Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………..…….
1 PHP бағдарламалау тілі………………………………………..
1. 1 Интернет жайлы жалпы түсінік………………………..
1.2 РНР дегеніміз не?...........................................................................
1.3 РНР дің пайда болуы және даму тарихы…………….
2 РНР және Арасне локалді серверін орнату…………..
2.1 Арасне web-серверін орнату……………………………...
2.2 РНР ді орнату…………………………………………………......
3 PHP де бағдарламалауды үйрену………………………...
3.1 PHP-де айнымалылар және экранға шығару……....
4 PHP тілінде құрылған бағдарлама мысалдары………...
4.1 Файлдарды құжаттарға салу………………………………….
4.2 Формаларды өңдеу және почтаны жіберу………………...
4.3 Мерзімді сөз арқылы шығару (дата)………………………….
5 HTML негiздерi…………………………………………………………..
5.1 РНР және MYSQL…………………………………………………….
6 интернетте қазақ тілін талқылайтын web бетін құру…
7 Бизнес-жоспар
7.1 Аннотация
7.2 Түйін
7.3 Кәсіпорын сипаттамасы
7.4 Өнімнің сипаттамасы
7.5 Маркетинг жоспары
7.6 Өндірістік жоспар
7.7 Ұйымдастырушылық жоспар
7.8 Қаржылық жоспар
7.9 Жұмыстардың орындалу тізбесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Алғашқы қазіргі заманғы есептеу машиналары болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік интернет желісі - ғасырдың 90-жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының бірі болуда. Internet желiсi- Бүкiләлемдiк тор-WWW [World Wibe Web]. Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине көптеген жұмыстарды қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. WEB-тiң негiзгi қызметi- қажеттi ақпаратты шапшаң түрде кірiп көру, жинастыру және де оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Гипермәтiндi сiлтеме-келесi беттермен байланысты қамтамассыз етедi. Сiлтеменi тышқанмен шертiп сiз келесi WEB-сайтқа өте аласыз. WEB-сайтты бiз келесi бағдарламалар арқылы көру мүмкiншiлiгiне ие бола аламыз: Microsort Internet Explorer [Майкрософт Интернет эксплорер], Netscape Navigator [Нетскейп навигатор], Mozilla[Мозилла], Opera[Опера]. Бұл бағдарламалардың артықшылығы сайтты сiлтемелер немесе адрестер арқылы бейнелеп көрсетiп бередi және де дискiге сақтай алатын мүмкiншiлiгi бар. Сайт даяр болғаннан кейін оны алдын-анықтап алу қажет.
Соңғы жылдары компьютерлік техниканың жедел дамуына байланысты сайт құруға арналған бірнеше программалар шықты. Атап айтар болсақ:
HTML тілі (Hyper Text Markup Language)
PHP1-PHP5
Python
Java
HTML-тілі құжаттардың құрылымын суреттеу үшін берілетін командалық қарапайым тегтерден тұрады. Жұмысы - құжат тақырыптарын белгілеу, гипермәтінге белгілер орнату. Ал PHP тілі сол HTML-тілі жасай алмайтын мүмкіндіктерді жасай алады, яғни сайт бетіне процедуралық бағдарламалау жолын ұсына алады. Алғашында PHP тілі онша таныс болмаған мен қазір оның құдыреті кез келген сайт құру тілдерінен асып түседі. PHP тілі жылда дамып отыр оның алғашқы нұсқалары 1994 жылдары PHP болса қазір оның PHP5 нұсқасы шығып үлгерді.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы:
1 PHP бағдарламалау тілі
1.1 Интернет жайлы жалпы түсінік
Интернет – үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып табылады. Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына негізделген және сәйкесінше олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет сөзінің мағынасында оның ең танымал қызметтерінің біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі. Интернет желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол Web парақтар түрінде болады. Web парақтар кез келген түрдегі мәліметтер: мәтіндер, сілтемелер, графика, дыбыс, видео, анимациялар т.с.с тобынан тұратын комплекстік құжаттар болып табылады. Интернеттің өмірге келуі адамзат тарихында коммуникациялық технологияның дамуына негіз бола алады деп толық сеніммен айта аламыз. Өйткені қазір жаста кәрі де өзіне керекті затты сатып алу үшін немесе білім алу үшін, адамдармен араласу үшін, керекті құжат немесе затты іздеу үшін т.с.с көптеген қызметтерді пайдалану үшін интернетке барады. Осыдан бірнеше жыл алдын Тим Бренерс-Ли дің ой туындысының нәтижесінде интернет сөзі қолданысқа енді және әлемді қарапайым гиперсілтемелер арқылы біріктіре алды. Соның нәтижесінде бірнеше дамушы елдердің экономикасы қарқынды түрде дамыды. Сондықтан Тим Бренерс-Ли ді интернеттің атасы деп атауға да болады.
Сайттар және олардың адрестері
Қаладағы серверлерге шығу үшін домендерді қолдануға болады. Ал ондағы аудан, үйге қатынас жасау үшін сайттар қолданылады. Қандай да бір мекемеге немесе жеке тұлғаның және қандай да бір тақырыпқа арналған желінің логикалық түрде аяқталған элементі. Әрбір сайттың өз адресі болады, ол әріптен турады.
Желіні жасаушылар арнайы, домендік аттарды, (DNS) серверін құрады. Олар автоматты түрде әріптік адрестерді (URL) цифрлыққа (ІР) ауыстырады. DNS өзінде сол адрестердің сәйкесіне таблицасы сақтайды.
Сайт адрестері бірнеше маңызды элементтерден тұрады. http:// - гипертестік құжаттарды теру протоколын білдіретін префикс.
WWW – ресурстың WWW жүйесіне жататындығын білдіретін “сигналдық жалауша”. Бұдан кейін адрес атының ең төмендегі элементі – сайттың өз аты орналасады.
Беттер –біртұтас «ағзаны» -сайтты құрайтын жеке гипертекстік құжаттар.
Домендік зоналар
Интернеттің компьютерлерінің барлығының өз адрестері (ІР -адресі) болады. Сервер ыңғайлы болғандықтан домендіқ зоналар деп аталатын логикалық топтарға біріктірілген. Бұл зоналар географиялық , тематикалық болуы мүмкін.
Географиялық домендік зона (бірінші деңгейдегі зона) желіге өз компьютерлері арқылы қосылған әрбір мемлекетке беріледі. Ол ереже бойынша екі әріппен белгіленеді:
Ch –Қытай
Fr –Франция
Ge –Германия
Jp –Жапония
Ru –Россия
Tw –Тайвань
Uc –Украина
Ur –Ұлыбритания
Тематикалық домендік зонаның географиялықтан қарағанда белгілі бір аймаққа қатысы жоқ. Ол әр елдегі ғана емес, әр контингенттегі компьютерлерді біріктіреді. Мұнда компьютерлер оларды басқаратын мекемелердің түрі бойынша топтастырылған. Ал домендік индекс үш және одан көп әріптермен белгіленеді:
Gov - өкіметтік мекемелер;
Com - кез келген коммерциялық үйымдар;
Net - желілік қызметке қатысты ұйымдар;
Nur - әскери мекемелер;
Int – халықаралық мекемелер;
Edu - білім беру мекемелері;
Shop - желілік магазин;
Museum – мұражай;
Biz – кез-келген бизнес -жоба;
Name - жеке беттер.
1.2 РНР дегеніміз не?
РНР-бұл Web –серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және HTML-дің көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда, РНР ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНР Windows NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache –дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі болмайды.
Сіздің құжат бетіңіздегі әртүрлі операциялардан басқа сіз РНР көмегімен НТТР-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орната аласыз. Сонымен қатар аутенфификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттай аласыз. РНР берілгендер қорына енуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл сізге PDF құжаттарды инерациялаудан, ХМL-дегі грамматикалық талдауды жасауға мүмкіндік береді.
РНР операторлары сіздің бетіңізге Web-беттерді қойып береді, сондықтан арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. Сіз РНР-кодының блогын тегімен аяқтайсыз. Бұл тегтердің арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпритацияланады.
РНР тілінің синтаксисі Си және Рerl синтаксисіне ұқсас келеді сіз ауспалыларды оларды пайдаланудан бұрын жарияламауыңыз керек. Массивтермен Хэмтер оңай жүзеге асырылады.
Дегенмен РНР Apache құрылған жағдайда бәрінен жылдам жұмыс жасайды. РНР Web – сайтында оны Microsoft ІІS және Netscape Enterprise Server орналастырудың реті бар. Егер сізде РНР ді орнатуға бағдарламалық қамтамасыз етудің көшірмесі жоқ болса, оны сізге ресми Web –сайттан ала аласыз. Ол жерден сіз РНР дің барлық ерекшелігі мен қызмет бейнеленген түсіндірілген жетекшілікті таба аласыз.
1.3 РНР дің пайда болуы және даму тарихы
РНР дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl тіліндегі қарапайым қосымшаны ойлап табуымен басталады. Ол қосымша вебсайтта пайдаланушылардың оның резюмесін сараптайды. Содан бұл қосымшамен бірнеше адам пайдаланғанда оны алғысы келетіндердің саны өсе түсті. Ледорф өзінің жаңалығын Personal Home Page Tools версия 1 деп аталады және оны еркін таратуға жібереді. Осы кезеңнен бастап РНР-дің танымалдылығы арта түсті.
Ылғи кездесетін жәйт сияқты оны өңдеу мен толықтыру қажет болды. Оны жүзеге асыру үшін Расмус Си-ға жазылған пакеттің жаңа версиясын жасап шығаруға осылайша құрал жұмыстың атауға ие болады РНР /Fl /Personal Home Рage /Forms Interpreter/ ары қарай ол РНР 2 деген атаумен де белгілі болады. Бұл версия қазіргі уақытта осы күнгі РНР-ге ұқсас. Оның синтаксисі және Perl тілі стилінде ауыспалы атау алуы, болатын формаларды автоматты интерпетациялауға берілгендермен интеграциясына, және РНР операторларын html код беттерге орналастыруға мүмкіндігі болатын. Сонымен қоса бұның барлығы қате жылдам жұмыс жасайтын болды. Өйткені РНР Apаche серверіне компилирленген еді. 1997 жылы РНР 50,000 - дай доменде қолданылады.
Дәл осы жылы 1997 де РНР жобасына Зив Сураски мен Энди Гутманс (Andi Gytmans) қосылды. Олар Израил университеттерінің бірінде студент болып жүріп, РНР ді коммерциялық университеттік жобаға пайдалануға тырысты. Осы жерде олар көптеген қиындықтармен, бұл технологияның шектеулі екеніне кездесуге тура келді. Яғни Энди мен Зив РНР 2-нің алғашқы кодын үйрене отырып оған өңдеудің, әсіресе тілдің синтаксисіне қайта өңдеу қажет деген тұжырымға келді. Бірнеше ай көлемінде олар бұл тапсырманы кереметтей орындай білді. Оның үстіне бұл жұмыс оларға университеттің оқу жүктемесі ретінде сыналды.
Жұмысты бітірген Зив пен Энди Расмуспен байланысты. Ол РНР дегі барлық өзгерістерді қуана қабылдады. Осы кезеңнен бастап РНР технологиясын дамытумен айналысатын РНР Group топтары пайда болады. Бірлескен әрекет нәтижесінде алынған өнім 1998 жылы РНР 3 деген атаумен жарық көрді.
Бұл жердегі РНР 3-тің басты ерекшелігі ядролық кеңеюіне мүмкіндік туды. Бұл арнайыландырылған модульді тудыратын РНР - дің әржақты өңдеуіне әкелді. Олардың үлесі РНР үлкен көлемдегі берілгендер қоры мен хаттамалармен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырды. 1998 жылы РНР ді қолданушылардың саны 10000 жетті. Ал РНР интернет серверінің 10 пайыздай шамасына орнатылды. Баспаларда 20–дан астам мақала мен 2 кітап РНР жайында жарияланды.
РНР 3-тің жарық көргеннен соң Энди Тутамано және Зив Сурски РНР -тің ядросын өңдеуге кірісті. Ең бірінші кезектегі мәселе өндірісті жоғарылатуды шешу керек еді. Zend Engine деп аталатын жақ қозғалыс бұл тапсырманы нәтижелі орындады және 1999 жылы пайда болды.
РНР 4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты. Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4 тің мүмкіндіктері зор еді. РНР 4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады.
2000-2004 жылдар арасында 4 версияны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар жалғасты. Шамамен сол кезден бастап ақ РНР Group жаңа версияның мүмкіндігін ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін ірі жобаларды пайдалануға мүмкіндік берді. 5-ші версияны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді. Оған көптеген мамандар қатысты олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус Бергерді атап өткен жөн болар.
Ақыры 2004 жылдың шілдесінде РНР 5 ресми түрде жарыққа шығады. Бірінші кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмысты барлық механизм жұмылдырылды. Егер алдыңғы версияларда РНР –дегі объектілік-жобалаушылық бағдарламалау минимальды деңгейде мүмкін болатын болса, ал РНР 5 объектілік бағдарламалауды жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие. Онымен қоса РНР ХМL мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар көзіне байыды.
РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапқаналар күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтілер SAX, DOM, және XSLT қазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа екі кеңейтулер қосылды-SimpleXML және SOAP.
Somple XML XML- берілгендермен жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан алдын РНР-да ХМL мен жұмыс бұншалықты қарапайым болмаған еді.
SOAP -тың кеңеюі РНР да ХМL –хабарламаның көмегімен басқа қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құрға мүмкіндік береді. Мысалы НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал веб-сервистермен интеграциялауға мүмкіндік туындайды.
РНР 5 My SQL (My SQL Improved) жаңа кеңeйтулер Му SQL – сервер версиясымен 4.1.2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. Му SQL - ға тек қана процедуралық емес сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды қосады.
SQLite–тің кеңеюі мәліметтерді кәдімгі файлдарда сатайтын қоcымшаны құрастыруға мүмкіндік береді. Ол SQL интерфейсін пайдалануға мүмкінік тудырады. SQLite – нің маңызды ыңғайлылығы – пайдаланылу қарапайымдылығы. SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен жұмыс жаcау үшін мықты объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-нің басқа ерекшеліктері –жоғары жылдамдық, басқарудағы күрделі механизмдердің жоқ болуы және оңай тізгіштік. Көптеген эксперттер РНР -нің бұл кеңейюінің үлкен танымалдылыққа ие болатындығын жоспарлап отыр.
РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзіне төмендегілерді қосады.
Tidy –HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін.
Perl - Perl сценарийлерді пайдалану.
SPL – кластармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2 –нің кеңеюі.
-РDО -PHP-нің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады.
-PІMP-GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған жаңа кітапхана.
Бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері пайдаланылады.
-РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен толықтырылған.
2 РНР және Арасне локалді серверін орнату
Локальды серверлерді пайдаланудың себебі көп – бізге РНР - ды үйрену керек болды өзіңіздің хостингіңізде Web қосымшалары тестілеу қымбатқа түседі және бұндай мүмкіндік мүлдем жоқ. Бұл жағдайда сізде локалды машинада Apache+PHP байланыстары қажет болады.
Ең алдымен Apache және РНР дің архивін шығарып алу керек. Apache http://www.apache.org/dyn/closer.egi. ресми сайтындағы келтірілген беттен алуға болады. Іздестіруде мынаны есте сақтаған жөн. Apache өзінің UNIX тегі демонының аты бойынша httpd деп те аталуы мүмкін. әдетте сайт бетінде әртүрлі файлдар көп, мысалы httpd-2.0.49-win 32-src.zip httpd-2.0.49. tar. Gz, apache 2.0.50-win 32-x86-no ssl-exe.
Ескерту : Apache тасымалдаушыларының бинарлы кодтары әртүрлі нұсқада таралады. Мысалы *ехе және *msi кеңеюімен және де hеttpd версия win 32 *msi түріндегі атауға ие болуы мүмкін. Шатасып қиналмау үшін оны алуға болатын ресурс мынадай: http://apache.rin.ru/dist/httpd/binaries/win32/. Екінші және үшінші версия сан версияда келтірілгендерден айырмашылығы болуы мүмкін-бұл жерде ең соңғы версияны таңдаған абзал. Өйткені онда алғашқы версиядағы кездескен қателектер жойылған.
РНР 5-ті http://www.php.het/downloads.php сайтынан табуға болады. Сайтта РНР екі формада мүмкін болады. Алғашқы кодта (Complete Source Code) және компилицияланған нұсқада (Windows Binsries). Бізді ек нұсқада таралатын компиляцияланған версия қызықтырады: орнату түрінде (php-5.0.0-installer exe) және zip архив түрінде (php-5.0.0-Win 32. zip). Орнатушы орнатуда ыңғайлы, бірақ РНР версиясы шектеулі. Оның үстіне автоматты инсталляторды пайдалану бізді Арасһе серверінің конфигурациялаушы файлын құру қажеттілігінен арылтпайды. Сондықтан да zip –архивті жүктеу ұсынылады. Сіз РНР сайтында бола тұрып РНР –ге құжатитаманы алуыңызға да болады. Windows-ты пайдаланушылар үшін сhm-формат әлдеқайда ыңғайлы
2.1 Арасне web-серверін орнату
Арасhе Web-серверінің орнатушысын жіберіңіз. Нәтижесінде лицензиялық келісімі бар терезе пайда болады. одан кейін Арасhе екінші версиясының жаңа кіріспесі туралы ақпараты бар келесі терезеге өтіңіз. Суретте көрсетілген келесі терезе сервер туралы ақпарат ендіруге мүмкіндік береді; сервердің домендік аты. Сервердің аты, басарушының электрондық почтасының аты. Егер орнату локальды машинада жүретін болса, домендік атау мен сервер атауына өріске localhost ендіру керек болады. терезенің төменгі бөлігінде сервер сұранысты қабылдайтын порт нөмерін таңдау керек болады. (80 немесе 8080). Ол төмендегі. суретте көрсетілген (1 сурет). Localhost – бұл ІР –мекен жайымен байланысты локалды машинада серверді пайдалануға арналған атау.
Бұдан кейін орнату тәслі ұсынылады. Стандартты (Typical) немесе таңдаушы (Custom). Бұл тәсіл сервер компонентін қолмен таңдауға мүмкіндік береді. Келесі терезе сервер орнатудың каталогын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл C: Program Files Apache Group, дегенмен біз басқа каталогты таңдауды ұсынамыз. Мысалы С: www. Бұдан кейін орнату шебері орнату процесіне дайын екендігін хабарлайды.
1 сурет – РНР - ді орнату терезесі
Сосын Install түймесін басқан соң сервер файлдарын көшіру жүзеге асырылады. Егер құру сәтті шықса, Windows автоматты түрде Apache жібереді.
Теру кезіндегі сәтті инсталляциядан кейн браузер терезесіне http:// localhost/ немесе http://127.0.0.1/- на сервер бетіне жүктелуі керек.
Енді Apache ні басқаруды үйрену керек. Атап айтсақ серверді жіберуді, тоқтатуды, және жүктеуді үйрену керек. Бұл операцияларды орнатудың көптеген тәсілдері бар: ApacheMonitor, көмегімен, Windows сервистерін басқару консольын пайдаланып, Пуск мәзірінің пункттерін пайдалану. Басқарудың консолдарын жіберу үшін мына командаларды орындаңыз.
Пуск ->Настройка->Панель управления-администрирование-> Службы.
Команда орындалғаннан соң төмендегі суретте (2-сурет) көрсетілгендей терезе пайда болады. Консолдың пайда болған бетінде, төменде берілген суреттен Apache 2 сервисін таңдау керек. Оң жақтағы түймешікті басу арқылы ашылған контексті мәзір сервистің жіберуін, тоқтатуын, жүктелуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2 сурет – Службы тережесі
Windows қызметтері жүйенің стартында фондық қосымшаларды шығаруды жүзеге асырады. Бұл үшін свойства терезесіне өту керек. Сервистің контекстік мәзірінен свойства пунктін таңдап, пайда болған терезеде “Тип запуска” тізімінен “Авто” пунктін таңдау керек.
Енді С: /www/ Apach 2/conf. Бумасында орналасқан Apache –http. conf. Web-серверінің конфигурациялық файлын орнатуға кірісу керек. Есте сақтаған жөн бұл файлда жүзеге асырылған өзгерістер күшіне серверді қайта жүктегенне кейін ғана енеді.
Сервер Apache ISO-кодтауына орналастырылған. Яғни сервер бұл кодтауға жазылғанның бәрін сіздің файлыңыз деп санайтын болады. Кодтауды кодтауға өзгерту үшін Windowsта http.conf ашып, мына қатарды табу керек.
AddDefaultCharset ISO-8859-1
Оны мынаған өзгерту керек.
AddDefaultCharset –WINDOWS –1251
Бұдан кейін бізге кеңейтілген файлдардың орналасқан бумасын құру керек болады. Оларды мына мен жаймен табуға болады. http:/locakhost/index.html. Бұл үшін сіз бәріне дайын болатын буманы таңдау керек. Бұл былай болсын C:/www/scripts.
2.2 РНР- ді орнату
Apache сервері құрылды- енді РНР ді құруғе кірісуге болады. Бұл үшін С: /РНР жобасын құрыңыз. Және ол жерде рhр-5.0.0-Win32.zip. архивіндегілерді архивтеңіз. PHP орнату бумасы ретінде бөлек бума құрамыз. Ол үшін, мысалы: Internet бумасын құрып алып, Пуск - выполнить командаларын орындап, subst E: C:\Internet командасын береміз. Сонда бізде тағы да виртуалды Е дискісі пайда болады. Енді сол дискте usr бумасын құрып, содан кейін usr бумасының ішіне php бумасын құрамыз. Орнату файлы ретінде екі файл болады, біреуі ехе, екіншісі zip файл. Алдымен ехе файлды жүктеймізде пайда болған сұраныс терезелерінен Next батырмасын басып кете береміз және Standart типті орнатамыз. Орнату жолына e:\usr\php жолын көрсетіп оны сонда орнатамыз. Одан кейін SMTP серверін және электронды пошта адрестерін енгізу терезесіне ойдан енгіземіз. Содан кейін бізге PHP жұмыс істейтін серверді таңдау қажет болады. Ол сервер ретінде біз Apache серверін аламыз. Енді бізге қосымша модульдерді орнату мен Apache серверін PHP кодтарын түсінуге үйрету керек болады. PHP - ді Apache - ге келтіру E:/usr/apache/conf бумасынан Apache-ді келтіру httpd.conf файлын кез-келген мәтіндік редактормен ашамыз, мысалы: “Блокнот” немесе “Word”. Содан кейін
# АddType application/x-httdp-php .php қатарын іздейміз. Ол жерден кометарий белгісін # алып тастаймыз. Осы қатардан кейін,
ScriptAlias /_php/ “PHP жолы”
Action application /x-httpd-php “/_php/php.exe” қатарларын жазамыз.
“PHP жолы” жолы біздің жағдайымызда e:/sr/php/. Бұдан кейін келтіру файлын сақтап, файлды жабамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |