Linux операциялық ЖҮйесі



жүктеу 411,47 Kb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата29.05.2018
өлшемі411,47 Kb.
#18227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

12 

 

шақыруды  autoexec.bat  файлына  жазуға  болады  және  командалық  файлды 



жазуға болады.  

2.3.5  Жоғарыдағы  мәліметтер  bat  файлдар  үшін  жеткілікті.  Егер 

компьютерде Windows 95 және Linux орнатылған болса, Linux-ты графикалық 

қабықшамен  жіберместен  бұрын  кейбір  жасырын  файлдарды  өшіріп  қойып, 

C:\Msdos.sys файлына өзгерістер енгізіледі, яғни: 

 

Boot GUI=0; 



Logo = 0. 

 

Бірінші  жолда  графикалық  жолдарды  өшіріп,  Windows  95  мәзірінен 



DOS  командалық  жолына  өтуді  таңдаймыз.  Графикалық  қабықшаны  жүктеу 

үшін C:>win командасын енгізу керек. Logo=0 Windows логотипін шығаруды 

өшіреді. Windows логотипі бейнеленген кезде кейбір жағдайларда графикалық 

адаптерлер үшін «бос» экран шығуы мүмкін. 

 

2.4 

Бақылау сұрақтары 

 

2.4.1  Дистрибутив дегеніміз не? 



2.4.2  Аппараттық  құрылғыларды  және  бағдарламалардың  орындалуын 

басқаратын операциялық жүйенің анықтаушы негізгі бөлімі калай аталады? 

2.4.3  Файлдық құрылылым қандай қызмет атқарады? 

2.4.4  Команда интерпретаторының ерекшеліктері. 

2.4.5  Ядроны RAM дискіден орнату командасын жазыңыз. 

2.4.6  Команданың барлық аргументтері қандай файлға жазылады? 

2.4.7  Графикалық қабықшаны жүктеу командасын көрсетіңіз. 

 

 



3  Зертханалық  жұмыс

 

№3.  Бағдарламалық  қамтамасыз  етуді 

жүктеу 

 

Жұмыстың мақсаты: бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеу. 

 

3.1  Жұмыс тапсырмасы 

 

1) Графикалық менеджермен жұмыс жасау. 

2) Pепозитарийді баптау. 

3) Dpkg және apt бағдарламаларымен жұмыс жасау. 



 

3.2  Теориялық мәліметтер 

 

Компьютердегі  орындалатын  барлық  операциялар  бағдарламаның 

көмегімен  жүзеге  асады.  Компьютерде  жұмыс  жасайтын  көптеген  адамдар 

қажетті  бағдарламаны  өздігінен  құрмайды,  тек  дайын  жобаны  пайдаланады. 




13 

 

Сондықтан,  оларды  пайдаланушылар  деп  атайды.  Пайдаланушының 



компьютерлік  сауаттылығы  болуы  қажет.  Басқаша  айтқанда,  пайдаланушы 

ЭЕМ-ді қолданып  оқу,  жазу,  санау  және  сурет  салу,  сондай-ақ  ақпараттарды 

іздеу әрекеттерін орындай алуы керек.  

Бағдарлама  дегеніміз  магниттік  тасымалдаушыда  файл  түрінде 

сақталып,  әрбір  адамның  командасы  бойынша  компьютер  жадына  жүктеліп, 

орындауға  арналған  машина  тіліндегі  нұсқаулар  жиыны.  Бағдарламаны 

жүктеу  –  бағдарламаны  компьютердің  сыртқы  жадынан  оның  жедел  жадына 

көшіру.  Бағдарламалық  пакет  (десте)  дегеніміз  компьютерде  пайдалануға 

толық  дайын  бағдарламалар,  мәліметтер,  құжаттар  және  басқа  да 

материалдардың жинағы. Бағдарламалық пакеттің екі түрі болады: DEB-пакет 

және  RPM-пакет.  Linux  Ubuntu  операциялық  жүйесінде  DEB-пакет 

қолданылады.  

Бағдарламаның  түрлері:  жүйелік  бағдарлама,  қолданбалы  бағдарлама, 

мультимедиалық  бағдарлама,  мамандандырылған  бағдарламалар,  ойын 

бағдарламалары, оқыту бағдарламалары және т.б. 

Жүйелік  бағдарлама  дегеніміз  операциялық  жүйенің  мүмкіндіктерін 

арттыратын  және  компьютердің  барлық  компоненттерінің  жұмысын 

басқаратын  бағдарлама.  Жүйелік  бағдарламалық  жасақтама  компьютерді 

пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру 

мен  қолданбалы  бағдарламалар  әзірлеуді  автоматтандыруға  арналған.  Оған 

операциялық жүйелер, утилиттер, сервистік бағдарламалар жатады.  

Операциялық  жүйе  компьютер  мен  басқа  бағдарламалар  арасындағы 

алғашқы  және  негізгі  дәнекер.  Егер  компьютерге  операциялық  жүйе 

орнатылмаса,  онда  компьютер  бірде-бір  команданы  орындай  алмайды,  тіпті 

жүктеле алмайды. Операциялық жүйеге келесі тарауда кеңінен тоқталамыз.  

Қолданбалы  бағдарлама  –  пайдаланушының  қолданбалы  мәселелерді 

шешуге  арналған  немесе  нақты  тапсырманы  орындайтын  бағдарламасы. 

Қолданбалы  бағдарламаға  мәтіндік  процессорды,  электрондық  кестені, 

мәліметтер  базасын  және  т.б.  жатқызуға  болады.  Белгілі  бір  саладағы 

мәселелерді 

шешуге 

арналған 



бағдарламалар 

жиыны 


қолданбалы 

бағдарламалар  дестесін  құрайды.  Мысалы:  кәсіптік  мәселелерді  шешуге 

бейімделген қолданбалы бағдарламалар. 

Linux  операциялық  жүйесінде  бағдарламалар  менеджер  көмегімен 

жүктеледі.  Менеджерде  бағдарламалық  файлдармен  қатар  конфигурациялық 

және  көмекші  файлдар  орналасқан.  Linux  Ubuntu  операциялық  жүйесінің 

менеджері dpkg деп аталады. Ол командалық жол негізінде жұмыс жасайды.  

Репозитарий – пакеттер қоймасы. Онда пакеттермен қатар, олар туралы 

мәліметтер 

сақталады. 

Ubuntu 

операциялық 



жүйесінің 

барлық 


репозитарийларын интернеттен табуға болады.  

Репозитарий түрлері:  



Main – ашық кодты қосымшаларды құрайды



Universe 

– 

Linux 


қолдайтын 

тәуелсіз 

бағдарламалық 

қамтамасыздандыру; 




14 

 

Restricted – құрылғы драйверлерін қамтиды; 

Multiverse  –  заңдермен  және  патенттермен  құқығы  шектелген 

бағдарламалар жиыны.  

Менеджердің  қай  репозитарий  арқылы  пакеттерді  алатынын  анықтауға 

болады.  Ол  үшін  Баптау  (Настройки)  –  Репозитарийлар  (Репозитарии) 

командасы  қолданылады.  Көптеген  жағдайда  барлық  репозитарийлер 

қолданылады.  

 

3.3  Зертханалық жұмысты орындау реті 

 

3.3.1  Графикалық  менеджермен  жұмыс  жасау  үшін  келесі  командалар 

тізбегін 

орындаймыз: 

Жүйе 

(Система) 



– 

Администрациялау 

(Администрирование)  –  Synaptic  пакеттер  менеджері  (Менеджер  пакетов 

Synaptic). Жүйе сізден пароль енгізуіңізді талап етеді. Пароль ретінде жүйені 

жүктеу кезінде қолданылатын пароль қолданылады.  

Synaptic  терезесіне  назар  аударыңыз.  Онда  сол  жағында  пакет 

бөлімдерінің атаулары жазылған. Егер пакет орнатылған болса, онда ол жасыл 

квадратпен белгіленеді. Егер пакет орнатылмаған болса ол сары жұлдызшалы 

ақ  квадратпен  белгіленеді.  Терезенің  жоғарғы  жағында  құрал-саймандар 

тақтасы  орналасқан.  Ал  терезенің  төменгі  жағында  пакеттер  туралы 

мәліметтер келтірілген.   

3.3.2  Репозитарийді баптау үшін Баптау (Настройки)  – Репозитарийлар 

(Репозитарии)  командасын  орындаймыз.  Көптеген  жағдайда  барлық 

репозитарийлер  қолданылады.  Орнатылған  пакеттер  туралы  мәліметтер  алу 

үшін  пакеттер  менеджері  репозитарийлар  орналасқан  серверге  қосылады. 

Нәтижесінде  оның  мәліметтер  қоры  жаңарады.  Енді  қандай  да  бір  пакетті 

орнатуға болады.  

Мысалы,  mc  пакетін  орнатуды  қарастырайық.  Алдымен  пакет 

менеджерінің  құрал-саймандар  тақтасынан  «Іздеу»  пернесін  таңдаймыз. 

Ашылған  сұқьат  терезеге  ізделінді  пакет  атауын  жазамыз.  Біздің  мысалда 

«mc»  деп  жазамыз.  Нәтижесінде  экранға  «mc»  сөзін  қамтитын  барлық 

пакеттер атауы шығады. Табылған mc атауын белгілеп, Пакет  – Орнату үшін 

белгілеу  (Отметить  для  установки)  командалар  тізбегін  орындаймыз.  mc 

пакетінің  пиктограммасы  өзгеріп,  жұлдызша  орнына  стрелка  пайда  болады. 

Ол  пакеттің  орнату  үшін  белгіленгенін  білдіреді.  Сонымен  қатар  Қолдану 

(Применить)  батырмасы  белсенді  түрге  енеді.  Әрбір  файлдың  жүктелгенін 

бақылап  отыру  үшін  «Жекелеген  файлдардың  орнатылуын  көрсету 

(Показывать прогресс для одиночных файлов)» батырмасы қолданылады.  

3.3.3  dpkg  бағдарламасы  пакеттерді  орнату  үшін  ғана  емес,  сонымен 

қатар оларды өшіру және баптау үшін қолданылады. Бұл команда командалық 

жол  режимінде  орындалады.  Сондықтан,  алдымен  терминалды  жүктейміз. 

Оны жүктеу үшін root құқығы керек: 

sudo dpkg [кілттер] пакеттер 

 



жүктеу 411,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау