Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)
Циклдің индексі
(пән)
|
Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білім, шеберліктер мен дағдылар
|
Қалыптасатын құзыреттер коды
|
ЖБП 00
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
ЖГП 00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
ЖГП 01
|
Кәсіби орыс тілі:
Фонетика. Лексика. Морфология. Кәсіби тілді дамыту. Синтаксис. Іс жүргізудің стилі.
|
Білімдер:
- тіл туралы түсінік;
-сөйлем құрастырудың ережесі және олардың мағыналық мазмұны;
-кәсіби бағыттағы текстерді оқу мен аударудағы лексикалық және грамматикалық минимум.
Іскерліктер:
-ақпаратты тыңдау, конспектілеу және реферат жасау;
-халықаралық стандартқа сай іскерлік қағаздарды жасау.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 7
|
ЖГП 02
|
Кәсіби шетел тілі:
Мамандық бойынша іскерлік тіл негізі, кәсіби лексика, фразеологиялық айналым және терминдер. Кәсіпке негізделген текстердің аударма техникасы (сөздікпен).
|
Білімдер:
кәсіби бағыттағы текстерді оқу мен аударудағы лексикалық және грамматикалық минимум.
Іскерліктер:
-шет тілде қарапайым сөйлесуді білу.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 7
БҚ 8
|
ЖГП 03
|
Дене тәрбиесі:
Теориялық сабақ. Жеңіл атлетика. Шаңғыға дайындық. Гимнастика. Волейбол. Баскетбол. Футбол. Ұлттық ойындар. Туризм.
|
Білімдер:
- адамның әлеуметтік, кәсіби, жалпы мәдениеттік дамуындағы дене тәрбие мәдениеттің орны;
-дене тәрбие мәдениетімен салауатты өмір сүру негізі.
Іскерліктер:
-дене тәрбиесінде денсаулықты шынықтыру, оңалту және психофизиологиялық мүмкіншіліктерді дамытуды білу және дағдыландыру жүйесі.
|
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 8
|
ӘЭП 00
|
Әлеметтік-экономикалық пәндер
|
ӘЭП 01
|
Мәдениеттану:
Мәдениет және өркениет. Кескіні және түрі. Кәзіргі кездегі Қазақстанның мәдениетімен ғылым. Діннің мәні және оның орны. Діннің пайда болуы және оның түрлері.
|
Білімдер:
-мәдениет түрлерінің мәні, дүниежүзілік мәдениеттердің материалдық және рухани ескерткіштері;
-Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетінің ерекшелігі.
Іскерліктер:
-қоғамның мәдениетінде өтіп жатқан құбылыстарды анықтау, өнермен ғылымның материалдық негізімен даму кезеңдеріне сараптама жасау.
|
БҚ 1
БҚ 5
БҚ 7
|
ӘЭП 02
|
Философия негіздері:
Философия және оның қоғамдағы орны. Түрлері. Қоғамның философиялық түсінігі. Қоғам өзін-өзі дамыйтын жүйе тәріздес.Ой-пікір. Философияның өнегелі мәселесі.
|
Білімдер:
-қоғамдағы адамдардың арасындағы өнегелі қатынастарды реттеу нормалары;
-тұлғаның қалыптасу шарттары, бостандығы және өмірді, мәдениетті, қоршаған табиғи ортаны сақтауға жауапкершілігі.
Іскерліктер:
-адам өмірінде философиялық, ғылыми және діни көзқарастың ерекшеліктері;
-ғылымның және ғылыми көзқарастың орны, әлеуметтік және этикалық мәселелердің түрлерімен әдістерінің техниканың және технологияның дамуына байланысты қолданылуы.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 5
|
ӘЭП 03
|
Әлеуметтану және саясаттану негіздері:
Әлеуметтанудың түрлері негізгі түсініктері. Тұлға қоғамдық қатынастың субъектісімен нысанасы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік қақтығыстар. Саясаттың түрлерімен негізгі түсініктері. Саясаттану жүйесі. Саяси партияларымен қозғалыстар.
|
Білімдер:
-қоғаммен тұлғаның даму және жұмыс істеу заңдылығына әлеуметтік түсінік беру;
-әлеуметтік құрылым, әлеуметтік жіктелу, әлеуметтік қарым-қатынас туралы;
-тұлғаның әлеуметтік құбылысқа қатысу ерекшелігі, реттелу және әлеуметтік қимылдың өз-өзінен реттелу түрлері.
Іскерліктер:
-әлеуметтік қозғалыстың түрлерін және әлеуметтік өзгерістермен дамудың өзге факторларын анықтау;
-биліктің мәні, саясаттың субъектісі, саяси қатынастарымен құбылыстарды анықтау;
-саяси жүйелерімен саяси тәртіптерінің түрлерін анықтау.
|
БҚ 1
БҚ 5
БҚ 7
|
ӘЭП 04
|
Экономика негіздері:
Экономикалық жағдай. Нарықтық механизм және оның жұмыс істеу қағидасы. Нарық түрлері. Нарықтың инфрақұрылымы. Кәсіпкерлік. Фирма түрлері.
|
Білімдер:
-экономикалық теорияның жалпы жағдайы;
-ғылыми экономика теориясының қалыптасуымен дамуы, оның негізгі бағыттары.
Іскерліктер:
-микро және макроэкономика негіздерін анықтауға;
-өндіріс-бөлу-айырбастау-тұтыну тізбегінің негізін анықтауды;
-әртүрлі шаруашылықты ұйымдастырудың сараптама жасауды .
|
БҚ 1
БҚ 5
БҚ 7
|
ӘЭП 05
|
Құқық негіздері:
Құқық, түсінік, жүйе, көзі. Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық жүйелердің ядросы. Адамның құқығының дүниежүзілік декларациясы. Заңдылық жауапкершілік және оның түрлері.Құқықтың негізгі салалары. Сот жүйесі.
|
Білімдер:
-адамның және азаматтың құқығымен бостандығы, олардың жүзеге асу механизмдері;
-кәсіби қызметтегі құқықтық өнегелі-этикалық нормалар.
Іскерліктер:
-адамның және азаматтың статусын реттейтін құқықтық нормаларды қолдану.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
|
ЖКП 00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП 01
|
Техникалық сызу:
Құраушы құжаттарды жасау, оқу, ережелермен нормалар әдістері. Электрлік сұлбаларды орындау ережелері. Курстық және дипломдық жобаларды жасау ережелері.
|
Білімдер:
- құжаттарға, реквизиттерге және оларды құрастыруға қойылатын талаптар;
-ГОСТ сай сызбаларды жасаудың негізгі мәліметтері;
-күрделі емес модельдердің кешенді сызбаларын түсіру әдістерімен аксонометрияны тұрғызу.
Іскерліктер:
-техникалық бөлшектердің кескінін сызу;
-қондырғылармен құрылғылардың электрлік принципиалдық сұлбаларын сызу..
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 6
КҚ 3.3.1.
КҚ 3.3.2.
|
ЖКП 02
|
Электротехника:
Электростатика негіздері. Тұрақты тоқтың электрлік тізбектері. Тұрақты тоқ электрлік тізбектерін есептеу. Магниттік өріс. Электромагниттік индукция. Айнымалы тоқтың тармақталмаған және тармақталған тізбектері. Айнымалы тоқ тізбектерін символдық әдіспен есептеу. Үш фазалық тізбек. Ауыспалы құбылыс.
|
Білімдер:
- электростатиканың негізгі заңдары;
-электрлік тізбектерді есептеудің негізгі әдістері;
-электромагниттік өрісті анықтау;
-электромагниттік индукцияның негізгі заңы;
-айнымалы тоқ тізбегін есептеудің символдық әдісі.
Іскерліктер:
-зерттеуге электрлік тізбектерді жинау;
-электрлік тізбектердің параметрлерін анықтау үшін өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін түсіру;
-есептеуде символдық әдісті қолдану;
-электрлік тізбектегі ауыспалы құбылысты сараптау..
|
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 5
КҚ 3.3.2.
КҚ 3.3.4.
КҚ 3.3.9.
КҚ 3.3.10.
|
ЖКП 03
|
Өндіріс информатикасы және автоматтандыру негіздері:
Ақпарат. Ақпаратты кодалау. Санау жүйелері. Модельдеу. Модель туралы түсінік. Модель түрлері. ОС WINDOWS түрлері. WORD мәтін процессоры. EXCEL электрондық кесте. COREL DRAW векторлы редактор. Вирустан қорғану. WinZip архиваторы. OC DOS. Кәзіргі замаңғы электронды-есептегіш техника. (АСУТП) Өндірістік технологияны басқарудың автоматтандырылған жүйесі. Кәзіргі өндірістік технологияда ЭВМ қолдану. Кәзіргі электронды-есептегіш техника элементері бар бақылау-есептеу техникасы.
|
Білімдер:
--компьютерлік техниканы қолдану қағидасы;
-ақпаратты өрнектеу қағидасы;
-мәтіндік редакторды құрастыру, модельдеу қағидасы.
Іскерліктер:
-автоматтандырылған басқару жүйесін сараптауда компьютерлік техниканы қолдану;
-мәліметтер базасымен жұмыс істеу.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 7
КҚ 3.3.1.
КҚ 3.3.2.
КҚ 3.3.3.
|
ЖКП 04
|
Нарықтық экономика негіздері:
Кәсіптік қызмет негізі. Байланыс – мемлекеттің экономика саласы. Кәсіпорында жоспарлы жұмысты ұйымдастыру. Жұмыс көлемін жоспарлау. Кәсіпорындағы жұмыс сапасы. Кәсіпорынның пайдасы. Өндіріс қоры. Кәсіпорынның еңбектік қоры. Кәсіпорындағы пайданың (өнімнің) өзіндік құны. Таза пайдамен кәсіпорынның тиімділігі. Жұмсалған қаржының тиімділігі. Кәсіпорында қаржылық жұмысты ұйымдастыру.
|
Білімдер:
- нарықтық теория, нарықтық модель, оның элеіметтік-экономикалық мазмұны;
-экономиканы басқарудың нарықтық және мемлекеттік механизмдері;
-Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлер қызметінің түрлері;
-кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
-кәсіпорында жұмыс көлемінің көрсеткіштерінің есептеудің ерекшелігі;
-өнімнің сапа көрсеткіштерінің жүйелері;
-өндірістік қор ерекшеліктері.
Іскерліктер:
-сұраныспен ұсыныстарды өзгеру факторлерін анықтау;
-қызмет мүшелерімен дивидентердің мөлшерін анықтаудың есебін жүргізу;
-кәсіпорындағы жұмыс көлемінің көрсеткіштерін есептеу;
-көрсеткіштерді есептеу және сапаға баға беру;
-негізгі қорды қолдану көрсеткіштерін, негізгі қордың орташа жылдық құнын, амортизацияға бөлінген қорды есептеу.
|
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 7
БҚ 8
КҚ 3.3.1.
КҚ 3.3.4.
КҚ 3.3.5.
|
ЖКП 05
|
Радиоэлектроника:
Жартылай өткізгіштердің электрлік өтімділігі. Жартылай өткізгіштік аспаптар: диодтар, биполярлық, өрістік транзисторлар. Интегралдық микросхемалар. Тиристорлар. Электрондық лампалар. Иондық, фотоэлектрондық аспаптар. Күшейту. Күшейткіш элементтің жүктемемен жұмыс істеуі. Күшейткіштің негізгі параметрлерімен сипаттамалары. Кері байланыс және оның күшейткіштің көрсеткіштеріне әсері. Электрондық күшейткіштерінің сұлбаларын тұрғызудың жалпы қағидасы және жұмысы. Күшейту сатылары. Микроэлектронды аспаптар және күшейткіштер.
|
Білімдер:
- электронды аспаптардың құрылымы және олардағы физикалық құбылыстар;
-аспаптардағы зарядталған бөлшектер ағынын басқару тәсілдері;
-аспаптардың негізгі параметрлер және оларға сараптама жасау;
-әртүрлі күшейту сатыларының сұлбаларын тұрғызу қағидасы;
-күшейту сатыларының сұлбаларындағы элементтердің қажеттілігі;
-күшейткіштердің көрсеткіштерімен сипаттамаларының сұлбадағы элементтердің параметрлеріне тәуелділігі.
Іскерліктер:
-аспаптардың сипаттамаларын түсіру және олармен параметрлерін анықтау;
-электрондық аспаптар анықтамаларымен жұмыс істеу;
-күшейткіштердің әртүрлі сұлбаларын құрастыру және оқу;
-негізгі күшейткіш сатыларын есептеуді жүргізу;
-іс жүзінде әртүрлі күшейткіш сұлбаларын зерттеу.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 4
БҚ 7
КҚ 3.3.1.
КҚ 3.3.2.
КҚ 3.3.3.
КҚ 3.3.6.
КҚ 3.3.9.
|
АП 00
|
Арнайы пәндер: 050203 3 – Құрал жабдықтарды жөндеу және пайдалану технигі
|
АП 01
|
Тұрмыстық радиотехникалық аппаратура:
Казіргі замаңғы тұрмыстық радиотехникалық аппаратура және оның түрлері. Акустикалық электрониканың элементтері. Дыбыстық сигналды өңдеудің компьютерлік негізі. Электроакустикалық өзгерткіштер. Дыбысты жазу және қайта шығару негіздері. Дыбысты жазу және қайта шығарудың тұрмыстық аппаратуралары. Радиоқабылдағыш жабдықтар. Тұрмыстық радиотелевизиялық аппаратураны қоректендіру көздерінің жабдықтары. Казіргі замаңғы радиотелефондардың схемотехникасы. Радиотаратқыш жабдықтар.
|
Білімдер:
-тұрмыстық радиотехникалық аппаратуралардың (ТРТА) негізгі құрамын, стандартталуын және негізгі параметрлерін;
-ТРТА техникалық-экономикалық сипаттамаларын, құрамын, жұмыс істеу принципін және принципиалдық схемаларын;
-радиотехникалық тізбектердің режимдерін.
Іскерліктер:
-приборды өлшеу схемасына қосуды;
-орындамауды және алдын алуды болжау жұмыстарын;
-негізгі параметрлерін зерттеу үшін электрлік тізбектерді реттеуді орындау.
|
БҚ 1
БҚ 7
БҚ 8
КҚ 3.3.1.
КҚ 3.3.2.
КҚ 3.3.10
КҚ 3.3.11.
|
АП 02
|
Радиотелевизиялық аппаратура:
Казіргі замаңғы радиотеледидар аппаратурасы және оның түрлері. Радиоқабылдағыш аппаратурасы. Теледидар тарату аппаратурасы. Теледидар қабылдау аппаратурасы. Бейнежазу аппаратурасы. Бейнені қайтадан жасау жабдықтары. Теледидар радиостанцияларындағы өлшеуді бақылау.
|
Білімдер:
-радиотеледидар аппаратурасының негізгі құрамын, олардың стандартталуын, негізгі параметрлерін;
-теледидардың негізгі элементтерін және келтіру жүйесін;
-радиоқабылдағыш және теледидардың құрылымын, жұмыс істеу принципін, принципиалды және структуралық схемаларын.
Іскерліктер:
-өлшеу техникасына приборларды қосуды;
-теледидар қабылдағыштарының ақауларын анықтау әдістерін және жөндеу жолдарын;
- радиоқабылдағыш жұмысын принципиалды және монтажды схеманы пайдаланып талдауды.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
КҚ 3.3.1.
КҚ 3.3.2
КҚ 3.3.3.
КҚ 3.3.6.
КҚ 3.3.7.
|
АП 03
|
Электрорадиотехникалық өлшеулер:
Өлшеу туралы негізгі мағлұматтар. Өлшеудің қателігі және өлшеу қорытындысын өңдеу. Электрөлшеу приборлардың түрлері. Аналогты электрмеханикалық өлшеу приборлары. Электронды радиоөлшеу приборлардың түрлері. Электронды вольметр және оның қолданылуы. Электрмагниттік тербелістердің көрсеткіштерін өлшеу. Аса жоғарғы жиілікті тізбектердегі өлшеу. Электрмагниттік өрістің кернеулігін өлшеу.
|
Білімдер:
-электррадиоөлшеу приборларының түрлерін, олардың құрылысын және жұмыс істеу принципін;
-өлшеу схемаларына приборды қосуды.
Іскерліктер:
-өлшеу приборларын пайдалануды және өлшеу қорытындыларын талдауды;
-электрмеханикалық приборлармен тұрақты тоқ және кернеуді өлшеуді.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
КҚ 3.3.1.
КҚ 3.3.2.
КҚ 3.3.6.
КҚ 3.3.11.
|
АП 04
|
Еңбекті қорғау:
«Еңбекті қорғау» пәнінің жалпы сұрақтары. Электрлік қауіпсіздік негіздері. Қайғылы оқиға жағдай кезіндегі зардап шегушіге алғашқы көмек. Өндірістік санитария. Қоршаған ортаны қорғау. Өрт қауіпсіздігі. Құқықтық білім негіздері.
|
Білімдер:
ҚР еңбекті қорғау нормативті-құқықтық актілерін;
электрлік қауіпсіздік ережелерін өндірістік гигиенаны және өрт қауіпсіздік ережелерін.
Іскерліктер:
-электрлік тоқ зардабы кезінде алғашқы көмек көрсетуді.
|
БҚ 2
БҚ 3
КҚ 3.3.1.
КҚ 3.3.2.
КҚ 3.3.3.
КҚ 3.3.4.
|
АП 00
|
Арнайы пәндер: 0502043 – «Техник-механик»
|
АП 01
|
Электроакустика:
Бос кеңістіктегі дыбыстық өріс. Дыбыс қабылдаудың негізгі ерекшеліктері. Акустикалық сигналдар. Электромеханикалық-акустикалық жүйелер және олардың элементтері. Үй-жай акустикасы.
|
Білімдер:
-бос кеңістікте дыбыстық өрістің таралу ерекшелігін;
-электроакустикалық аппаратураның электромеханикалық бөліктерінің ерекшеліктерін;
-жекеленген түйндермен бөліктерді тазарту ерекшеліктерін.
Іскерліктер:
-электроакустикалық жүйелердің дыбыстық тербелістер көрсеткіштерін анықтауды;
-механизмдердің жекеленген деталдарының ерекшеліктерін анықтауды;
-деталдарды келтіруді және тазалауды ұйымдастыруды.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 7
БҚ 8
КҚ 3.4.1.
КҚ 3.4.2.
КҚ 3.4.3.
КҚ 3.4.6.
|
АП 02
|
Киноқондырғыларының дыбысты қайта шығаратын және күшейтетін аппаратуралары:
Дыбыс туралы жалпы түсінік. Электракустикалық аппаратура. Жартылай өткізгішті күшейткіштер. Күшейткіш жабдықтары. Соңғы және соңғының алдындағы сатылар. Жылжымалы киноқондырғылардың дыбысты қайта шығару кешендері. Тұрақты транзисторлы дыбысты қайта шығару кешендері.
|
Білімдер:
-дыбысты қабылдау ерекшеліктері;
-электроакустикалық аппаратураның құрастыру қағидасын;
-электрлік сигналдарын күшейту қағидасын.
Іскерліктер:
-нақты дыбыс күшейткіш аппаратураның жұмысын талдауды;
-жарықтандыру проекциялық приборларын таңдап алуды.
|
БҚ 1
БҚ 7
БҚ 8
КҚ 3.4.2.
КҚ 3.4.4.
КҚ 3.4.5.
КҚ 3.4.6.
|
АП 03
|
Киноқондырғыларды электрмен қоректендіру:
Трансформаторлар. Электрлік энергияны өзгерту. Түзетілген кернеудің бүлкілі. Кернеуді және тоқты тұрақтандыру. Кино жабдықтарды қолданылатын түзеткіштер.
|
Білімдер:
-детальдарды реттеудің жалпы принципін;
-кинопроекторының электронды приборларының электрмен қоректендіру негіздерін.
Іскерліктер:
-киноаппаратураны қондыруды орындауды;
-киноқондырғылардың электрмен қоректендіру блогын іске қосуды.
|
БҚ 2
БҚ 4
БҚ 6
КҚ 3.4.6.
КҚ 3.4.7.
КҚ 3.4.8.
|
АП 04
|
Теледидар және бейнетехника:
Бейне. Көзбен көру. Бейне сигналының құрылуы. Бейненің фотоэлектрлік өзгерткіштері. Бейне сигналының аналогты және цифрлық өңделуі. Байланыс каналдары бойынша бейне сигналын кодерлеу және тарату. Бейнені қайта шығару. Бейне сигналдарын сақтау. Бейне ақпаратты талдау және өңдеу.
|
Білімдер:
-теледидар негіздерін және бейнетехниканың құрылуын, олардың стандартталуы және негізгі параметрлерін;
-өлшеу жүйесіне приборларды қосуды;
-теледидар және бейне техника элементтерін және келтіру жүйелерін.
Іскерліктер:
-орындамауды болжау және алдын-алу жұмыстарын жүргізу;
-техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылауды;
-теледидар қабылдағыштарының және бейнетехниканың қалыпты жұмысын сипаттайтын негізгі техникалық параметрлерін өлшеуді.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 8
КҚ 3.4.1.
КҚ 3.4.3.
КҚ 3.4.4.
КҚ 3.4.5.
КҚ 3.4.6.
КҚ 3.4.9.
|
АП 05
|
Кинопроекциялық техника:
Кинематограф негіздері. Кинематографтық процесс. Кинопроекторлардың жарық беретіні, кинопроекциялық оптика, киноэкран. Кинопроектордың негізгі элементтері. Кинопроекторлар. Кино көрсетудің сапалық көрсеткіші.
|
Білімдер:
-кино түсірім негіздерін және дыбыс жазуды;
-жарық беретін-проекциялық жүйелердің құру схемаларын;
-жарық техникасының негізгі параметрлерін.
Іскерліктер:
-кинопроекторларды орнатуды ұйымдастыру;
-кинолентаны орауды қамтамасыз ету;
-кино көрсетімді ұйымдастыру.
|
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 7
КҚ 3.4.1.
КҚ 3.4.2.
КҚ 3.4.4.
КҚ 3.4.5.
КҚ 3.4.6.
|
АП 06
|
Кинотеатрлар және бейнезалдар:
Кинотеатрдың көру залдарының негізгі параметрлері. Кинотехнологиялық жабдықтар. Көру залында технологиялық жабдықтың орналасуы. Киноаппарат кешеніндегі үй жайдың жоспарлануы.
|
Білімдер:
-кинотеатрлар, бейне кешендер түрлері;
-нормативті-техникалық құжаттар жүйесін;
-кәзіргі замаңғы кинотехнологиялық жабдықтар, бейне және дыбыс техникалық кешендер;
-кинотеатр және бейне кешендердің көру залдарын құру тәсілдерін.
Іскерліктер:
-кинотеатр және бейнезалдардың кинотехнологиялық кешендерін пайдалануды;
-пайдаланатын жабдықтарды дұрыс техникалық пайдалануды.
|
БҚ 1
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 7
КҚ 3.4.1.
КҚ 3.4.6.
КҚ 3.4.7.
КҚ 3.4.9.
|
АП 07
|
Кинопроекциялық аппаратураларды техникалық пайдалану:
Киноаппаратура детальдарының тозуы және олардың жағдайларын бақылау. Киножабдықта техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Кино жабдыққа техникалық қызмет көрсету. Дыбыс техникалық және электрлік күш аппаратурасын пайдалану.
|
Білімдер:
-күшейту принципін;
-жазу принципін;
-кино көрсетуді ұйымдастыру;
-кинопроекциялық аппаратураның құрамын.
Іскерліктер:
-шығыс кернеуін өлшеуді;
-электрлік сигналдарды жазуды;
-материалдарды қосу және көрсету;
-параметрлерін анықтауды.
|
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 6
БҚ 7
КҚ 3.4.1.
КҚ 3.4.3.
КҚ 3.4.4.
КҚ 3.4.5.
КҚ 3.4.6.
|
ӨО және КП
|
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
|
ӨО 00
|
Өндірістік оқыту
|
ӨО 01
|
Материалдарды слесарлық-механикалық өңдеу. Электрокомпоненттер. Бақылау-өлшеу приборлары. Электромонтаждық қосылысты пайкілеу. Стабизицияланған түзеткішті монтаждау. Дыбыстық жиелілік күшейткішін монтаждау, келтіру және параметрлерін өлшеу. Интегралдық сұлбаны монтаждау. Күштік және жарықтандыру тізбектерін монтаждау. Электррадиоөлшеу және сынау приборлары. Электр акустикалық өзгерткіштер және дыбыстық жиілік күшейткіштері. Радиоқабылдағыш жүйесіндегі түйіндерді реттеу және жөндеу. Теледидар аппаратурасын жөндеу және келтіру. Дыбысты жазу және бейне жазу аппаратурасын жөндеу. Киножабдықта техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Көру залында технологиялық жабдықтың орналасуы.
|
Іскерліктер:
негізгі электрорадиоматериалдарды сыртқы түрлерге ажырату;
электрорадиокомпонентерін белгіленуін ажырату;
резисторлер, конденсаторлардың түрлі белгілеу жүйесіндегі, олардың ең үлкен мәндерін анықтау;
кабельдермен сымдарды жалғастыру және дайындауды орындау;
электромонтаждық жалғастыруды пайкілеу арқылы орындау;
принципиалдық схемасы арқылы монтаждық схеманы құрастыру;
радиоэлементтерінің дұрыстығын тексеру;
дыбыстық жиелік күшейткішінің монтажын орындау;
дыбыстық жиелік күшейткішінің көрсеткішін өлшеу, келтіру және жұмыс істеу қабілетін тексеру;
электронды радиоэлементтерді тұтастыруды құру;
баспа платаларды жасауды орындау;
микросхеманы баспа платамен жалғауды орындау.
трассаның жоспарын жасау;
тіреулерді орнату және сымдарды байлауды орындау.
кабельдің дұрыстығын тексеруді орындау;
өзекшелерді жалғауды орындау;
муфтаны монтаждауды орындау;
магистральдық кабельдірді монтаждауды орындау;
бөлгіш жабдықты орнату және монтаждауды орындау;
электрлік кабельдердің параметрлерін өлшеуді орындау.
оптикалық кабельді монтаждауды орындау;
оптикалық муфтаны, оптикалық жабдықтарды, пассивті оптикалық компоненттерді монтаждауды орындау;
өлшеу құралдарымен жұмыс.
телефон аппаратындағы ақауларды жөндеу;
трубопроводқа кабельді орналастыру кезіндегі құралдарды пайдалану;
берілген жағдайларға байланысты сым бойымен хабар тарататын станциялардың құрылымдық схемасын құрастыру;
станция аппаратурасының құрылымдық, функционалдық және принципиалдық схемаларын оқу;
аппаратура көрсеткіштеріне қосымша жабдықтардың әсерін талдау.
Дағдылар:
электрондық жабдықтарды келтіру және жөндеу кезінде өлшеу приборлары арқылы қарапайым өлшеу жұмыстарын жүргізу;
электромонтаждық жалғастыруды пайкілеу арқылы орындау;
бір сымдық және көп сымдық мыс сымдарды ерту арқылы босату.
кедергілер және кернеулер карталарын дайындау;
стабилизацияланған түзеткіштің паспорттық мәліметтерін дайындау.
дыбыстық жиелік күшейткішінің паспорттық мәліметтерін дайындау;
амплитудалық сипаттаманы, амплитудалы жиелікті сипаттаманы түсіру;
өткізу жолағын анықтау.
резистор кедергілермен сиымдылықты өлшеу;
микросхеманың жұмыс қабілетін тексеру;
баспа платада элементтерді дәнекерлеуді орындау;
жиналған макеттің жұмыс істеу қабілетін тексеру.
кабельдің дұрыстығын тексеру;
муфтаны, радиокабельді, бөлгіш жабдықты орнату және монтаждау;
абоненттік кіруге рұқсат шкафының кросс және активтік жабдықтар бөлігіне күтім көрсету.
өлшеу қорытындыларын өңдеу;
оптикалық талшықты пісіру;
муфтаны, панельді және полкіні монтаждау;
оптикалық желілердің көрсеткішін өлшеуді орындау.
қосарланған пульсты монтаждауды орындау;
телефон аппаратының принципиалды электрлік схемасын оқу.
техникалық құжаттар толтыру, паспорттау;
техникалық құжаттар ережесіне сәйкес станция аппаратуралармен жұмыс істеу;
станция аппаратураларында кездесетін ақауларды анықтап, жөндеуді орындау.
|
КҚ 3.4.1.
КҚ 3.4.2.
КҚ 3.4.3.
КҚ 3.4.4.
КҚ 3.4.5.
КҚ 3.4.6.
КҚ 3.4.7.
|
КП 00
|
Кәсіптік практика
|
КП 01
|
Кәсіпорынмен танысу. Диплом алдындағы жұмыстың мазмұны.
|
Іскерліктер:
ЕСКД сәйкес сызбаларды орындау және оқу;
техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау және еңбекті қорғау;
электракустикалық өзгерткіштер таңдап алу;
технологиялық нұсқау, телекоммуникациялық жабдықтардың технологиялық процессінің картасын, тұрмыстық техника және кинопроекциялық кешендердің картасын дайындау;
жұмысшылардың қауіпсіздігін және еңбегінің қорғалуын бақылау;
монтаждық жұмыстардың технологияларының сақталуын бақылау.
Дағдылар:
телекоммуникациялық жабдықтар, тұрмыстық техника және кинопроекциялық кешендерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тазалау;
электракустикалық өзгерткіштерді келтіру және реттеу, жөндеу;
телекоммуникациялық жабдықтар, тұрмыстық техника және кинопроекциялық кешендердің технологиялық заттарын дайындау;
телекоммуникациялық жабдықтар, тұрмыстық техника және кинопроекциялық кешендерді пайдалануға техникалық қызметкерлердің дублері ретінде жұмыс істеу.
|
КҚ 3.4.8.
КҚ 3.4.9.
КҚ 3.4.10.
КҚ 3.4.11.
|