даниярова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті

Қазақстан тарихы кафедрасының

доценті, т.ғ.к.

e-mail: aina171173@mail.ru



жүктеу 2,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау