Лекция тақырыптары



жүктеу 1,5 Mb.
бет2/8
Дата18.12.2017
өлшемі1,5 Mb.
#4543
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Г. И. Челпанову (1862-1936) Психология институтының негізін қалаған. Оның ең негізгі қызметі Россиядағы институтты жарыққа шығарды. 1885ж. В.М. Бехтерев (русский физиолог, психолог, психиатр, невропатолог) Россиядағы эксперименталды лабораторияны ұйымдастырды (ашқан) психиканың іс-әрекет рефлекторлы концепциясын ашқан. Эксперименталды бағыттығы психологияның обьективті әдісінің зерттеуін дамытты. И.П.Павлов (1849-1936) шартты рефлекторлық организмдегі іс-әрекетпен байланысты. Оның жұмыстары психикалық ісәрекеттегі физиологияны түсінуге көмектесті.

Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері: Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757), Д. Пристли (1733-1804), және француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789), К. Гельвици (1715-1771) еңбектерінде айқын аңғарылады.



  1. Психология-мінез-құлық туралы ғылым. Бихебиоризм (ағылшынша-«мінез-құлық») бағытының негізін салушы американ психологы Дж Уотсон (1873-1958). 1913 жылы Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Оған психика да емес, сана да емес, сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Субьективтік әдістің (интроспекцияның) орнына – обьективті әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдың ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды және психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Расында да, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында обьективті фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай обьективтік алдамшы немесе біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихебиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды, адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі – сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді, яғни ғылымды «психикасыз психологияға» айналдырды.

  • Гештальт психология Германиядағы психикалық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгейлер (1880-1943) жәнет В. Келер (1887-1967), К.Коффка (1886-1941) Ассоциативті психологияға қарсы болды. Мақсаты: жеке психикалық процестің құрылымын тәжірбие жүзінде зерттеу. гуманистік бағыттың негізі болып табылады. тұлғалық қасиеттерінің өсуіне негізделеді. Гештальт деген сөзді неміс тілінен аударғанда «форма» сөз, яғни барлық ұсақ бөлшектердің бірігуі және органикалық бүтінді құрайды.

  • Психоанализ (З.Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни)

  • Гуманистік психология (А. Маслоу, Роджерс)

  • Когнитивті психология (Дж. Брунер, Д. НОрман, Л. Фистингер).

  • Интерактивная психология (Э. Берн). адамды зат ретінде қарастырады, адамдармен өзара әрекет, қарым-қатынас негізгі мінездемесі болып табылады. Психологияның мақсаты-қарым-қатынас, өзара қатынас, қақтығыс, өзара әрекеттестіктің заңдылығын үйретеді.

  • ХХ ғ. Отандық психология дамуына бірқатар үлесін қосқан Біздің психологтар: Л.С. Выготский (1896-1934) психолог, психикалық функцияның мәдени-тарихи концепциясының негізін қалаушы; психикалық функцияның дамуы туралы жазған, балалардың дамуын қарастырған және аномальді балалар психологисының негізін қалаушы; Ломоносов М.В.- материя 1-ші пайда болады д.а. Ол бойынша, ең 1-ші таным процестерін дамыту керек. Запорожец и Элконин – балалар психологиясы; Смирнов – ес психологиясы; Лазурский- тұлға сұрақтарымен айналысты, әсіресе адам м-қ қараст. Ланге – Россиядағы эксперименталды психологияның негізін қалаушылардың бірі. А.Р. Лурия (1902-1977) – ес пен ойлаудың нейрофизиологиясының негізін қалады. Анохин П.К.- отандық физиолог, А.Г. Ковалев және П. Я. Гальперин. Отандық психологияда іс-әрекет психологиясына үлес қосқандар: А.Н. Леонтьев Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясын қолдана отырып, жоғарғы психикалық функцияға эксперимент жүргізді; Рубинштейн, Плотонов, Ананьев, Тевлов – олар адамның дамуының негізгі көзі іс-әрекет деген, кейіннен іс-әрекет теориясын өңдеген; Абульханова-Славская – жеке адамды іс-әрекет субьектісі ретінде қарастырды, Климов индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін анықтады, Брушлинский жеке адамды шығармашылық әрекеті тұрғысынан қарастырды.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Психология дамуының негізгі бағыттары қандай?

2. Психология пәнінің ерекшелігі неде?

3. Психологиядағы әдістер ерекшеліктері қандай?


Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


2-тақырып. Психика және сана

Дәріс мақсаты: Студенттерде психика және сана туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Сананың негізгі қасиеттері.

2. Еңбек және саналы іс - әрекет.

3. Тіл және адам санасы.


Дәріс тезисі.

1. Сананың негізгі қасиеттері. Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры.

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды.

Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар: 1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады; 2) адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сырқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан – жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактілі бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысчқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтыладыда, соларға орай өз әрекет – қылығына бағыт таңдайды; 3) жануар әрекет – қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық – тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Адам игілігіндегі әрекет – қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи – қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:



  1. тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;

  2. өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;

  3. еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;

  4. тілдік қатынастың пайда болуы.

Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты» қалыптастырады.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарда интеллектуалды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды, эмоционалды қатынаста, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. Адамның санасы объектвиті дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жасайды.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талпынады, оны өз қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді қамтамасыз етеді, яғни өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетінедгі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.

Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А.В. Петровский)



  1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял т.с.с

  2. Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

  3. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын анықтау т.с.с.

  4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз.

Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі.



2. Еңбек және саналы іс - әрекет. Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамның жануардан түпкі ерекшелігі ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау қабілетіне ие. Қаруды дайындаудың өзі-ақ ежелгі адамның іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажеттілікпен ғана анықталмайды. Бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән – мағынасы кейінгі аң аулау қажеттіліәгінен туындайды, яғни бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуын болжай алуға да байланысты. Қару дайындалудың қажетті шарты бола тұра, сол білік сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.

Қару дайындауға бағытталған іс-әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта қарастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.

Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол «іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік»,- деп жазған.

Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс- әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы – ішкі құбылыс, ал әрекетті- сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен іс- әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекетте тек сыртқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.



3. Тіл және адам санасы. Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт – бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған орта заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесіүйреніп, игереді.Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған.Ғылыми түрде алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.

Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де еңбекпен қатар, сананың қалыптасуның негізгі себептерінің бірі.



Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

  • Қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан дүние бейнелерін түзеуге жәрдемдесті;

  • Тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан тілге байланысты дерексіздену мен қорытындылау процесі қамтамасыз етіліп, сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;

  • Тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтумен қоғамдық тарихи тәжірибедегі күрделенген ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты.Тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.Тіл адамның саналы іс- әрекетінің барша саласынга қатысуымен, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтан да тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қарастыруға болады.

Сонымен, сана өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

    1. Сананың негізгі қандай қасиеттері бар?

    2. Сананың пайда болуына әкелген факторлар қандай?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


2 Бөлім. Іс-әрекет және қарым-қатынас

Глоссарий:

Коммуникация - мәлімет беру.

Интеракция - адамдардың бірлескен әрекетінде әсерлесуін көрсететін қарым-қатынас компоненті.

Перцепция - өзара қабылдау және адамдардың бірін-бірі түсінуі.

Интроверт пен экстроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер делінеді. Ал өзге адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан-дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыратындар – экстроверттер.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру

Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге дег»ен қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.

Байланыстар құру қажеттілігі Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.

Гиперкомпенсация. Компенсация формасы. Оның көмегімен толымсыздық сезімінен құтылуға қарағанда, көбірек жетістіктерге жетуге болады. Гиперкопенсация үстемділікке және ұлы жетістікке жетуге әкеледі. Гиперкопенсация кезінде адам өзінің басқа адамнан үстемділігін сезінеді.

Генеративті қатынас бұл адамның ақыл – ой және эмициональды күштерінің спонтанды белсенділігінің көмегімен әлемді өрбіте және өңдей отырып тани білу.

Сәйкестікке жету – мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік статусы.

Сәйкестік дағдарысы – Э.Эриксон теориясында бозбала не бойжеткен “мен кіммін?” “мен қайда барам?” деген сұрақтарға қысыла жауап іздейтін уақыт кезеңі.

Сәйкестікке қажеттілік – Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.

Темперамент (Temperament). Олпорт бойынша – тұлға қалыптасатын бастапқы материал (интеллект және физикалық көрсеткіштер).

Ұжымдық санасыздық. Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі. Т.б. ұғымдар

3-тақырып. Іс-әрекет туралы түсінік

Дәріс мақсаты: Студенттерде іс-әрекет туралы түсінік туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1. Іс-әрекет анықтамасы.

  2. Іс-әрекеттің жетекші түрлері.


Дәріс тезисі.

  1. Іс-әрекет анықтамасы. ІС-ӘРЕКЕТ (Деятельность.) – Барлық тіршілік иелері қоршаған әлеммен өмірге маңызды байланыстарды бірқалыпты ұстап немесе түрлендіре отырып, өзіндік жауап қайтара алады. Адамның іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі ғалымдар зерттеді. Іс-әрекет-адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Психология-іс-әрекеттің психикалық жағын зерттейді. Белгілі бір өнім адамның іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл-ой тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекет – құрамына психика енетін, обьекті мен субьект арасындағы шынайы байланыс. Жеке адам қандайда бір іс-әрекетті орындай отырып, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі кезінде адамда эмоциялар пайда болады, еріктік қасиеттер көрінеді, қатынастар, көзқарастар қалыптасады және т.б.Психикалық деп аталатын, адамның күйлерінің, ерекшеліктерінің және үрдістерінің жүйесі іс-әрекетте білінеді, дамиды, қалыптасады. Адамның әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет құрамына іс-әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі адамның түрлі қажеттіліктеріне қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен сапасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі — қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез келген іс-әрекет субьект арқылы мақсат, құрал, үрдіс, нәтижеде көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның санасын бейнелейді. Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рол атқарады. Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек материалдық құндылықтар, ал ой еңбегі рухани құндылықтар жасайды. Адам үшін ең маңызды іс-әрекет – үйрену. Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды.

Шынайы сыртқы әрекеттен ішкі психикалық әрекетке өту үрдісі интериоризацияның көрнекті мысалы ретінде балалардың санауды меңгеру үрдісін келтіруге болады.Адамның іс-әрекетінің сыртқы (физикалық) және ішкі (психикалық) жақтары үздіксіз байланыста болады. Сыртқы жағы – адамның сыртқы әлемге ықпал етуін қамтамасыз ететін қозғалыстар. Оларды ішкі (психикалық) әрекет анықтайды және реттейді. Сыртқы әрекетті ішкі әрекеттің экстериоризациясы ретінде қарастыруға болады, өйткені адам іс-әрекетте оның анық елестетілмеген жобасын жүзеге асырады. Сыртқы іс-әрекетті әрекеттің ішкі жобасы қадағалайды. Адам жасалатын әрекетті бейне және ой түрінде алдын ала жобаланған әрекетпен салыстырады. Егер іс-әрекет үрдісін үлгі түрінде көрсетсек, онда ішкі жобадағы құрылымдар мынадай ретпен жасалады: қажеттілік -мотив-мақсат-міндет, ал бұл кездегі сыртқы жоба көрінісі мынадай: іс-әрекет-қылық-операция-қозғалыс. Таза ішкі, таза сыртқы әрекеттердің болмайтынын естен шығармау керек. Қажеттілік-рухани және материалдық болады. Психологияның міндеті мынада: іс-әрекеттің «сыртқы жағын» зерттей отырып, «ішкі жағын» ашу, нақтырақ айтқанда, психиканың іс-әрекеттегі шынайы рөлін түсіну.

Іс-әрекет- бұл адамның әлеммен қарым-қатынастарының динамикалық жүйесі.Осы қатынастар кезінде обьектіде психикалық бейне пайда болады. Мінез-құлық дағдылары – адамның жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл дағдылар мінез-құлық нормаларын білу және оларды өз басының қолдануы негізінде қалыптасады. Мінез-құлық дағдылары, мінез-құлықтың үйреншікті формаларынан туындайды. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдармен өмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін көрсетеді (сыныпқа мұғалім кіргенде орнынан тұру керек).

  1. Іс-әрекеттің жетекші түрлері. Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: Ойын, оқу, еңбек. Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Ойын – өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар.

Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Кішкентай бала (1-2) зат болмаса әрекетті көрсете алмайды, бірақ оның сөйлеуінің дамуына байланысты мұндай әрекеттердің болуы мүмкін. Балалардың өсіп-жетілуіне орай ойын да өзгереді. Сәби өмірінің алғашқы екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда болуына жеткізеді. Ойын түрлері: рөлдік ойын, құрастыратын ойын, сюжеттік-рөлдік ойындар.

Оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері алмаса отырып, әрбір адамның өмірінде жүзеге асырылып, ойыннан кейін болып, еңбекке даярлайды. Жалпы мақсаты бойынша еңбекке жақындап, ойыннан ерекше түрде айрықшаланады: оқуда, еңбекте сияқты, тапсырмаларды орындау, тәртіпті сақтау керек және оқу жұмысы міндеттерден құралып келеді. Оқудағы тұлғаның жалпы мақсаты енді ойын емес – еңбек. Сонымен оқудың негізгі мақсаты – бұл болашақ өзіндік еңбек әрекетіне дайындау, ал негізгі амалы – адамның алдыңғы еңбегі жасаған қорытынды нәтижелерді меңгеру. Оқыту – білімді беру және меңгерудің екі жақты үрдісі, оған оқушы мен оқытушының ара-қатынасы енеді; оқу-енжар қабылдау емес, оқытушы беретін білімдерді жай ғана алу емес, оларды меңгеру. Білім, бейімділік, икемділік. Адамда да оқу оның мінез-құлқының саналы түрде реттелуі кезеңінде ғана, 6-7 жасқа таман болады. Мектепке бару – бала өміріндегі жауапты кезең. Оқи бастағансоң оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Онда мектепке уақытында бару, үй тапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңа міндеттер пайда болады.

Еңбек. Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу, т.б.) еңбекпен тығыз байланысты. Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзінің негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық ғылымдардың пәні.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Іс-әрекеттің анықтамасы қандай?

  2. Жетекші іс-әрекет түрлерін сипатта.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


4-тақырып. Қарым-қатынас

Дәріс мақсаты: Студенттерде қарым-қатынас, қарым-қатынас механизмдері, түрлері туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1. Адам аралық қарым-қатынастар психологиясы.

  2. Қарым-қатынас құрылымы.

  3. Қарым-қатынас механизмдері.

Дәріс тезисі.

1. Адам аралық қарым-қатынастар психологиясы

  • Қарым-қатынас - өзара ақпарат алмасу, өзара әрекеттестік жасау, өзара қатынас жасау.

  • Қарым-қатынастың құрылымы:

  1. Коммуникация;

  2. Интеракция;

  3. Перцепция.

2. Қарым-қатынас құрылымы:

  • Коммуникация - мәлімет беру;

  • Интеракция - адамдардың бірлескен әрекетінде әсерлесуін көрсететін қарым-қатынас компоненті;

- Перцепция - өзара қабылдау және адамдардың бірін-бірі түсінуі

  • Қарым-қатынастың түрлері:

  • вербалды қарым-қатынас-сөз арқылы қ-қ-с жасау;

  • вербалды емес қарым-қатынас-ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылы;

  • тура қарым-қатынас-бетпе-бет;

  • жанама қарым-қатынас- хат, смс, телеграмма, интернет, телефон, факс;

  • іскерлік қарым-қатынас - әлеуметтік рөл бойынша қ-қ-с;

3. Қарым-қатынас механизмдері:

  • Рефлексия – қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі.

  • Эмпатия – басқаның қуаныш- сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті.

  • Идентификация- қ-қ-с партнерінің орынына өзін қоя алу.

  • Децентрация-қ-қ-с партнерінің позициясын қабылдай алу.

  • Стереотипизация – қарым-қатынас кезінде адамның жасына, жынысына, ұлтына, бет әлпетіне, дене бітіміне, т.б. қатысты адекватты емес қорытынды жасау.

  • Каузальді атрибутция – адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу.

  • Ореол эффектісі –адамды жалпы бағалауда адам туралы ақпараттың жеткіліксіз кезінде пайда болатын, оның іс-әрекеті және тұлғалық сапаларын қабылдаудан алатын әсерлер.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Қарым-қатынасқа анықтама бер.

  2. Қарым қатынастың құрылымы қандай?

  3. Қарым-қатынас механизмдерін сипатта.


Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


3 Бөлім. Танымдық психикалық үрдістер.

Глоссарий:

Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы

Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.

Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Байланыстар құру қажеттілігі Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.

Ғашықтық – адамның сексуалдылық қажеттілігінің тура немесе тоқтап қалған кезде пайда болатын сезімі және әсері, яғни ғашықтық объектісі өзіне нарцисстік «Мен» либидо бөлігіне өзіне тартып алады.

Жек көрушілік – субъектінің өзіне қатысты бағалығы мен түсінігіне кері әсер ететін, қарама-қарсы сезім

Махаббат – адамның өз-өзіне және өзгелерге қатынасының өнімді формасы. Ол жауапкершілікті, қамқорлықты, сыйлауды, өзгені білуді және ол адамның өсуі мен дамуына мүмкіндік жасауға талпынуды болжайды. Бұл тұлғалық тұтастығы өзгеріссіз қалуы шартты болған жағдайдағы екі адам арасындағы жақындықтың байқалуы. Махаббат – субъектінің өмірге деген қажеттілігі мен қызығушылығын оның объектісінен бөліп басқа өмірлік қажеттіліктердің ортасына орналастыратын эмоциялық қарым-қатынастың жоғарғы бөлігі.

Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.

Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді.

Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды).

Дедукциялық - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.

Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

Т.б. ұғымдар


5-тақырып. Түйсік және қабылдау

Дәріс мақсаты: Студенттерде түйсік және қабылдау, олардың физиологиялық негіздері, қасиеттері, түрлері, негізгі заңдылықтары туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Түйсік туралы жалпы түсінік

1. Түйсіктің физиологиялық негізі.

3. Түйсік жіктемесі және түрлері.

4.Қабылдау жайлы түсінік.

5. Қабылдаудың физиологиялық негізі.

6. Қабылдаудың қасиеттері.

Дәріс тезисі.

1. Түйсік туралы жалпы түсінік. Адамның психикалық іс-әрекеті сыртқы орта мен ағзаның ішкі жағдайымен байланысты болады. Сезім мүшелері арқылы адам әртүрлі сыртқы және ішкі құбылыстар жайлы ақпараттарды түйсік түрінде алады.Түйсік таным процестерінің ең қарапайым түрі және түйсік жүйке жүйесі бар барлық тірі ағзаларда кездеседі. Әртүрлі арнайы тітіркендіргіш әсерінен пайда болатын сезім мүшелері арқылы пайда болатын түйсікті, сенсорлық тану деп атайды(сенсорика).

Түйсік - эволюция кезінде тітіркендіргіштіктің негізінде пайда болған. Тітіркендіргіштік – сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық.

Түйсіктің қызметі – орталық жүйке жүйесіне ағзаның ішкі жағдайы және сыртқы ортасы туралы маңызды мәліметтерді уақытында жеткізу. Түйсікті - И.П. Павловтың сигнал беру теориясы бойынша, 1-ші сигналдық жүйесіне жатқызуға болады.

Түйсіктер қоршаған ортаның адам үшін маңызды қасиеттерін бейнелейді. Адамның сезім мүшелері туғаннан бастап сыртқы ортаның әртүрлі қуаттарын қабылдауға бейімделген (физикалық, механикалық, химиялық...).

Түйсік- заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің мидағы бейнесі, материалды тітіркендіргіштердің адам сезім мүшелеріне әсер етуі арқылы туындайды.

Сезім мүшелері- бұл сыртқы орта ақпараттарын бас ми қыртысына жеткізуші механизмі.

Түйсік көмегімен адам санасы заттар мен құбылыстардың негізгі сыртқы белгілерін (түсін, пішінін, көлемін, заттың сыртқы ерекшелігін, дыбысын, дәмін т.б) бейнелейді.

Сезім мүшелері көмегімен адам ағзасы түйсік түрінде ішкі және сыртқы орта жағдайы туралы әртүрлі ақпарат алады. Түйсік – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін, сонымен қатар материалдық тітіркендіргіштердің, сәйкес рецепторға тікелей әрекеті кезіндегі ағзаның ішкі жағдайын бейнелеуден тұратын қарапайым психикалық процесс. Сыртқы орта біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, түйсікті пайда болдырады. Сезім мүшелеріміз – сыртқы дүниенің адам санасына енетін жалғыз жолы. Сезім мүшелері адамға қоршаған ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Адамға үнемі қоршаған орта туралы мәлімет алып отыруы керек. Түйсік туралы материалистік оқытуда - заттар және олардың қасиеттері бастапқы, ал түйсік - материяның сезім мүшелеріне әсер етуінің нәтижесі деп пайымдайды. Соған байланысты түйсік бізге дүниені тура қалпында бейнелейді. Түйсіктің шынайы өлшемі тәжірибе, субъектінің әрекеті болып табылады.

И. Мюллер мен Гельмгольцтің тұжырымдамасы бойынша түйсік – шартты белгі, яғни сыртқы әсердің белгілері ғана. Нақтырақ айтқанда тітіркендіргіштер үнемі әр түрлі сезім мүшелеріне әсер етіп, түрлі түйсік бастау алады. Сезім мүшелері – сыртқы ортаның әсеріне бейімделу өнімі болып табылады. Түйсік – материалдық дүние субъектінің сезім мүшелеріне әсер ететін заттар мен құбылыстардың нақты қасиеттерін бейнелейді.

2. Түйсіктің физиологиялық негізі. Түйсік пайда болу үшін, ағзаға тітіркендіргіштің әсер етуі жеткіліксіз, бірақ ағза өзі де жұмыс істеуі қажет. Түйсік – тітіркендіргіштердің арнайы қуатының жүйке процестерінің қуатына айналуы нәтижесінде пайда болады. Түйсік – бұл тек сезім бейнесі немесе оның компоненті емес, сонымен қатар іс-әрекет және оның компоненті. Түйсіктің физиологиялық негізі анализаторлардың іс-әрекеті болып табылады. Түйсіктің пайда болу жолы да анализатор қызметіне байланысты болады. Анализатор күрделі механизм. Ол сыртқы қабылдағыш аппарат – рецептордан басталып мида аяқталады. Тітіркендіргіш сай келетін және сай келмейтін болып екіге бөлінеді. Әр рецептордың құрамы ерекше, сондықтан тек қана белгілі тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Тітіркендіргіш әсер еткеннен кейін түйсік бірден пайда бола қоймайды, біраз уақыттан кейін пайда болады. Бұл уақыт - латентті кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде тітіркендіргіштің сезім мүшесіне әсер еткен қуаты жүйке импулсіне аударылып, бір жүйкеден екінші жүйкеге ауысып ми қабығына жетеді. Түйсікке тәуелі құбылыс – сенсорлық оқшаулану. Түйсік – көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу адамның ең маңызды қажеттілігі, адам миының жақсы дамуының негізгі шарты.

Ағзада 5 негізгі сезім мүшесі бар. Олар қоршаған орта туралы мәліметті иіс, дыбыс, түс, дәм, температура және сипап сезу түрінде жинап миға жеткізеді. Әсіресе, түйсік қызметі жаңа туған баланың дамуы үшін маңызды екенін зерттеген Л.И.Божович болды. Егер бала сырт әсерлердің болмауы жағдайына түссе – бұл сенсорлық оқшаулану деп аталады. Сенсорлық оқшаулануды алғашқы рет сипаттаған ғарышкерлер, полярниктер т.б. болды. Анализаторлар үш бөліктен тұрады:

Перифериялық бөлік - ол сыртқы энергияның жүйке процесіне әсер ететін арнайы трансформаторы болып табылады.

Орталық жүйке жүйесінің перифериясындағы тітіркенуді қабылдаушы жүйкелік аппаратық рецепторлардан құралады.

Афферентті және эфферентті жүйелер. Өткізуші, орталыққа тебуші жүйке жолдары, рецепторлардағы қозуларды үлкен ми жарты шарларының сәйкес бөлімдеріне жеткізіледі.

Анализатордың қабықша асты және қабықша бөлімі. Анализаторларды ортаңғы ми қыртысының бөлімдерінде рецепторлардан түскен сигналдарды “өңдеу”жүреді.

Түйсік пайда болу үшін барлық анализаторлар бүтіндей жұмыс істеуі керек.

Қабылдаушы мүшеге әсер ете отырып, әр түрлі тітіркендіргіш (түсі, дыбысы, қозғалысы, т.б) рецепторда қозуды тудырады. Бұл қозу рецепторлардан ортаға тебуші жүйкелер арқылы адамның ми қыртысы орталығына жеткізіледі. Бұл жерде әр анализатордың орталығы бар. Әр анализатордан түскен сигналдарды талдайды және жинақтайды.

Бас ми қыртысында әр анализатордың белгілі бір аймағы бар. Көру анализаторының аймағы ми қыртысының желке бөлігінде, есту анализаторы жоғары самай сайының ортаңғы бөлігінде, қозғалыс сезімі- ортаңғы сайда орналасқан. Рецептор мен ми арасында тура және кері байланыс бар. Кері байланыс принципін И.М.Сеченов ашқан, ол сезім мүшелері кезектесіп бірде рецептор, бірде эффектор болатынын мойындатады. Түйсік орталық талпыныс процесінің нәтижесі емес, оның негізінде толық және күрделі рефлексиялық қызметтің жалпы заңдылығына бағынады.

Адамның қоршаған ортаға бағдары “рефлекторлық шеңбер” физиологиялық механизмі бойынша адам мен оны қоршаған орта арасындағы байланысты орнатады.



3. Түйсік жіктемесі және түрлері. Түйсік процесі сыртқы әсер етуші спецификалық қуатты қайта құруға бағытталған және қоршаған ортаны адекватты бейнелеуді қамтамасыз ететін сенсорлық әрекеттің жүйесі ретінде іске асады.

Түйсік адамда қоршаған орта заттарымен құбылыстарының әртүрлі қасиеттерін бейнелейді. Рецепторларға тітіркендіргіштердің әсер ету сипатына байланысты түйсік үш топқа бөлінеді:



  1. Сыртқы орта заттары мен құбылыстарының қасиетін бейнелейтін түйсіктер – экстрорецептивті: оған көру, есту, дәм сезу, температураны сезу, тактильді түйсіктер жатады.

  2. Ішкі мүшелерінің жағдайын бейнелейтін түйсіктер – интерорецептивті. Бұл - аурғанды сезіну, тепе-теңдік, жылдамдық және т.б.

  3. Дененің қозғалысын бейнелейтін, біздің денеміздің қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат беретін түйсіктер - проприоцептивті. Оған бұлшықет қозғалысы т.б. жатады.

4. Қабылдау жайлы түсінік. Қабылдау- адамның сезім мүшелерінің тікелей әсер етуі арқылы заттар мен құбылыстардың мидағы тұтастай бейнеленуі.

Сонда, қабылдау дәл түйсік сияқты, түйсік - бір ғана қасиеті бейнеленсе, ал қабылдауда тұтастай бейнеленеді. Қабылдауды түйсіктердің қосындысы деп санамау керек. Қабылдау сапалы түрде сезімдік танымның жаңа бір деңгейі болып табылады. Қабылдау сезімнен әлде қайда жоғары. Қабылдау тек бір заттың толығымен көрініс беретін жай механикалық бейнесі емес, қабылдау бір ақпараттың бөлінуі, бұл - әрекет. Философиялық түсінік бойынша, белсенді түсінік байқалады. Бірақ бұл түсінікті психикалық бейнеде қарастырсақ, белсенділікпен қатар, міндетті түрде құштарлықтың, яғни әрекет бейнесі және жеке бастың, адамның, әрекеттің субъектісінің нәтижелері де бар. Сондықтан да қабылдауда адамның психикалық өмірі мен жеке бастылығы көрінеді.

Қабылдау тек қана ішкі ортаны ғана бейнелемей, сонымен қатар субъект пен ортаның өзара қарым-қатынасын бейнелейді.

Психологияда қабылдаудың құрылымының толық жүйесі бөлінген. Бұл жүйедегі ең маңызды құрылымы болып қабылдау заттылығы мен мәнділігі болып табылады. Қабылдау бейнесі физиологиялық қозуға емес, ішкі дүние затына арналған. Адам бір мағыналы заттарды қабылдайды. Түсінік қабылдаумен бірге беріледі. Нақтысында визуалді ойлаумен байланысты. Осыдан барып негізінен қабылдау тұрақтылығының құрылымы шығады. Тұрақтылық – қабылдау құрылымы өзгерсе де, қабылданған заттың көлемінің, формасының, түсінің өзгермей, үнемі сол қалпында қалуы. Тұрақтылықтың құрамы тек қабылдаумен шектелмейді, сонымен басқа да психикалық процестермен өзара қатынасы бар (ойлау, тәжірибе, ес т.б.). Мысалы, балаларда алғашында қабылдау тұрақтылығы болмайды. Қабылдау тұрақтылығы құрамының арқасында адам біркелкі заттарды қабылдау дүниесінде өмір сүреді.

Қабылдау бейнелеудің формасына байланысты 3 түрлі болады:


  1. кеңістікті қабылдау

  2. уақытты қабылдау

  3. қозғалысты қабылдау

Қабылдаудың мақсатқа байланысты 2 түрі болады:

  1. арнайы қабылдау (ырықты)

  2. арнайы емес қабылдау (ырықсыз)

Қабылдаудың 3 түрі ұйымдастырылуына байланысты:

  1. ұйымдастыра қабыладу (байқау)

  2. ұйымдастырылмаған қабылдау

Арнайы қабылдау адамның ерік күшімен байланысты. Оның негізінде сналы түрде ойластырылған мақсат болады.

Арнайы емес қабылдау – сыртқы қоршаған орта заттарымен, адамның ерік күшіне байланысты емес арнайы міндет қоймай қабылдануы.

Ұйымдасқан – мақсат бағдарлы жоспарлы түрде сыртқы орта заттарымен құбылыстарының мида бейнеленуі. 2-ші сигнал жүйесінің (тіл) рөлі жоғары болады. Байқаудың қарапайым қабылдаудан айырмашылығы осы.

Ұйымдаспаған қабылдау – сыртқы ортаны жоспарсыз, мақсат бағдарсыз қабылдау. Сонымен, қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттерді және бөлшектерімен бірігіп сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.



5. Қабылдаудың физиологиялық негізі. Қабылдау басқа таным процестері сияқты рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болатын шартты рефлекстер уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөліктеріне келіп түскен құралды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады.

Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану – бірігу формасы. Талдау болмай қабылданатын зат не құбылыстың мән-жайына жету мүмкін емес.

Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объективті дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың көмегімен біз арнайы талдағышы болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз.

Анализаторлар бірнеше - себебі қабылдау бірнеше тітіркендіргіштердің комплексті әсерінен пайда болады.

Қабылдау кезінде анализаторлардың бір-бірімен байланысы немесе бір сәттегі функциясы көрінеді.

Қабылдауды сезім мүшелері ғана емес, сөйлеу орталықтары да негізгі функция атқарады. Сезім мүшесі арқылы әсер қозу пайда болады дағы, нейрон детекторлары арқылы ми орталығына жеткізіледі.

Бір сәттегі немесе бірізді қозулар нәтижесінде ми орталықтары арасында уақытша жүйке байланыстары пайда болады. Соның нәтижесінде күрделі интегративті жүйке процесі пайда болады. Сонда қабылдау түйсікпен салыстырғанда мидың аналитикалық, синтетикалық іс-әрекетінің жоғарғы формасы болып табылады. Себебі талдау болмаса, анализ болмаса мағыналы қабылдау да болмайды.

Анализ жасау арқылы сыртқы ортадан қабылданатын объект бөлініп алынады. Нәтижесінде объекттің барлық қасиеттері синтезделіп, тұтас бейне жасалынады. Осыншама қызмет атқарып тұрған – нейрон детекторлары болып табылады.



6. Қабылдаудың қасиеттері.

    1. Таңдамалылық – жеке адамның қызығушылығына, бағдарына және қажеттіліктеріне байланысты сыртқы орта заттары мен құбылыстарын қабылдау қабілеттілігі.

    2. Қабылдаудың заттылығы – адамының сыртқы орта заттарының құбылыстарының белгілі-бір топқа қатысты нақтылап қабылдауға қабілеті. Затты қабылдауда 3 нәрсе жақсы көріну керек: а) фон, б) контур, в) заттың өзі.

    3. Апперцепция- бұл қабылдаудың адамның алдыңғы іс-тәжірибесінен, іс-әрекетінен тәуелділігі. Апперцепция бірден пайда болмайды. Апперцепция жеке адамның қабылдауына белсенді сипат береді. Затты қабылдау арқылы адам сол затқа қатысын көрсетеді. Адамның психикалық күйін жағдайын, кейпін де көрсетеді.

    4. Қабылдаудың мағыналылығы – кез-келген қабылдау заты нақты бір мағынаға ие болады. Яғни кез-келген зат тілекке пайдалылығына байланысты қабылдайды. Осының нәтижесінде қабылданатын зат мақсат бағдарлыққа ие болады.

    5. Қабылдаудың константтылығы немес тұрақтылығы – бұл заттың физикалық қасиеттерін білумен және танымалдылығымен байланысты болып тұрақталынуы. Заттың қабылдануының тұрақтылығы жеке адамның практикалық іс-әрекетімен, әлеуметтік тәжірибесімен байланысты болады.

    6. Қабылдаудың тұтастығы - адамның санасында заттардың көптеген сипаттамаларымен, қасиеттерімен бірге қабылдануы. Қабылдаудың қызметінде заттардың физикалық сипаттары негізгі роль атқарады және осы заттар мен құбылыстардың қабылдануындағы, психофизикалық заңдылықтар көрініс береді.


Пысықтау сұрақтары:

1. Түйсік дегеніміз не?

2. Түйсіктің физиологиялық негізі қандай?

3. Түйсіктің түрлері.

4. Түйсік қасиеттері қандай?

5. Қабылдау дегеніміз не?

6.Қабылдаудың негізгі қасиеттері қандай?

7. Қабылдаудың түрлерін сипатта.



Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


6-тақырып. Ес. Ойлау және сөйлеу.

Дәріс мақсаты: Студенттерде ес, ойлау және сөйлеу туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1. жүктеу 1,5 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау