3. Швециядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәжірибесі.
Швецияда жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігі Ашықтық пен айқындық – швед демократиясының негізі. Швеция – еркін және ашық қоғам, онда азаматтарға демонстрацияларға қатысу, өз-өзін айқындау еркіндігі, баспасөз бостандығы, табиғи жер-суға кедергісіз қол жеткізу құқығы, биліктің іс-әрекетін бақылау құқығы сияқты құқықтар мен бостандықтарға кепілдік берілген. Ашықтық тепетеңдікті қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру үшін алғышарт болып табылады. Швецияның конституциялық құрылысын төрт негізгі заң айқындайды: басқару нысаны туралы акті, баспасөз бостандығы туралы акті, өз ойын білдіру бостандығы туралы акті және тақ мұрагері туралы акті. Оларға мемлекеттің барлық басқа да заңдары бағынады. Конституция азаматтарға ақпарат алудың еркіндігін, демонстрациялар еркіндігін, саяси партиялар құру құқығын және өз дінін насихаттауға кепілдік береді.
1991 жылы қабылданған өз-өзін айқындау бостандығы туралы акті басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына – теледидар, кино, радио және электрондық БАҚ баспасөз бостандығы туралы акті ережелерін таратты. Осы заңның мақсаты – еркін пікір, ақпарат және көркем шығармашылық бостандығын қамтамасыз ету. Өз ойын білдіру құқығымен белгілі бір жауапкершілік байланысты. Баспасөз бостандығы және өз ойын білдіру бостандығы туралы заңдарды бұзуы бойынша күмәндану істерін әділет канцлері – азаматтық әкімшіліктің саяси емес органы қарайды, оның басшысын үкімет тағайындайды. Қоғамдық бақылау. Ақпарат бостандығы қағидатының мәні – жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдары да ресми құжаттарға ашық қол жеткізеді. Бұл швед азаматтарына мемлекеттік органдар және жергілікті биліктің іс-әрекетіне кедергісіз бақылау жасауға мүмкіндік береді. Бақылаудың мүмкіндігі демократияның нығаюына, ал билік қызметіндегі ашықтық билікті асыра пайдалануға жол бермейді [8].
Газеттерді оқудың жоғары деңгейі. 2010 жылы Швецияда тегін басылымдарды есептемегенде, күнделікті шамамен 3,5 млн газет басылып шықты. Жұмыс күндері халықтың 81 %-ы таңертеңгілік газеттерді оқиды. Швецияда сатылатын 168 таңертеңгілік газеттің көпшілігін интернеттен де оқуға болады. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, шведтердің 30 %-ы жаңалықтар сайтына кіреді екен. Тәуелсіз радио және теледидар. Швед қоғамдық телеарнасы (SVT) және радио хабар (SR) таратудың арқасында елдің тұрғындары жарнамасыз кең ауқымды бағдарламаларды таңдау құқығымен қамтамасыз етілген. Теле- және радиоарналар мемлекеттен тәуелсіз және қандай да бір экономикалық немесе саяси мүдделерсіз жұмыс істейді [9; 10].
Швеция халқының үштен бірі жаңалықтармен Интернет арқылы танысады. Интернетті қолдану жиілігі Швецияда – Еуропалық Одақ елдері бойынша ең жоғары. 9 миллион халықтың 80 %-ы Интернетті қолданады. Ресми құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік қызметшілер мен жария әкімшілік органдарының басқа да қызметкерлері мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына және үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар дегенді білдіреді. Алайда құжаттар егер олар мына салаларға қатысты болса құпия болуы мүмкін: ұлттық қауіпсіздік, Швецияның шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынасы, ұлттық салық-бюджеттік, кредиттік-ақша, валюта саясатына, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне, мемлекеттік билік органдарының инспекция, бақылау және басқа да қадағалау іс-шараларын жүргізуі, қылмыстарды болдырмау және мен қылмыстық аңду, жекелеген тұлғалардың жеке және қаржылық мәртебесін қорғау, жануарлар мен өсімдік түрлерін қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |