4. Сыбайлас жемқорлықтың және оның көріну нысандарының себептері.
Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша сипаттайды: – өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп; – азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын тоқтатуының бір себебі; – ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы; – мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу; – заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір. Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Сыбайлас жемқорлық феномені не себепті құқықтық кеңістіктен бөлек зерттелуі тиіс?
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған тәрбие жұмысын қалайша жүргізген жөн?
3. Адамгершілік құндылықтардың қоғам өміріндегі рөлі қандай және олар мемлекеттік қызметтегі адамның мінез-құлқына қалай ықпал ете алады?
4. Жемқорды қалай және қандай белгілері, мінез-құлық актілері бойынша анықтауға болады?
5. Нақты мемлекеттік органдарда (құқық қорғау органдарында, денсаулық сақтау, білім беру) сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері қандай?
6. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасаған адамға не шешуші ықпал жасайды: заңдық жауапкершілік, беделін жоғалту немесе қоғамдық айыптау?
7. Діндар адам саналы түрде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасай алады ма?
Әдебиет
1. Большой юридический словарь / под ред. А. Я. Сухарева и В. Е. Крутских. – 2-е издание, перераб. и дополн. – М., 2001. – 704 с.
2. Индекс восприятия коррупции (англ. Corruption Perceptions Index, CPI) – ежегодный рейтинг государств мира, отражающий оценку уровня восприятия коррупции аналитиками и предпринимателями по десятибалльной шкале. Составляется компанией «Transparency International» с 1995 года. https:// ru.wikipedia.org. – 5 сентября 2015 года.
3. Борохов Э. Мысль в слове. – М., 2004. – 589 с. 1
Достарыңызбен бөлісу: |