Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Атырау облысының Статистика департаменті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-3 санаты үшін: жоғары білім.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік Талаптарына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-3
|
123 257
|
166 564
|
С-О-5
|
83 282
|
112 431
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті» РММ 060007 Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б», телефон 8 (712) 232-42-56 электрондық мекенжайы: atyraustat@bk.ru «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаментінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Мақат ауданының статистика басқармасының басшысы (С-О-3), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысын ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру. Басқарманың жұмыс жоспарын жасақтау және орындалуын қадағалау. Статистикалық жұмыс жоспарының өз уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің, әдіснамалардың, әдістемелердің, әдістемелік нұсқаулардың әзірленетін жобаларына ұсыныстар енгізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына талдау жасау. Жергілікті атқару органдары, бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттік органдармен жұмыс жасау. Респонденттермен семинар-кеңес өткізу. Үй шаруашылығын іріктеп зерттеу бойынша сұхбат алушылардың жұмыстарын үйлестіру және қадағалау. Әкімшілік дереккөздерге қатысты іріктемелі тексерулерді жүргізу. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу. Кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында басқарма қызметкерлерімен үнемі оқыту жұмыстарын жүргізу. Статистикалық бизнес тіркелімді, ауыл шаруашылығындығы және және тұрғын үй қоры тіркелімін жаңғырту, респонденттерді статистикалық байқаулармен толық қамту. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Басқармада сапа менеджменті жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Басқарманың ішкі құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес іс-жүргізуді жүзеге асыру және істер номенклатурасын жасақтау. Басшылықта болатын жиналыстарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде өткізілетін семинарларға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, «Технология және техникалық ғылым» саласындағы мамандықтар бойынша: ақпаратты жүйелер, есептеу техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.
2. Заң басқармасының бас маманы (С-О-5), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Статистика департаментінің заңгерлік жұмыстарын ұйымдастыру. Департамент қызметіндегі Заңның сақталуын қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің, шешімдердің және басқа құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу және қажет болған жағдайда Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен келісу. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Сондай-ақ, сотқа талап арыздарды беру, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша басшылыққа анықталған келеңсіздіктерді жою бойынша ұсыныс беру. Статистика саласына байланысты нормативтік құқықтық актілерді (енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса) қызметкерлерге уақытылы таныстыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын түсіндіру және насихаттау, Департамент қызметкерлерінің құқықтық оқытуын ұйымдастыру, құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында семинарлар өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізу. Қызметкерлерге құқықтық мәселе бойынша заңгерлік кеңес беру. Әкімшілік дереккөздерге қатысты іріктемелі тексерулерді жүргізуді құқықтық сүйемелдеу, әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізуге қатысу. Тексеруді тағайындау туралы актіні уәкілетті органда тіркеу, тексеру туралы мәліметтердің есепке алу карточкаларын және тексеру қорытындысы туралы хабарламаларды уәкілетті органға жолдау жұмыстарын үйлестіру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу, оның орындалуын қадағалау және уәкілетті органдарға есеп беру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы ай сайынғы ақпаратты жоғарғы органға ұсыну. Мемлекеттік кірістер органдарының ай сайынғы деректері негізінде төленбеген айыппұлдарды өндіріп алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органымен әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жүргізілетін жұмыстардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқарма басшысы болмаған жағдайда, оның қызметтік міндеттерін атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Құқық» саласындағы мамандықтар бойынша: құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, заңгер. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.
3. Жылыой ауданының статистика басқармасының бас маманы (С-О-5), 2 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген және басқарманың жұмыс жоспарында көрсетілген жұмыстарды орындау. Респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету, олардан алғашқы статистикалық деректерді жинау және тексеру, оқыту семинарларын өткізу. Үй шаруашылығын іріктеп зерттеу бойынша сұхбат алушылардың жұмыстарын үйлестіру және қадағалау. Әкімшілік дереккөздерге қатысты іріктемелі тексерулерді жүргізу. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына талдау жасау. Ауданның ауылдық (селолық), поселкелік окруктердегі елді мекендердің аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалардан статистикалық байқауларды сапалы және толық жинау, зерттеулер жүргізу. Статистика Департаментімен ұйымдастырылған семинар-кеңестеріне қатысу. Жергілікті атқару органдары, бұқаралық ақпарат құралдары және респонденттермен жұмыс жасай білу, консультациялық көмек беру. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Басқарманың ішкі құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес іс-жүргізуді жүзеге асыру. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда, олардың қызметтік міндеттерін атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, «Технология және техникалық ғылым» саласындағы мамандықтар бойынша: ақпаратты жүйелер, есептеу техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.
4. Құрманғазы ауданының статистика басқармасының бас маманы (С-О-5), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Лауазымдық нұсқаулықта қаралған жұмыстарды және басшылықтың тапсырмаларын орындау. Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген және басқарманың жұмыс жоспарында көрсетілген жұмыстарды орындау. Респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету, олардан алғашқы статистикалық деректерді жинау және тексеру, оқыту семинарларын өткізу. Статистикалық бизнес тіркелімді, ауыл шаруашылығындығы және тұрғын үй қоры тіркелімін жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз ету. Үй шаруашылығын іріктеп зерттеу бойынша сұхбат алушылардың жұмыстарын үйлестіру және қадағалау. Әкімшілік дереккөздерге қатысты іріктемелі тексерулерді жүргізу. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына талдау жасау. Жергілікті атқару органдары, бұқаралық ақпарат құралдары және респонденттермен жұмыс жасай білу, консультациялық көмек беру. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Статистика Департаментімен ұйымдастырылған семинар-кеңестеріне қатысу. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Басқарманың ішкі құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес іс-жүргізуді жүзеге асыру. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда олардың қызметтік міндеттерін атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, «Технология және техникалық ғылым» саласындағы мамандықтар бойынша: ақпаратты жүйелер, есептеу техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.
5. Құрылымдық статистика басқармасының бас маманы (С-О-5, уақытша, 05.12.2017ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық жұмыстарды On-line бағдарламасында, уақытылы және сапалы орындау. Е-қызмет, ЭҚАБЖ–мен жұмыс жасай білу. Құрылымдық статистика басқармасы бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру, бақылау, біржолғы есеп жүргізу және зерттеу. Басқармада қалыптастырылатын жарияланымдарды уақытылы және сапалы дайындау. Респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Каталогтарды үнемі жетілдіріп отыру. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұйымдастыратын және басқа да өз саласына байланысты өткізілетін семинар, кеңестерге қатысу. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар кеңес ұйымдастыру. Аудандық статистика басқармаларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылатын әдіснемелік ұсынымдармен уақытылы танысып, жұмыс бабында пайдалану. Уақытша сақталатын істерді жою актілерін дайындау. БАҚ-мен, мемлекеттік органдар және респонденттермен жұмыс істей білу. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқарма басшысы болмаған жағдайда, оның қызметтік міндетін атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.
6. Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5, уақытша, 18.10.2019ж. дейін негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген статистикалық жұмыстарды On-line бағдарламасында өз уақытында және сапалы орындау. Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Қоршаған орта статистикасы бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру, бақылау жасауды жүзеге асыру, біржолғы есеп жүргізу және зерттеу. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар-кеңес ұйымдастыру. Статистикалық бизнес тіркелімді жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Қоршаған орта статистикасы бойынша статистикалық бюллетеньдерді, жедел-ақпараттарды, статистикалық жинақтар мен өзге де материалдарды уақытылы және сапалы дайындау. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. БАҚ-мен, мемлекеттік органдармен жұмыс істей білу. Аудандық статистика басқармаларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда, олардың қызметтік міндеттерін атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар бойынша: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика. Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «Б» мекенжайы бойынша Департаменттің ғимаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің Статистика
комитеті Атырау облысының
Статистика департаменті» РММ
Өтініш
Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
____________ ________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«____»_______________ 2017ж
Достарыңызбен бөлісу: |