Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет43/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
90 
Мұғалім педагогикалық үрдісті жүзеге асыру теориясы мен технологиясын меңгере 
отырып, іс-әрекет  пен  қатынасты алдын ала дайындалған оқушылармен ғана  емес, бүкіл 
сыныппен  (топшамен)  ұйымдастыра  алады.  Басқа  қазіргі  педагогикалық  технологиялар 
мұғалімдер  арқылы  проблемалық  оқыту  және  т.б.  технологияларға  негізделіп 
«құрастырылуы»  мүмкін.  Жалпы,  педагогикалық  технология  түрлерін  таңдау  білім  беру 
саясатына,  білім  беру  реформасына,  дидактикалық  тұжырымдамаларға  немесе  оқыту 
теориясы,  мақсат  пен  тәрбиелеу  және  оқыту  міндеттеріне,  педагогтық  кәсіби  және  жеке 
тұлғалық қасиеттеріне, әдіснамалық бағытына байланысты жүзеге асырылады. Оқытудың 
жаңа  технологиясы  –  алға  қойған  мақсатқа  жетудің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін 
оқытудың  әдіс-құрал  және  түрлерінің  жүйесі  арқылы  оқыту  мазмұнын  жүзеге  асыру 
жолы.  Сөйтіп,  оқыту  технологиясында  мазмұн,  әдіс  және  құралдардың  өзара  байланысы 
мен  себептілігі  жатыр,  ал  қажетті  мазмұнды,  тиімді  әдістер  мен  құралдарды  бағдарлама 
мен  қойылған  педагогикалық  міндетке  сәйкес  іріктей  білу  мұғалімнің  педагогикалық 
шеберлігіне  байланысты.  Ғылыми  әдебиеттерге  берілген  анықтамалардан  біз 
«технология»  –  teche  –  өнер,  шеберлік  және  logos  –  ғылым,  заң,  бір  сөзбен  айтқанда, 
технология  дегеніміз  –  шеберлік  туралы  ғылым  екенін  көреміз.  Жалпы  алғанда,  оқу 
мазмұнының  мақсаты  –  оқушының  қабілеттілігі  мен  табиғи  алғырлығын,  ынтасын 
дамыту,  мүддесі  мен  қызығуын  жүзеге  асыруын  қамтамасыз  ету,  шығармашылық  ойын 
қалыптастыруға қажетті білім, білік және дағдыларымен қаруландыру арқылы кез келген 
салада  қызмет  етуге  және  тез  өзгеріп  отыратын  заман  талабына  бейімделе  алатын 
түлектерді  тәрбиелеу.  Оқытудың  жаңа  технологиясы  оқыту  теориясын  бейнелейді  және 
оқытудың  технологиялық  деңгейін  көрсететін  стратегиясы  мен  тактикасы  болып 
табылады. 
Мектептің  білім  беру  үрдісінде  ұжымдық  оқыту  ерекше  орын  алады.  Ұжымдық 
оқыту  білімді  жеке  тұлғаға  қарай  бағыттай  беру  технологиясына  жатады.  Ұжымдық 
атқарудың  негізі  1930  жылдары  еңбек  еткен  практик-мұғалім  А.Ривиннің  ізденісінен 
туған. Ұжымдық оқыту технологиясының маңызын ұлы педагог Я.Коменский дәлелдеген. 
Жалпы  педагогикалық  технологияларға  тиесілі  мынадай  маңызды  белгілері  бар: 
жүйелілік,  стандарттау,  педагог  пен  оқушылардың  біріккен  іс-әрекеттері,  адамзаттың 
тарихи  ресурстарының  оңтайлылығы  мен  бірлігі.  Білім  берудің  бүгінгі  бағдары  – 
шығармашылық  қабілеті  бар  адамдардың  жаңа  генерациясын,  дамыған  дүниетанымдық 
мәдениеті бар, дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын ұшқыр ойлы, қиындықтарға 
төтеп  бере  алатын  ұрпақты  қалыптастыру.  Аталған  қасиеттер  оқушылардың  танымдық 
мотивациялары  мен  белсенділіктеріне  ықпал  ететін  оқытудың  интерактивтік  әдістерін 
тиімді  әрі  шеберлікпен  қолдану  арқылы  қалыптасады.  Н.Ярошенко,  С.Смирнов, 
Л.Семушина,  В.Лядис,  А.Смалкин  сияқты  ғалымдар  өз  еңбектерінде  оқу  үрдісінде 
оқушылардың  белсенділігін  арттыруда  оқытудың  белсенді  әдістерін  қолданудың 
маңыздылығын  атайды.  Оқытудың  белсенді    әдістеріне  бағдарлап  оқыту,  проблемалық 
оқыту, интерактивтік оқыту жатады. 
Интерактивтік  оқыту  –  ақпараттық  технологиялармен,  дистанттық  білім  берумен, 
интернет  ресурстарын  қолданумен,  электрондық  оқулықтар  мен  анықтамаларды,  онлайн 
режіміндегі  еңбектерді  пайдаланумен  байланысты.  Қазіргі  интерактивтік  оқыту  әдістері 
мен формаларына төмендегілер жатады: кейс әдісі (нақты өндірістік жағдайларды талдау); 
дербес  және  топтық  тәжірибелік  жаттығулар;  жағдайларды  моделдеу;  эвристикалық 
әңгіме; дискуссия (пікірталас); бизнес – жоспар және әртүрлі бағдарламаларды жобалау. 
Интерактивтік  оқыту  әдістері  мен  түрлерінің  ішінде  кейс  әдісі  мен  модерациялық 
оқыту  түрі  білім  беру  жүйесінде  қолданылып  жүр.  «Кейс»  сөзі  ағылшынша  «case»  – 
«жағдай»  дегенді  білдіреді.  Кейс  әдісі  –  нақты  экономикалық  және  әлеуметтік 


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
91 
 
жағдайларды сипаттауда қолданылатын оқыту техникасы. Ең алғаш «Кейс – стади» 1924 
жылы  Гарвард  университетінде  қолданылды.  Кейс  әдісіне  моделдеу,  жүйелі  талдау, 
проблемалық  әдіс,  ойша  эксперимент,  сипаттау  әдісі,  топтастыру,  пікірталас,  ойын  әдісі 
кіреді. Бұл әдістерді, әсіресе, шет тілі сабағында көп қолданып жүр. 
Модерация – латын тілінде «реттеу», «басқару», «жетекшілік ету» дегенді білдіреді. 
Модерация  оқытуда  инновациялық  және  интерактивтік  оқыту  әдістерін  қолдану  арқылы 
жүргізіледі. Модерация ең алғаш рет ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Германияда 
экономика  мен  саясат  саласына  демократиялық  жағдайларды  енгізу  мақсатында 
қолданылды. Қазіргі кездері Еуропа елдеріндегі мектеп ісін ұйымдастыру мен басшылық 
етуде  қолданылады.  Модерацияның  негізгі  элементтеріне  жетекшілік  және  көмек 
көрсетушілік,  білімді  жетілдіру  курстары  визуализация,  білім  беру  үрдісінің 
ұйымдастырылған  құрылымы  (дербес  жұмыс,  жұптасқан  жұмыс,  топтық  жұмыс,  кері 
байланыс, ұжымдық жұмыс), шағын топтардағы жұмыс, кері байланыс орнату, жағымды 
климат орнату жатады. 
Заман  талабына  қарай  әр  мұғалім  өз  іс-әрекетіне  қажетті  өзгерістерге  сай  әртүрлі 
тәжірибелер  жөніндегі  мәліметтерде  жаңа  әдіс-тәсілдерді  дер  кезінде  қабылдап,  дұрыс 
пайдалана  білуі  керек.  Сонымен  қатар,  мектептегі  оқу-тәрбие  жүйесі,  мұғалім  –  оқушы 
арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді 
қажет етіп отыр. Сондықтан келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде 
мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі 
маңызды мәселелердің бірі болып табылады. 
Елімізде  білім  беру  саласында  жаңа  ақпараттық  технологияларды,  техникалық 
құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің қызметін жеңілдетіп, осы іскерліктің 
ұстанымды  жаңа  тәсілдерінің  пайда  болуына  мүмкіндік  туғызады.  Осындай  жолдардың 
бірі  –  педагогикалық  іс-әрекеттің  мазмұны  мен  формасын  толықтыру  негізінде  оқыту 
үрдісін жетілдіру болып табылады.
 
Интерактивті  құралдарды  сабаққа  пайдаланғанда  дидактикалық  мәселені  шешуге 
көмектеседі.  Яғни,  базалық  білімді  меңгеру,  алған  білімді  жүйелеу,  өзін-өзі  бақылау 
дағдыларын  қалыптастыру,  оқуға  деген  ынтасын  арттыру,  оқушыларға  оқу 
материалдарымен  өздігінен  жұмыс  істеуге  әдістемелік  көмек  беру,  ақпаратты  меңгеруін 
тексеру.  Сонымен,  интерактивтік  тақта  сабаққа  қатысушылардың  барлығының  ойын  бір 
ортаға  жинақтауға  көмектеседі.  Сабақ  уақытын  үнемдеу,  демонстрациялық  материалдар 
даярлау  мақсатында  интерактивті  тақтаны  пайдаланудың  қажеттілігі  жоғары.  Ол  оқыту 
мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030» бағдарламасы. – Алматы, 1998.– 140 б. 
2. Педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыруда  оқытудың  жаңа  технологияларын 
енгізудің тиімді жолдары. – Алматы, 2006. – 241 б. 
3. Қадірқайырұлы  Қ.,  Монахов  В.М.,  Оразбекова  Л.,  Әлдібаева  Т.  Оқытудың 
педагогикалық жаңа технологиясы. – Алматы, 1999. – 196 б. 
4. Оспанбекова  Н.Ж.,  Чанбаева  М.Қ.  Болашақ  мұғалімдерді  дайындауда  ақпараттық 
технологияларды пайдалану. – Алматы, 2013. – 245 б. 
5. Авдарсолқызы  С.,  Авдарсолұлы  М.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны 
оқыту. – Алматы, 2013. –198 б. 
6. Қармысова Л. Интерактивтік оқыту // Қазақстан мектебі. 3/2011. 
 
 
 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау