Лицензиялау туралы


-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтi



жүктеу 0,66 Mb.
бет2/3
Дата20.05.2018
өлшемі0,66 Mb.
#14575
1   2   3
13-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтi
               лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      13-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi: P080270


      1) атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң өмiрлiк циклiнiң кезеңдерiне байланысты жұмыстарды орындау.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру;
      атом энергиясын пайдалану объектiлерiн жобалау (атом энергиясын пайдалану объектiлерiн, олардың бөлiктерiн, блоктарын, жүйелерiн, конструкцияларын салу үшiн қажеттi техникалық-экономикалық негiздеменi, есептердi, сызбаларды, макеттердi, сметаларды, түсiндiрме жазбаларды қамтитын кешендi техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзiрлеу);
      атом энергиясын пайдалану объектiлерiн (бүкiл кешендi, жекелеген ғимараттарды, бөлiктердi, блоктарды, жүйелердi, конструкцияларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) салу;
      атом энергиясын пайдалану объектiлерiн (бүкiл кешендi, жекелеген ғимараттарды, бөлiктердi, блоктарды, жүйелердi, конструкцияларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалануға қосу;
      атом энергиясын пайдалану объектiлерiн (бүкiл кешендi, жекелеген ғимараттарды, бөлiктердi, блоктарды, жүйелердi, конструкцияларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдалану;
      атом энергиясын пайдалану объектiлерiн (бүкiл кешендi, жекелеген ғимараттарды, бөлiктердi, блоктарды, жүйелердi, конструкцияларды, қосалқы үй-жайларды, жабдықтарды) пайдаланудан шығару;
      атом энергиясын пайдалану объектiлерiн басқару;
      2) ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерiмен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды дайындау, өндiру, сақтау және қайта өңдеу;
      ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәуле шығару көздерiн, оның iшiнде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды пайдалану және орналастыру;
      иондаушы сәуле шығару көздерiн, оның iшiнде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды құрастыру, дайындау, өндiру;
      ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерiн және радиоактивтi заттарды өткiзу;
      3) медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендiк жабдықты әзiрлеу, өндiру, өткiзу және пайдалану;
      4) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерi бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға, медициналықты қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
      иондаушы сәуле шығару көздерiнiң, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;
      радиациялық немесе ядролық қауiпсiздiктi негiздеу үшiн жобаларды, технологияларды, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзiрлеу, радиациялық немесе ядролық қауiпсiздiкке сараптама, талдау және бағалау жүргiзу;
      аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлiк құралдарын радиациялық бақылау;
      азық-түлiктерде, материалдарда, қоршаған орта объектiлерiнде радионуклидтердiң бар-жоғын айқындау, радонның және басқа да радиоактивтi газдардың концентрациясын өлшеу;
      аумақтарды гаммалық суретке түсiру және басқа да радиометрикалық зерттеулер;
      персоналды, халықты дозиметрлiк жеке-жеке бақылау;
      аумақтар мен объектiлердi радиациялық оңалту және өңдеп қалпына келтiру;
      5) ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздерiне, радиоактивтi материалдар мен радиоактивтi қалдықтарға арналған көлiктiк контейнерлердiң, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердiң техникалық құжаттамасын әзiрлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндiру;
      6) радиоактивтi қалдықтармен жұмыс iстеу.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      радиоактивтi қалдықтарды жинау және сұрыптау;
      үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивтi ластанудан тазарту);
      радиоактивтi қалдықтарды тасымалдау; радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдеу;
      радиоактивтi қалдықтарды сақтау және көму;
      7) ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау;
      8) бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында жүргiзiлген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа да аумақтардағы қызмет;
      9) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғау жүйелерiн жобалау, монтаждау, пайдалануға қосу, пайдалану, оларға қызмет көрсету, жөндеу және ретке келтiру;
      атом энергиясын пайдалану объектiлерi үшiн жобалық қауiптi әзiрлеу жөнiнде қызметтер көрсету;
      ядролық қондырғыларды және ядролық немесе басқа радиоактивтi материалдары бар объектiлер мен көлiк құралдарын қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң физикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      ядролық және басқа радиоактивтi материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
      10) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке мамандар мен персоналды арнайы даярлау.

      14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметтi


               лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      14-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Мына қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


      1) уларды өндiру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою;
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау); 
      3) пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу;
      4) пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану;
      5) тiркеу, өндiрiстiк сынақтар мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Техникалық қауiпсiздiк саласындағы қызметтi


               лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      15-бапты алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезiндегi қызметтi қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

      16-бап. Көлiк саласындағы қызметтi лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      16-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


      1) жолаушылар тасымалдау.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау;
      жолаушыларды темiр жол көлiгiмен тасымалдау;
      жолаушыларды теңiз көлiгiмен тасымалдау;
      жолаушыларды өзен көлiгiмен тасымалдау;
      2) қауiптi жүктердi тасымалдау.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      қауiптi жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау;
      қауiптi жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдау;
      қауiптi жүктердi өзен көлiгiмен тасымалдау;
      қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      17-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың


               айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау

      Есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.


      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткiзу, пайдалану, жою;
      құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау;
      денсаулық сақтау жүйесiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткiзу, пайдалану, жою.

      18-бап. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету


               саласындағы қызметтi лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      18-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


      1) мемлекеттiк құпияларды техникалық қорғау бойынша.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      мемлекеттiк құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және оларға сервистiк қызмет көрсету;
      мемлекеттiк құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждау, орнату, оларға қызмет көрсету;
      2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу және өткiзу (оның iшiнде өзге де беру). P071160

      19-бап. Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн


               арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметтi
               лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      19-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi: P070528


      1) жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру; V085166
      2) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткiзу, ақпараттың таралып кетуiн болдырмаудың техникалық арналарын iздеу.
      Қызмет түрлерiн лицензиялаудың осы баптың 1) және 2) тармақшаларында белгiленген ережелерiнде лицензия берудiң арнайы шарттары, тәртiбi, мерзiмдерi және лицензиялық бақылау көзделуi мүмкiн.

      20-бап. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару


               түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып
               жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметтi
               лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      20-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi: Z980339


      1) монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу. P080093
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      1) монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру;
      монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу;
      монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу;
      2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу. P080243
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу;
      3) босатылған оқ-дәрiнi, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу. P080082
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      босатылған оқ-дәрiнi жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
      босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
      4) қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу. P080084
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу;
      қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын өндiру;
      қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеу;
      қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу, оларды сату;
      5) азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау; P070692
      6) азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, өткiзу, сатып алу. P070692

      21-бап. Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi


               лицензиялау

      Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндiрудi, пайдалануды, жөндеудi және жаңғыртуды, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенiн, стендтiк базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi. P071395

      22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
               қызметтi лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      22-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


      1) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне сәйкестiгiн куәландыру жөнiндегi, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң дұрыстығын растау жөнiндегi қызмет;
      2) байланыс саласында қызмет ұсыну.
      Қызметтiң бұл түрiне мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      жергiлiктi телефон байланысы;
      қалааралық телефон байланысы;
      халықаралық телефон байланысы;
      IР-телефония (Интернет-телефония);
      деректердi беру (оның iшiнде Интернет пен телеграфтық байланыс қызметтерi);
      бөлiнген байланыс желiсi бойынша телекоммуникациялар;
      спутниктiк жылжымалы байланыс;
      ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып);
      ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның iшiнде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтiк және пейджингтiк байланыс қызметтерi);
      байланыс арналарын ұсыну;
      почта байланысы.
      Радиожиiлiктер спектрi мен нөмiрлеу ресурсы пайдаланылатын байланыс саласындағы қызметке лицензиялар конкурстық негiзде берiлуi мүмкiн.
      Байланыс саласындағы қызметпен айналысуға лицензия берудiң, оның iшiнде конкурстық негiзде берудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      2. Мынадай қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу талап етiлмейдi:
      1) меншiктi не жалға алынған желiлiк немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиiстi лицензиялар негiзiнде әрекет ететiн басқа байланыс операторларының қызметтерiн ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi.
      Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледi, олардың құрылымы лицензиармен келiсiлуге тиiс. Делдалдар қызметтердi шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға мiндеттi. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердiң сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап бередi;
      2) өндiрiсiшiлiк қызметтi және технологиялық процестердi, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға байланыс қызметтерiн ұсынбай радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерiн пайдаланбай, басқаруға арналған желiлердi құру және пайдалану жөнiндегi қызмет;
      3) байланыс саласындағы қызметпен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосылмаған және негiзгi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiн құру және пайдалану (оның iшiнде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтiк және пейджингтiк байланыс) жөнiндегi қызмет.
      Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиiлiк, радиожиiлiк жолақтарын (радиожиiлiк арналарын) пайдалану үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бередi.
       Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      23-бап. Бiлiм беру саласындағы қызметтi лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!
      23-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Лицензияның болуы бiлiм беру қызметiнiң мынадай кiшi түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi: P070452


      мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың бiлiм беру қызметi;
      мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
      бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң, оның iшiнде кәсiптер бойынша, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң, оның iшiнде мамандықтар бойынша негiзгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
      дiни бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
      халықаралық және шетелдiк заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтi


               лицензиялау

      Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

      25-бап. Ауыл және орман шаруашылығы, жерге орналастыру,
               геодезия және картография саласындағы қызметтi
               лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      25-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


      1) мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау;
      2) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту; P070769
      3) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықты экспортқа өткiзу жөнiндегi қызмет; P070768
      4) шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу; P070449
      5) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды: P070574
      жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу;
      топография-геодезиялық жұмыстар жүргiзу;
      картографиялық жұмыстар жүргiзу.

      26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтi лицензиялау



      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
      РҚАО-ның ескертпесi!
      1) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      1) медициналық қызмет.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;
      диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологиялық анатомия;
      зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер;
      қан мен оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткiзу;
      санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: халықты гигиеналық оқыту, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы, оларды өндiру, қайта өңдеу және өткiзу, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерiн өткiзу;
      санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер: бактериологиялық вирусологиялық зерттеулер, физикалық факторларды (шуды, дiрiлдi, электр-магниттiк өрiстi және басқаларды) өлшеу, паразитологиялық зерттеулер, радиометрия және дозиметрия, санитариялық-химиялық, токсикологиялық зерттеулер;
      ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
      акушерлiк және гинекология;
      педиатрия;
      инфекциялық аурулар;
      терапия: жалпы терапия, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсiптiк патология, отбасылық дәрiгер;
      хирургия: жалпы хирургия, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бет сүйегi хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;
      дерматовенерология (дерматокосметология);
      психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
      фтизиатрия;
      онкология;
      стоматология;
      дәстүрлi медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи тектi құралдармен емдеу;
      сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;
      медициналық реабилитология: физиотерапия, массаж, емдiк дене шынықтыру;
      спорттық медицина;
      еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы;
      анестезиология және реаниматология;
      2) фармацевтикалық қызмет.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      дәрiлiк заттарды өндiру;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру;
      медициналық техниканы өндiру;
      дәрiлiк препараттарды дайындау;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
      дәрiлiк заттарды көтерме саудада өткiзу;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;
      медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу;
      дәрiлiк заттарды бөлшек саудада өткiзу;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;
      медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.16 N 186-IV, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.      

      27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету


               саласындағы қызметтi лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      27-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


       1) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тiрек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету;
       1-1) мүгедектерге, оның iшiнде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      1-2) қарттар мен мүгедектерге жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      1-3) қарттарға, мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға күндiз емделетiн аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      1-4) қарттарға, мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      1-5) қарттарға, мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға үйде күндiз күтiм жасалатын арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету.
      2) адвокаттық қызмет; P981325
      3) нотариат қызметi; P981325
      3-1) жеке сот орындаушыларының қызметi;
      4) мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда);
      5) зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтер құнын бағалау;
      6) банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару; P070615
      7) аудиторлық қызмет;
      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;
      экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар;
      экологиялық аудит;
      9) лотерея ұйымдастыру және өткiзу (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа);
      10) заңды тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруы;
      11) көлiк құралдары жүргiзушiлерiн даярлау, қайта даярлау;
      12) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету; P071063
      13) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн әкету;
      14) туроператорлық, турагенттiк қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтер.
       Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.12.29 N 115-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      28-бап. Ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялау

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi: Z070219
      1) казино қызметi;
      2) ойын автоматтары залының қызметi;
      3) букмекерлiк кеңсе қызметi;
      4) тотализатор қызметi.

      29-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!
      29-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.


      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру және өткiзу;
      ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды өткiзу;
      жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргiзу;
      ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет.

      30-бап. Сот-сараптама саласындағы қызметтi лицензиялау

      Сот-сараптама қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

      31-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi лицензиялау

      Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн лицензияның болуы талап етiледi. P070495

      32-бап. Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы


               ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi
               лицензиялау

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


      1) банк операциялары:
      заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу;
      жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу;
      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
      банктердiң жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргiзуi, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдар мен қымбат металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшерi көрсетiледi;
      кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеудi, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруi;
      аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемi мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға ғана берiледi;
      есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерiн және өзге де борыштық мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);
      банктiк қарыз операциялары: номиналдық ұстаушы ретiнде клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар банктiң, ипотекалық ұйымның, брокердiң және (немесе) дилердiң немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарының төлем жасалу, мерзiмдiк және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беруi;
      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
      банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
      төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау;
      аккредитив ашу (шығару) мен оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
      ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беру;
      үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банктiк тапсырмалар мен өзге де мiндеттемелердi беру;
      2) банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар:
      тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткiзу;
      құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткiзу;
      вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлеушiнiң вексельдерге ақы төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ домицильдендiрiлген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тәртiппен вексельдердiң акцептi;
      лизингтiк қызметтi жүзеге асыру;
      меншiктi бағалы қағаздарды (акциялардан басқа) шығару;
      факторингтiк операциялар: төлем жасамау тәуекелiн қабылдай отырып, сатып алушыдан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеудi талап ету құқығын иелену;
      форфейтингтiк операциялар (форфейтер): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының борыштық мiндеттемесiне ақы төлеу;
      сенiмгерлiк операциялар: сенiмгердiң мүддесiне орай және тапсырмасы бойынша ақшаларды ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
      сейфтiк операциялар: сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса алғанда, клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөнiндегi қызметтер;
      2-1) ислам банктерi жүзеге асыратын банк операциялары:
      жеке және заңды тұлғалардың талап етiлгенге дейiн процентсiз депозиттерiн қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
      жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерiн қабылдау;
      банктiк заем операциялары: ислам банкiнiң мерзiмдiлiк, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруi;
      кәсiпкерлiк қызметтi мынадай түрде қаржыландыру: коммерциялық кредиттi бере отырып, сауда делдалы ретiнде сауда қызметiн қаржыландыру;
      заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әрiптестiк талаптары бойынша өндiрiстiк және сауда қызметiн қаржыландыру;
      лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;
      ислам банкiнiң банк операцияларын жүргiзу кезiндегi агенттiк қызмет;
      3) "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегiнде:
      өмiрдi сақтандыру;
      аннуитеттiк сақтандыру;
      4) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегiнде:
      жазатайым оқиғалардан сақтандыру;
      ауру жағдайына арналған сақтандыру;
      автомобиль көлiгiн сақтандыру;
      темiр жол көлiгiн сақтандыру;
      әуе көлiгiн сақтандыру;
      су көлiгiн сақтандыру;
      жүктердi сақтандыру;
      осы тармақшаның төртiншi-сегiзiншi абзацтарында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;
      автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      осы тармақшаның оныншы - он екiншi абзацтарында
көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
      қарыздарды сақтандыру;
      ипотекалық сақтандыру;
      кепiлдiктер мен кепiлдемелердi сақтандыру;
      осы тармақшаның он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы және он сегiзiншi абзацтарында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру;
      өзге де қаржы шығындарынан сақтандыру;
      сот шығыстарын сақтандыру;
      титулдық сақтандыру;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын мiндеттi сақтандыру түрлерi:
      көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z030446
      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z030444
      жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру;
      аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z030440
      туроператор мен турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z030513
      өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру;
      қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру; Z040580
      қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру; Z050030
      мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi қызмет;
      6) қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет.
      "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек "жалпы сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
      "Өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек "өмiрдi сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
      Қайта сақтандыру жөнiндегi лицензия негiзiнде қызметтiң ерекше түрi ретiнде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмiрдi сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларындағы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы;
      7) сақтандыру брокерiнiң қызметi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      8) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      8) сақтандыру нарығындағы  актуарийлiк қызмет;
      9) брокерлiк қызмет;
      10) дилерлiк қызмет;
      11) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызмет;
      12) инвестициялық портфелдi басқару жөнiндегi қызмет;
      13) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет;
      14) кастодиан қызметi;
      15) трансфер-агенттiк қызмет;
      16) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөнiндегi қызмет;
      17) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
      18) кредиттiк бюроның қызметi.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30  № 234-IV(2010.08.09 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.07.15 N 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы


               қызметтi лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      33-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:


      1) жобалау-iздестiру қызметi.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:
      геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
      жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;
      жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-1:200 масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiнiң трассаларын жасау және түсiру);
      инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
      инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:
      геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;
      жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
      жер қабаттарын, жер асты суларын, негiздер мен iргетастардың жай-күйiн зертханалық зерттеулер;
      қала құрылысын (табиғат және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiрудi қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) жобалау және жоспарлау, оның iшiнде:
      жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, кварталдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
      елдi мекендердiң (елдi мекендер шекарасының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тыс орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
      құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау жөнiндегi объектiлердi орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;
      ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызу трассаларын жасай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;
      тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның қалдық суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, буландыру және қалдық суларды қайта генерациялау жөнiндегi объектiлердi орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;
      қонысаралық аумақтарда орналасқан елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;
      құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау жөнiндегi объектiлердi орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;
      инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;
      күрделiлiгi бiрiншi немесе екiншi және үшiншi деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiрудi қоспағанда, сәулеттiк-қалпына келтiру жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:
      объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейту және ұйымдастыруды;
      өндiрiстiк (өндiрiстiк-шаруашылық) мақсаттағы ғимараттарды, құрылыстар мен коммуникацияларды;
      тұрғын үй-азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды;
      монументалды немесе қолданбалы-сәндiк мақсаттағы құрылыстарды, шағын сәулет нысандары мен ландшафттық сәулет объектiлерiн сәулеттiк жобалау;
      құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:
      негiздер мен iргетастарды;
      бетон және темiр-бетон, тас және темiр-тас конструкцияларды;
      металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;
      ағаш конструкцияларды құрылыстық жобалау және конструкциялау;
      инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:
      жылудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционер орнатуды, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
      су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
      тогы әлсiз құрылғылардың (радиофикациялаудың, электрочасификациялаудың, телефондандырудың, iшкi және домофон байланысының, кабельдiк теледидар мен күзеттiк бейне бақылаудың, өрттен қорғау және күзеттi қоса алғанда, электросигнализацияның) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;
      бақылау-өлшеу, есептiк және реттеушi құрылғыларды қоса
алғанда, технологиялық процестердi автоматтандыруды;
      iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру жүйелерiн, 0,4 кВ-ға дейiн және 10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтауды;
      35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
      магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;
      мыналар:
      еңбектi қорғау;
      коррозияға қарсы қорғау құрылғысы;
      найзағайдан қорғау құрылғысы;
      ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделi жөндеу, реконструкциялау немесе қайта жабдықтау үшiн жобалау кезеңiнде автоматика, өрттен қорғау сигнализациясын, өрт сөндiру және өрттен қорғау жүйесiн орнату;
      сметалық құжаттама жасау;
      құрылысты ұйымдастыру жобалары мен жұмыс өндiрiсiнiң жобаларын құру бойынша жобалардың арнайы бөлiмдерiн әзiрлеу;
      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:
      мектепке дейiнгi бiлiм беруге, жалпы және арнаулы бiлiм беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (емдеу және аурулардың алдын алу, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге арналған, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
      көлiк инфрақұрылымына (тiкелей халыққа қызмет көрсету үшiн көзделген) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:
      энергетика өнеркәсiбiне арналған;
      жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, қайта өңдеу өнеркәсiбiне арналған;
      ауыр машина жасауға арналған;
      медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;
      бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстарға арналған;
      мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға арналған;
      көтерушi-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:
      автомобиль, электрлi, темiр жол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;
      жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне;
      байланыс (спутниктiктi байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөнiндегi объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      мыналарды:
      темiр жол көлiгi қатынастарын;
      барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
      қалалық электрлi көлiктiң көше-жол желiсiн;
      көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жол айрықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      қайта өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      2) құрылыс-монтаж жұмыстары.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      жалпы сипаттағы жер жұмыстары;
      мыналарды:
      металл конструкцияларды монтаждауды, арматуралар орнатуды;
      қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық және газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (сыйымдылықтарды) монтаждауды;
      мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;
      көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiреуiш конструкцияларын монтаждауды;
      көтерушi құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
      металлургия, мұнай-химия, тау-кен рудасы, энергетика және басқа да өнеркәсiп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
      iргетасты орналастыру мен қада қағу жұмыстарын;
      монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырға тасын қалау мен далдаларды орналастыруды және ойықтарды толтыруды;
      шатырлау жұмыстарын қамтитын күрделiлiгi I немесе II және III деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың тiреуiш және қоршау конструкцияларын тұрғызу;
      мыналарды:
      мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
      ұңғымаларды жайластыруды (мұнай және газ ұңғымаларын жайластыруды қоспағанда);
      кернеуi 35 кВ дейiнгi және 110 кВ дейiнгi және одан жоғары электр беру магистральдық желiлерiн;
      тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газдандыруды;
      гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;
      түтiн шығатын мұржаларды, күш түсетiн тiректердi, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;
      отқа төзiмдi материалдарды қалауды;
      жарылу-өрт қаупi бар жабдықтарды монтаждауды;
      түстi металдардан, полимерлiк материалдар мен шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждауды;
      байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн;
      мұнай, мұнай өнiмдерi мен сұйытылған газ қоймаларын;
      жер қабатындағы бұрғылау және бұрғылау-жару жұмыстарын;
      су асты-техникалық жұмыстар мен теңiз шельфiндегi жұмыстарды;
      мелиоративтiк және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстарын;
      жер қабатындағы гидромеханикаландырылған жұмыстарды;
      тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзiлуге қарсы қалқаларды орналастыруды қамтитын арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары өндiрiсi (оның iшiнде жер қабатындағы арнайы жұмыстарды жүргiзу);
      сыртқы инженерлiк желiлер мен құрылыстарды және iшкi инженерлiк жүйелердi, оның iшiнде:
      темiр жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
      магистральдық жылу желiлерi мен орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау желiлерiн қоса алғанда, қысыммен жұмыс iстейтiн құбырларды;
      газбен жабдықтаудың төмен қысымды тұрмыстық және өндiрiстiк желiлерiн, газ шаруашылығының iшкi жүйелерi мен тұрмыстық құрылғыларды;
      суық және ыстық сумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның қалдық суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбыры мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
      электрмен жабдықтау желiлерiн, сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың iшкi желiлерiн;
      байланыс, радио-, телекоммуникация және теледидар желiлерi мен iшкi жүйелерiн;
      iшкi орталықтандырылған жылу жүйелерiн;
      желдетудi, ауаны салқындатуды, пневматикалық көлiктi және аспирацияны орналастыру жөнiндегi арнайы жұмыстар;
      мыналарды:
      құрылыс конструкцияларын су өтпейтiндей етiп қымтауды;
      құбырларды, құрылыс конструкциялары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етiп қымтауды;
      қаптау және шегендеу жұмыстарын;
      құрылыс конструкциялары мен жабдықтарын, құбырларды, оның iшiнде тасқын су әсерi кезiндегi химиялық қорғаныш жабындыны коррозиядан сақтауды;
      құбырларды, конструкциялар мен жабдықтарды электрлi химиялық қорғауды;
      найзағайдан қорғауды қамтитын конструкциялар мен жабдықтарды қорғау жөнiндегi арнайы жұмыстар;
      күрделiлiгi I және II деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау, күрделi жөндеу кезiндегi әрлеу жұмыстары (сылақ және сырлау жұмыстарын қоспағанда);
      мыналарды:
      темiр жолға арналған негiздердi;
      темiр жолдың беткi құрылыстарын;
      I және II техникалық санатындағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстарын және оларды жайластыруды;
      III, IV және V техникалық санатындағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстарын және оларды жайластыруды;
      аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын қамтитын жол құрылысы жөнiндегi жұмыстар;
      мынадай:
      лифт шаруашылығы және өзге де көтерушi-көлiктiк құрылғылармен;
      металлургиямен, кен байытумен;
      металл өңдеумен;
      ағаш өңдеумен;
      геологиялық барлау, мұнай және газ кәсiпшiлiгiмен;
      тау-кен-шахта өндiрiсiмен, метрополитендер және тоннельдермен;
      гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;
      астықты сақтаумен және ұқсатумен, өзге де тамақ өнiмдерiн өндiрумен және сақтаумен;
      көмiр, химия және мұнай өңдеушi өндiрiспен;
      құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;
      жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң өндiрiсiмен;
      дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың өндiрiсiмен, денсаулық сақтаумен, оңалтумен және аурудың алдын алумен;
      театр ойын-сауыққа, бiлiм беруге, спорт және көңiл көтеру-демалуға арналған объектiлермен;
      жарылыстан қорғалған электрлi техникалық жабдықты қоса алғанда, электр пештермен, өзге де электр техникалық құрылғылармен;
      компрессор машиналарымен, сорғылармен және желдеткiштермен;
      байланыспен, аварияға қарсы қорғаумен, бақылау және сигнализация жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабықтау объектiлерiнде, тұрмыс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау (оның iшiнде iске қосу-жөндеу жұмыстары);
      объектiлердi күрделi жөндеу және реконструкциялау (табиғат және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiрудi қоспағанда), оның iшiнде мыналардың:
      газбен жабдықтау, лифтiлер және өзге де көтергiш-көлiк құрылғыларынан басқа, iшкi инженерлiк жүйелер мен сыртқы желiлердi қоса алғанда, күрделiлiгi бiрiншi деңгейдегi тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың
      газбен жабдықтау, лифтiлер және өзге де көтергiш-көлiк құрылғыларынан басқа, iшкi инженерлiк жүйелер мен сыртқы желiлердi қоса алғанда, күрделiлiгi бiрiншi деңгейдегi өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың
      газбен жабдықтау, лифтiлер және өзге де көтергiш-көлiк құрылғыларынан басқа, iшкi инженерлiк жүйелер мен сыртқы желiлердi қоса алғанда, күрделiлiгi екiншi және үшiншi деңгейлердегi тұрғын үй-азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың
      көпiрлердiң (көпiр өткелдерiнiң, көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жол айрықтардың) тоннельдер мен өзге де жер асты көлiк құрылыстарының
      барлық техникалық санаттағы автомобиль жолдары мен шаруашылықiшiлiк (өндiрiстiк) жолдардың, елдi мекендердiң көше-жол желiлерiнiң
      темiр жолдардың
      гидротехникалық және гидромелиоративтiк құрылыстардың
      газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерi мен iшкi жүйелерiнiң және құрылғыларының
      бу құбырларының, ауа құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының, газ құбырларының (газбен жабдықтаудың орта және жоғары қысымды желiлерiнiң) және басқа да заттар мен материалдарды тасымалдайтын стационарлық құрылғылардың элементтерi мен желiлерiнiң
      конструкциялар мен жабдықтардың қорғау жабындыларының (қаптау, шегендеу, оқшаулау, коррозияға қарсы және химиялық жабындыларының) тiреуiш конструкцияларын күшейту;
      3) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнiмдерiн қоспағанда) өндiру (шығару). P070555
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      өнеркәсiп өндiрiсi:
      желдетушi, санитариялық-техникалық, электр-монтаж жабдықтарын;
      өндiрiс қалдықтары негiзiнде, металдардан, полимерлiк және композиттiк материалдардан жасалған бұйымдарды;
      мұнара-дiңгек үлгiсiндегi элементтердi, түтiн шығару мұржаларын;
      көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң элементтерiн, көлiк эстакадалары мен жол айрықтарын;
      қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) заттарды сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтарды;
      мыналарды:
      тiреуiш және қоршау конструкцияларына арналған элементтердi;
      технологиялық металл конструкциялары мен олардың бөлшектерiн шығаруды (өнеркәсiптiк дайындауды) қамтиды;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсету. P070555
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      аумақтар мен елдi мекендердiң қала құрылысын жоспарлау үшiн және (немесе) ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендерiн, коммуникацияларын салу (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу) үшiн жобалардың (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамалардың) мемлекеттiк сараптамасы;
      мемлекеттiк сараптаманың айрықша құзыретiне жатпайтын сараптамалық жұмыстар рыногының субъектiлерi болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар орындайтын құрылысқа арналған жобалардың (жобалау құжаттамаларының) сараптамасы. Бұл ретте, өзiнiң жобалары немесе осы лицензиаттың қандай да бiр қатысуымен орындалған жобалар бойынша сараптамалық бағалау жүргiзуге жол берiлмейдi;
      ғимараттар мен құрылыстар салу (күрделi жөндеу, реконструкциялау) кезiнде тапсырыс берушiнiң (техникалық қадағалау, инженерлiк қызмет) және жобалау ұйымының (авторлық қадағалау) жеке бақылауын жүргiзу жөнiндегi қызметтерi;
      пайдаланылатын ғимараттардың, құрылыстардың, инженерлiк жүйелер мен коммуникациялардың және олардың элементтерiнiң (бөлiктерiнiң) олардың сенiмдi әрi тұрақты жұмыс iстеуiн белгiлеу мақсатында физикалық (техникалық) жай-күйiн техникалық тексеру;
      5) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердiң ақшасын тарту есебiн ұйымдастыру жөнiндегi қызмет.
       Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.16 N 186-IV, 2009.07.17 N 188-IV Заңдарымен.

      34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын


               дайындау саласындағы қызметтi лицензиялау

      РҚАО-ның ескертпесi!


      34-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау үшiн лицензияның болуы талап етiледi. Z070258, P040392

      35-бап. Кеден iсi саласындағы қызметтi лицензиялау

      Ескерту. 35-бап алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      36-бап. Этил спиртiнiң және алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi
               мен айналымы, темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi
               саласындағы қызметтi лицензиялау

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


      1) этил спиртiнiң өндiрiсi;
      2) алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      арақтар мен айрықша арақтардың өндiрiсi;
      ликер-арақ өнiмдерiнiң өндiрiсi;
      шарап материалының өндiрiсi;
      шарап өндiрiсi;
      коньяк өндiрiсi;
      бренди өндiрiсi;
      сыра өндiрiсi;
      3) алкоголь өнiмдерiн өндiру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнiмiн сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату; P070731
      РҚАО-ның ескертпесi!
      4) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импорты;
      5) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi.
      37-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
               қызметтi лицензиялау

       Ескерту. 37-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметтi


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау