Жұмыстың барысы:
Өсімдіктер тіршілігінде өсуін тоқтатпайды, қай мүшелері болмасын өсіп отырады.Өсімдік мүшелерінің, ұлпаларының негізгі жасушаларын түзетін, сонымен қатар толықтыратын жасушалар тобын түзуші ұлпа немесе меристема деп атайды. Өсімдік денесіндегі түзуші ұлпа жасушалары өзара тығыз орналасады, ішіндегі цитоплазмасы толық, ядролары ірі, вакуольдері өте ұсақ келеді. Түзуші ұлпа жасушаларының пішіні көбіне паренхималық, ал кейде прозенхималық та болады.
Меристемалар өсімдіктің барлық өмірін қамтитын мерзім бойы өте ұзақ (кейбір ағаштарда мыңдаған жыл) сақталуы мүмкін, себебі көпшерде бөлінуге бейім, меристема қасиетін сақтайтын кейбір инициалды жасушалары болады. Өсімдіктердің барлық денесі осы иниациалды жасушалардан басталады.Қалған меристеьа жасушалары инициалдардың туындысы. Олар белгілі мөлшерде ғана бөлініп, түпкілікті ұлпаларға айналады.
Түзуші ұлпалардың немесе меристеманың орналасуына байланысты түрін ажыратуға болады:
1. Төбелік (апикальды) – бұл меристемалар өсімдік сабағының, тамырының ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді.
2. Бүйірлік (латеральды) – меристемалардың жасушаларынан сабақ пен тамырдың ішкі қабаттары атап айтқанда: перицикл, прокамбий және тоз қабаттары түзіледі.
3. Қыстырмалы (интеркалярлық) – кейбір өсімдік сабағының буын аралығы түбінде орналасады да, өсімдік сабағы соның есесінен бойлап, ұзарып өседі. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктер, жылбұрындар т.б.
4. Зақымдық меристемалар-ұлпалар мен мүшелердің зақымданған жерлерінде тірі жасушалардың дифференциялануынан пайда болады да, одан әрі қорғаушы тоз немесе басқа ұлпаларға айналады.
Түзуші ұлпалар өзінің жасына және атқаратын қызметіне қарай екі түрлі болады, олар:алғашқы және түзуші ұлпалар.
Алғашқы түзуші ұлпалар өсімдіктердің тамыры мен сабағының және бұдан өсіп шыққан бұтақтарының, өркендерінің ұшында орналасады:бұл жерді бой немесе өсу конусы деп атайды. Бой конусының дәл төбесін өсу нүктесі деп атайды. Пайда болған бой конусының жасушалары көлемі және пішіні жағынан біркелкі келеді, жасуша қабықшалары жұқа болады, вакуольдері болмайды,болған жағдайда олар тым ұсақ, ядролары ірі болады.
Бой конусындағы осындай жасушаларды промеристема немесе алғашқы түзуші ұлпа делінеді. Бұл жіктеле келе өсімдік мүшелерінің мынадай түпкілікті ұлпаларын жасап шығарады:
1. Дерматоген – промеристеманың сыртқы қабаты, ол бір қабаттан немесе жалаң қабаттан тұрады. Дерматоген жасушаларынан алғашқы жабындық ұлпа пайда болады.
2. Периблема – дерматогеннен кейінгі бірінші қабат болып жататын паренхималық жасушалардың тобы. Бұдан алғашқы қабықтық жасушалары өсіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |