27
7.4.2 Файл дегеніміз не?
7.4.3 Каталог дегеніміз не?
7.4.4 Файлдармен жұмыс жасауға арналған негізгі командаларды
атаңыз.
7.4.5 Каталогтармен жұмыс жасауға арналған негізгі командаларды
атаңыз.
7.4.6 touch, cat, tac командалары қандай қызмет атқарады?
7.4.7 mkdir және rmdir командаларының айырмашылығы неде?
8 Зертханалық жұмыс
№ 8. Қатынас құру құқығын өзгертуге
арналған командалар
Жұмыстың мақсаты: қатынас құру құқығын өзгерту.
8.1 Жұмыстың тапсырмалары
1) Қатынас құру құқығын анықтау.
2) Файлды тек қана оқу құқығын тағайындау.
3) Файлды оқу және өзгерту құқығын тағайындау.
4) Файлды ашу құқығын шектеу.
8.2 Теориялық мәліметтер
Message командасы жүктелу кезіндегі кездейсоқ хабарламаларды
баяндайды. Image жолынан бастап әр түрлі операциялық жүйеге сәйкес
келетін конфигурациялық файлдардың секциясы жүреді. Әрбір осындай
секцияда label жолы бар. Бұл жолда Lilo-ның шақырылуына жауап жазылады
немесе командалық мәзір ретінде беріліп, жүктелетін операциялық жүйені
қолданушы таңдап алады. Егер delay жолында ат енгізілмесе, уақыт өткеннен
кейін файлда бірінші тұрған операциялық жүйе таңдалып жүктеледі.
Жүктелетін жүйені келісім бойынша default=dos командасымен жазуға
болады.
Table=
жолы диск бөлу кестесі тұрған орынды көрсетеді. Lilo
дисктерді бөлу туралы ақпараттарды операциялық жүйеге бермейді.
Егер сіз other=/dev/hdal жолын etc/lilo.conf файлында көрсетсеңіз, онда
C:\dev\hdal түбір каталогында екінші жүктелуші болу керек. Компьютерде көп
вариантты жүктелу болғанда Lilo Windows NT-ні жүктейді. Бірақ, boot.ini
файлында уақыт ұстанымын 0 деп белгілеу керек, өйткені NT Loader мәзірін
алмау үшін жасалады. Егер сіз бұл мәзірді көргіңіз келсе, boot.ini файлында
timeout 0-ден өзгеше мән беру керек. Мән секундпен беріледі.
Егер сіз Windows операциялық жүйесін Lilo-ның көмегінсіз жүктегіңіз
келсе /etc/lilo.conf файлына бір секция қосамыз:
28
Other = /boot/bootsect.dos;
Label=Win.
Bootsect.dos файлы NT loader тұрған түбір каталогтан алынады.
/etc/lilo.conf файлын түзеткеннен кейін /etc/lilo командасын орындаңыз.
Бұл команда машинаның келесі жүктелуінде жүйенің екінші жүктеушісін
орнатады. /etc/lilo-ны жіберместен бұрын, жүктелетін процедуралар
модификациясы үшін бұл команданы t-параметрімен орындаңыз. Осы кезде
жүктеушінің барлық процедуралары орындалады, бірақ map файлдарға
жүктелу секторының өзгерген жазбалары, дискті бөлу кестесі өзгеріссіз
қалады.
Егер v-операциясын қоссаңыз /etc/lilo.conf командасы туралы толық
мәлімет аласыз.
/sbin/lilo жүктелетін секторды қайта жазғанда бұл сектордың мазмұны
автоматты түрде файлда сақталып қалады. Келісім бойынша бұл файл
/boot/boot.b.NNNN, NNNN-құрылғы номеріне сәйкес келеді. Мысалы: 0300-
бұл /dev/hdа, 0800-/dev/sda т.с.с. Егер мұндай файлдар болса, қайта
жазылмайды. Жүктелетін секторды сактау үшін альтернативті файл беруге
болады.
Boot/boot.NNNN файлын жүктелетін секторлық ескі мазмұнды қайта
қалпына келтіру үшін қолданамыз. Сәйкес команда келесі түрде болады:
[root::~#] dd if =/boot/boot.0300 of =/dev/had bs 446 count = 1
немесе
[root::~#] dd if =/boot/boot.0800 of =/dev/sda bs 446 count = 1
Bs=446, өйткені біз тек жүктеуші бағдарламаны ғана қалпына
келтіреміз. Егер сізде жүйе бұзылса, MBR-ден ескі жүктелу жазбасын келесі
команданы жаза отырып, қалпына келтіреміз:
[root::~#] dd if=/rant/MBR of= dev/hdа bs=446
Count=1
Дискета /mnt каталогында монтировка жасалған. MBR-ді опциялық
/sbin/lilo командасымен қалпына келтіруге болады. Бұл команда тек Lilo
каталогын инсталляция жасау кезінде өзгермеген жағдайда ғана орындалады.
Стандартты MBR-ді DOS-тың жүктелу дискетасының көмегімен қалпына
келтіруге болады, яғни MBR-ді fdisk/mbr командасының көмегімен қалпына
келтіреміз. Ол MBR жүктелуінде бағдарлама кодын дискті бөлу кестесіне
тиіспей өзгертеді.
Жүктеушіні орнатқаннан кейін компьютерді қайта жүктеу керек. Lilo-
ны пайдаланғанда қандай қиындықтар туатынын айта кетейік. Lilo
жүктелгенде дисплейде “Lilo” жазуы шығады. Егер жүктелу үрдісінде пайда
болған әріптер көмегімен қателер себебін анықтауға болады:
29
CJ - ешқандай жазба енгізілмеген, Lilo-ның ешқандай бөлігі жүктелген
жоқ. Lilo орнатылмаған немесе Lilo тұрған бөлім активті емес.
L - бірінші жүктелуші жүктелді, бірақ екінші жүктеушіні жүктей
алмады. Екі мәнді қате коды мәселесінің нақты себебін көрсетеді. Бұл жерде
ақпарат тасушы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін немесе берілген дискінің
геометриясы дұрыс емес. Егер тек Lilo тоқтап, бағдарлама ары қарай жүрмесе,
бұл мәселе тез шешіледі.
Li - бірінші жүктеуші екінші жүктеушіні жүктеді, бірақ тапсырма
орындалмады. Бұған себеп /boot/boot.b файлы /sbin/lilo-ға жүктеусіз көшірілді
немесе диск геометриясы қате берілген.
Lil - екінші жүктеуші жүктелді, бірақ map файлдардан дискриптор лар
кестесін жүктей алмады. Себебі диск геометриясы қате немесе /boot/boot.b
файлы /sbin/lilo-ға жүктеусіз көшірілген. Lilo - Lilo-ның барлық бөлімі
табысты жүктелді.
8.3 Зертханалық жұмысты орындау реті
8.3.1 Қатынас құру құқығын басқа пайдаланушыға беру үшін chown
командасы қолданылады. Жазылуы:
chown пайдаланушы файл аты
Қатынас құру құқығын анықтау командасы: ls -l файл аты
8.3.2 Файлды тек қана оқу құқығын тағайындау командасы: ls r --.
8.3.3 Файлды оқу және өзгерту құқығын тағайындау командасы: ls rw.
Мұндағы r – оқу, w – жазу құқығын беру.
8.3.4 Файлды ашу құқығын шектеу командасы: --- . Файлды ашу және
өзгерту құқығынан басқа оны орындау құқығы болады. Ол үшін х символы
қосымша жалғанады: rwx.
8.4 Бақылау сұрақтары
8.4.1 Қатынас құру құқығы дегеніміз не?
8.4.2 Қатынас құру құқығын тағайындау түрлері
8.4.3 chown командасының атқаратын қызметі қандай?
8.4.4 r және rw командаларының айырмашылықтары неде?
8.4.5 chmod командасының атқаратын қызметі қандай?
8.4.6 Қатынас құқығы тек қана оқу болса, онда қандай мүмкіншіліктер
жүзеге аспайды?
8.4.7 Барлық құқыққа ие пайдаланушыны атаңыз.