Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
82
жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен
қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін де ұмытпауға тиіспіз» деген міндетті
белгілейді. Яғни, студенттердің сөйлеу әрекетін дамытудағы мақсат – ол шет тілі
сабағында студенттердің сөйлеу дағдысын дамыту. Шет тілі сабақтарында компьютер
бағдарламалары арқылы лексиканы үйрене алады, екеуара және дара сөйлеуге үйрету,
жазуға үйрету, грамматикалық құбылыстарды игеруге бейімдейді. Мультимедиялық
бағдарламаны қолдану әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әртүрлі сөйлеу түрлерін
жаттықтыруға және оларды әртүрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге,
лингвистикалық қабілеттерін қалыптастыруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін
машықтандыруға, сонымен бірге білім алушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізуіне
мүмкіндік алады. Жоғары оқу орындарында студенттердің ауызша сөйлеу әрекетіне
байланысты білім, білік, дағды ерекшеліктерін қалыптастырудағы дамыта оқытудың әдіс-
тәсілдерін белгілеу мен жаттығулар жүйесін жасаумен қатар ауызша сөйлеу әрекетін
тыңдап, түсіну, айту, мәнерлеп оқу және ауызша сөйлеудің нормаларын
қалыптастырудың әдістемесін сипаттау болып табылады. Қазіргі кезде де қабілетті, өз
бетінше ойлай білетін, шығармашылықпен айналысатын жастарды тәрбиелеу қандай да
оқу мекемелерінің басты мақсаты. Ақпараттық технология шетел тілін игеруге үлкен
мүмкіншіліктер алады, білім алушыларға ағылшын тілін игеруге қосымша мүмкіндік
береді. Ағылшын тілі сабағында интернет желісін пайдалана отырып, бірқатар
дидактикалық мәселелерді шешуге болады: оқу біліктілігін дамытады, білім
алушылардың жазу қабілетін дамытады, сөздік қорын байытады, білім алушылардың
ағылшын тілін білуге деген ынтасын одан әрі арттырады. Егер студенттерге білім беру
және іскерлік пен дағдыны сіңдіру процесі педагогикалық қарым-қатынастың қандай
ынталандырушы түрінде берілгендігі және ұйымдастырушылығы ескерілмесе, онда
сабақтың сәтті болуын мәтіндердің мазмұны да, тиімді жаттығуларды да, әдіс-тәсілдер
мен құралдарды іріктеп алу да қамтамасыз ете алмайды. Сабақта қарым-қатынас кезінде
сезімталдық пен тілектестік, табиғилық пен еркіндік, адамгершілік жағдайын жасау
студенттің тілдік қызметін және белсенділігін жандандырады. Мұндай жағдайда
ынтымақтастық жайында, адамгершілік қарым-қатынасын тәрбиелеу туралы, әрқайсысын
белсенді іс-әрекетке тарту жөнінде сөз қозғау бекер. Тек адамгершілік, тілектестік өзара
көмек пен ынталандырушылық жағдайында студенттер өздерін іштей еркін сезінеді,
педагогикалық ықпалына қарай белсенділік танытады, батылырақ сөйлейді. Алайда бәрін
бірдей емес, өзінің қаталдығын, талап ете білетіндігін адамгершілік, жаны ашығандық,
жігерлендіргіштік және көмек берушілік жағдайында танытатын ұстаздарды сыйлайды.
Осындай жағдайларды қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі – оқыту процесі
кезіндегі педагогикалық қарым-қатынастардың сыпайылық және әдептілік қағидасы.
Адамдар қарым-қатынасындағы сөйлеу әдебінің нормасы сол тілде сөйлейтін
халықтардың тарихи, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерде көрініс тапқан едәуір
ұлттық ерекшеліктермен және өзіндік өзгешелігімен сипатталады. Бірақта жалпыға бірдей
қағидалар да бар. Егер адамдар өзара түсіністікке қол жеткізгісі келсе, онда олар сол
жолға бірдей қағидаларды басшылыққа алады. Бұл қағидалар қарым-қатынас жасаудың,
тіл табысудың анық та айқын түрін қолдану қажеттігіне басымдық береді. Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында:
«Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды
ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру
мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады», – деп атап көрсетілген.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
83
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың
2012 жылы 27 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту
– Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауы, Оңтүстік Қазақстан, 28 қаңтар 2012.
2. Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі // Қазақстан мектебі,
№2 – 2000.
3. Выготский Л.С. Избранные психологические исследования. – М.: Издания АПН
РСФСР. 1956.
4. Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңы». – Астана, 2007.
5. Қазақстан Республикасының педагогикалық білім беру стандарты. – Алматы,
2001.
РЕЗЮМЕ
Алдибекова А.И.,
преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ РЕЧЕВЫХ НАВЫКОВ СТУДЕНТОВ НА
ИНОСТРАННОМ ЯЗЫКЕ
В статье рассматриваются пути формирования речевых навыков на иностранном
языке. На уроках английского языка можно решить дидактические проблемы путем
использования интернета.
Ключевые слова: навыки правильного общения и правописания, развитие
разновидности общения, принципы вежливости и скромности, информационная
технология.
SUMMARY
Aldibekovа A.I.,
teacher
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
WAYS OF FORMING STUDENTS’
COMMUNICATION SKILLS
IN FOREIGN
LANGUAGES
This article is about forming foreign language speech skills. At the lessons of foreign
languages didactic problems can be solved with the help of using internet.
Keywords: communication skills and the correct writing, the development of varieties of
communication, principles of politeness and modesty, information technology.
UDC 372.881.111.1
ENGLISH TEACHING METHODOLOGY AND IT'S EVOLUTION
John Pennellо,
Professor of English
and Chinese languages
(USA, New Jersey University)
Достарыңызбен бөлісу: |