Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет50/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
104 
пәнге  деген  қызығушылығын,  ынтасын  арттыруында  болып  табылады.  Оқудың  алғашқы 
кезінде  оқушының  тілдік  материалдарды  жеңіл  меңгеріп  кетуіне  көмектеседі.  Ойын 
түрлері  дұрыс  өткізілген  сабақта  оқушылардың  тілді  үйренуіне  ынтасы  артып,  сол  тілді 
білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын 
элементтері болып саналады. Ойын оқушыға бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру 
дағдысының  қалыптасуына  мүмкіндік  туғызады  [1.33].    Ағылшын  тілін  оқытуда  ойын 
түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді:                                             
1. Алфавитті дұрыс меңгерту; 
2. Орфографияны дұрыс оқыту; 
3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру; 
4. Лексиканы меңгерту; 
5. Оқушылардың  ойын  дамыту,  дұрыс  жазу,  дұрыс  айту,  дұрыс  білу  дағдысын 
қалыптастыру. 
6.  Оқушыларды  шетел  тілінде  қарым-қатынас  жасауда  әрбір  мұғалім  өз 
сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, 
оқушылардың  тілге  деген  қызығушылығын  арттыруға  білім  деңгейін  тексеру  құралы 
ретінде пайдалануға болады. Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл 
қорына сай болу керек. Мұғалім кез келген ойынды өткізу үшін алдын ала жоспар құрып 
алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды 
біліп, оны орындауы тиіс. 
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады: 
1. Ойынның өтілетін сабақтардың мазмұны мен тақырыбына сай болуы. 
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу. 
3. Ойынның ойналу түрі – топ болып ойнау. 
4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы. 
5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау. 
6. Ойындардың өту   барысының жоспарын жасау. 
Мұғалім алдымен оқушының оқуға деген қызығушылығын оятуы қажет. Оқушының 
қызығу  жәрдемімен  оқып  үйрену  барысында  қабілеті  ашылып,  дарыны  ұшталады,  өз 
күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара  тұлғалық  сипаттарға  ие 
бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді 
пайдаланылған  ойын  түрлері  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын  оқушылардың 
зор  ынтамен  тыңдап,  берік  меңгеруіне  көмектеседі.  Өйткені  төменгі  сыныптағы 
оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен 
кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар 
барлық сыныптарда қолданылады. Сонымен бірге, сынып ішінде ойнайтын ойындар мен 
іс-әрекеттер  арқылы  да  оқытуға  болады.  Біз  сынып  ішінде  ойындарды  қашан 
қолдануымыз  керек.  Мысалы,  сабақ  үстінде  жаңа  сөздерді  қайталау  үшін,  өтілген  жаңа 
сабақты  еске  түсіру  үшін  қолданған  жөн.  Сынып  ішінде  мынадай  ойындарды  ойнауға 
болады:  
What’s in the bag? 
Heads  and Tails 
Travelog 
Board Race 
Order  Race 
Question race 


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
105 
 
Бұл  ойындар  оқушылардың  танымын  кеңейтіп,  білім  мен  білік  шеберліктерінің  жан-
жақты  дамуына,  қалыптасуына,  тілдік  материалдарды  жақсы  біліп,  сөз  іскерліктерін 
меңгеруіне көп көмектеседі [2.48]. 
Ойындар  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын,  ақыл-ой  белсенділігін 
қалыптастырудың  маңызды  құралы  бола  отырып,  олардың  бағдарлама  материалының 
негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді. 
Бұл  ойындар  балалардың  сабақ  үстіндегі  жұмысын  түрлендіре  түседі,  олардың  пәнге 
қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау 
қабілеттерін  дамытады.  Ойындар  арнайы  мақсатты  көздейді  және  нақты  міндеттерді 
шешеді.  Ойынның  мақсаты  бағдарламада  анықталған  білім,  білік,  дағдылар  жайында 
түсінік беру, оларды қалыптастыру және тиянақтау, пысықтау немесе тексеру сипатында 
болып  келеді.  Ойынның  міндеті  баланың  қызығушылығын  оятып,  белсенділігін  арттыру 
мақсатында  іріктеліп  алынған  нақты  мазмұнымен  анықталады.  Ойын  ұғымына  түсінік 
берсек,  бұл  баланың  мінез-құлқына  өзі  басқарумен  қатар  топпен  жұмыс  жүргізе  білу 
әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. 
Сондықтан  бағдарлама  бойынша  бекітілген  оқыту  үрдісінде  ойын  түрлерін  сабақ 
үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек. Ағылшын  тілі  пәнінде  көбіне  рольдік  ойындар, 
грамматикалық ойындар, лексикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын – 
оқу,  еңбек  іс-әрекеттерімен  бірге  адамның  өмір  сүруінің  маңызды  бір  түрі.  Іс-әрекетті 
кесте  түрінде  қарастырсақ,  оқушының  белсенділігі  мен  білім  сапасын  көрсетеді.  Білім 
алумен  оқушылардың  қызығуы  артады.  Оқушыны  топпен  жұмыс  істеуге  үйретеді.  Бала 
еңбек  етуге  дағдыланады.  Танымдық  әрекеттерді  қалыптастырады.  Ұйымшылдық 
қабілетті  жетілдіреді.  Ойлау  қабілеті  артады.  Ойынның  өзіне  тән  мотивтері  болады. 
Мысалы:  мазмұндық,  рөлдік  ойындар  баланың  зейінін,  есін,  ойлауын,  қиялын 
қалыптастыруда  зор  маңыз  атқарады.  Ойын  әсері  арқылы  бала  өз  қасиетін  қалай 
қанағаттандыра  алатындығын,  қандай  қабілеті  бар  екенін  байқап  көреді.  Ал,  ақыл-ой 
ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, 
байқағыштығын,  зейінділігін  арттырумен  қатар,  ерік  сезім  түрлерін  дамытады.  Ойын 
түрлері  өте  көп.  Соның  ішінде  сабақта  пайдаланылатын  танымдық  ойындар,  сөздік 
ойындар  жан-жақты  дамытып,  білімді  толық  игеруіне  көмектеседі.  Ойын  түрлерінің 
материалдары  сабақтың  тақырыбы  мен  мазмұнына  неғұрлым  сәйкес  келсе,  оның 
танымдық,  тәрбиелік  маңызы  арта  түседі.
 
Оны  тиімді  пайдалану  –  сабақтың  әсерлілігін, 
тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады.  
Ойынды сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап, қолданып 
отырады [3.124]. 
1. «What’s  in  the  bag?»  –  «Сөмкеде  не  бар?»  ойыны  (Лексикалық  ойын).  Мұғалім 
алдымен балаларға бір сөмке алып келеді. Балалардан сұрайды: – Балалар сөмкеде не бар? 
–  Балалар  сөмкенің  ішінде  дәптер,  қалам,  кітап  бар  деп  айта  бастайды.  Мұғалім  бұл 
ойынды  сабақ  соңында  қолданса  болады.  Әсіресе,  жаңа  сөздерді  еске  түсіру  үшін 
қолдануға  болады.  Мұғалім  сөмкенің  ішіндегі  заттармен  таныстырады.  Сөмкеде  не  бар? 
Мұғалім  оқушылардан  «What’s  this?»  сұрағы  арқылы  затты  көрсету  арқылы  сұрайды. 
Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке 
қайталатады.  Сөздерді  ұмытпау  керек.  Сосын  оқушыларға  сөмке  ішіндегі  заттарды 
таратып  беріп,  оқушылардан  осы  заттарды  мына  сұрақ  арқылы  сұрауға  да  болады. 
Мысалы:  «Who  has  a  pencil? Who  has  a  ruller?».  Жауап  бергенде  оқушылар  кімде  екенін 
табу  керек.  Оқушылар  тапса  «Zhanar  has  a  pencil»  деп  табу  керек.  Бұл  ойын  арқылы 
оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығы  артып,  сөздік  қорлары  молайып,  есте  сақтау 
қабілеті артады. 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау