Ұлпа, алғашқы түзуші ұлпа, жабындық ұлпа, арқаулық және өткізгіш ұлпалар. Сабақтың мақсаты



жүктеу 325,16 Kb.
бет3/4
Дата21.11.2022
өлшемі325,16 Kb.
#40261
түріСабақ
1   2   3   4
3-лаб.ж

3. Плерома промеристеманың өзек жағында орналасқан жасушалар тобы. Бұның жасушаларынан өсімдік сабағының орталық цилиндрінде (стелінде) жататын түпкілікті ұлпа пайда болады.
Өсімдіктер құрылымының бұл сияқты түзілісі кейбір өсімдіктерде, мысалы, элодеяда болады, сол сияқты бидай өскінінен де байқауға болады.
Сабақтың бой конусы сияқты тамырдың да бой конусы алғашқы түзуші ұлпа – промеристема болады.Қызметі сабақтың бой конусындағы промеристема бөлімімен бірдей болғанымен, жатысы жағынан кейбір айырмашылықтар бар.
Тамыр промеристемасы сабақтікі сияқты ұзынынан қабаттасып жатпастан, көлденеңінен үш қабат (ярус) болып орналасады. Бұлардың ең бірінші (ұшындағы) қабатынын – тамыр оймақшасымен алғашқы жабындық ұлпаның (эпиблеманың) жасушалары, екінші қабатынан – алғашқы қабықтық жасушалары, ал үшінші қабатынан – тамыр орталық цилиндрінде орналасқан түпкілікті ұлпа жасушалары пайда болады.
Өсімдік тамырларының бой конусында алғашқы жасаушы немесе түзуші ұлпалар бар. Оларды зерттеу үшін күні бұрын өсіріліп қойған бидай немесе жүгері тамырлары алынады.
Өсімдік сабағының бой конусын зерттеу үшін элодея өсімдігін алады. Жасалған препарат бойынша элодея өсімдігі бой конусынан бір – біріне тығыз орналасқан, ядролары ірі, көлемі ұсақ жасушаларды көреміз. Сонымен қатар, бой конусынан төмендеу жерде оның сыртында бірнеше төмпешіктерді байқауға болады. Бұлар – бой конусында жаңадан пайда болған алғашқы жапырақтар.
Соңғы түзуші ұлпалар өсімдіктің негізгі мүшелерінде жүре пайда болады. Олар алғашқы меристеманың қалдығы болуға да, сонымен қатар мүшелердің өсуге қабілеті жетіп, көбейгіш келетін жасушаларының тобынан да пайда болуы мүмкін.
Соңғы меристемаға камбий жатады. Өсімдікте кездесетін камбийді бірнешеге бөлеміз. Олар: прокамбий – сосуд – талшық шоқтарын түзеді; феллоген – тоз түзеді; перикамбийден (перициклден) өсімдік денесіндегі қосалқы мүшелер пайда болады, камбий өсімдіктердің сабағы мен тамырын жуандатып өсіреді.
Жабындық ұлпа түпкілікті ұлпаларға жатады. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап тұратын, астында орналасқан жас, нәзік жасушаларды табиғаттың әрқилы қолайсыз әсерінен қорғайтын жасушалар тобын жабындық ұлпа дейді. Жабындық ұлпалар өсімдік мүшелерінің жасына, пайда болу жолына қарай алғашқы және соңғы жабындық ұлпа деп бөледі.
Алғашқы жабындық ұлпалар өсімдіктің жас мүшелерінің сыртын қаптап жатады да, өзінің астында орналасқан нәзік жасушалы мүшелерді сыртқы ортаның түрліше әсерінен қорғап тұрады. Алғашқы жабындық ұлпаларға – сабақтың өң (эпидермис). тамырдың эпиблема қабаттары, ал соңғы жабындық ұлпаға тоз және қыртыс жатады. Өң өркен, жапырақ сыртын жауып жататын бір қатарлы, түссіз, мөлдір жасушалар тізбегі. Өң жасушалары тығыз орналасқан, сыртқы қабықшалары қалыңдаған балауызбен және бір немесе көпжасушалы түктермен қапталады. Сонымен бірге өң өсімдіктің сыртқы ортамен байланысын, газ алмасуын қамтамасыз етеді. Өңде бұл қызметті лептесіктер атқарады.
Лептесіктер көршілес жатқан бүйрек пішінді екі жасушадан тұрады, оларды жанаспалы жасушалар деп атайды.
Өсімдіктің денесінде алғашқы жабындық ұлпа өмір бойы сақталып тұра алмайды, шетінен түлеп түсіп отырады да, олардың орнына бірте-бірте жүре пайда болатын соңғы жабынды немесе екінші дәрежелі жабындық ұлпалар қалыптасады.
Соңңғы жабындық ұлапалар өсімдіктердің түрлеріне және жастарына қарай екі түрлі болады: тоз (перидерма) және қыртыс.
Тоз ағаш бұтақтарының, көпжылдық шөптесін өсімдіктер түп негізін, тамырдың ескірген бөліктерін, жерасты өркендерін (тамырсабақты, түйнекті), кейбір жемістерді қаптайды.
Алғашқы жабындық ұлпада - өң бетінде лептесіктер болса, ал соңғы жабындық ұлпада-тозда газ бен судың булануын реттейтін жасымықша болады.
Қыртыс (ритидом) – сүректі өсімдіктердің тамыры мен сабағында ең соңынан пайда болған жабындық ұлпа.
Өсімдіктердің тоз қабаты өмір бойы сақталмайды: бұл сыртынан біртіндеп түлеп, түсіп отырады да, оның орнына қыртыс пайда болады. Қыртыстың пайда болуына және тоз қабытының түлеп түсуіне ең негізгі себеп – феллоген жасушаларының өлуі және тамыр мен сабақтың жуандап өсуі.
Қалың қыртыс ағаш сабақтарын механиикалық жарақаттардан, орман өрттерінен, температураның күрт ауысу әсерлерінен жақсы қорғайды.
Өсімдіктердің негізгі мүшелерінің таянышы болып, оған мықтылық, беріктік қасиет беретін жасушалар тобы арқаулық ұлпа деп аталады. Жасушалардың пішіндеріне, химиялық құрамына және қабықшаларының қалыңдауы мен өзгеру жолдарына қарай арқаулық ұлпалар – колленхима, склеренхима және склереида болып үшке бөлінеді.
Колленхима – жасушалары тірі, өсу қабілетін жоймаған өсімдіктердің өңінің астында болатын арқаулық ұлпалардың алғашқы түрі. Ол өсімдіктердің өсіп келе жатқан жас мүшелерін берік етеді. Колленхима жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан, жасушааралық қуыстары болмайды. Жасушаларында хлорофилл дәндері болады, қоректік, арқаулық ұлпаның қызметін атқарады. Өсімдіктің сабағын, жапырақтың сағағын айнала шеңбер құрап, кейде әрбір жерінде топтанып жатады.
Өсімдіктердің тамырында арқаулық ұлпаның элементтері қақ ортасында орналасады, себебі өсімдікті топырақта ұстап тұрады және оның әртүрлі әрекеттерге төтеп беруін, үзілмеуін реттейді.
Колленхима жасуша қабықшаларының қалыңдауы өсімдіктердің мүшелерінде бірдей болмайды, атап айтқанда, қалыңдауына қарай үш түрлі болады:
1. бұрышты колленхима – жасушалары көп қырлы болады да, сол қырланған жеріндегі бұрыштары қалыңдап, ал әр екі бұрыштың арасы қалыңдамастан бұрынғы клетчатка күйінде қала береді.
2. тақталы колленхима – жасушаларының қабықшаларының сыртқы бетіне параллель жатқан қабырғалары ғана қалыңдайды да, қалған беттері клетчатка күйінде қала береді.
3. бұрышты- тақталы немесе борпылдақ колленхима – бұнда жасушааралықтар жақсы дамыған. Бұл жағдайда жасушалар қабықшасының жасушааралықтарымен шектескен жері ғана қалыңдайды.
Склеренхима – жасушалары арқаулық ұлпалардың ішіндегі әрі ұзынн, әрі жіңішке және екі ұшы үшкір келетін прозенхималы болады. Жасушаларының қабықшалары біркелкі қалыңдап, өсімдік мүшелеріне мықтылық қасиет береді. Жасушаларының қабырғаларына лигнин сіңіп, қатаяды.
Склереидтер немесе тасты жасушалар паренхималық пішінді, дөңгелек, жұмыртқа бейнелі (брахисклереидтер), кейде дұрыс бейнелі, тарамдалған (астросклереидтер) болады. Бұл жасушалардың қабықшалары қатты қалыңдаған және сүректенген. Жасуша қабырғаларында көптеген санды саңлаулы каналдары көрінеді. Тасты жасушалар алмұрт жемістерінің жасушаларында, асбұршақ, үрме бұршақ тұқымдарында және де тамырда, сабақта бір тұтас ұлпа түрінде немесе бірнеше жасушалар болып, кейде жекелеп те кездеседі.
Өткізгіш ұлпалар өсімдік денесінде жаппай заттардың қозғалысын қамтамасыз ететін жасушалар тобын құрайды. Олар өсімдіктердің құрлық өміріне бейімделуінің нәтижесінде пайда болған. Өсімдікте өткізгіш ұлпалар дамудың өте ерте кезеңінде, кейде тіптен, тұқымның ұрығында алғашқы өткізгіш элементтер болады. Ересек өсімдіктерде, бұл екі ұлпаның өстік мүшелердің – тамыр сабақтың ішкі құрылысында маңызы зор.
Өсімдікте жоғарғы ағыс, топырақ қабатынан тамыр арқылы сорылған су мен минералды заттардың ерітіндісін жер беті мүшелеріне бағыттайды. Төменгі ағыс органикалық заттардың, яғни жапырақта синтезделген заттардың тамырға, өркеендердің өсу нүктесіне, гүлге, тұқымға, жемістерге бағытталуы. Жоғарғы ағысты – ксилема немесе сүрек, төменгіні – флоема немесе тін қамтамасыз етеді. Ксилема мен флоема бірлестігі барлық өсімдіктер мүшелерін қамтитын (сабақ және тамыр тарамдарында) үздіксіз, өткізгіш жүйесін түзеді. Сонымен өткізгіш ұлпаларға ксилема және флоэма жатады.
Ксилема арнайы маманданған өткізгіш элементтерден, трахея және трахеидтерден, негізгі паренхимадан, арқаулық ұлпалардан құралады.
Флоэма (грек. флойос - қабық) – сүзгілі (електі) түтік және оның серіктік жасушасынан, арқаулық ұлпадан, негізгі паренхимадан тұрады.

1 2 3 4
1-сурет. Өсімдік ұлпалары



    1. Сабақтың түзуші ұлпасы;

    2. Ағаштың жабындық ұлпасы;

    3. Жапырақтың фотосинтездеуші негізгі ұлпасы;


жүктеу 325,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау