Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
143
новых идей и решений. Дивергентное мышление способствует развитию у студентов
творческих навыков.
Ключевые слова: дивергентное мышление, мозговая атака, творчество, развитие,
идея, решение.
ӘОЖ 37.031.2
ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
Қ.Қ. Тұрсымбаева,
Б.А. Алмағамбетова
қазақ тілі пәні мұғалімдері
(Жезқазған қ., №13 жалпы білім
беретін орта мектеп)
Аңдатпа: Бұл мақалада орыс мектебінде қазақ тілі сабағында оқушылардың
қазақша сауатты жаза және өз ойын жеткізе білуге бағытталған жұмыс түрлері
көрсетілген. Осы мақсатта өзге тілді мектептерде мәтінмен жұмыстың әдіс-тәсілдерін
қолдануға көп көңіл бөлінеді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айту дағдыларын
қалыптастыру жолдары ұсынылған.
Түйін сөздер: пәндік құзіреттіліктер, қалыптастыру, сөйлеу әрекеті, мәтіналды,
ізденіс.
Оқушы тұлғасына бағытталған білім беру оның белсенділігін, шығармашылық
қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға,
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызады. Қазақ тілі пәні
арқылы қалыптастыруға бағытталған пәндік құзіреттіліктер оқушылардың қоғам
қажеттілігіне сай мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауға ынталы болуын, жаңа
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана алуын, халқының өткен
тарихын білуін, отбасында, қоғамда және адамдармен қарым-қатынаста өз көзқарасын
білдіре алуын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет (1).
Демек, оқушының өз ойын ауызша да, жазбаша да қазақ тілінде сауатты білдіру –
тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға тікелей байланысты. Олай болса, оқушы
әр сабақта бірнеше жаңа сөз үйрену керек деген ұстаным басшылыққа алынуы тиіс. Осы
орайда оқушылардың түсініп тыңдау дағдыларын дамыту басты мәселе болып табылады.
Сөздерді, сөз тіркестерін түсіне білу, дыбыстарды, дауыс ырғағын ажырата білу қабілетін
қалыптастыру мақсатында сөздік жұмысы жүргізіледі. Мысалы: 5-сыныпта «Отбасы»
тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту кезеңінде мынандай жұмыс түрлерін
алуға болады:
1. Жаңа сөздер интерактивті тақтада көрсетіледі: отбасылық, құрметтеу, ізеттілік,
қамқор болу, сыйлау, ардақтау, отбасылық дәстүрлер, жас, кәрі зейнеткер көмектеседі.
Мұғалім дауыс ырғағын дұрыс қойып, қазақ тіліне тән дыбыстарға екпін түсіре отырып,
оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Келесі кезеңде оқушыларға сөздерді
қайталата отырып, сөздерді дұрыс айту дағдыларына көңіл бөлінеді. Дыбыстарды
ажыратуға арналған жаттығулар жүргізіледі. Мысалы: жуан және жіңішке дауысты
дыбыстары бар сөздерді тап: ізеттілік, кәрі, зейнеткер, көмектеседі – жіңішке түбірлі
сөздер, ардақтау, сыйлау, отбасылық – жуан түбірлі сөздер. Осыдан кейін түсіну қабілетін
арттыру мақсатында аударма жұмыстары жүргізіледі. Сөздердің грамматикалық және
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
144
морфологиялық формалары түсіндіріледі (2). Оқушылардың жаңа сөздерді түсініп тыңдау
дағдыларын қалыптастыру жұмыстарынан кейін тіл дамыту жұмыстарына көшеміз, яғни
сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыруға үйретеміз. Бірінші сөз тіркестерін
құрастырады. Мысалы: Атам кәрі. Әжем – зейнеткер. Содан кейін сөйлемдер құрастыруға
болады. Осылайша сөйлеуге қажет фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мен
дағды тіл дамыту негіздерін құрайды. Осы білім аясында сөйлеу әрекеті дамиды. Мұндай
тіл дамыту шын мәніндегі тілдік коммуникацияны жаңа мазмұндағы жаттығулар
ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Мәтіналды дайындық жұмыстары:
1. Отбасы мүшелерін сипатта.
Атам мен әжем – зейнеткер, жас, кәрі, жұмыс істейді, еңбекқор, мейірімді, қатал, әділ.
Әкем мен шешем – жас, кәрі, ақылды, қамқоршы, ақыл айтады, үйретеді, көмектеседі,
жақсы көреді. Өзім – оқушымын, тәртіптімін, әдептімін,
жақсы оқимын, жақсы көремін.
2. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрастыру
үлкен, шағын
атам мен әжем ( әкем мен шешем ) бар
Менің отбасым (да) атамды, ...., ..., ... сыйлаймын (ардақтаймын,
құрметтеймін)
(ның)
бізге қамқор болады
(ды)
дәстүрі бар
дәстүрі – үлкенді сыйлау
жақсы көремін.
Мәтіналды дайындық сатысынан өткеннен кейін, мәтінде кездесетін тірек сөздерді
қолдану, оның мазмұнын анықтайтын сұрақ-жауап арқылы мәтіндегі негізгі ойды түсінуге
жағдай туғызамыз. Ол үшін төмендегідей сұрақ түрлерін ұсынуға болады:
- Сенің отбасың үлкен бе?
- Ата-анаңның мамандықтары не?
- Сен кімдерді құрметтейсің?
- Отбасыңда қандай жақсы дәстүр бар?
Мәтінде кездесетін сөздердің грамматикалық құрылымына тоқталатын болсақ,
мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
Екі бағандағы сөздерді салыстыр, оларға сұрақ қой, қай сөз табына жататынын және
жасалу жолын анықта. Мысалы: ақыл не? – зат есім, ақылды қандай? – сын есім.
Ақыл – ақылды
Әдеп – әдепті
Тәртіп – тәртіпті
Мейірім – мейірімді
Отбасы – отбасылық
Ізет – ізеттілік.
Мәтінмен жұмыс кезінде орындалатын тапсырмалар оқушылардың жас
ерекшеліктеріне, дайындық деңгейлеріне байланысты болады. Тапсырмалар мұғалімнің
ұсынысы бойынша ауызша немесе жазбаша орындалады. Мәтін балаға білім береді,
баланы оқуға үйретеді, баланың ойын дамытады. Өз-өзіне сұрақ қою, басқаға сұрақ қою,
кез келген нақты дайын жауап алудан гөрі терең ойлантатын сұрақ тауып қою – осының
бәрі
ойлауға әкеледі, қызығушылықты арттырады, іздендіреді, жетелейді, дамытады (1).
Сабақтың келесі кезеңінде мұғалім оқушыларды мәтіннің мазмұнымен
таныстырады, оқушылар мәтіннің мазмұнын ой елегінен өткізіп, негізгі ойды анықтайды.
Менің отбасым