Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
126
Basic skills of students' self – studying work must be formed in high school. But, as
practice shows, this often happens. students' self – studying work always causes students,
especially first courses, a number of difficulties. The main difficulty is the need to self-
organization of its work.
REFERENCES
1. Konysheva A.V. The organization of independent work of students in a foreign
language. – Saint-Petersburg, 2005. – 208 p.
2. Polat S. New pedagogical and information technologies in education: teaching.
allowance for students.–M.:Publishing House of Academy, 2000. – 272 р.
3. Polat ES. Internet for foreign language lessons // Foreign languages in schools, 2001.
4. Polipov T. A. The introduction of computer technology in teaching a foreign language.
5. Breygina M. E. Project on foreign language lessons. // Foreign languages in school,
2004.
ТҮЙІНДЕМЕ
Рысбекқызы Н.,
оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті)
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ РӨЛІ
Қазіргі таңдағы жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісінің кредиттік жүйемен
оқытылуының өзі студенттерге жоғары деңгейде шетел тілін үйретуге мүмкіндік тудырып
отыр. Себебі кредиттік жүйемен шетел тілін оқыту барысында практикалық сабақтар,
СӨЖЖ, СӨЖ сабақтарында студент оқытушының нұсқауымен өз бетінше іздене алады.
Мақалада жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің өздік жұмыстарының
ұйымдастырылуы туралы айтылған.
Түйін сөздер: өзін-өзі дамыту, өздігінен білім алу, өздік жұмысы, ақпараттық
технология.
РЕЗЮМЕ
Рысбеккызы Н.
преподаватель
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
РОЛЬ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ СТУДЕНТОВ В ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ
В статье рассмотрены возможности преподавания иностранного языка в высших
учебных заведениях по кредитной технологии. По указанию преподавателя студент имеет
возможность работать самостоятельно. В статье также рассматривается организация
самостоятельной работы студентов.
Ключевые слова: саморазвитие, самообразование, инновация, самостоятельная
работа,
индивидуальная работа, информационная технология.
ӘОЖ 372.8:811.111
СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
127
М. М. Снабекова,
магистр, оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Бұл мақалада тіл үйренушілердің сөйлеу қабілеттілігін арттыруға
арналған жаттығулардың (
қарым-қатынас жасау, іс-әрекетті баяндау, баяндама жасау)
түрлері, сол жаттығулардың ерекшеліктері, жаттығуларды орындауға қажетті жағдаяттар
жайлы айтылады. Қарым-қатынас жасау, іс-әрекетті баяндау, баяндама жасау
жаттығуларын орындаудан қалыптасатын қабілеттіліктер туралы баяндалады. Тіл
үйренушілер ресми және бейресми тілдің қандай жағдаяттарда қолданылатындығын
нақты біліп, қолдана алуға жаттығады.
Түйін сөздер: іс-әрекет, қарым-қатынас,
баяндама жасау, дебат.
Ағылшын тілінде шебер сөйлей білу қабілеттілігі бірінші және екінші шетел тілін
үйренушілердің артықшылығы болып табылады. Тіл үйренушілер өздерінің ағылшын
тіліндегі жетістіктерін сөйлеу қабілеттілігінің артуымен бағалайды. Екінші шетел тілін
оқыту курстарында сөйлеу қабілеттілігін арттыру ешқашан еленбей қалмады және ол
методологиялық дебаттардың басты мәселелері болып келеді. Осы мәселелерді шешу
үшін оқытушылар оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыратын әртүрлі: топтық,
ұжымдық және жеке жұмыстарды орындаудың жолдарын қарастырып жатыр (кезектесіп
сөйлеу, мәтін бойынша сөйлеу, сұрақтарға жауап беру).
Баяндамаларды талдау, әңгімелесуді талдау және жалпы талдаулар жазу деңгейінен
сөйлеу баяндамасының өзгешелігінің ашылуына үлкен септігін тигізеді. Бұл
айырмашылықтар ауызша және жазбаша тілдердің неліктен қолданылатындығының
мақсаттарын көрсетеді. Джонестің айтуынша:
Сөйлеу және тыңдауда біз бір нәрсенің орындалғандығын қажет етеміз, олар:
идеялардың туындауы, әлемдегі кейбір аспектерін зерттеу немесе жай ғана бірге болу,
сөйлесу. Жазуда біз жазбаларды жасаймыз, болған жағдайды не сәттерді қағазға түсіреміз
[1].
Зерттеу нәтижесінде бірінші немесе екінші шетел тілінде сөйлеудің құрамалылығын
және қиыншылығын көрсетті. Луома сөйлеу баяндамасының төмендегі ерекшеліктерін
атап көрсетті:
- Идея бірліктерінің құрастырылуы (бөлінбейтін қысқа фразалар);
- Жоспарланбаған (нотациялар) не жоспарланғандығы (әңгіме);
- Жазбаша тілге қарағанда анық және жалпы
сөздердің қолданылуы;
- Тұрақты
сөз тіркестері, толықтырушы және құбылмалы сөздердің қолданылуы;
- Сөйлеу процесіндегі ой елегінен өткізудегі қателіктер;
- Құрмалас байланыс (біріккен байланыс);
- Өзгерістердің болуы (ресми тілдің бейресми тілге ауысуы), сөйлеуші рөлінің әсері,
сөйлеуге қойылған мақсат және контекст [2].
Сөйлеуге күнделікті өмірде қажет болатын және сөйлеу қабілеттілігін арттыруда
студенттердің өз қажеттіліктерінен туындайтын әртүрлі мақсаттарға арналған
жаттығуларды таңдау қажет.
Адамдардың өзара байланыстары үшін сөйлеу функциясын классификациялаудың
көптеген амалдары жасалады. Солардың бірі – сөйлеудің қарым-қатынас функциясы
(әлеуметтік байланыстарды орнату қызметін атқарады) мен келісім функциясы (ақпарат
алмасу қызметін атқарады) арасындағы қажетті өзгешеліктердің болуы [3]. Мен тақырып
бойынша материалдарды құрастырғанда осы
қарым-қатынас жасау, іс-әрекетті баяндау,