Лекция тақырыбы: Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы Лекцияның оқыту нәтижелері


Адам аралық қатынастар жӛнiнде жалпы түсiнiк



жүктеу 250,7 Kb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата11.11.2023
өлшемі250,7 Kb.
#44164
түріЛекция
1   2   3   4   5
9 Лекция тақырыбы

Адам аралық қатынастар жӛнiнде жалпы түсiнiк 
Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi 
тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы 
қатынастардың түрi келесiдей: жеке және қызметтiк, дара және топтық, тең құқықты және 
тәуелдi, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы 
сүйiспеншiлiк пен жек-кӛрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден 
тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы 
орыны мен мiндетiне тәуелдi емес. Мысалы, бала ӛз ата-анасын сыйлауы да, жек кӛруi де 
мүмкiн; ӛз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шәкiртiне үлкен 
сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсi н кӛргiсi келмейдi. Қызметтiк қатынастар әлеуметтiк топ 
не мекеме мүшелерi арасында олардың сол топтағы құқы не мiндеттерiне орай 
қалыптасады. Егер ара қатынастар әрбiр адамның меншiктi қажеттерi сипатында қаралса, 
олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелiкке сүйенiп, екi, одан да кӛп 
адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.Тең 
құқықты қатынастар - қатынас мүшелерiнiң құқтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал 
тәуелдi қатынастар құқтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, ӛзара терең сыйластық жайлаған 
ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi. Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды 
ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты 
қатынастар бой тiктейдi. Адамдардың бiр-бiрiне деген ӛшпендiлiгi болған жерде дау-
дамайлы, жанжалды қатынастар ӛрбидi. Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да 
бойынан кӛрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бәрi ӛмiрде 
адамдардың бiр-бiрiне беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, әр адам-ның басқаға 
бағытталған iс-әрекет, қылығында, ӛзара байланысқан ойы мен сезiмiнде кӛрiнiс бередi. 
Тұрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспа-ған ортада адамның ӛрелi ӛмiр сүруi ӛте 
қиын, себебi әр-бiр жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы 
қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам 
азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересектердiң тӛңiрегiндегiлермен қатынасынан сол 
ортаның кӛңiл-күйi айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәттi орындалуы не 
кедергiге ұшырауы мүмкiн. Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз 
құбылыс - бұл остранизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбiр адамдардың кӛпшiлiк арасында 
сыйым-сыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар 
кӛпшiлiктiң жек кӛрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейдi. Осыдан ӛзi 
қатарлардан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, 
қауымдық ӛмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi.
Адам аралық қатынастардың ерекшелiгi - олардың эмоционалды болуында. Адам ӛзi 
тектеспен араласа отырып, бiр-бiрiне болған айрықша сезiмдер мен ықластарға кезiгедi. 
Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәнiндегi 
тұлғалық оң не терiс қасиеттерiне сай келе бермейдi. Олар әрқашан адамның кӛңiл-күйiне 
байланысты, бiр адамның екiн-шiсiне деген сезiм толғанысының ауысуымен ӛзгерiске 
келiп тұрады. Кӛңiл-күйдiң бiр сәттiк болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келедi: 
бүгiнгi тәп-тәуiр сыйлы қатынас күн ӛтпей-ақ керi сипатқа енуi баршаға аян құбылыс. 
Қызметтiк қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты, олар, әдетте, кӛңiл-
күйге байланысты ӛзгере бермейдi. Мұндай қатынастардың әрбiр тұлғаның кӛңiл-күйiне 
бағына бермейтiндiгiнен, оларды ресмиқатынастар деп те атайды, яғни мұндай ӛзара 


байла-ныстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшелiктерi мен 
психологиялық кейпiне тәуелдi болмауы қажет. Бiрақ ӛмiрде жеке және қызметтiк 
қатынастар ӛзара кiрiге байланысқан, сондықтан оларды нақты айы-рып, таза күйiнде 
қарастыру мүмкiн емес. Бiрiншiден, әр адам ӛзiнiң даралығымен қызметтiк қатынастарға 
әрқашан ерекше мән мен сән берiп отырады; екiншiден, әрқандай тұлға нақты 
қатынастарға ӛзiнiң жеке ниет, ой, толғаныс және сезiмдерiмен кiрiседi, ал бұлардың бәрi 
адамның басқалармен болған қызметтiк қатынасына әсерiн тигiзбей қоймайды. Адамдар 
арасындағы үйлесiмдi қатынастар ӛмiрде сирек кездеседi, сондықтан мұндай 
қатынастарды адамдардың мәнгi арман еткен мұраты ретiнде қарастырған жӛн. Бұл 
қатынастар типiне тұрмыста кезiгетiн "сүйiспеншiлiк" қатынасты жатқызуға болады. Егер 
бiр адамның екiншiсiне психологиялық тартымы болса, бiрiн бiрi адамгершiлiк сезiммен 
қабылдаса, екiншi адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, мiне мұндай қатынасты - 
үйлесiмдi қатынас деп бағалау әбден жарасымды. 

жүктеу 250,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау