Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар


ШЫҢҒЫСХАН – ӘЛЕМДІ ДҮР СІЛКІНДІРУШІ, ҰЛЫ ТҮРІК-МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ ЖӘНЕ



жүктеу 2,82 Mb.
бет3/6
Дата06.02.2020
өлшемі2,82 Mb.
#28455
1   2   3   4   5   6

ШЫҢҒЫСХАН – ӘЛЕМДІ ДҮР СІЛКІНДІРУШІ, ҰЛЫ ТҮРІК-МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ ЖӘНЕ

ОНЫҢ ҰЛДАРЫ
Шыңғысхан — «әлемді сілкіндіруші», ұлы қолбасшы және жаулап алушы — кең жерді иемденген және 40000 үйге (отбасына) қамқоршы болған, моңғол даласында ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың ұлы. Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыстың әкесі ең күшті де, ең бай моңғол және олардан көрші елдердің хандары мен қағандары да сескенген, 12 ғасырдың аяғындағы моңғол мемлекетіндегі ықпалды ақсүйектердің бірі болған. Есугейдің өзі Торғұл қағанды құтқаруға келіп, 1170 жылы қытайлармен соғыста даңқы шыққан.

Балалық шағында Темучжин деген аты бар Шыңғысхан тоғыз жасқа толғанда, жаулары у берген оның әкесі өледі де, сол кезден бастап оның отбасы үшін аса қиын күндер туады. Темучжин ерте ме, кеш пе әке өлімінің кегін қайтаратынын, сондай-ақ ержете келе көптеген княздіктерге бөлінген моңғол хандығында билік үшін күресте өте қауіпті және ықпалды қарсылас боларын біліп, жаулары оның көзін жоюға талпынып, қуғындай бастайды. Бірақ тағдыр оған оң көзімен қарап, қиындықтармен және жоқшылықтармен күресте үлкен тәжірибе жинап, ол барлық қиын-қыстау кезеңнен аман шығады. Жоқшылықтар болашақ қолбасшы мен әміршінің мінез-құлқын нығайтады, оның дүниеге көзқарасын қалыптастырады. өзара күресте барлық қарсыластарын жеңіп, Темучжин моңғолдар мен түріктердің бытыраған рулары мен тайпаларын бір елге біріктіреді және 1182 жылы оған «Шыңғыс» деген лауазым беріп, тайпа көсемдері оны хан сайлайды. «Шыңғыс» деген сөз «теңіз-мұхит» дегенді білдіреді. Сонымен, «Шыңғысхан» — теңіз сияқты үлкен аумақтың иесі деген лауазым.

Тэмуджин көсем өзінің алғашқы үлкен айқасын 1193 жылы Германия маңындағы монғол даласында өткізді. Қол астындағы небәрі 6 мың әскермен ол күйеу баласына қарсы келген өзінің қайын атасы Унг ханның 10 мың әскерін талқандады. Хан әскерін әскербасы Сангук басқарды, ол, мүмкін, өзіне тапсырған тайпа әскерінің үстемдігіне сенімді болып, барлау туралы да, әскери сақтық туралы да ойламаған болар. Тэмуджин қарсыласының абайсызда үстінен шығып, тау жықпылында оны қатты шығынға ұшыратты.

1206 жылы Тэмуджин Ұлы Қытай қорғаны даласының солтүстігіндегі аймақтың ең қуатты билеушісіне айналды. Сол жыл оның өмірінде ерекше есте қалды, өйткені ол монғол феодалдарының құрылтайында барлық монғол тайпаларының «ұлы ханы» атанып, «Шыңғыс хан» лауазымына ие болды (түрік тілінен теңіз деген мағынада). Тэмуджин әлем тарихына Шыңғыс хан атымен енді. Дала монғолдары үшін бұл лауазым «жалпы халықтың әміршісі», «нағыз әмірші», «қымбатты әмірші» сияқты болды.

Билік басына келген Шыңғысхан бүкіл елде «ұлы Яседе» бейнеленген (Яса-сөз) қатаң заң орнатады және бұл заңдарды сөзсіз орындауды бәрінен талап етеді, оны бұзғандарды өліммен жазалауды бұйырады. Осыдан моңғол әскерінде қатаң тәртіп орнайды және оның аса жетік ұйымшылдығы пайда болады, соның арқасында олар алып аумақтар мен көптеген халықтарды жаулап алды.

Ұлы хан ең бірінші монғол әскерінің қамын ойлады. Жеке билігін бекітіп, ел ішіндегі кез-келген наразылықты басу үшін ұлы хан 10 мың адамнан тұратын атты іскер құрды. Оған монғол тайпалары арасынан ең үздік жауынгерлерді алды және бұл әскердің Шыңғыс ханның басқа іскерлері арасында айырықша артықшылықтары болды. Гвардияшылар ханның оққағарлары болды. Олардың арасынан Монғол мемлекетінің билеушісі жасақтардың әскербасыларын тағайындады. Содан кейін Шығыс Түркістандағы сол кездегі үлкен ұйғыр мемлекетінің кезегі келді. 1209 жылы Шыңғыс ханның үлкен әскері олардың шекарасын бұзып өтіп, қалаларын, гүлденген алқаптарын кезек-кезек басып алып, толық жеңіске жетті. Осы шапқыншылықтан кейін көптеген сауда қалалары мен ауылдардан тек қираған үйінділер ғана қалды.

1211 жылы Шыңғыс ханның атты әскері Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. Ұлы Қытай қорғаны – адамзат тарихындағы ең ғаламат қорғаныс құрылысы – жаулап алушыларға тосқауыл болмады. Монғолдың атты әскері жолында тұрған жасақтаржы талқандап өтті. 1215 жылы монғолдар ұзақ қоршауда ұстаған Пекин (Яньцзин) қаласын басып алды.

Жаулап алу соғыстарын бастаған Шыңғысхан екі үлкен мақсатты көздеді: біріншіден, Енисей мен Лена өзендерінің бойындағы түрік тайпаларынан Дунай жазығындағы мадьярларға дейінгі барлық қандас халықтарды бір мемлекетке біріктіру; екіншіден, Шығыс пен Батыстың өркениетін өзара байланыстыру, олардан пайда алу үшін алмасу жолдарын құру және қорғау, еуразиялық құрылықтың екі бөлігі арасындағы жоғарғы төреші-билікші болу. Мұндай жоспарды кезінде Атилла да қастерлегені сөзсіз. Бәлкім, бұл туралы ұлы Александр және Наполеон Бонапарт армандаған болар, бірақ мұндай идеяны жүзеге асыру, оны аяғына дейін жеткізу Шыңғыстың ғана пешенесіне жазылған еді. Тек моңғол жаулап алушылары ата-бабаларының «соңғы теңізге» жету, бір мұхиттан екіншісіне дейін созылып жатқан империяны құру арманын орындай алды. Қазақстан шебінде моңғол құрамалары Хубилайдың (Дзамби, Хубилай ханның әйелі) басшылығымен 1218 ж. көрінді. Моңғол әскерлері олардан қашқан меркіттердің артынан Ертіс жағалауына және Жетісуға келді. Хубилай қарлұқтарды бағындырды, Алмалықты басып алды. Сол жылы (1211) Қытайды басып алу науқаны басталды, сондықтан Хубилай әскерлерін шегіндіріп әкетті. Қытайды бағындыру соғысы 1216 жылы аяқталды, ол бітісімен моңғолдар дереу қазақ далаларымен шекарада пайда болды. Торғай далаларында қантөгісті шайқас өтті, онда меркіттер біржолата жеңілді. Хорезм мен оның төңірегіндегі жерлердің билеушісі Мухаммед Сұлтанның 60 мыңдық әcкері қыпшақтарды қуамын деп, бір тәулікке кешіккен еді. Олармен хорезмдіктердің ескі есептері бар болатын. Моңғолдар шайқасқа шығуға мәжбүр болды, бірақ олардың ешқайсысы жеңіске жете алмады. Түнде моңғол әскерлері шығысқа қарай жылдам жылыстап үлгерді. Шайқасқа қатысқан Хорезм шахтың ұлы Жалал ад-Дин сұлтан тұңғыш рет естуімен емес, өз көзімен моңғолдарды соғыста көрді. Моңғол жауынгерлерінің ерлігі Жалал ад-Динге үлкен әсер қалдырды. Және де осы шайқас «жеңілмейтін моңғолдармен» соғысуға болатынына сұлтанның көзін жеткізді.

Шыңғысханның елшілері және оларға ерген саудагерлері, жалпы саны бес жүзге жуық адам, араларында сөзсіз моңғол барлаушылары бар, 1218 жылы Отырар қаласына келіп жетті. Отырар билеушісі Қайыр хан мұншама сән-салтанатты делегацияның жаулық ниетін аңғарып, керуенді тонап алды, ал елшілер мен барлық саудагерлер өлтірілді. Бұл кезде иелігіне Отырар енген Шах Мухаммед өз хатында оны «өз ұлым» деп атаған Шыңғысханға ыза болды, мұнысымен ол түркістандық билеушінің ар-намысын аяққа басып қана қоймай, баласының жерін әкесі өз жеріне қосып алатынындай, өз империясына оның жерін қосатынын аңғартқандай еді. Сондықтан елшілер Отырарда өлтірілген еді. Кінәсіз елшілердің өлтірілуін және сол уақыттарда басты міндеті барлау болған өз дипломаттарына немкеттілікті кешпеген Шыңғысхан қатты ашуланады және соғыс енді сөзсіз болатын еді.

1218 жылы монғолдар Корей түбегін жаулап алды. Солтүстік Қытай мен Кореяға жасаған жорықтарынан кейін Шыңғыс хан одан әрі батысқа – күнбатыс жаққа қарай көз сала бастады. 1218 жылы монғол әскері Орта Азияға басып кіріп, Хорезмді жаулап алды. Ірі Орта Азия мемлекеті Хорезмді жаулап алу жалғаса берді. 1219 жылы 200 мың адамнан тұратын Шыңғыс ханның ұлдары Оқтай мен Зағатай басқарған монғол әскері қазіргі Өзбекстан жеріндегі Отырар қаласын қоршап алды. Қаланы батыр хорезм әскербасы Газер ханның қол астындағы 60 мың адамнан құралғын гарнизон қорғады [2, 134-б.].

1219 жылдың көктемінде Шыңғысхан мен оның қолбасшы балалары 230 мыңдық әскерімен Ертістен өтіп, қазақ даласына баса-көктеп енді. Оңтүстікте моңғол түмендерін Жебе нойон бастады, солтүстікте әскерлерге Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы басшылық жасады. Ол шайқаста қырғыздарды тас-талқан етіп, одан әрі Дешті-Қыпшаққа өтті. Отырарды қоршау жарты жылға дерлік созылды, бірақ Қараджа қожаның сатқындығынан кейін моңғолдар қалаға басып кіріп, жергілікті тұрғындарды өлтіре, тонай бастады. Жауынгерлердің шағын тобымен қаланың ортасындағы цитадельге бекінген Қайыр хан бекініс қабырғалары бұзылғаннан кейін де бір ай бойы қарсылық көрсетті. Цитаделді моңғолдар басып алғаннан кейін де, Қайыр ханның барлық жауынгерлері мерт болғаннан кейін де, жеңімпаздардың еркіне берілуді қаламаған ол әйелдер оған жеткізіп тұрған кірпіштермен жаудың бетін тойтарып; күресін жалғастыра берді. Кірпіштер де қалмағанда, моңғолдар ержүрек ханды ұстап алып, байлап-матайды. Қайыр ханды дарға асады. Отырар құлағаннан кейін қоршауға басшылық жасаған Шыңғысханның ұлдары Шағатай мен Угедей Орта Азия бойынша жеңісті шерумен кетіп бара жатқан негізгі моңғол әскерлеріне барып қосылды. Бұл кезде Хорезмшах империясының ең үлкен қалалары Бұқара, Самарқанд, Ходжент, Хиуа алынған еді. Келесі 1220 жылы Хорезм құлады. Моңғол қуғыншыларынан бас сауғалаған, өз қызметшілері мен жауынгерлері тастап кеткен Хорезмшахы Мухаммед Арал теңізінің бір аралына тап болады да, сол жерде аурудан қайтыс болады [3, 36-б].

Осыдан кейінгі үш жылдың барысында Шыңғысханның ұлдары Жошы, Шағатай және Угедей тәжірибелі қолбасшылар Жебемен және Субедеймен бірге Иран мен Ауғаныстанды бағындырады, өз әскерлерімен оңтүстік орыс далаларына енеді, Кавказ бен Қырымды басып алады. Теректің төменгі сағасында оларға қыпшақтардың, черкестердің, лезгиндердің және аландардың біріккен әскерлері қарсы шығады. Қарсыластар әскерінен саны жағынан аз моңғолдар бұл жолы қыпшақтарға елшілер жіберіп, оларды одақтастарынан бөлінуге икемдейді, олардың қатарында алауыздық енгізеді де, содан кейін екі жақты жеке-жеке тас-талқан етеді. Солай бола тұрса да, қыпшақтар қарсылықтарын жалғастыра береді. Олардың қолбасшысы Қотян хан өзінің орыс туысқаны, күйеу баласы князь Мстислав Галицкийден көмек сұрайды. Қалқа өзенінің жағасында 1224 жылғы мамырдың аяғында орыс және қыпшақ (половцылар) біріккен қолдарымен моңғолдардың шайқасы өтеді. Моңғол тактикасының басымдылығы арқасында, сондай-ақ орыс әскерлерінің бірыңғай басшылығы болмағандықтан, Жебе мен Субедей шайқаста жеңіп шығады [4, 215-б.].

1220 жылы наурызда Шыңғыс хан бастаған монғол әскері Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Бұқараны қоршауға алды. Онда 20 мың адамдық хорезмшах әскері тұрды, олар өз әскербасымен бірге моңғолдар таяп қалған кезде қашып кетті. Күштері сарқылған қала тұрғындары жаулап алушыларға қаланың қақпасын ашып берді. Тек жергілікті билеушісі ғана берілгісі келмей, бекініске жасырынды, алайда ол бекіністі моңғолдар өртеп қиратты.

Сол 1220 жылдың шілдесінде Шыңғысхан бастаған моңғолдар Хорезмнің басқа ірі қаласын Самарқандты қоршады. Моңғолдар Хорезм қалаларын кезекпен жаулай берді: Мервті, Үргеншіні, т.б.

1221 жылы Хорезмді құлатып, Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан Солтүстік-Батыс Үндістанға жорық жасап, осы үлкен аумақты жаулап алды. Алайда Шыңғыс хан одан әрі Индостан оңтүстігіне қарай бармады: оны әрдайым күнбатыстағы белгісіз елдер еліктірді.

Сол кезде жабайы далада өздерінің әскери күшін баяғыда жоғалтқан қыпшақ күймелері көшіп-қонып жүрді. Моңғолдар еш қиындықсыз қыпшақтарды талқандаған соң, олар да орыс жерлеріне қарай қашты. 1223 жылы Жебе мен Субедей қолбасшылар Калка өзені бойындағы шайқаста бірнеше орыс князьдары мен қыпшақ хандарының біріккен бірнеше әскерлерін талқандады. Жеткен жеңісінен кейін алғы монғол әскері кері бұрылды [5, 71-б].

1226-1227 жылдары Шыңғыс хан таңғұттар елі Си-Сяға жорық жасады. Өзінің ұлдарының біреуіне ол Қытайды жаулауды жалғастыруды бұйырды. Ол басып алған Солтүстік Қытайдағы монғолдарға қарсы басталып кеткен көтерілістер Шыңғыс ханды қатты алаңдатты.

Шыңғыс хан империясы әуел бастан-ақ әскери держава ретінде бой көтергенін, қарулы күштер – мемлекеттің айбар, тірегі ғана емес, негізгі ұйтқысы болғанын ескерсек, ұлыстың бүкіл басқару жүйесі әскери-әкімшілік негізінде қалыптасқанын көреміз. Әрбір мыңған ноян – өзіне тиесілі аймақтағы басты тұлға, әрбір түмен басы ноян – жарты патша дәрежесінде. Бұлар әскер құрамына жарлық етумен қатар, азаматтық-әкімшілік құрылымның да басшысы болып табылады. Қарауындағы әскерге ғана емес, сол атыраптағы ел мен жерге де қожайын, ондағы барлық іске жауапкер.

Бүкіл ұлысты темір тәртіп, берік бағынышта ұстаудың Шыңғыс хан енгізген өзгеше бір құралы – ханның жеке күзет әскері кешіктен болды. Кешіктен – аталы, текті бозбалалар және артықша қабілетімен көзге түскен қарашы жастар қатарынан іріктелген таңдама жасақ, кейінгі тілге көшірсек, гвардия. Хан ордасының қауіпсіздігімен бірге, бүкіл ұлыстағы тәртіп, тыныштықтың кепілі. Сонымен қатар, болашақ қолбасылар, ұлық, әкім тұлғалар бауланатын, Шыңғыс ханның саяси парасат-білігімен қатар, қолбасылық үлгісін тікелей танып, тағлым алатын және іс жүзінде меңгеруге үйренетін өзгеше мектеп [6, с. 148].

Ұлы қолбасшы таңғұттарға қарсы соңғы жорығы кезінде қаза болды. Монғолдар оны салтанатты түрде жерлеп, сол жерлеуге қатысқан адамдардың бәрін өлтіріп, қазіргі күнге дейін Шыңғыс ханның мазары орналасқан жерді құпия түрде сақтап қалды.

Әдебиеттер тізімі
1. Рашид ад-Дин. Сборник летописей / Пер. с перс. О.И.Смирновой; Ред. профессора А.А.Семенова. - М.: Изд-во: АН СССР, 1952. - Т.1.Кн. 2. С. 61-64.

2. Юрченко А.Г. Образ Чингисхана в мировой литературе 13-15 вв. //Евразия, 2006. - 2006. – С. 7-22. – 640 с.

3. Майский И.М. //Вопросы истории. – 1962.-№5.

4. Юдин В.П. Казахстан, Ср. Азия и Центральная Азия в 16-18 вв. –

Алма-Ата, 1984. - С. 114.

5. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия // Соч., Т.1.М., 1963. – 315 с.



6. Султанов Т.И. Чингиз-хан и чингизиды. Судьба и власть. – М., 2006. – 445 с.

М.Ж. Сүлейменова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

доценті, т.ғ.к.

е-mail: smj_46@mail.ru
ЖӘНІБЕК ПЕН КЕРЕЙ - ЖАҢА МЕМЛЕКЕТ ҚҰРЫЛЫМЫН – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫН ҚҰРУДЫҢ БАСТАМАШАЛАРЫ
Біздің қоғамымыздың қоғамдық-саяси өміріндегі жаһандық оқиға еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы болды, онда Мемлекет Басшысы біздің еліміздің дамуындағы басым бағыттарды белгіледі, сонымен қатар «Қазақстан -2050» Стратегиясын жүзеге асыру бағдарламасын анықтады. [1, 1-2-б.].

Кезекті Жолдаудың ерекшелігі, онда Президенттің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының тұжырымдалғаны мен негізделгені болды, ол Қазақстанның мемлекеттік сәйкестігін және оның халқының бірлігін нығайтуға, сонымен қатар қазақстандықтарды елімізді дамытудың серпімді жобаларын жүзеег асыруға жұмылдыратын факторы болуына арналған.

Ел Президетінің осы Жолдауы тұрғысында маңызды мәселе XV ғасырдың жартысында Қазақ мемлекетін құру, барлық қазақ халқын біртұтас мемлекетке біріктіру болып табылады.

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап, Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси дұшпандарын-Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды қудалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады». Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданыла бастады [2, с. 323-б.].

Алайда жаңадан құрылған қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де әлсіз еді. Бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай одағының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа телі болып отырған болатын. Оның үстіне шығыс Дешті-Қыпшақты билеген Әбілхайыр хан өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып, масайрап отырғандығына, әсіресе Әбілхайыр хандығынан көптеген тайпалардың оған ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Ол жаңа құрылған қазақ хандығын тарпа бас салып жойып жіберуге сұқтанды. Он шақты жыл айналасында батыс Жетісу өңіріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс, қоныс керек етті. Ал көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтардағы егіншілік өнімдерін өткізіп егіс көлігін алуды аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп шикізат (жүн, тері, т.б.) алуды аңсаған қолөнершілер де, сауда тауарын өткізіп пайда табуға саудагерлер де мүдделі болды [3, 325-б.].

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан еді. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік одақ ойрат жоңғарларының тайшасы Амасанжының Моғолстанға шабуыл жасауынан және Әбілхайыр ханның Жетісудағы қазақ хандығына шабуыл жасауынан тізе қоса отырып қорғануды мақсат етті. 1468 жылы қыста Әбілхайыр хан қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілхайырдың қаза болуы қазақ хандығының нығаюына және көлемінің кеңеюіне үлкен орай тудырды. Әбілхайыр өлгеннен соң оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті» [4, 63-б.]. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Әз Жәнібек бұдан он екі жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қонысы Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Сырдария жағасындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Жүністің ордасына Бұрыш сұлтанның шабуыл жасаған кездерінде айтылады.

Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.

Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.

Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.

2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери - стратегиялық берік база болатын.

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханың мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары- Ахмед хан мен Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып, бірге күрес жүргізді.

Әбілхайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Әбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд султан Астраханға барып паналады. Әбілқайыр ханның мұрагерлермен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатыр [5, 2-б.].

Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Әмір-Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді.

XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы султан Махмұд биледі.

Қазақ хандары Дешті –Қыпшақты басып алуға ұмтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды Шығыс Дешті –Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте – бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы Дешті –Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті –Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай алмаған.

XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.

Осылайша, Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ этносының қалыптасуында борышты процесті және қазақ мемлекеттілігінің идеяларын білдірушілер болып табылды. Қазақ хандығының құрылуы – бұл саяси және этникалық процестердің өрілуі. Оның негізгі сатылары: Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр хандығынан рулар мен тайпалар бөлігін алып, Моғолстанның батыс шекарасына көшіп кетуі және оларға «өзбек-қазақ», сосын жай «қазақ» атауларын бекітуі. Жаңа мемлекеттік құрылым -Қазақстан деп аталды.

Осы атау ретінде Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев тұжырымдаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, біздің қасиетті және ұлы Қазақстанды түсінеміз.


Әдебиеттер тізімі
1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – Алма-Ата, 1992.- 375 с.

3. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней): В 5 т.- Т.2.- Алматы: Атамура,1997. - 624 с.

4. Иллюстрированная история Казахстана: С древнейших времен до наших дней: В 4-х томах.- Алматы, 2005. Т.3: Казахстан со второй половины XIX века до первой половины ХХ века.- 2005.- 320 с.



5. Қазыбек М. «Тарих-и Рашидидің» тарихи-танымдық сипаты // Қазақ батырлары.- 2006.- №3.- С.11.




жүктеу 2,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау