Лекция мақсаты: Жаратылыстану негіздері пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны туралы және ботаника ғылымы жөнінде түсінік беру



жүктеу 438,57 Kb.
бет8/90
Дата07.01.2022
өлшемі438,57 Kb.
#37101
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90
Лекция тезистері Жаратылыстану 3

Бақылау сұрақтары:

1. Тамыр және оның атқаратын қызметі қандай?

2.Өркен және оның негізгі элементтері қандай?

3.Сабақтың құрылысы мен негізгі қызметтерін түсіндіріңіз.

4.Жапырақ және оның маңызы туралы түсіндіріңіз.

Лекци № 7-8 Өсімдіктердің генеративтік мүшелері



Жоспары:


  1. Генеративті мүшелердің қызметі

  2. Гүл, гүл бөліктері және олардың қызметі

1.Көбею – тірі организмнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуы қамтамасыз ету қасиеті. Көбею кезінде өсімдіктердің кейбір түрлерінде дара сандарының артып, өз ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды. Бұл прогрессивті түрлерге тән. Ал кейбіреулері кеміп отырады. Бұл регрессивті түрлерге тән. Көбеюдің 3 кейпін ажыратады. Олар: 1) жынысты көбею кезінде жаңа организм әр түрлі жыныс клеткалардың қосылуынан пайда болады;2) жыныссыз көбеюде жаңа организм жыныс тұрғысынан жіктеле қоймаған бір клетканың өзінен жетіледі; 3)вегетативті көбеюде жаңа организмге бастаманы вегетативті мүшелер, олардың бөліктері және түр өзгерістері береді.

Жынысты көбеюде физиологиялық қасиеттері тұрғысынан айырмасы бар гаметалар қосылып, зигота пайда болады. Гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылып, зигота ядросы диплоидты хромосомасына ие болады. Мұнда тұқым қуалаушылық қасиеттері бірігіп, жас ұрпаққа өтеді. Өсімдіктерде гаметалардың әр түрлі болуына байланысты, жыныстық көбеюі түрліше болады.

1.Хологамия – (гр. “холос”-тұтас, “гамео”-некелесу). Бір клеткалы балдырларда кездеседі. Қосылған екі клетка сырт көрінісі бойынша бірдей.

2.Изогамия - (гр. “изо” –тең) , мұнда қосылатын гаметалар пішіні, көлемі жағынан бірдей, физиологиялық ерекшелігі бар, аналық гамета (+), ал аталық гамета (-) таңбасымен белгіленеді.

3.Гетерогамия - (гр. “гетерос” - әр түрлі, өзгеше) гаметалардың пішіні, көлемі жағынан әр түрлі. Аналық гамета аталықтан ірі болады және баяу қозғалады.

4.Оогамия – гаметалардың біреуінің көлемі үлкен, қор заты мол, қозғалмайтын (аналық), екінші гаметаның көлемі кіші, талшықтары арқылы қозғалады, ядросы ірі (сперматозоид).

Гаметалар гаметангийде жетіледі. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жұмыртқа клеткасы пайда болатын гаметангийлар оогонийлар (гр. “оон” – жұмыртқа, “генес” – туу, шығару) деп, ал жоғары сатыда архегонийлар (гр. “архегонос” – алғашқы) деп аталады.


Гүл дегеніміз түрі өзгерген қысқарған өркен. Ол микро- және мегаспоралар, гаметалар түзуге және айқас то- заңдануға бейімделген. Тозанданудың және одан әрі жы- ныстық процестің (ұрықтанудың) негізінде тұқым мен жеміс түзіледі.



К^рылысы. Гүлдің сабақтық бөлігі сағақтан және гүл тұғырынан (табанынан) тұрады (101-сурет). Гүл тұғырының формасы алуан түрлі болады. Конус тәріздіден жалпақ тақ- таға, кейде тіптен ойыс бокал тәрізді формаға дейін кездеседі (102-сурет). Гүл тұғырьша түрі өзгерген жапырақтар (гүл жапырақшалар) орналасады: тостағанша жапырақшалар, күлте жапырақшалар, аталықтар, аналықтар. Көп жағдайда олар шеңбердің бойымен орналасады. Мұндай гүлдерді циклдық (циклический) деп атавды. Циклдық гүлдер әдетге бес неме- се төрт қатар шеңбер түзеді: бір қатар шеңберді тостағанша жапырақшалар, бір қатарды- күлте жапырақшалар, екі неме- се бір қатарды аталықтар, бір қатарды- аналықтар түзеді. Гүл жапырақшалары гүл тұғырына спиральдың бойымен орналасқан гүлдерді ациклдік (ациклический) гүлдер деп атайды. Гүл жапырақшаларының біреулері гүл тұғырына шеңбердің бойымен, ал екіншілері спиральдьщ бойымен орналасқан болса, онда мұндай гүлдерді аралық немесе гемициклдық (гемициклический) гүлдер деп атайды.

Жыныстық органдарына кцрай бөлінуі. Егер бір гүлде аталық пен аналықтың екеуіде болса, онда мұндай гүлді қосжынысты деп атайды (гермафродитными). Дара жы- нысты гүлдердің не аталықтары, не аналықтары болмай- ды. Соған байланысты оларды аталық және аналық гүлдер' деп бөледі. Егер бір өсімдікте аталықта, ана- лықта гүлдер болса, онда мұндай өсімдікті бір үйлі өсімдік деп атайды. Егер аталық гүл бір түрдің бір экземплярын- да, ал аналық гүл екінші экземплярында болса, онда мүндай өсімдікті екі үйлі өсімдік деп атайды
ГҮЛ СЕРІГІ

Бұл гүлдің ұрықтануға қабілетсіз бөлігі. Ол қорғаныш- тық қызмет атқарады және сонымен бірге гүлді тозаңдыра- тын насекомдарды өзіне еліктіріп, шақырып түрады. Гүл серігі түсінің бояуы әртүрлі болып келетін тостағанша және күлте жапырақшалардан түратын болса, онда оны қосарланған гүлсерігі деп атайды (двойной околоцветник). Ал егер гүлсерігі бір түске боялған болса, онда оны қарапайым гүлсерігіне жатқызады. Қарапайым гүлсерігі не тостағанша жапырақша- лардан, не болмаса күлте жапырақшалардан тұрады. Қара- пайым тостағанша жапырақшалардан түратын гүлсерігі әдет- те жасыл, ал қарапайым күлте жапырақшалардан тұратын гүлсерігі ашық түске боялған болып келеді. Гүлсерігі бол- майтын гүлдерді жалаңаш гүлдер деп атайды (103-сурет). Бұларға тал (ива) мен шаған (ясень) мысал бола алады.


ТОСТАҒАНША ЖАПЫРАКДІАЛАР

Әдетте олар үлкен болмайтын жасыл жапырақшалар- дан түрады (тостағанша жапырақшалардан). Кейде тоста- ғанша жапырақшалар ашық түске боялған болып келеді. Бүл жағдайда олар күлте жапырақшалардың ролін артты- рып, гүлд




жүктеу 438,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау