Қазақ-7
Қазақ
Бекіту құралдарын салу
Монитор VESA орнату жүйесі көмегімен пайдалану үшін
жасақталған.
1. Орнату құралдарын бекіту
Құралдарды бектіу барысында мониторды еңкейтуші болмаңыз.
VESA Орнату интерфейсі
400 mm
400 mm
Орнату құралдары мониторға экранын төмен қаратып бекітіле алады.
Экран бетін зақымдалудан алдын алу үшін LCD төменгі жағындағы
үстелге қорғаныс тақтасын орналастырыңыз. Бастапқы жиынтықта
LCD айналасы қорғаныс тақтасымен оралған. Мониторға зақым
келтіретіндей үстел бетінде ешнәрсе жоқ екеніне сенімді болыңыз.
NEC корпорациясына сәйкес болғаннан және бекіткеннен басқа
орнату құралдарын пайдаланғанда, олар VESA үйлесімді орнату
әдісіне сай болу керек.
ЕСКЕРТУ:
• Монитор бетін жоғары не төмен қаратып бір
сағаттан артық уақытқа қалдырмаңыз, бұр экран
жұмысына кері әсер етуі мүмкін.
• Орнатпас бұрын мониторды орын жеткілікті
бөлмеге
қойыңыз.
2. Параметр тақтасын пайдалану
1. Басты қуат қосу пәрменін өшіріңіз.
2. Бекітілген бұрандаларды қайта босата отырып, салынған ұя
қақпағын алыңыз (1-сурет).
3. Параметр тақтасын монитор ішіне енгізіңіз.
ЕСКЕРТУ:
• Қол жетімді параметр тақталары үшін қызмет
көрсетушіңізге
хабарласыңыз.
• Оны бұрандалармен бекітпестен бұрын қосымша
тақтаны басқаруда шамадан тыс күш қолданбаңыз.
• Тақтаның ұяшыққа дұрыс бағытта салынғанына көз
жеткізіңіз.
1-сурет
3. Қосымша үстел тіреуін орнату және жылжыту
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тіреуді орнату немесе жылжыту төрт
немесе бірнеше адамның көмегімен
орындалуы керек.
Орнату үшін тіреумен немесе орнату құралымен қоса берілген келесі
нұсқауларды орындаңыз. Өндіруші ұсынған құрылғыларды ғана
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Қосымша үстел тіреуімен берілген ТЕК қалпақты
бұрандаларды пайдаланыңыз.
LCD монитор тіреуін орнатқанда, саусақтарыңызды қысып алудан
алдын алу үшін құрылғыны абайлап ұстаңыз.
Қосымша үстел тіреуі
Үстел
Қорғаныс тақтасы
ЕСКЕРТУ:
Тіректің бетінде көрсетліген көрсеткінің бағытына
қарай орнатыңыз. ST-651 стандартын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Осы мониторды үстел бетіне қоюға арналған тірекпен
еденге ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Осы мониторды үстел
бетіне қойыңыз немесе ілетін бекіту құралдарымен
пайдаланыңыз.
4. Вентиляция талаптары
Қоршалған немесе оқшау аумақта орнатқанда, төменде көрсетілендей
ыстық таралып кетуі үшін монитор мен қабырға арасында жеткілікті
орын қалдырыңыз.
Ыстық құрылғыдан және орнату құралынан дұрыс таралуы үшін,
әсіресе бірнеше құрылымды экранда мониторларды пайдаланғанда,
монитордың айналасында жеткілікті вентиляция болуын немесе
ауамен кондициялауды қамтамасыз етіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Ішкі динамиктердің дыбыс сапасы бөлменің
акустикасына байланысты өзгереді.
Қазақ-8
5. Еңкейтуді алдын алу
Дисплейді қосымша үстел тіреуімен бірге пайдаланғанда,
монитордың құлап қалуынан алдын алу үшін оның салмағын ұстап
тұратын кабель немесе шынжырды пайдаланып қабырғаға LCD
мониторын бекітіңіз. Қосымша үстел бетіне қоюға арналған тірекпен
бірге берілген қысқыштар мен бұрандаларды пайдалану арқылы
мониторға трос немесе шынжыр бекітіңіз.
Бұранда (M4)*
Кабель немесе шынжыр
Қысқыш*
400 mm
Бұранда тесіктері
*: тіректе бар.
LCD мониторын қабырғаға бекітпестен бұрын қабырға монитордың
салмағын ұстап тұра алатынына сенімді болыңыз.
LCD мониторын жылжытпастан бұрын қабырғадан кабель мен
шынжырды алып тастағаныңызды тексеріңіз.
Тіректерді салғаннан кейін монитор қозғалатын болса, мониторды
тіректерімен еденге қоймаңыз. Бұл сенсорлық тақта функциясының
зақымдануына әкеледі.
Қазақ-9
Қазақ
Бөлшектер атаулары мен функциялары
Басқару тақтасы
쐃
POWER butt on (ҚУАТ түймешігі)
Қуатты қосады немесе өшіреді. Сонымен қатар 18 бетті қараңыз.
쐇
MUTE butt on (ДЫБЫССЫЗ түймешігі)
Дыбысты ҚОСАДЫ/ӨШІРЕДІ.
쐋
INPUT butt on (КІРІСТІРУ түймешігі)
OSD мәзірінде SET (ОРНАТУ) түймешігі болып қызмет атқарады.
(DVI], [DPORT], [VGA], [RGB/HV], [HDMI], [DVD/HD],
[SCART], [VIDEO1], [VIDEO2] немесе [S-VIDEO] арасындағы
қосқыш). Бұлар зауытта алдын ала орнатылған атау көрсеткендей
кірістіруге ғана қол жетімді.
쐏
PLUS butt on (ПЛЮС түймешігі)
OSD мәзірінде реттеуді жоғарлату үшін (+) түймешігі ретінде қызмет
атқарады.
OSD мәзірі өшірулі болғанда, дыбыс шығару деңгейін жоғарлатады.
쐄
MINUS butt on (МИНУС түймешігі)
OSD мәзірінде реттеуді төмендету үшін (-) түймешігі ретінде
қызмет атқарады. OSD мәзірі өшірулі болғанда дыбыс шығу деңгейін
төмендетеді.
쐂
UP butt on (ЖОҒАРЫ түймешігі)
OSD мәзірі өшірулі болғанда OSD мәзірін белсендіреді.
OSD мәзірінде реттеу элементтерін таңдау үшін бөлектелген аймақты
жоғары жылжытқанда түймешігі ретінде қызмет атқарады.
쐆
DOWN butt on (ТӨМЕН түймешігі)
OSD мәзірі өшірулі болғанда OSD мәзірін белсендіреді.
OSD мәзірінде реттеу элементтерін таңдау үшін бөлектелген аймақты
төмен жылжытқанда түймешігі ретінде қызмет атқарады.
쐊
EXIT butt on (ШЫҒУ түймешігі)
OSD мәзірі өшірулі болғанда OSD мәзірін белсендіреді.
Алдыңғы мәзірге өту үшін OSD мәзірінде EXIT (ШЫҒУ) түймешігі
ретінде қызмет атқарады.
쐎
Remote control sensor and Power Indicator (қашықтан басқару
сенсоры және қуат көрсеткіші)
Қашықтан басқарудан сигнал қабылдайды (сымсыз қашықтан басқару
пайдаланылғанда) Сонымен қатар 13 бетті қараңыз.
LCD мониторы белсенді режимде болғанда жасыл болып жанады*.
LCD мониторы POWER OFF (ӨШІРУЛІ) режимінде тұрғанда
қызыл болып жанады.
Монитор Power Save (Қуатты үнемдеу) режимінде болғанда
сары болып жанады. Power Standby (Қосымша қуат) режимінде
«SCHEDULE SETT
INGS» (КЕСТЕ ПАРАМЕТРЛЕРІ)
функциясымен бірге қосулы тұрса, жасыл мен сары түстер кезектесіп
жыпылықтайды. Монитор құрамындағы компонент бұзылса,
көрсеткіш қызыл болып жыпылықтайды.
* Егер «OFF» (ӨШІРУЛІ) түймешігі «POWER INDICATOR»
(ҚУАТ КӨРСЕТКІШІНДЕ) (26 бетті қараңыз) болса, LCD
мониторы белсенді режимде болғанда LED көрсеткіші жанбайды.
쐅
AMBIENT LIGHT SENSOR (ОРТА ЖАРЫҒЫНЫҢ
СЕНСОРЫ)
Монитордың артқы жарық параметріне автоматты реттеулер жасауға
рұқсат беру үшін жақсы көрініс жұмысын ұсынып, орта жарығының
деңгейін анықтайды. Осы сенсорды жаппаңыз. 20-бетті қараңыз.
Control Key Lock (Басқару пернесін құлыптау) режимі
Бұл элемент барлық басқару перне функцияларына кіруді толықтай
құлыптайды. Басқару пернесін құлыптау функциясын белсендіру
үшін 3 секундтан көп және түймешіктерін бірдей басып ұстап
тұрыңыз. Пайдаланушы режимін жаңарту үшін 3 секундтан көп
және түймешіктерін бірдей басып ұстап тұрыңыз.