Қүрьиысы. Жеміс перикарпийден (грек, “пери” — жа- нында, “карпос” — жеміс; демек жемістің тұқымды қор- шаған бөлігі) және түқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий дегеніміз бір немесе бірнеше аналықтың жаты- ныньщ (гүл түйінінің) қабырғасынан, көп жағдайда гүлдің басқа да бөліктерінен — аталық негізінен, күлте жапырақ- шалардан, тостағанша жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып та- былады. Перикарпий (околоплодник) үш қабатган: сыртқы
— экзокарпадан, ортаңғы — мезокарпадан және ішкі — эндо- карпадан) тұрады.
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Жемістер алуан түрлі болып келеді. Оның өзі жабық тұқымды өсімдіктердің систематикалық топтарының үшы
— қиыры жоқ көп түрлілігімен және жемістердің өздерін тарататын агенттерге бейімделушілігімен байланысты болады. Бұл жемістердің филогенетикалық классификация- сын жасауды қиындатады. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген филогенетикалық классификация гинецейдің типіне негізделген. Қарапайым апокарпты гинецейден пайда болтан жемістерді апокарпиялар, ал эволюциялық тұрғьщан қарағанда жақсы жетілген (ілгері басқандық байқалатын) ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокар- пиялар деп атайды. Алайда, осы екі топтың одан арғы классификациясы өте күрделі және өсімдіктерді анықтау прак- тикасында қолдануға келмейді. Сондықтанда жемістердің айқын жасанды морфологиялық классификациясына сүйе- нуге тура келеді.
Жемістерді жай және күрделі деп екі топқа бөледі. Егер жеміс гүлдің тек бір ғана аналығынан дамыса — ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса күрделі болып табылады. Кейде жай жеміс ұяларға ыдырайды (дробный), немесе бір тұқымды бөліктерге яғни бунақтарға (членистый) көлде- нең перделер арқылы бөлінеді. Күрделі жемістерді біріккен жемістер деп те атайды (122-124-суреттерді қараңыз).
Жай және күрделі жемістердің одан арғы классифи- кациясын жасағанда мынадай белгілерді: перикарпийдің консистенциясын (қаттылығын, жүмсақтығын, қүрғақты- ғын, шырындығын), тұқымның санын (көп немесе біреу), перикарпийдің қақырауын (қақырамайтын немесе қақырайтын, қақыраудың жолдарын — тәсілдерін), жеміс беретін жеміс жапырақшаларының санын негізге алады. Сонымен, жабық түқымды өсімдіктердің жемістерігі шы- рынды және құрғақ жемістер деп, екі топқа айырады. Шы- рынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол клет- калардан түзілген мезокарпиі жақсы дамыған. Экзокарпиі мен эндокарпиі кейде тек сыртқы және ішкі эпидермис түрінде ғана болады. Көбіне олар көп қабатты.
Құрғақ жемістерде шырындыларға қарағанда, мезокарпиі нашар дамыған. Кейде ол тіпті бір қатар клеткалардың тізбегінен ғана түрады. Құрғақ жемістердің көпшілігінің мезокарпиі көп қабатгы болады. Мүндағы мозокарпий клетка ішілік затгарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршық клеткаларынан түзілген.
Түқымдардың жемістерден босанып шығуы үшін, перикарпийдің белгілі участкелерінде арнайы бөлгіш ұлпа- лар пайда болады. Жемістердің қақырауы көбінесе көп- түқымды, қүрғақ жемістерге төн. Қақырамайтын жемістердің перикарпилері механикалық жолмен немесе микроорга- низмдердің әсерінен бірте-бірте ыдырап жойылады.
Қүрғақ жемістің перикарпиі сүректелген болып келеді. Қүрғақ жемістер: қақырайтын жөне қақырамайтын, ал шырынды жемістер: шиелі жемістер және сүйекті жемістер болып бөлінеді.
Жемістерді құрғақ және шырынды деп болу тек қана олардың морфологиялық белгілеріне негізделген. Бүл прак- тикада жиі қолданылатын, жемістердің сыртқы морфоло- гиялық белгілерін жақсы көрсететін, пайдалануға өте ыңғайлы жемістердің морфологиялық классификациям. Бірақ мұндай классификация жемістердің эволюциялық даму сатыларын көрсетпейді, сондықтанда оның ғылыми тұрғыдан маңызы шамалы.
Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір-бірден немесе өте көп болуы мүмкін. Бұларды кррапша тәрізді жемістер деп те атайды (122-сурет). Олар өздерінің қақырау жольша, ішіндегі ұялардың санына қарай былай бөлінеді:
1. Таптама (листовка) — бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды құрғақ, бір жағынан (бауыр жағыңдағы жігінен ғана) қақырайтын жеміс; апокарпты ги- нецейден біріккен таптама түзіледі (сборная листовка).
2. Боб — бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір үялы, көптұқымды, екі жағынан (бауыр және арқа жа- ғындағы жіктері арқылы) қақырайтын жеміс. Бобтар спирал тәрізді бұралған, бір жемісті, бунақты болып келеді (бүршақтар тұқымдасы).
3. Бүршақкын, бүршакқынша (стручок, стручочек) — екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, қос ұялы, түқымы тік орналасқан, жалған пердесінің ұзына бойындағы рам- келерге бекініп тұратын, екі жағынан (бауыр және арқа жағындағы жіктері арқылы) қақырайтын жеміс (крест- гүлділер тұқымдасы). Бүршаққынша бұршаққыннан үзын- дығы мен көлденеңінің арақатынасына қарай ажыратыла- ды. Бүршаққынның үзындығы көлденеңіне қарағанда 3-4 есе, кейде одан да артық болады (левкой және шалқан — репа). Егерде осы тәрізді жемістің ұзындығы көлденеңінен 2,5 еседен аспаса, оны бұршаққынша деп атайды (жұмыр- шақ — пастушья сумка, ярутка т.б.). Бұршаққындар бу- нақты (членистый) болып келуіде мүмкін.
4. Кррапша — екі немесе оданда көп жеміс жапырақша- сынан пайда болған, көптүқымды, бір немесе көп ұялы болатын жеміс. Қорапшаның ашылуының әр түрлі жолда- ры бар: тесіктері, қақпақшасы, тістері, жақтаулары және т.б. арқылы ашылады.
Қақырамайтын қүрғақ жемістердің перикарпиі қүрғақ, бір түқымды болып келеді. Бүларды жаңғақ тәрізді жемістер деп те атайды (123-сурет).
Бұған жататындар:
Жаңғақша — перикарпиі қатайып сүректенген, бір тұқымды, жоғарғы гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Апокарпты гинецейден топтасқан жаңғақша (сборный орешек) пайда болады. Фило- генетикалық тұрғыдан қарағанда, көп жағдайда жаңғақшалар көп тұқымды жемістердің, тұқым бүршігінің (семяночка) редукцияға үшырауының нәтижесінде пайда болған (сарғалдақ — лютик, эспарцет, қияқ — осока).
2. Жаңғақ — перикарпиі қатайып сүректенген бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Оның түп жағы біріккен жабындық жапы- рақтардан пайда болған тостағанша тәрізді қосым- шамен (плюска) қапталған болып келеді (лещина).
3. Шоіиқа жаңғак (желудь) — перикарпиі сүрекгенген, 61- рак, онша қатгы болмайтын, бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болтан жеміс. Оньщ түп жаты тоста- танша тәрізді қосымшамен (плюска) қапталган болады.
4. Түқымша (семянка) — екі жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүл түйінінен пайда болтан, қауыз тәрізденген перикарпиі тұқыммен тұтаспатан, бір түқымды құргақ жеміс (күнбагыс, бақбақ және т.б.).
5. Дэн (зерновка) — құртақ, бір тұқымды, перикарпиі тұқыммен тұтасып бірігіп кеткен жеміс; ол бір жеміс жапырақшасынан түратын, жогарты гүл түйінінен пайда болады (бидай, қарабидай, арпа және т.б.).
6. Крнатты жеміс (крылатка) — екі жеміс жапырақ- шасынан пайда болтан, перикарпиі түқыммен бірікпеген, қауыз немесе жаргақ тәрізді қанатшага ұқсас өскін беретін, екі үялы құртақ жеміс (үйеңкі — клен, шатан — ясень).
Шырынды жемістер жотарыда айтылгандай жидекті жемістер және сүйекті жемістер болып екіге бөлінеді.
Жидекті жемістерге (жидек тәрізді жемістер) перикарпиі етженді болып келетін, көп жағдайда көп тұқымды жемістерді жатқызады (124-сурет).
Бұған жататындар:
1. Жидек (ягода) — перикарпиінің жұқа экзокарпасы- нан басқа бөлігінің барлығы шырынды және етженді болып келетін жеміс (картоп, банан, виноград, помидор).
2. Алма (яблоко) — бұл жемістің дамып жетілуіне гүд түйінінен басқа аталықтары мен аналықтарының түп жағы және гүл түғыры қатысады (алма ағашы, алмұрт).
3. Асқабақ (тыквина) — гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдің, үш жеміс жапырақшасынан пайда болған, экзокарпиі қалың, қасаңданған жеміс. Жемісінің етженді бөлігі, негізінен түқымның жатынға бекінген жерінің ұлғайып өсуінің нәтижесінде қалыптасады (асқабақ, қар- быз, қауын, қияр).
4. Гесперидий, немесе померанец — экзокарпиінде эфир майлары жиналатын жері бар; мезокарпиі құрғақ, борпыл- дақ, ақ түсті; эндокарпиі шырынды, етженді болып келетін жеміс (лимон, апельсин, мандарин).
Сүйекті жемістерге бір тұқымды, эндокарпиі қатты, сүректенген жемістер жатады (125-сурет):
Сүйекті жемістер ( костянка) — көп жағдайда төменгі бір немесе көп үялы гүл түйінінен пайда болтан, перикарпиі жұқа экзокарпиге, етженді мезокарпиге және азды-көпті қальщ, сүректенген эндокарпиге дифференциацияланған жеміс. Бір сүйекті жемістерге грек жаңғағы, өрік, шие, алхары, шабдалы және тағы басқалар мысал болады. Көп сүйекті жемістерге таңқурай (ежевика, малина) жатады, ол апокарпты гинецей- ден пайда болады. Сонымен бірге апокарпты гинецеңден, си- ректеу қүрғақ сүйекті жеміс пайда болады (кокос пальмасы).
Жоғарыда келтірілген жемістердің бірқатары апокарпты гинецейдің жекелеген аналықтарынан пайда болады. Мұндай апокарпты жемістерді көп жағдайда жиынтык, жемістер деп атайды (сборные плоды).
Лекция № 9-10
Достарыңызбен бөлісу: |