2. Отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін тәрбиелеудегі рөлі
Соңғы кездері осы бағытта көп істер жасалып жатқанын мойындау қажет. Жұртшылық барған сайын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланған, мемлекет пен халық алдында өз міндеттемесін бұзған адамдардың атын біліп жатыр. Әркім сіңірген еңбегіне қарай алатыны белгілі, сонымен бірге тек заңды қолданып, бұл проблеманы шешу алмайтынымыз да айқын. Басқаша деңгейдегі шаралар қажет. – Тәрбие аясында адалдық, ар-ұят, сатылмаушылық, сөзіне беріктік сияқты құндылықтардың жасампаздық күші әлсіз қолданылады. Себебі көбі адал, парасатты болу пайдалы емес, кейде бұл қасиеттер жеке өмірінде проблемаларды шешуге және өмір сүруге кедергі келтіреді деп санайды. Бұдан өзге, ешкім «елден ала бөтен», «өздерінің арасында бөтен» болғысы келмейді. Осы тұрғыда қалыптан тыс сана мен мінезқұлық қалыптасады, соңында сыбайлас жемқорлыққа әлеуметке қарсы құбылыс ретінде қарауды қояды. Ең бастысы, қоғамда осы құндылықтарға деген сенімге селкеу түсіп, оның жақтастарының саны барған сайын азаяды. Оның есесіне көбінің санасында сыбайлас жемқорлық пен парақорлық феноменінің халық дәстүрлері мен салтында тарихи және мәдени тамыры бар деген ой орнығады. – Осындай тұжырымдармен келісу қиын, себебі ешбір ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер адамның сыбайлас жемқорлық теріс қылық жасауға итермелемейді. Пара беру мен алу әрқашан моральдықэтикалық нормалар мен халықтың түсінігіне қарама-қайшы келетін әлеуметтік зұлымдық ретінде талқыланып, қабылданатын. Сондықтан жеке тұлғаның жеке, психологиялық ерекшеліктерін жалпыға ортақ деңгейге экстраполяциялау дұрыс емес және тіпті зиян. Демек, тұлғаның сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтың түп-тамыры, себептерін индивидтің ұлттық ділінен емес, керісінше рухани-адамгершілік әлемінен іздестіру қажет. Сол кезде бәрі орнына түседі. Бұның бәрі балалық шақта іргесі қаланып, содан кейін жас кезінде дамиды және біртіндеп тұлғаның жеке мінез-құлқының орнықты стереотипіне айналатыны сөзсіз екеніне көз жеткізе аласыз. Сондықтан отбасы бұл мәселемен мақсатты бағытталған түрде айналысуы, өмір ерте сатысында индивидтің мінез-құлқындағы және санасындағы жағымсыз әлеуметтік ауытқуларды түзетуге тиіс.
Әрине, тәрбиелеу оның міндеттері, сонымен қатар әдістері мен құралдары тұрғысынан біршама қиындайды немесе бұл жерде кезекті ұрпақтың санасына «қандай да бір «нормалардың» минимумын сіңірумен қатар, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге рухани алғышарттарды құра отырып, сыбайлас жемқорлыққа мықты иммунитет қалыптастыру туралы сөз болады. – Гедонизм құндылықтарын тарату да ерекше алаңдаушылық туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |