Јлеуметтік јріптестік жґніндегі Ќараєанды облысыныѕ



жүктеу 37,5 Kb.
Дата10.11.2018
өлшемі37,5 Kb.
#18884

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі Қарағанды облысының үш жақты комиссиясының жұмыс берушілер бірлестіктеріне, кәсіподақ ұйымдарына және облыстың еңбек ұжымдарына

ҮНДЕУІ

Біздер, облыстық үш жақты комиссияның мүшелері қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пікір алысудың маңыздылығын ескере отырып, еңбек ұжымдары, жұмыс берушілер, мемлекет пен кәсіподақтың өзара мүдделерін сақтай отырып, барша әлеуметтік әріптестерді «Ұжымдық келісім-шарт жасасыңыздар» атты жалпы республикалық акцияға қатысуға шақырамыз.

2008 жылы Жезқазған қаласында болған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы республикалық форумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық келісім-шарт жасасыңыздар» атты республикалық акцияға бастау берген болатын.

2009 жылы 28 желтоқсанда болған республикалық үш жақты комиссияның кеңейтілген мәжілісінде бұл акцияны 2010 жылы да жалғастыруға шешім алынды.

Акцияны өткізудің мақсаты:

- қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету үшін барлық жақтардың мүдделерін объективті есепке алу негізінде әлеуметтік әріптестік ынты-мақтастығын одан әрі дамыту;

- тараптардың жасалған келісімдер және меморандумдар аясында міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету;

- жасалған және жаңадан жасалатын ұжымдық келісім-шарттардың сапасын арттырып, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін кеңейте түсу.

Қарағанды облысы әкімдігі, кәсіподақтар бірлестіктері, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің қауымдастығы арасында 2009-2011 жылдары жасалған келісімнің VIII бөліміне сәйкес облыстық үш жақты комиссияның мүшелері барлық жұмыс берушілерге, кәсіподақ комитеттеріне және Қарағанды облысының жұмысшыларына «Ұжымдық келісім-шарт жасасыңыздар» атты республикалық акцияға қосылуды жалғастыра түсуді ұсынады. Әрбір ұйымда жасалған жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынастары ашық, әлеуметтік бағытта болып, ұжымдық келісім-шарт жағдайында болуға тиісті.

Ұжымдық келісім-шарттар еңбек қатынастарын өркениетті түрде нығайтып, еңбек өнімділігі мен еңбек жағдайын біртіндеп жақсартуға, қосымша әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер белгілеуге, қоғамның демократиялық негіздерін дамытуға мүмкіндік береді.

Құрметті жұмыс берушілер, кәсіподақ активтері және жұмысшылар!

Әлеуметтік әріптестік туралы үндеу тастай оты­рып, біздер осы акция ұжымдық келісім-шарт жасауды жандандыра түседі деп сенеміз.
2010 жылы 12 мамырда қабылданған.

Тараптар:
Үш жақты комиссия Облыс кәсіподақтары Облыс жұмыс берушілері

төрағасы Федерациясының төрайымы Кеңесінің төрағасы



Т. Рақымбеков А. Мадиярова Д. Павлов
Облыс кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін

Қазақстан қауымдастығының Конфедерациясының кәсіподақтары

президенті президенті

Т. Доскенов С. Белкин
Облыс кәсіпкерлері Еуразиялық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы қауымдастығының төрағасы

директоры



Г. Құрбанбаева Ж. Алдаңғаров


жүктеу 37,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау