Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2019



жүктеу 256,74 Kb.
бет71/86
Дата21.01.2022
өлшемі256,74 Kb.
#34143
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86
Лекция жинағы 2019-2020

Дәріс №12
Тақырыбы: CGI технологиясы. PHP, ASP, SSI –дің қазіргі сценарийлері
1. ASP және Microsoft.NET құрамындағы ASP.NET.

2. PERL, PHP, ASP, SSI серверлік сценарийлері.


PERL, PHP, ASP, SSI серверлік сценарийлері.

PERL – ерікті мәтіндік файлдарды өңдеу, олардан қажетті ақпаратты алу және хабарламаларды беру үшін сәйкестендірілген интерпретацияланатын тіл. Ол әртүрлі жүйелік бағдарламалар жазу үшін де қолайлы. Бұл тілдің қолданылуы оңай, эффективті, бірақ оны ғажайып және ықшам деп айту қиын.

PERL 1986 жылы Unix – компьютерлерден құрылған желінің жүйелік ресурстарын конфигурациялау және әкімшелендіру үшін құрал ретінде құрастырылған. Ол өзінде C, Shell, Sed және Awk –нің жақсы мінездерін қалыптастырған, сондықтан, бұл тілдермен таныс адамдарға PERL-ді үйрену қиын болмайды. PERL өрнектерінің синтаксисі С синтаксисіне жақын. Unix ОЖ көптеген утилиталарынан PERL-дің айырмашылығы, ол өңделетін берілгендерге шек қоймайды, егер ресурс жетсе, онда бүкіл файлды бір қатар ретінде өңдейді. Рекурсия деңгейіне шек қойылмайды. PERL мәтіндік файлдарды сканирлеу үшін сәйкестендірілгенімен, ол екілік берілгендерді өңдеуі және .dbm файлдарды құруы мүмкін. PERL қалыпты өрнектерді, объектілерді құруды, С немесе С++ бағдарламасына PERL кодтарының бөліктерін қоюды пайдалануға мүмкіндік береді және де берілгендер қорына қатынас жасауға мүмкіндік береді.

PERL тілі мәтіндік құжаттарды өңдеудің эффективтілігін арттыру үшін құрылған. Ол қатарларды өңдеуге бағытталған. Қазіргі уақытта бұл тіл www-сервердің орындалушы модулдерін құру сайманы ретінде кең қолданыс тапты. Бар болған кеңейту пакеттері PERL бағдарламаларынан SQL-серверіне тікелей қатнас жасауды қамтамасыз етеді. Бұл оны деректер қорына www-қатынауын қамтамасыз етуде пайда болатын барлық мәселелерді шешу үшін қолдануға мүмкіндік береді. PERL берілгендердің ерікті құрылымын өңдеу үшін де пайдалы: электрондық түрдегі бұрыннан бар болған есептер, тізімдер, карточкалар.

PERL CGI бағдарламалау үшін ең кең қолданылатын тіл, және бұл үшін көп нақты себептер бар:



  • PERL ді оқу жеңіл; оның синтаксисі басқа тілдерді еске салады (мысалы, С), сондықтан ол «көбісін оңайлатады», қате пайда болғанда толық хабарлама беріледі және мұнымен проблеманы жылдам шешуге көмектеседі;

  • PERL интерпретацияланатын тіл болғандықтан жылдам өңдеу қабілетіне ие; бастапқы кодты іске қосудан алдын компиляциялаудың қажеті жоқ;

  • PERL көп платформаларда азғантай өзгертулермен қол жетімді;

  • PERL қатарларды өңдеу үшін қалыпты өрнектер бойынша іздеу және алмастыру қызметінен құралған;

  • PERL екілік берілгендерді мәтін сияқты жеңіл өңдейді;

  • PERL типтерге нақты бөлуді талап етпейді: сандар, қатарлар және логикалық өрнектер қарапайым скалярлар болып табылады;

  • PERL сыртқы бағдарламалармен өте оңай өзара әсерлеседі және өз функцияларын файлдық жүйелермен жұмыс үшін қамтамасыз етеді;

  • PERL үшін динамикалық графикадан бастап, Интернет-серверлі интерфейстер және деректер қорын басқару жүйелерін құру үшін CPAN-нан көптеген бос қатынас жасау модулдері бар. CPAN бойынша толығырақ ақпарат үшін В қосымшаға назар аударыңыз.

PERL шынымен өте жылдам: ол бастапқы файлды оқып болып, оны сол сәтте компиляциялайды және орындайды. Әдетте PERL де компиляциялау және орындау бірге орындалғандықтан бөлек қадамдар ретінде қабылданбайды: PERL іске қосылады, бастапқы файлды оқиды, оны компиляциялайды, іске қосады және кейін жұмысты аяқтайды.

РНР

РНР технологиясының сервер тарапта HTML құжаттарды динамикалық пішімдеу үшін қолданылуы. РНР технологиясы сервер тараптың технологиясы болып табылады. РНР аббревиаурасы рекурсивті ашылады: «PHP HyperText Preprocessor». Берілген технологияның негізгі қолданылу сферасы серверлік қосымшаларды және ДҚ – на интерфейстерді құру болып табылады.

РНР қосымшасы JavaScript сценарийлеріне ұқсас сценарий ретінде HTML құжаттарына енеді, бірақ, JavaScript –тен айырмашылығы , РНР сценарийлері пайдаланушы агентімен емес, арнайы бағдарлама – CGI қосымша болып табылатын және сервер іске қосатын РНР сценарийлер жаңғыртушысымен (проигреватель) орындалады. Пайдаланушы агенті олар сұраған сценарийлердің орындалу нәтижесін алады және сценарийдің өзінің кодын көрмейді. РНР сценарийсі бар HTML құжат ереже бойынша арнайы кеңейтілуге ие болады, мысалы, рһр3 немесе phtml. Сервер мұндай құжаттың сұранысын алғанда келесі әрекеттерді орындайды:


  1. рһр3 немесе phtml файлының типі туралы жергілікті ОЖ –ні сұрайды

  2. берілген файл сценарий болып табылатындығы туралы және мұндай сценарийлерді орындайтын бағдарламаға жолды жауап ретінде алып, жүктеу параметрі ретінде пайдаланушы сұраған файл атын көрсетіп, сценарийлер жаңғыртушысын іске қосады

  3. РНР сценарийлер жаңғыртушысы РНР инструкцияларын орындауды және құжаттық қалған құрамын клиентке өзгертусіз беруді талдайды.

1-суретте РНР сценарийлерінде клиент сұраныстарында әртүрлі компоненттердің өзара әсерлесуі көрсетілген.

HTML құжаттың ішінде РНР инструкциялары тізбектес символдардан құрылатын арнайы жақшалар ішінде орналасады. РНР сценарийлерін қосу үшін SCRIPT элементін “php” мәніне ие language атрибутымен қолдануға да болады.

Арнайы жақшалардан тыс орналасқан және құжаттың статистикалық бөлімі деп аталатын мәтін РНР сценарийлер жаңғыртушысымен талданбайды және клиентке өзгертусіз беріледі. Фактілі түрде, статистикалық бөлім HTML құжаттың шаблоны болып табылады.

РНР сценарийлер тілінің синтаксисі С, С++, Java бағдарламалау тілдерінің синтаксисіне ұқсас. РНР сценарийі өзімен бірге «;» символдарымен ажыратылған РНР операторын немесе РНР операторлар тізбегін ұсынады.



Сурет -1. РНР технологиясы
РНР сценарийлер тілінің негізгі объектілері айнымалылар, өрнектер, операторлар және функциялар болып табылады.

РНР айнымалыларының типі болмайды. Айнымалының типі берілген айнымалыда сақталатын мәнмен анықталады. Айнымалының типі контексттен тәуелді динамикалық өзгереді. РНР –де келесі типтер ерекшеленеді:

Бүтін – integer

Нақты – double

Қатарлық – string

Массив – array

Объект - object

Сценарийлерді орындағанда РНР интерпретаторы сервер параметрлерімен, НТТР протоколымен, интерпретатордың өзімен және де қабылданған сұраныспен байланысты айнымалылар анықталады. HTML құжаттың құрамындағы форманың әрбір басқару мүшесі name және value атрибуттарына ие. Клиент сұранысынан алынғандарды өңдеуде РНР интерпретаторы басқару органдарына сәйкес атауы name атрибутының мәні, ал мәні - value атрибутының мәні болып табылатын айнымалыларды құрады. Бұл РНР сценарийлерінде формаларды түсінуді оңайлатады.

РНР интерпретатор тілінің маңызды ұғымы болып өрнек түсінігі саналады. Өрнек – бұл тұрақты, айнымалы немесе операциялар көмегімен солардан құрастырылған құрылым. өрнек күрделі өрнектің құрамдық бөлігі болуы мүмкін. Әрбір өрнек өрнектің мәні деп аталатын мәнге ие. Операция мәні оның нәтижесі болып табылады. Өрнек мәнінің типі өрнекке енетін айнымалылар мен тұрақтылар және операциялардан тәуелді.


жүктеу 256,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау