Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет52/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
108 
 
ӘОЖ 811.111:16 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ПАЙДАЛАНУ 
 
Ә.Н. Құспанова, 
аға оқытушы, 
З.Р. Ұлтарақова, 
аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Болашаққа  бағытталған  білім  екі  принципке  сәйкес  дамуы  керек: 
қоғамның  ауыспалы  жағдайына  студенттердің  бейімделуін  дамыту  мен  алынған 
ақпаратты зерделеу мен қолдану. Білім берудің негізгі міндеті – адамды ойлауға үйрету. 
Сыни ойлауға тек нәтижені бағалай алу ғана емес, сонымен қатар ойлау процесі де кіреді. 
Жоғарыда  айтылғандарды  есепке  ала  отырып,  оқыту,  соның  ішінде  шет  тілін  оқытуда 
студенттерге сыни ойлау дағдысын, таным және қажетті ақпаратты алу тәсілдерін үйрету 
қажет деп ойлаймыз.  
Түйін  сөздер:  танымдық  әрекет,  білім,  рефлексия,  сыни  ойлау,  графикалық 
ұйымдастыру. 
Сыни ойлауды дамыту тәсілдері студенттердің танымдық әрекетін және дербестігін 
белсендіруге мүмкіндік береді. Оқытушыдан студентке ақпараттың енжар берілуі тиімсіз, 
өйткені  ол  қызығушылық  тудырмайды,  ізденісті  ынталандырмайды  және  жансыз  тәсіл 
болып  табылады.  Білім  бір  жерде  тұрақталып  тұрмайды,  біз  суды  бір  ыдыстан  екінші 
ыдысқа құйғанымыз секілді адамнан адамға берілмейді. Білім – серпінді, оның нақты бір 
адамға  тән  «түсінік  жағдайы»  бар.  Жемісті,  белсенді  жұмыс  жасау  үшін  студенттер 
ақпараттың негізгі (базалық) көлемін игеруі тиіс, өйткені ол болашақта сол пән бойынша 
жеке ойын тиімді қалыптастыруға көмектеседі, сонымен қатар белсенді оқуды – зерттеуді 
ынталандыруға,  негізгі  білім  алғаннан  кейін  пайда  болған  сұрақтарға  жауап  іздеуге 
студенттерді қажетті құралмен қамтамасыз етуге көмектеседі.  
Оқытушының  міндеті  –  таным  мен  ойлау  үрдістерін  көрсету,  бұл  студенттердің 
болашақта  өз  білімдерін  құрастыруға  пайдалы  болатын  бірнеше  әдістер  мен  тәсілдерді 
үйренуі  үшін  қажет.  Ойлау  үрдісінің  осындай  көрінісі  студенттерге  өз  оқулары  үшін 
жауапкершілікті  алып,  қалай  оқу  керектігін  көрсетеді.  Студенттер  өздері  үшін  таным 
мақсатын  анықтауы,  ақпаратты  белсенді  іздеу  және  өз  үйренгендерін  ойлануы  қажет. 
Үлгіде  мынадай  сызба  жүзеге  асырылады:  «ШАҚЫРУ-ҰҒУ-РЕФЛЕКСИЯ»,  бұл  сыни 
ойлауды дамыту тәсілдерінің негізі болып табылады.  
Сыни  ойлауды  дамыту  тәсілдерін  пайдалана  отырып,  шет  тілін  үйрену  тек 
студенттердің  ақпаратты  іздеуде  белсенді  танымдық  әрекетін  қарастырып  қана  қоймай, 
сонымен қатар сараптау, ойлану, бағалау, әртүрлі көзқарастар қою, өз пікірін қуаттау, өз 
айтқанын дәлелдеу, қорытынды жасау, мәселелерді шешуді қарастырады.  
Алға  қойылған  мақсаттарға  тиімді  жету  үшін  тек  шет  тілін  оқытудың  әдістері  мен 
тәсілдерін  қарастырып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оқу  бағдарламасын  дамытып  және 
өзгертіп  отыратын,  үйретуші  материалдарды  таңдағанда  сыни  қарайтын,  дербес  шешім 
қабылдайтын,  студенттердің  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізуі  үшін  сұраныстарын, 
мүмкіндіктерін,  қабілеттерін  ескере  отырып  оқу  үрдісін  икемді  жоспарлай  алатын 
оқытушының дайындығын да есепке алады. 


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
109 
 
Шет  тілін  оқыту  алдында  белгісіз  болған  жаңаша  нәрселерді  анықтау,  зерттеу, 
үйренуге  жағдай  жасаудан  тұрады.  Мұндай  жағдайда,  оқытушы  тек  ақпарат  көзі  ғана 
емес,  ұйымдастырушы,  мотиватор,  дәнекер  рөлін  атқарады,  өйткені  ақпараттың  көлемі 
бір  мезетте  ұлғайып,  бір  мезетте  ескіріп  отырады.  Осыған  байланысты,  оқытушының 
негізгі  міндеттерінің  бірі  –  сыни  ойлауды  дамыту  әдістерінің  арқасында  барлық  оқу 
тәртібінде, сонымен қатар күнделікті өмірде пайдаланылатын студенттерді дербес жұмыс 
жасау дағдысына үйрету болып табылады. 
Оқу  үрдісінде  белсенді  қатысу  –  шақыру  сатысының  мақсаты,  өйткені  студент  тек 
қатысып  қана  саналы,  мақсатты  ойлай  алады,  өзінің  әрбір  сөзіне  ойша  енеді,  бұл 
ақпаратты  терең  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  сатыда  қызығушылық  тудыру  және 
студенттердің осы тақырып бойынша  мақсаттарын анықтау маңызды болып табылады, 
өйткені адамның дербес қойған мақсаты біреудің міндеттеп қойған мақсатына қарағанда 
әлдеқайда  күштірек.  Қызығушылық  пен  мақсат  студенттердің  белсенділігін  қолдауда 
үлкен  мәнге  ие,  өйткені  жеке  қызығушылық  жеке  мақсатты  тудырады.  Келісе 
алмаушылық  пен  қарама-қайшылықтың  болуы  жаңа  нәрсені  тануға  ынталандырады. 
Материалдарды  графикалық  түрде  ұйымдастыру  арқылы  (үлгілер,  кестелер, 
диаграммалар,  кластерлер  және  т.б.)  ойлау  үрдісі  нақтылы  түрде  іске  асырылады.  Ой 
өрісі,  идеялардың  өзара  байланысы,  ойланып-толғану  стратегиялары  графикалық  сурет 
түрінде  болса  анық,  көрнекі  әрі  түсінікті  болады.  Бұдан  басқа,  материалдарды 
графикалық ұйымдастыру оқытудың барлық этаптарында қолданылуы мүмкін: зерттеуді 
ұйымдастыру тәсілі ретінде, оны қажетті арнаға бағыттау тәсілі ретінде, алынған білімді 
ойланып-толғануды ұйымдастыру құралы ретінде. 
Әрқандай  ойлануда,  мейлі  қай  деңгейде  болсын,  жаңа  нәрсені  іздеу  және  ашу  бар. 
Негізгі  (базалық)  білімі  бар  студент  мәселені  шешу  кезінде  өзіне  жаңалық  ашады,  осы 
пәннің өзіне белгісіз қырларын ашады, демек, ойлаудың шынайы үрдісі іске асады. 
Сыни тұрғыдан ойлау дегенде ойлау үрдісі мен нәтижесін бағалау, күшті және әлсіз 
жерлерін  анықтай  отырып  айқын  әрі  ұқыпты  ойлау  қабілеттілігін  түсінеміз.  Бірақ  бұл 
басқаларға  сыни  қарау  деген  емес.  Сыни  ойлауға  түсіну,  сараптау,  бағалау,  синтездеу 
секілді шығармашылық үрдістер кіреді. Сондықтан ойлауды сыни және шығармашылық 
деген  түрлерге  бөлу  негізсіз  болып  табылады,  өйткені  ойлау  әрқашан  нәтижелі,  демек 
креативті.  Ойлаудың  шығармашылық  сипаты  барлық  этаптарда  ашылады:  білімнен 
бағалауға  дейін.  Алдында  алған  білім  барлық  студентте  бірдей  емес,  сондықтан  осы 
білімдерді шақыру фазасы әртүрлі формада болуы мүмкін. Идеяларды түсіну және оның 
мазмұнындағыларды өз сөзіне айналдыру әр студенттің оқу стиліне байланысты әртүрлі 
болып  өзгеруі  мүмкін.  Білімін  қолдану  төменгі  деңгейде  болуына  қарамастан,  оның 
шығармашылық  бастамасы  бар.  Жоғары  деңгейдегі  шеберлік  (анализ,  синтез,  бағалау), 
сөзсіз  шығармашылық  тәсіл  болып  табылады,  өйткені  байланыстар  мен  қарым-
қатынастарды  анықтау  сыни,  өнімді  ойлауды  қажет  ететін  серпінді  әрі  дамушы  үрдіс 
болып табылады. 
Шет  тілін  оқыту  үрдісінде  сыни  ойлауды  дамыту  тәсілдерін  қолданудың  бірқатар 
артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтары:  
- студенттердің белсенді қатысуы;  
- олардың дербестігі мен креативтілігінің дамуы; 
- танымдық мотивациясының өсуі; 
- мазмұнын жылдам әрі жеңіл түсіну; 
- оқыту механикалық жолмен емес, түсіну арқылы жүзеге асырылады; 
- қызығушылығының артуы; 
- қызығушылықтың ұзақ уақытты болуы. 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау